Тарихи деректер

Айғыз ауылдық округі

АЙҒЫЗ  ауылының құрылымы жөнінде тарихи анықтама

1918 жылы Қарашоқыдан жалғыз үй салынған. Осы жылы жайлауда тері зауыты салынған.
1928-30 жылдары әрбір елді мекенді коллективтендіру басталды. Осыған байланысты Коксала елді мекенінде  «Калинин» колхозы, Айғыз ауылында  «Жаңа талап», Қурайлы  қыстағында  «Тегісшіл», Сағада  «Жаңа ай», Қызайда  «Қызыл отау» колхоздары ұйымдастырылды.
1950 жылы ұсақ колхоздар біріктіліріп Айғыз өлкесінің бойында ірі «Калинин» колхозы бой көтерді.
1957 жылдың ақпан айында колхоз «Таңсық» елді мекеніне қосылды. 1959 жылы Таңсықтан қайта бөлініп, 1959 жылы «Калинин» совхозы болып құрылды. 1991 жылдан бастап Айғыз ауылы болып аталады.
1928 жылы Айғыз өлкесінің бойындағы  «Жаңа  талап» колхозында бастауыш мектеп ашылды. Ол Айғыз ауылының жоғары жағындағы қазіргі «Мектеп» қыстағында болған. Ұстазы Кудерин Төлеубек болған. Осы мектепте Балтабеков Рымқұл, Хасенов Төлеген, Оспанов Рымтай, Шайхыслямов деген ұстаздар қызмет еткен.
1933 жылы Коксала өлкесіндегі  «Калинин» колхозында 1-4 сыныптар оқитын бастауыш мектеп ашлыд. Онда дәріс берген ұстаздар Хасенов Төлеген, Қимадиев Ешмұхамед, Нұржақыпов Нүркебай.
1940 жылдары маслопром болды, қой сауып, бринза басылды.
1933-1958 жылдары аралығында Қурайлы өлкесінің  «Тегісшіл» колхозында 7 жылдық  «Үш төбе» мектебі болды. Мектеп мүдірлері: Иманбеков Әбілғазы, Кудерин Сақабай, оқу ісінің меңгерушісі Жантасов Дінмұхамет болды.
Осы жылдары Саға өлкесінің бойында  1-4 сыныптар оқитын  «Жаңа ай» бастауыш мектебі болды.
1941-1945 жылдары Ұлы Отан соғысына  Айғыз ауылынан 184 замат майданға аттанды. 77 азамат қана еліне аман-есен оралды. 107 азамат майданда қайтыс болды.
1958 жылы М.И.Калинин атындағы 8 жылдық мектебі ашылды.
1959-1993 жылдар ішінде ауылдық Кеңес төрағалары болып: И.Саметов, Ержігітов, И.Қожахметов, А.Ахметов, А.Қаниев, Р.Дүйсекенов, Қ.Қабдолдина, Ш.Досжанов, Х.Байсмаков, партия комитетінің секретарлары болып К.Баймуханов, С.Тлеуханов, Қ.Асылбеков, жұмысшы комитетінің төрағасы болып, Сағадиев, А.Алдонгаров, А.Ахметов, С.Абжаханова, Б.Тоқбурин, Б.Мақсұтовтар қызмет атқарды. Барлығы ауылдың өркендеуіне, халықтың әл-ауқатының артуына, шаруашылық экономикасының көтерілуіне өз үлестерін қосты.
1966 жылы күзде мектеп 9 жылдық болды, совхоз кеңсесі салынды.
1968 жылы алғашқы түлектер бітірді және осы жалдан бастап мектеп 10 жылдық болды.
1990-91 жылдан мектеп 11 жылдыққа көшті. 1997 жылдан бастап Айғыз орта мектебі аталады.
1963 жылдары 40 мың бас қой, 500 бас ірі қара, 700 бас жылқы малы болған.
1971 жылы  «Айғыз,» «Баян», «Шынар», «Еңбек» комосомл-жастар бригадалары ашылды.
1980 жылы Айғыз қой бордақылау алаңы ашылып, онда 10 мың бас қой бордақыланды. Комплексте шөп ұнтақтайтын, жем тартатын цехтар жұмыс істеді.
1972 жылдары 75 мың қой, 3000 бас ірі қара, 2000 бас жылқы болды.
1974 жылы жаңа типтегі  «Мәдениет үйі» салынды.
