Тарихи деректер

Ақшәулі ауылдық округі

Акшаулинский сельский округОкругтің құрылымы туралы тарихи анықтама

Социалистік дәуірге дейінгі уақытта бұл өңірдегі халық мал шаруашылығымен айналысқан. 1910 жылдары Столыпиннің аграрлық саясатына байланысты бұл өңірге Кубаньнан, Ресейдің басқа да губернияларынан орыс шаруалары келген.Кәзіргі біздің ауыл сол кездерден бастап Знаменка селосы атаныпты. Кейінен «Ақсәуле», одан кейін көпшіліктің өтініші бойынша «Ақшәулі» болып өзгертілді.
Елімізде Октябрь революциясы женгенен кейін жаңа қоғам орнады.1930 жылы Ақшәулі ауылдық советіне қарайтын бес колхоз құрылды. Олар: «Дружная селья» орталығы Знаменка, «Орақ-Балға», «Красный мир» /Кәзіргі Қарабұлақ ауылы/ , «Жамбыл»
(Қарақол өзенінің бойында) және «Карл Маркс»(кәзіргі Жаманегін ауылы) шаруашылықтары еді. 1950 жылғы шаруашылықтардың ірілендіруіне байланысты жоғарыда аталған барлық колхоздар бірігіп, «Карл Маркс» атындағы колхоз деп аталды. 1963-64 жылдары «Қазақстан» совхозына, 1964-1976 жылдары Аягөз аудандық Мыңбұлақ совхозының құрамына қосты. 1976 жылы Мыңбұлақ совхозынан бөлініп өз алдында КПСС ХХV съезі атындағы совхоз болып жеке шаңырақ көтерген. Совхозға басшы болып Боранғазы Өміртайұлы Мұстафин тағайындалып, осы сохозға көптеген еңбегін сіңіргені баршамызға анық. Мал шаруашылығы көтеріліп, совхоз жаңа техникалармен жабдықтарып, көптеген іс-шаралар атқарылды.
1977 жылы Таскескен ауданына қарасты болып, 1982 жылдан қайтадан Аягөз ауданына қарады. КПСС ХХV съезі атындағы совхозынан - Знаменка селосы атанып, кейіннен Ақшәулі атауы қайтадан беріліп, қазіргі уақытқа дейін осы атауы сақталған.
Ауылдық округте 1380 тұрғын бар, Оның 192-сі оқушылар. Ауылда 2 бастауыш мектеп, 1 орта мектеп, 1 емхана, кітапхана, мешіт үйі, наубайхана, мәдениет үйі, байланыс бөлімі бар.

Ауылдық округ туралы жалпы мағұлымат
Ақшәулі ауылы 1910 жылы құрылған. Әкімшілік орталығы Ақшәулі ауылы Аягөз ауданынан 78 шақырым қашықтықта орналасқан. Облыс орталығы Өскемен қаласы 500 шақырым қашықтықта орналасқан. Аумағы 87190 га. Елді мекендер 1 – Қарабұлақ ауылы.Халық саны 1380 адам, 300 отбасы бар. Зейнеткерлер161, әр-түрлі жәрдемақы алатындар саны 131.
Халықтың ұлттық құрамы: қазақтар 1340 адам, орыстар 32 адам, немістер 5, украин 1, татар 1, мариец 1.
Ауыл таулы жерде орналасқан. Қараша айынның аяғында қар түсір, қыс сәуір айына дейін созылады. Қыс кезінде қардың қалындығы 90-150 сантимертге дейін жетеді. 

Белгілі тұлғалар

Мустафин Борангазы Омиртаевич Мұстафин Боранғазы Өміртайұлы /1937-1999 ж.ж/.
Аягөз ауданы, Ақшатау елді мекенінде дүниеге келген. Еңбек жолын 1959 жылы агрономдықтан бастаған. 1976 жылы Аягөз ауданында «ХХV-партия съезі» атындағы совхоз құрылып,сол жерге директор болып тағайындалған.Б.Мұстафин басшылық еткен жылдары шаруашылық облыс көлеміндегі ең маңдайалды шаруашылықтардың қатарына қосылды. Сол жылдардағы еңбектері жоғары бағаланып «Құрмет белгісі», «Еңбек Қызыл Ту» ордендерімен марапатталды, Бүкілодақтық ХІХ Партия Конференциясының делегаты болып сайланды. 1994 жылдан өмірінің соңына дейін Ақшатау совхозына басшылық еткен.
Усенов Асылбек Усенович Үсенов Асылбек Үсенұлы 1932 жылы Семей облысы, Аягөз ауданы, Мыңбұлақ ауылына қарасты Жаманегін елді мекенінде дүниеге келген. Әкесі мен ағалары Ұлы Отан соғысына аттанып, елге оралмаған. Жастайынан еңбек етіп, Карл Маркс, Мыңбұлақ, ХХV-партия съезі, Қазақстан совхоздарында 1992 жылға дейін механизатор болған. Совхоз экономикасын нығайтуға қосқан еңбегі жоғары бағаланып 1973 жылы «Ленин» орденімен марапатталған.
Елубаев Кайролла Елубаевич Елубаев Қайролла Елубайұлы /1951-2011/
1951 жылы Семей облысы, Аягөз ауданы, Ақшәулі елді мекенінде дүниеге келген. Мектеп бітірген соң Мыңбұлақ, ХХV-партия съезі кеңшарларында механизатор болған. Еңбектегі озат көрсеткіштері үшін 2-3 дәрежелі «Еңбек даңқы», «Құрмет белгісі» ордендерімен, көптеген медальдармен марапатталған.
Абенов Токтар Абенович Абенов Тоқтар Абенұлы /1938-2001/
Семей облысы, Аягөз ауданы, Қарабұлақ ауылында дүниеге келген. 1956 жылдан бастап еңбек етіп, Мыңбұлақ, ХХV-партия съезі кеңшарларында автомобиль жүргізушісі, механизатор болған. Үздік еңбегі үшін «Ленин», «Еңбек Қызыл Ту», «Құрмет белгісі» ордендерімен, көптеген медальдармен марапатталған.

 

Бет өзгертілді: 28-05-2018