Тарихи деректер

Ақши ауылдық округі

Ауылдық округтің құрылымы жөнінде анықтама.

1949 жылы Қара-күнгей колхозы болып құрылып, кейіннен Қара-күнгей, Жас тілек және Елтай колхоздарын біріктіріп Н.Хрущев атындағы колхоз құрылып орталығы Ақши ауылы болып аталып осы колхозға Қасенов Нұрахмет басшылық еткен. 1957 жылы наурыз айында колхоз таратылып Мыңбұлақ кеңшарына қосылған. 1963 жылы Мыңбұлақ кеңшарынан бөлініп қайтадан Ақши кеңшары құрылып, оған Биесимас, Шұбартөс ауылдары қосылған. Кеңшар орталығы 1970 жылы жаңадан Сарыарқа ауылы салынып сонда көшірілді.

1974 жылы Ақши кеңшарынан бөлініп Сабыржан Ғаббасов атындағы кеңшар болып құрылды, осы кеңшарға Ақтүбек және Көкащы елді мекендері кірді және жаңадан құрылған кеңшарға директор болып Тлеубаев Өскенбай басшылық жасады. Кеңшар орталығында 1975 жылдан бастап 10 жылдық мектеп, кеңсе үйі, МТМ, құрылыс объектісі, ауыз су құбыры, дүкендер, наубайхана, монша және жылына 20-25 тұрғын үйлер сондай-ақ жаңадан мал қыстақтары салынды. 1974-1980 жылдары Ө.Тлеубаев басшылық жасаған кезде С.Ғаббасов кеңшарының өрлеу жылдары болды. Осы кеңшар 8000 га жерге егін егіп, сонымен қатар 30 000 қой-ешкі, 2500 ірі-қара, 800 бас жылқы малдарын өсірген қатардағы шаруашылық болған. Кеңшарды 1980-1986 жылдары Бағдат Оралбаев, 1986-1988 жылдары Еркін Күйебаев басшылық еткен кезде астық алу мен мал басынан төл алудан жақсы көрсеткіштер көрсетіп аудан бойынша алдыңғы қатарлы шаруашылық атанды. 1988-1990 жылдары Санақ Махметов басқарса, 1990-1994 жылдар аралығында Тұрысбек Сембеков басшылық жасап, 1994-1995 жылдарда Айтқазы Еркебаев Ақши ұжым шаруашылығын басқарды. 1996 жылы жекешелендіру жұмыстары жүргізіліп, бірнеше шаруа қожалықтары құрылды.  

Кеңшардың өркендеуіне өлшеусіз еңбек сіңірген, еңбектері жоғары бағаланған Ленин орденінің иегері атағын алған Төкен Жұмаділов, Еңбек Қызыл Ту орденінің иегерлері Ілияс Бекентұров, Ерсайын Құдагелдин және алдыңғы қатарлы механизаторлар Нұрзада Ақанаев, Мэлс Айтжанов, Төкей Өсербаев, Көбелдес Рахметов, Аманғазы Ахтаев, Тоқтар Оспанов, Сүбебек Искаков, Қасымжан Түсіпжанов, Мұқатай Майланов, Жолдығазы Айтжанов, Жақсылық Әлімбаев, Қызырхан Баяхметов, Қалияс Бекентұров сынды азаматтар ел тарихына жазылды. Ауылдың өркендеуіне үлкен үлес қосқан басшылар – Авленов Талас, Бөлегенов Матайбай, Атымтаев Орынғали, Саңқайбаев Өртбай, Уалиев Келсін, Жансарин Жұмақан, Садуақасов Түгелбай, Бейсеғожин Рымжан, Байтуғанова Рысхан, Ермұхамет Кулов.