1980-1990 жылдары 50 мың бас қой, 3000 бас ірі қара, 1500 бас жылқы болды. Бар егістік даласы  3000 га, 2500 тонна астық өндірілді. Көп жылдық суармалы шөп өсірілді.
1981 жылы аулымыздың орталығына жаңа типті мектеп үйі салынды, 1982 жылы жаңа мектеп-интернат, балабақша пайдалануға берілді.
Калинин совхозын 1959-1960 жылдары Ж.Доскеев, 1960-1962 жылдары С.Ескендіров, 1962-1967 жылдары К.Көшкінбаев, 1967-1970 жылдары  Т.Құсатаев, 1970-1979 жылдары О.Тұрғанбаев, 1979-1993 жылдары Т.Баяхметбаев, 1993-1995 жылдары Х.Байсмаков, 1995-1997 жылдары М.Құрмашевтар басқарды.
1993 жылы совхоз ұжымдық шаруашылық болып құрылды.
1996 жылы шаруашылық 60 шаруа қожалығына таратылды. Барлық мал-мүлік, негізгі қорлар осы шаруа қожалықтарына бөлініп берілді.
2008 жылы су құбыры пайдалануға берілді.
Кезінде колхоз құрылысының, бертінде совхоз экономикасының дамуына  Р.Ахатов, А.Садыков, Ә.Ұлықпанов, Ө.Асенов, Ө.Нұрғалиев, Қ.Есімханов, М.Шымырбаев, М.Сартымбетов, Н.Құндақбаева, Қ.Хасеновалар аянбай тер төкті.
Аулымызда бала тәрбиесіне зор мән беріп, ел құрметіне бөленген, ұлын ұяға, қызын қияға ұшырып отырған «Еңбек ардагерлері», «Батыр аналар» көптеп саналады.
Ерлік еңбектерімен үлгі-өнеге, із қалдырған, еңбек және соғыс ардагерлері:
Ж.Қарбалин, Б.Жүнісбаев, К.Азимбаев, Қ.Алқуатов, К.Ахметжанов, Р.Оспанов, Д.Оспанов, С.Мухамедияров, С.Нұрғалиев, Е.Нұрғазин, Б.Тоқбурин, Н.Нуржакупов, М.Ахмадиев, М.Орынбасаров, Ж.Ибраимов, А.Ибраимов, А.Ахмадиев, Б.Шотбаков, Х.Тусупов, Б.Сарауызов және қадірлі ауыл ақсақалдары: М.Төлеубаев, А.Омарбеков, Б.Тойлыбаев, О.Жумақов, К.Тұрысбеков, С.Сабырбеков, Ж.Жұмаханов, Т.Досжанов, С.Ибраимов, Т.Батталов, А.Қуанышбаевтар соғыстан бүлінген шаруашылықты қалпына келтіруге, шаруашылық экономикасының өркендеуіне, ауыл адамдарының тұрмысын жақсартуға ат салысып, жан аямай еңбек етті.
Айғыз ауылын басқаруағ ауыл әкімі Хамит Байсымаков жемісті жұмыстар жүргізді.
Ауылда 1530 тұрғын бар, оның 255-сі оқушылар. Әкімшілік орталығы Айғыз ауылы, Аягөз ауданынан 85 шақырым қашықтықта орналасқан. Облыс орталығы Өскемен қаласынан 395 шақырым қашықтықта орналасқан. Аумағы 269417 га. Далалы жер, 4,1  бөлігін ұсақ шоқылар құрайды.
Елді мекен – 2/Айғыз,Коксала/. Халық саны – 1530. 302 отбасы бар.
Халықтың экономикалық белсенді бөлігі – 649 жоғары адамды құрайды. Зейнеткерлер -196. Ұлттық құрамы: қазақтар – 1502, басқа ұлттар – 28 құрайды.
Ауыл округі географиялық жағынан тиімді орналасқан. Аумақ арқылы республикалық маңызы бар автокөлік трассасы өтеді. Наурыз айының соңына қарай аяз қайтып, суық ауа қазан айының ортасына келе бастайды. Қараша айының соңына қарай қар түседі. Қыс кезінде қардың қалыңдығы 35-45 см дейін жетеді.
Округте – 77 шаруа қожалығы бар.1 дүкен, 7 дүңгіршек, 2 мал сою алаңы жұмыс істейді. Олар мал шаруашылығымен айналысады. Ауылда 2 токарьный цех, 1 аппаратура жөндейтін цех бар. Қоғамдық сферада 1-мәдениет үйі, 1 кітапхана жұмыс істейді.

