Тарихи деректер

Ақшатау ауылдық округі

1928 жылы қазіргі Ақшатау ауылдық округінің жерінде 5 ұсақ колхоз болған. Олар «Кедей бірлік», «Жаңа бірлік», қазіргі Қалғұты елдімекенінде орналасқан «Бостандық» және Батпақ жеріндегі «Сталин» колхоздары. 1936 жылы «Кедей бірлік» пен «Жаңа бірлік»колхоздары бірігіп, «Молотов» колхазы құрылды, Бостандық «Когонович» колхозына ауыстырылды. 1950 жылдың күзінде осы колхоздардың барлығы бірігіп, Сталин колхозын құрды. Колхоз бастығы Шәкерев Кәкім. 1957 жылы ақпан айында Сергиополь совхозына біріктіріліп, 1961 жылдың 30 мамыр күні жеке Ақшатау совхозы бөлініп шықты, алғашқы совхоз директоры Қазыханов Саукен деген азамат болған. Кейіннен 1961-1972 жылдары Ақшатау совхозын Қазыханов Саукен, 1972-1974 жылдары Дайырбаев Алпысбай, 1974-1977 жж. Баймурзин Ғалым, 1977-1980 жж. Бендебаев Сләмжар, 1980-1985 жж. Ибатов Біржан, 1985-1987 жж.
Өзбеков Сапар, 1989-1993 жж. Туспеков Болат, 1993-1994 жж. Серікбаев Сағатбек, 1994-1995 жж. Жөкіжанов Қанат, 1995-1997 жж. Мұстафин Боранғазы басқарды.      
1961-1991 жылдары партия қызметкерлері - Жұбанов Махмұт, Омаров Ғафар, Ахметжанов Бітат, Құлдыбаев Үкітай, Қонақбаев Амангелді, Түспеков Болат, Күштаев Сейфолла; комсомол қызметкерлері - Ешенғазин Кенжебек, Абдрахманов Кәміл, Лашынов Серғазы, Серікбаев Сағатбек, Тұрсынғазин Серікқұл, Камамова Сайлауғайша, Қалышкенов Дәулетбек, Ақылбасщин Алдаберген, Хайсин Ақыл. Осы жылдары ауылдық кеңестің төрағалары – Сарыбаев Жұмагелді, Өміртаев Тайтөлеу, Ақбалин Насыр, Жұмағұлов Айтмұқан, Бекбаев Рахымбек, Керімбаев Рамазан, Мұқаметқалиев Назкен, Омарғазин Дүйсен, Баймағұлов Сарқыт деген азаматтар совхоздың өркендеуіне, халықтың әл-ауқатының артуына, шаруашылық экономикасының көтерілуіне өз үлестерін қосты.
Алғашқы мектеп Ақшатау өңірінде 1909-1910 жылдары «Меңгезей» деген жерде ашылған. Осы мектептен Ақшатау болысынан Орыншайық, Жекітай, Күйсіз, Ақматай, Кәуменұлы Шұғыбан ақын, Тәуірбек, Қожахмет Ыдырысұлы, Рахымжанов Берікбол, Станбеков Дияр, Жаманаев Иммамәди, Бұлантаев Айтқұл, Абутәліпұлы Рамазан, Рақымұлы Мұсылманқұл деген азаматтар, мұсылманша, орысша сауаттарын ашқан. Кейіннен аталған түлектер Кеңес үкіметі орнағаннан кейін 1917-1918 жж Семейден бір жылдық мұғалімдер даярлайтын курс бітіріп, жер-жерден мектеп ашыу ісіне белсене араласқан. Соның бірі Қожахмет Ыдырысұлы Батпақ өзенінің бойынан 4 жылдық мектеп ашып, алғашқы ұстазы болған.
1961-1963 жылдары жаңадан аурухана, мектеп-интернат, монша, совхоз кеңсесі, МТМ-паркі, совхоз мамандары мен жұмысшыларына арнап 40 шақты жаңа үйлер салынды. 1965 жылы жаңадан 200 оқушыға арналған жаңа орта мектеп салынып, 1968 жылы алғашқы түлектер орта мектеп бітірді, оған дейін 7 жылдық білім беретін мектеп болған.
1980 жылдары жаңадан автопарк, 1984 жылы жаңадан 300 орындық мәдениет үйі салынды. 1982 жылдары ортаның су құбыры іске қосылды.
1993 жылға дейін орталықтағы үй саны 260-қа дейін жетті. Халық саны 2000, мал саны: ірі қара – 3500 бас, қой,ешкі – 40-43 мың бас, жылқы – 1500 басқа дейін өсіп, 10-12 мың га жерге егін салынды. Жылына 1000 тн ет, 40 тн жүн, 150 тн сүт, 4000 тн астық өндірілді.    
1990 жылдың сәуір айында селомыздың орталығында жаңа типті 700 орындық орта мектеп пен мәдениет үйі пайдалануға берілді. 2002 жылы мектеп ішінен «Толған ел тарихын таспен жазады» атты ауыл тарихынан сыр шертетін мұражай ашылды. Онда ауылымыздың тарихы, Ұлы Отан соғысына қатысушылар, мектеп тарихы, тылда еңбек еткер Еңбек ардагерлері, Батыр аналар, ақын жерлесіміз Дулат Бабатайұлының, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «ІІІ мәрте Еңбек Қызыл Ту» орденінің иегері Кешірімхан Бозтайұлының  өмір жолы мен еңбектерін баяндайтын «Аждаһамен алысқан Кешірімхан Бозтайұлы Бозтаев» атты тақырыппен бұрыштар ашылған, сонымен қатар «Жеті атасын білмеген жетесіз» деген тақырыпта Ақшатау өңірінде тұратын азамматтардың шыққан тегін баяндайтын шежіре тақта орналасқан.
1941-1945 жж Ұлы Отан соғысына Ақшатау ауылынан 178 адам майданға аттанып, аман-есен жеңіспен оралғаны 69, хабар-ошарсыз кеткен боздақтар 91, майдан шебінде қайтыс болғандар 18 адам. 2007 жылыдың 9 Мамырында Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен боздақтарға арналған  мемориалдық ескерткіш ашылды. 2008 жылы маусым айында ауылда жаңа заман талабына сай,  болашақ ұрпақты имандылық жолында тәрбиелеу, жүректеріне имандылық ұялату мақсатында ауылымызда  ақ күмбезі күн нұрымен шағылысқан Алланың үйі – мешіт ғимараты бой көтерді.
Музейде Ұлы Отан соғысының ардагері Кенжебаев Тілеуханның, тыл ардагерлерінің фото суреттері мен Ауған соғысының ардегерлері Кенжебаев Қизат, Қайырбеков Жасұланның және көпбалалы аналардың фотосуреттері ілінген.