Мал басының жылдан жылға өсуіне атсалысқан малшылар – Хасенов Қабылахмет, Мүлікбаев Мұратқажы, Қасенов Нұреке, Айтжанов Сарсеғали, Додабақов Сарқытбай, Сахариев Дүйсенбек, Тұраров Құсман, Бокишев Қамысбай, құрлысшылар – Алмұхаметов Мүтән, Дүйсенбаев Бейсембай, Искаков Қыдырбек, Байшөкенов Сабыр, Сабырбеков Мұхаметқазы және т.б. ауыл еңбеккерлерінің аттары ел аузынан түспейді. Отан үшін от кешкен Бұланов Бейсеғажы, Елікбаев Түсіпжан, Әйтімбетов Сабырбек, Иманалин Бекентұр, Бақтыбазаров Манап, Темірғалиев Жұмағали, Абылғазин Мұқанай, Қарасартов Жұмакелді, Өміржанов Толыбай, Ахтаев Омария, Мұсасарин Мұхтар, Оспанов Жүніс, Тайманов Төлеуғазы сынды аталарымыз, сонымен қатар соғыс кезінде тылда еңбек еткен Орынбаева Ғазиза, Мұхаметқалиев Мұхаметия, Ахметқалиева Қалимаш, Закирова Ақпан, Өміржанова Ажар, Серікбаева Бәйке, Сақыпжанова Бәтен, Саманбетова Маңлық, Сүлейменова Нәйля, Мұхаметқалиева Үгіл, Бекназаров Қасымжомарт, Абдилдин Жұмаш, Бекназарова Бәтіш, Қарынова Кәметай, Нығметжанов Зада, Құрманбайқызы Шәрбан, Темірғалиева Рабиға, Ахметқалиева Минуар аталарымыз бен аналарымыз соғыстан кейінде әр салада еңбек етіп ауылдың өркендеуіне өз үлестерін қосқан.

  • Ақши ауылдық округі
  • Ақши ауылдық округі
  • Ақши ауылдық округі
  • Ақши ауылдық округі
  • Ақши ауылдық округі
  • Ақши ауылдық округі

Жас ұрпаққа сапалы білім, саналы тәрбие беруде қажымай еңбек еткен ұстаздар Қарасартов Төкен, Шумаков Жақсыбай, Абзиева Сағдат, Ешмұхаметова Қайыпжамал, Мұқанова Күлпан, Жолдасбаева Қаршыға, Дүйсенбаев Кәден, Жұмабекова Рысхан, Бекентұров Ғаппас, Дүйсенов Қабаш, Мұхаметжанов Ғазиз және 30 жылға жуық Ақши орта мектебін басқарып келе жатқан Ахметқазы Жұмағазыұлының ұжымы білім нәрін берген оқушылары бүгінгі күні еліміздің әр жерінде еңбек етуде. Алдыңғы буыннын жолын ұстанып бүгінгі күні ауылдың көркейуіне атсалысып келе жатқан азаматтарымыз Қалиас Бекентұров, Сағидолла Жұмаханов, Болат Қасенов, Еркін Шонашевтар басқаратын шаруа қожалықтары, Сайран, Еділ Жұмахановтар, Гүлзия Темірғалиева сияқты кәсіпкерлер халыққа қызмет көрсетіп ел құрметіне бөленіп жүр.