Белгілі тұлғалар

ШҚО, Аягөз ауданы, Айғыз ауылдық округінен шыққан, ел құрметіне  бөленген азаматтар.

Ахатов Рат Ахатов Рат – 1928 ж. Семей облысы, Аягөз ауданының Қурайлы елді мекенінде дүниеге келген. Еңбек жолын 1947 жылдан бастап, механизаторлар дайындайтын курсты Семей қаласында аяқтаған. Саналы өмірін аудан ауылшаруашылығын көтеруге арнап, зейнеткерлікке шыққанша өз мамандығын шебер меңгерген адам. Еңбегі зор бағаланып, 1976 ж. «Еңбек Қывзыл Ту» Орденімен марапатталған. Қазақ ССР- і ауыл шаруашылығының еңбек сіңірген қызметкері.
Оспанов Рымтай Оспанов Рымтай 15.05.1925ж. Айғыз ауылында туылған. 1942-45 жылдар аралығында Ұлы Отан соғысына қатысқан.
Марапаттары: «За Отвагу» медалі, «За боевые заслуги» медалі, «Великой Отечественной войны» ордені, «Еңбек ардагері» медалі.
Корелле – Фен майданында болған. Артиллерия әскерінде қызмет еткен. Әскери шені – ефрейтор. Украина, Белоруссия жерлерін азат етуге қатысқан. 1945 жылы Мәскеу қаласындағы Жеңіс парадына қатысқан. Туған ауылына 1946 жылы оралып, жар сүйіп, 7 баланың әкесі атанған. Айғыз ауылында, Айғыз орта мектебінде 40 жыл ұстаздық қызмет еткен. 1987 жылы дүниеден озды.
Роза Максутовна Орынбасарова Орынбасарова Роза Мақсұтқызы 1940 жылы 7 – ші ақпанда Шығыс Қазақстан облысы, Аягөз ауданы, Айғыз ауылында дүниеге келді. Әкесі – Орынбасаров Мақсұт, шешесі – Орынбасарова Бәтижамал колхоз фермасында қызмет еткен.
1947- 1957 жылдар аралығында Аягөз қаласындағы орта мектепті тәмәмдап, 1957 жылы Алматыдағы Қазақ Қыздар Педагогикалық институтын бітіріп, өзі туып – өскен Айғыз ауылындағы орта мектепке химия – биология пәнінің мұғалімі болып қызметке алынды.
1974 жылы ұстаздық еңбегі жоғары бағаланып «Қазақстан оқу – ағарту ісінің озық қызметкері» атағы берілді және әр жылдарда аудандық және облыстық оқу бөлімдерінің мақтау грамоталарымен марапатталып отырды. Бір мектепте 33 жыл қызмет атқарып, 1995 жылы құрметті еңбек демалысына шықты.
1995 жылдың қыркүйек айында мезгілсіз дүниеден өтті.
Токтагали Джангильдин Тоқтағали Жангелдин (1916-1973) – Семей облысы, Аягөз ауданы, Көксала елді мекенінде туған. 1938 ж. Қазақ Педагогикалық институтын бітіріп, еңбек жолын оқытушылықтан бастаған. 1940 ж. Кеңес армиясы қатарына шақырылып, Ұлы Отан соғысына алғашқы күннен қатысып, взвод командирі, партизандар бригадасы комиссарының орынбасары, отряд комиссары болған. Мәскеудегі СОКП ОК жоғары партия мектебінде дәріс берген. 