  • Ақшатау ауылдық округі
  • Ақшатау ауылдық округі

 

 

Белгілі тұлғалар

Ешенгазы Сыдыкулы

Ешенғазы әулие. Руы Сыбан-Жанкөбек.
Ақшатау өңірін мекендеген Сыбан руының Сыдықұлы негізгі кәсібі – мал шаруашылығы десек те, оқу-білімнен ешқашан қол үзбеген. Тіпті табиғатпен астасып, оның қыр-сырын бойына сіңірген. Олардың бірі көріпкел әулие – Ешенғазы Сыдықұлы.
1876 жылы Ақшатау өңіріндегі Жалғызсу қыстағында дүниеге келген. Діни білімі терең, сондай-ақ Алланың құдіретімен бойына ерекше қасиет дарыған адам. Көріпкелдігімен бірге, емшілік қасиеті болған. Әсіресе жүйке ауруына шалдыққан аурулар алдынан жазылып, қайтып жатады екен. 1952 жылы 76 жасында дүниеден өткен әулие атамыз Ақшатау ауылында жерленген. Қазір де жер-жерден адамдар келіп, басына түнеп, тәу етіп жүреді.



Зада Каргажанович

Зада Қарғажанұлы 1932 жылы бұрынғы Семей облысы Аягөз ауданы Ақшатау ауылы нда дүниеге келген. 1955 жылы Қазақтың таукен металлургиялық институтын бітіріп, тау-кен инженері мамандығын алды. Еңбек жолы «Ақжол» руднигінде басталып, одан кейін Өскемендегі Алтай тау-кен металлургия ғылыми-зерттеу институтында кіші ғылыми қызметкер болып істейді. 1966 жылы Қазақ Политехникалықинститутының аспирантурасын бітіріп, Техника ғылымының кандидаты дәрежесін алған. Қазақстан Ғылым академиясы тау-кен институтында, 1968 жылдан өмірінің соңына дейін Ұлттық Ғылым Академиясының Экономика институтында істеді.

