Тарихи деректер

Байқошқар ауылдық округі

Құрылымы жөнінде тарихи анықтама

1939 жылы Ленин, Ворошилов колхоздары бірігіп, Ұйымдас ауылдық Советі /кейіннен Байқошқар/ болып құрылған. 1962 жылы «Горный» совхозы құрылған. Кеңшар кезінде мал шаруашылығымен қоса егін егіп, жылына жоспардан артық өнім берген шаруашылық болды. Сондай-ақ кеншарда диірмен,қаз өсіретін ферма,мал бордақылау орындары қарқынды жұмыс жасап,ірі шаруашылық дәрежесіне көтерілді. Халықтың тұрмыстық жағдайлары жақсарды. Ауылдың экономикасын дамыту мен оны өркендетуде С.Асылбеков, Ж.Нұрахметов,Н.Оспанов, Ж.Мұсағұлова, Е.Тайтөлеуов, Е.Танин, С.Хасенов, Қ.Суықбаев, Е.Ибраев, Н.Кеншімбаев, Б.Сыздықов, Ж.Теміржанов, Ш.Мыңғышбаева, Ә.Қалиакпаров, Ә.Сәменбетов, П.Құрбанова, Т.Бақторазов, Қ.Олжаев, Қ.Ермеков, Қ.Айтбаев, аянбай тер төкті.
«Тұрғын үй-91» бағдарламасы қарқынды жүрді. Құрылыс салуда кеңшарда Ж.Төлегенов, Б.Дәулетханов, Д.Ілгішев басқарған бірнеше құрылысшылар бригадасы болды. 1996 жылы қаңтар айында «Горный» кеңшары тарап, бірнеше шаруа қожалықтарына бөлінді. 1962-1995 жылдары кеңшар директорлары болып: А.Рахматуллин, Қ.Тлемісов, Т.Мұхаметжанов, К.Төлемісов, А.Мухамедияров. 1962-1995 жылдары Ұйымдас ауылдық Кеңесінің төрағалары: Р.Жолдыбалин, Қ.Сабыханов,Ж.Сүлейменов, Т.Жақсылықов, Т.Ибраев, Ә.Мырзахметов, М.Сыздықбековалар болды. Партия комитетінің хатшылары: С.Жұматаев,Т.Кенжебаев, Ә.Ахаев, Т.Мұхаметжанов, А.Тлеужанов, З.Әбілпейісов атқарды. Кәсіподақ комитетінің төрағалары: М.Алпысов, Б.Слаубаев, Н.Омаров, С.Шымыров, Ш.Мырсейтов болды. 1963 жылы алғаш сегіз жылдық мектебі ашылды. Оның директорлары болып: Т.Шоланбаев, Қ. Бисадіров, М.Жалғабаев атқарды. 1973 жылы «Горный» орта мектебі болып құрылып , оның директоры қызметін: Қ.Сәсенов, Бұланов, М.Божанов, К.Нәкішев, Б.Жағыпаров атқарды. Мектепте ұзақ жылдар жемісті еңбек еткен ұстаздар: Н.Ошыбаев, Д.Хисамитов, Х.Хабаев, Қ.Шалабаева, З.Қарымсақова, Б.Секербаева ,С.Төлеубаева, Т.Хасенов, З.Ибраимжанова, З.Бекшойынова, Р.Шоланбаева, Д.Ерғазина. Бегеш-шешен кесенесі 2000 ж. жаңартылған. 1941-1945 жылдары Ұлы Отан соғысына Байқошқар ауылынан 96 азамат майданға аттанды. Ұрыс даласынан 77 азамат қайтпай хабарсыз кетті. Аман-есен оралған 19 ардагер бейбіт өмірде жұмыстар істеп, кейіннен қайтыс болды. 1975 жылы соғыста құрбан болғандарға ескерткіш орнатылды. Бұл ескерткіш 2010 жылы қайтадан жаңартылып, қазір «Горный» орта мектебінің ауласына орнатылды.