Белгілі тұлғалар

Алибаев Мүбарак родился Алибаев Мүбарак 1915 жылы Қазақ КСР Семей облысы Жарма ауданының №23 ауылында туылған. Ұлты; қазақ. Әлеуметтік жағдайы; қызметкер, Кеңес Одағы Коммунистік Партиясы мүшесі. Білімі; 7-кластық. Арнайы білімім жоқ. Тәжірибе жүзінде. Жанұялы.
1937-ші жылы Кеңес Армиясы қатарына шақырылып, 1940-шы жылға дейін Қиыр Шығыста қызмет атқарды. 1941-ші жылдан 1943-ші жыл аралығында Аягуз аудандық милициясында (оперуполномоченный) болып қызмет істеді. 1943-ші жылдан 1945-ші жылдар аралығында Мыңбұлақ сүт есебі кеңшарында директор болып қызмет істеді. 1945-ші жылдан 1947-ші жылдар аралығында Аягөз ауданының прокурорының көмекшісі болып қызмет атқарды. 1947-ші жылдан 1949-шы жылдар аралығында Үржар ауданының Тасбұлақ кеңшарының фермасында бухгалтер болып жұмыс істеді.
1949-шы жылдан 1953-ші жылдар аралығында Үржар ауданының арнайы комендатурасының комендант көмекшісі болып қызмет істеді. 1953-ші жылдан 1955-ші жылдар аралығында Үржар ауданының Ново-Тройцкий ауылдық кеңесінің фермасының басқармасы, бұдан соң зоотехнигі болып жұмыс істеді. 1955-ші жылдан қазіргі уақытқа дейін Семей облысы Аягуз ауданы Қарақол кеңшарында зоотехник болып жұмыс істеді.
1956-шы жылдан 1959-шы жылға дейін Аягөз қаласы «май зауыты»-да есепші қызметін атқарған. 1959-шы жылдан 1963-ші жылға дейін Аягөз ауданының «Қазанның 40-жылдығы» колхозына тұтынушылар одағының жұмысшылар кооперативінің (рабкоп) басшысы қызметіне ауысып барды. 1963-ші жылдан 1968-ші жылға дейін Аягөз ауданының «Қазанның 40-жылдығы» колхозында есепші болып қызмет істеді.
1968-ден 1974-ші жылға дейін Аягөз аудан-ң Таскескен совхозында есепші қызметін істеді. 1974-ші жылдан 1975-ші жылға дейін Аягөз ауданының жаңадан құрылып жатқан С. Ғаббасов атындағы совхозында қойма меңгерушісі болып қызмет істеді. 1975 жылдан 1980-ші жылға дейін осы совхозда кадр бөлімінің меңгерушісі қызметін істеді. 1980-ші жылдан қаңтар айынан бастап зейнеткерлікке шығып, осы жылдың наурыз айының 15-де қайтыс болды.
Абилов Сансызбай Кәменович Абилов Сансызбай Кәменұлы 10 қаңтар 1951-ші жылы туылған. 1960-шы жылы Аягөз ауданы Қарақол орта мектебінің 1-ші класына оқуға барып, 1970-ші жылы 10-шы класты бітірді. 1970-ші жылы Семей зоотехникалық-малдәрігерлік институтының малдәрігерлік факультетіне оқуға түсіп, 1975-ші жылы бітірді.
1975-ші жылы 9-шы қыркүйек айында Аягөз ауылшаруашылығы басқармасының жолдамасымен жаңадан құрыла бастаған С.Ғаббасов атындағы кеңшарға малдәрігері мамандығымен жіберіліп, жұмысқа орналасты.1975-ші жылдың 9-шы қыркүйек айынан 1980-ші жылдың 11-ші тамыз аралығында № 3 қой фермасында малдәрігері болып 5 жыл жұмыс істеді.
1980-ші жылдың 11-ші тамыз айынан 1989-шы жылдың 27-ші сәуір айы аралығында № 1 жылқы, сиыр, қой шоғырланған фермасында малдәрігері болып жұмыс істеді. 1989-шы жылдың 27-ші сәуір айынан 1990-шы жылы 6-шы ақпан айына дейін денсаулық жағдайына байланысты уақытша жұмыссыз. 1990-шы жылы 6-шы ақпан айында бүкіл ауыл халқы бірауыздан осы кеңшарға «Халықтық бақылау комитеті»-нің төрағасы етіп сайлады. 1990жылы Аякөз ауданының «халық депутаттары» селолық кеңесінің депутаты болып сайланды. 1991-ші жылдың 10-шы қаңтарынан С. Ғаббасов атындағы кеңшары бойынша «жұмысшы бақылау комитеті» тобының мүшесі. 1991-ші жылы 1-ші ақпан айында «комитет» қысқаруына байланысты 1994-ші жыл аралығында кеңшар бойынша меншік малдардың малдәрігері болып жұмыс істеді. 1994-ші жылдың 5-ші ақпан айында № 1 бөлімшеге аға малдәрігер ретінде ауыстырылды. 1994-ші жылдың 17-ші қыркүйек айында басқарма мәжілісінің шешіміне сәйкес бас малдәрігер қызметіне тағайындалды.