1954 ж. СОКП ОК жанындағы Қоғамдық ғылымдар академиясын бітіріп, философия ғылымдарының кандидаттық диссертациясын қорғады. 1957 жылдан Қаз.КП ОК жанындағы партия тарихы институтының директоры, Орталық Комитеттің ғылым және оқу орындары бөлімінің меңгерушісі болған. Өмірінің соңғы жылдарында Қазақстан ғылым Академиясының философия және құқық институтына басшылық еткен. Бірнеше ғылыми еңбектің, оның ішінде «Проллетариат диктатурасы және социалистік қоғамдық қатынастардың қалыптасуы» атты монография авторы. Белоруссиядағы партизандар қозғалысы туралы бірқатар кітаптар, повестер, әңгімелер жазды. Қаз. ССР- і Жоғары Кеңесінің депутаты. Отанға сіңірген еңбегі үшін «Еңбек Қызыл Ту», екі мәрте «Қызыл Ту» ордендерімен, көптеген медельдармен және Чехославакия мемлекетінің «Партизан жұлдызы» орденімен марапатталған.
Таласбек Әсемқулов Таласбек Әсемқулов
1955 жылы 1 тамызда Шығыс Қазақстан облысы (бұрынғы Семей облысы) Аягөз ауданы Ақтоғай темір жол стансасында дүниеге келген. Туғанына екі күн болғанда Айғыз ауылында тұратын нағашы атасы, белгілі күйші Жүнісбай Стамбаев (1891-1973) қызы мен күйеу баласынан сәбиді сұрап алып, бауырына салады. Ұлттық музыкалық таным-білімі ағашы атасы арқылы қалыптасады. Әнші Кәрім Баймұратов пен домбырашы Ғазиз Нұрпейісовтен қосымша дәріс алады.
Т.Әсемқұловтың орындаушылық өнері мен ұлттық музыканы сақтап, жеткізудегі рөлін жазушы М. Мағауин «Күй бабасы Бәйжігіт» (49-66) атты эссесінде, ғалым өнер зерттеушісі А. Сейдімбек «Күй шежіре» (170 б.) монографиясында және жазушы Т.Ибрагимов «Толқын толқуы» шығармасында атап көрсеткен.
Таласбек Оспанқұловтың орындауы арқылы Бәйжігіттің ұмытылып бара жатқан күйлері мен Тәттімбеттің белгісіз болып қалған кейбір шығармалары бүгінгі күнге жетті.
Абай атындағы ҚазПИ-дің «қазақ тілі мен әдебиеті» бөлімін 1980ж. бітірген.
Жұмыс істеген жерлері:
1977-82 ж.ж. – М. Әуезов үй-мұражайы жанынан академик Р. Бердібаев жетекшілік еткен халық университетінде дәріс оқыған.
1981-83 ж.ж. – Ықылас атындағы ұлттық саз аспаптар музейінің ғылыми қызметкер, «Сазген» ұлттық ансамблінің солисті болған.
1987-99 ж.ж. – Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясында қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі, фольклор кабинетінің меңгерушісі, әдеби редактор.
1998 жылдан – «Жұлдыз» журналы әдеби - сын бөлімінің редакторы.
2004 жылы – «Рух Мирас» альманағының шеф-редакторы.
2006 жылдан еркін шығармашылықпен айналысты. 2014 жылдың қыркүйек айында дүниеден өтті.

 

Бет өзгертілді: 24-05-2018