Белгілі тұлғалар

Айтбаев Куаныш Айтбаев Қуаныш – 1945 жылы бұрынғы Семей облысы,Шұбартау ауданы,Ұйымдас ауылдық Кеңесінде туған. Еңбек ардагері. 8 жылдық мектепті бітірген соң трактористер дайындайтын курсты тамамдаған. 1963 жылдан бастап «Горный» совхозында тракторист болып еңбек жолын бастаған. 1964-1967 ж. әскер қатарында болған. 1968жылдан бері зейнеткерлікке шыққанша осы совхозда шөпшілер бригадасының бригадирі, ферма басшысы, механик жұмыстар атқарды. Жолдасы Дүйсембаева Тұрдыхан - Күміс Алқа иегері, екеуі 7 бала тәрбиелеп өсірген. 1996 жылы «Алнұр» шаруа қожалығын ашып, жеке малшаруашылығын арттыру бағытында жұмыс атқарып отыр. Мемлекеттік наградалары: «Ерен еңбегі үшін» медалі, В.И.Лениннің 100 жылдық медалі, 9 бесжылдықтың жеңімпазы төсбелгісі. Қазір зейнеткер отбасымен Байқошқар ауылында тұрады.
Хасенов Сабит Хасенов Сәбит - 1942 жылы бұрынғы Семей облысы,Шұбартау ауданы, Киров колхозында туған. Еңбек ардагері. 8 жылдық мектепті бітірген соң трактористер дайындайтын курсты тамамдаған. 1964 жылдан партия мүшесі болған. 1964-1968 жы.әскер қатарында болған. Еңбек жолын 1964 жылдан «Горный» совхозында тракторист болып бастаған. 1996 ж.зейнеткерлікке шықты, 2 баласы, 5 немересі бар. Мемлекеттік наградалары: «Еңбек Қызыл Ту»ордені, «Халықтар Достығы» ордені, 9 бесжылдықтың жеңімпазы төсбелгісі. Бірнеше Құрмет грамоталары мен Дипломдары бар. 1996 жылы «Ата мұра» шаруа қожалығын ашып, жеке малшаруашылығын арттыру бағытында жұмыс атқарып отыр. Қазір зейнеткер балаларымен Байқошқар ауылында тұрады.
Танин Ергали Танин Ерғали- 1937 жылы бұрынғы Семей облысы, Шұбартау ауданы, Бақанас ауылдық Кеңесінде туған. Тыл және еңбек ардагері. Соғыс жылдарында қозы баққан,масақ теріп, колхоздың жұмыстарына көмектескен. Еңбек жолын 1953 жылы тың және тыңайған жерді игеруден бастаған. Еңбек ете жүріп, трактористер дайындайтын курсты тамамдаған. 1962 жылы «Горный» совхозы құрылғанда алғаш ірге тасын қалаушылардың бірі. Шұбартау өңірінде алғаш К-700 тракторына отырып, жүргізген. Сондай-ақ, өзімен бірге Айтбаев Қ., Хасенов С., Сәменбетов Ә. сынды трактористердің тәлімгері болған. Жолдасы Алпысбаева Мұхадас - Алтын Алқа иегері, екеуі 8 бала тәрбиелеп өсірген. Мемлекеттік наградалары: «Ерен еңбегі үшін» медалі, «Тың және тыңайған жерді игергені үшін» медалі, В.И.Лениннің 100 жылдық медалі, «Бүкілодақтық ауылшаруашылығы көрмесіне қатысушы» ,Коммунистік еңбектің озаты, 9 бесжылдықтың жеңімпазы төсбелгісі, «Тың игерудің 50 жылдығы» медалі, «Ұлы Отан соғысының жеңісіне 70 жыл» медалі,Бірнеше Құрмет грамоталары мен Дипломдары бар. 1993 жылы зейнеткерлікке шыққан соң да 1999 жылға дейін совхоздың әр түрлі жұмыстарын атқарған. Қазір зейнеткер отбасымен Семей қаласында тұрады.

 

Бет өзгертілді: 28-05-2018