1996-шы жылдың 10-шы қаңтарында Ақши ұжымының таратылуына байланысты жекешелендіру комиссиясының мүшесі болып сайланды. 1996-шы жылы 23-ші сәуір айында жаңадан құрылған «Шипагер» округтік малдәрігерлік шаруа шаруашылығына төраға етіп бекітіліп, 2000-шы жылдың 5-ші ақпан айы аралығына дейін істеді. 2000-шы жылдың 05-ші ақпан айынан 2004-ші жылдың 14-ші маусым айы аралығында «Шипагер» шаруа қожалығының басшысы болып жұмыс істеді. 2004-ші жылдың 14-ші маусым айынан 2010-шы жылдың 2-ші қараша айы аралығында Ақши ауылдық округінің мемлекеттік ветеринарлық инспекторы қызметін істеді. 2006-шы жылы 17-ші қараша айында ҚР АШ Министрлігінің аудандық аумақтық инспекциясы Ауылшаруашылығы мерекесіне орай «ауданның экономикасын көтеруге қосқан үлесі үшін» мақтау грамотасымен марапатталды. 2010-шы жылы ҚР АШМ Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің ШҚО аумақтық инспекциясының «Құрмет» грамотасымен марапатталды. 2010-шы жылдың 2-ші қараша айынан 2011-ші жылдың 30-шы желтоқсан айы аралығына дейін Ақши ауылдық округінің бас маман мемлекеттік ветеринарлық-санитарлық инспекторы қызметін істеді. 2011 жылдың 10-шы қаңтар айында зейнеткерлік демалысқа шықты. 2012-ші жылы ҚР АШМ Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитетінің ШҚО аумақтық инспекциясының ауылшаруашылығы саласын дамытуда қосқан үлесі және ветеринария саласындағы қажырлы еңбегі үшін «Алғыс хат» грамотасымен марапатталды. 2012-ші жылың 4-ші қаңтар айынан 30-шы желтоқсан айына дейін Ақши ауылдық округінің бас маман мемлекеттік ветеринарлық-санитарлық инспекторы қызметін істеді.
Тансыккожин Байжума Таңсыққожин Байжұма 1906-шы жылы қазіргі Аягөз ауданы Нарын совхозы Екпетал ауылында туылған. Ұлты: қазақ. Білімі: 4 кластық. 8 жастан оқуға барып, 12 жасқа дейін арабша әріппен оқыған. Бұдан кейін қозы, қой баққан. Партия мүшесі. Жанұялы.
1929-шы жылы «Жаңа ауыл» колхозы ұйымдастырылып, колхозға мүше болған. 1934-ші жылы бригадир ретінде бекітіліп, 1937-ші жыл аралығына дейін істеді. 1937-ші жылдан 1940-шы жылдың 30-шы қыркүйек айына дейін тауарлы сүт фермасының бригадирі қызметін атқарды. 1940-шы жылы Семей қаласына ауылшаруашылық мамандарын дайындау курсына жіберілген. 1941-ші жылы тамыз айында осы курсты аяқтап, Ұлы Отан соғысына аттанды. 1945-ші жылы желтоқсан айында демобилизацияланып, еліне қайтып, еңбек етті. 1946-шы жылдан 1950-ші жылдың қазан айы аралығында тауарлы сүт фермасының бригадирі қызметін атқарды. 1950-ші жылдан 1955-ші жылдың ақпан айына дейін бригадирі қызметін атқарды. 1955-ші жылы Аягөз аудандық партия комитеті Н. Хрущев атындағы колхозға төраға орынбасары етіп жіберілді. Бұл қызметте 1957-ші жылға дейін істеді. 1957-ші жылы Н. Хрущев атындағы колхоздың Мың бұлақ совхозының №5-ші фермасына қосуына байланысты осы фермада егін шаруашылығының бригадирі қызметін атқарды.
1964-ші жылы осы №5-ші фермадан бөлініп жаңадан С. Ғаббасов атындағы совхоздың ұйымдастырылуына байланысты 1966-шы жылға дейін №1-ші фермасының меңгерушісі қызметін атқарды. 1966-шы жылы зейнетке шықты. 1966-шы жылдан 1983-ші жылға дейін әр түрлі жұмыстар істеген. 1996-шы жылы қартайып қайтыс болды.
Абылгазин Мухамедрахым Абылғазин Мұхамедрахым (1922-2001 ж.ж)