Шегиров Амангазы Ахметкалиевич

Шегіров Аманғазы Амантайұлы 1939 жылы Семей облысы Аягөз ауданы Ақшатау ауылында «Түменбай» деген жерде туған. Әкесі Ахметқали, анасы Сахан. Білімі жоғары. 1956 жылы Аягөз қаласындағы қазақ орта мектебін күміс медальға бітіріп, Ташкент қаласындағы Орта Азия политехникалық институтының энергетика факультетіне түсіп, оны 1961 жылы ойдағыдай бітірген. 1981 жылы Алматы жоғарғы партия мектебінің сырттай оқу бөлімін бітірген. Институтты бітіргеннен кейін жұмыс жолы Өзбекстанның Қоқан қаласының жылу - электро орталығының смена бастығынан басталған.  
1965 жылы Талдықорған облысының Текелі қаласына көшіп келіп, онда энергокомбинатта смена бастығы, аға сержант, бөлім бастығының орынбасары болып жұмыс істеген. 1967-1969 жылдары Ақсу қант орталығының бас инженері, бастығы болып жұмыс істеген. 1969 жылдан бастап Аманғазы Ахметқалиұлы партия- совет қызметтеріне ауысқан. Алдында Талдықорғанда қалалақ Партия комитетінің нұсқаушы, бөлім бастығы кейіннен Талдықорған қалалық атқару комитетінің төрағасының орынбасары, Текелі қалалық атқару комитетінің төрағасы болып қызмет атқарды. Қазір зейнеткер, құрметті демалыста.

Дулат Бабатайұлы

Дулат Бабатайұлы. Руы Сыбан – Жарасқұл.
Дулат Бабатайұлы 1802 жылы Ақшатау өңіріндегі Ілебайдың Қызылжалыдеген жерде дүниеге келген. Жастайынан өлең-жырға әуес болып, ақын болып өскен. Өлеңдерінің негізгі тақырыбы патриоттық, елжандылық мақсатта жазылған. Туған елді, жерді сүюге уағыздайды. Мұхтар Әуезовтың “Абай жолы” роман-эпопеясында “Барлас” ақынның прототипі осы Дулат Бабатайұлы екенін ұлы жазушы кітап соңындағы түсіндірмеде нақты келтірген.. Дулат өмірі мен қызметі әлі толық зерттелмеген тың тақырып. 1871 жылы қайтыс болған. Зираты Ілебай жалының етегінде. 2002 жылы бабамыздың басына 200 жылдығына орай, Ақшатаулық азаматтар Қажығұлов Аспанның демеушілігімен кесене тұрғызды.

Кеширим Бозтаевич Бозтаев

Бозтаев Кешірімхан Бозтайұлы. Руы Сыбан –Төлен Қарабас.
1933 жылы маусымның 25-інде бұрынғы Семей облысының Аягөз ауданы, Ақшатау ауылында дүниеге келіп, 1999 жылы қайтыс болған. Алматыдағы тау-кен институтын бітіріп, инженер – кенші мамандығын алған. Еңбек жолын Өскемен «Қорғасын-мырыш комбинатынан» (СЦК) бастаған. Қарапайым кен жуушыдан аға қорытушы, кезекші мастар,технолог, цех бастығы, комбинаттағы партия комитетінің хатшысы дәрежесіне дейін көтерілген. Үш дүркін «Еңбек ҚызылТу» орденімен, медальдармен, құрмет грамоталарымен, Қазақстан жоғарғы кеңесінің мақтау қағазымен марапатталып, «Қазақстан мемлекетіне еңбегі сіңген қызметкер» атағын алған.

Айкыз Кошкинбаева

Айқыз Көшкінбайқызы. Руы Сыбан-Төлен.
Айқыз Көшкінбайқызы 1876 жылы Ақшатау өңіріндегі Сары-Бұйрат деген жерде дүниеге келген. Жас кезінен өжет, алғыр, еңбексүйгіш болған. Ауыл азаматтары егін егіп, суару үшін арық қазғанда азаматтармен бірге болып, сол арықтың уақытылы бітуіне үлес қосқан. Еңбегіне сүйсінген ел ұзындығы 4-5 шақырымға созылатын сол арықты “Айқыз арығы” деп атаған. Бойжеткен кезінде Сергиополь ауылына тұрмысқа шығып, атақты Сабыржан Ғаббасовпен танысып, достас адам болған. Аягөз қаласын ақ гвардияшылардан қорғау кезінде жауынгерлермен бірге болып, қызмет көрсеткен. 1918 жылы ақ гвардияшы жендеттерінің қолынан айуандықпен қаза тапқан. Революционер апамыздың есімі ел есінде мәңгі сақталады. Қазіргі уақытта ауылдағы орта мектеп батыр ананың атында.


 

 

Бет өзгертілді: 04-06-2018