Ақши ауылында , «Сынтас» деген жерде дүниеге келген. 1941-1945 жылдар аралығында соғысқа аттанып, Отан қорғауға қатысты. 1945 жылы аман есен елге оралды. Бірнеше орден, медалдармен марапатталған.
Омиржанов Толыбай Өміржанұлы Толыбай (1911-1998)
Ақтүбек ауылында дүниеге келген. 1941 жылы Отан соғысына аттанған. 1942 жылы жараланып Грузияның Ржев қаласындағы госпитальға түседі. Госпитальдан кейін 2-ші Украйна майданына соғысқа түседі. 13 жерден оқ тиіп жараланып, 1945 жылы елге оралады.
Карасартов Жумагелди Қарасартов Жұмагелді (1898-1995ж.ж.) Сергиополь ауылдық кеңесіне қарасты Буденный ауылында дүниеге келген. 1941 жылғы Ұлы Отан соғысы басталғанға дейін жұмысшы, колхоздың мал дәрігері болып қызмет атқарған. 1942 жылы Ұлы Отан соғысына аттанып, арнайы көмек көрсететін санбатальонда қызмет атқарған. Соғыстан 1944 жылы желтоқсан айында ауыр жараланып, бірнеше орден, медальдарымен елге оралған.абочим, ветеринарным врачем колхоза. В 1942 году отправился на Велико Отечественную войну. Был в санитарном батальоне по оказанию специальной помощи. В декабре 1944 году с несколькими орденами вернулся тяжелораненным в Родину.
Темиргалиев Жумагали Темірғалиев Жұмағали (1923-1994ж.ж) Аягөз ауданы, Мыңбұлақ совхозында туған. 1941 жылы Ұлы Отан соғысына аттанады. 1943 жылы қолынан жараланып, елге оралады. Тылда совхоздың бригадирі болып бірнеше жыл еңбек етіп, құрмет демалысына шықты. «Қызыл жұлдыз» тағы басқа медальдарымен мақтау қағаздарымен наградталған.
Буланов Бейсегажы Буланов Бейсеғажы (1906-1992ж.ж) Аягөз ауданы Қаракүнгей колхозында туған.1942 жылы майданға аттанады. 1944 жылы Украинаны азат етуде жараанып, елге оралады. Соғыста «Еңбектегі ерлігі» үшін, «Қызыл жұлдыз» ордендерімен наградталған.
Орынбаев Жумаш Орынбаев Жұмаш. Финляндия майданында болып 3-Украина майданы қатарында болып Венгрияны, Австрияны азат етуге қатысып, жарақат алып 1941-1946 жылдың мамыр айына дейін әскер қатарында болып, елге аман есен оралып еңбек еткен ақсақалдарымыздың бірі Орынбаев Жұмаш балаларының қызығын көріп қартайған шағында дүниеден өтті.
Бактыбазаров Манап Бақтыбазаров Манап (1924-2013ж.ж) 18 жасында майданға аттанып Орел-Курск шайқасында қатысып 4-Украина майданының қатарында болып Польша, Украина, Чехословакия мемлекеттерін азат етуге қатысып, көптеген медальдармен марапатталып ерлік көрсетті. 2013 жылы қартайған шағында дүниеден өтті.
Тайманов Толеугазы Тайманов Төлеуғазы (1925-2008ж.ж) Аягөз ауданының «Жастілекте» дүниеге келген. 1942-1945 ж.ж. Ұлы Отан соғысына қатысты. Ұлы Жеңіс күнін Прага қаласында қарсы алды. Майданда көрсеткен ерлігі үшін «Отан соғысы» орденімен және «Соғыстағы жанқиярлығы үшін» медальдарымен марапатталады. Соғыс біткен соң осы Прага қаласында, тағыда үш жыл әскери қызметін өтеген. 1948 жылы елге оралады.
Айтымбетов Сабырбек Айтымбетов Сабырбек (1905-1986ж.ж) 1905 жылы туған. 1941 жылы соғысқа аттанған. Воронеж қаласын азат етуде жараланып, туған еліне бір аяқпен оралған. Соғыс жылдары және соғыстан кейінгі еңбектері үшін алған көптеген наградалары бар.
Еликбаев Тусипжан Елікбаев Түсіпжан (1903-1988ж.ж) Аягөз ауданы, Қаракүнгей колхозында туған. 1941 жылы Ұлы Отан соғысына аттанады. Украинаны азат етуге, жапон соғыстарына қатысады. 1945 жылы туған елге оралады. «Даңқ» орденімен «Еңбектегі ерлігі» үшін т.б. мақтау қағаздарымен наградталған.

 

Бет өзгертілді: 28-05-2018