Тарихи деректер

Ақтоғай кенттік округі

«Ақтоғай кенті – болашағы зор мекен»

 Алғашқы бесжылдықтар кезінде салынған Түркістан – Сібір жолы дәл Ақтоғай кентінен өтеді. Осы жолдың құрылысы басталғанша бұл жерде елді мекен болмаса керек. Үлкен іске әр жерден адамдар ағылғанда , қазіргі 7 мыңға жуық тұрғыны бар Ақтоғай елді мекенінің негізі қаланыпты. Бұл жерде Түркісіб темір жолы түскенге дейін ну орман болған деседі. Алыстан аппақ болып көрініп жатады екен. Ақтоғай станциясы атауының негізі себебі осында болса керек.
1941 жылдың мамыр айында Тарлаулы селолық округі шешімімен №32 разъезд аты өзгертіліп, Ақтоғай станциясы деп аталыпты.
Қазақтар Түркісібті «жаңа өмір жолы» деп атады. Ол бұл есімді ақтады, ұлаңғайыр қазақ даласы өсіп, өркендеді.
Түрксіб ұлттық мамандарды дайындаудың ордасына айналды. Сол екпінді құрылысқа ат салысқан 10 мың қазақ теміржол ісін меңгеріп, шойын жолдың өсіп, өркендеуіне өз үлестерін қосты.
Сол кездегі ардақты ағалардың есімдері күні бүгінге дейін аса құрметпен еске алынады. Еңбек қызыл ту орденінің иегері Шерубай Табақбаев, Ленин орденінің иегерлері Амангельдинов Орысбек пен Төлеген Искаковтың атында кентімізде көше атауы бар. Сонымен қатар Түркістан Сібір темір жолын салуға ат салысқан Қалдарбаев Бәдіғұл, Табақбаев Қабылашар, С.Тіленов, Ә.Байтоғаев, М.Айбеков, М.Тайбенов, Нұрбадинов Төлеу, Жалтыров Рымқан ақсақалдардың есімі мәңгі жадымызда.
Есімі архив деректерінде қалып, өлең – жырлары ел жүрегінде сақталып, көзі тірісінде тас қамаудан шыға алмаған ардақта ақындардың бірі – Тобағұл Мұсабайұлы мен Балтабек қажы  Байсұлтанұлының да есімдерімен аталатын Ақтоғайда көше атаулары бар.
Ұлы Отан соғысына Ақтоғай станциясынан аттанғандар саны 108. Соғыстан  оралмағандары 46, аман – есен қайтқандар саны  62.      
1956 жылдың сәуір айында, Қытай халық республикасымен достық орнағаннан кейін «Достық» жолы салына бастады, қайнаған қызу еңбек майданы басталып кетті. Жаңа жол құрылысы Ақтоғайды тіпті шет мемлекетке танымал етті. 9 қабылдау және жөнелту жолдары, жаңа тұрғын үйлер, монша, аурухана, мектеп салынды, көгалдандыру жұмыстары жүрді. Өкінішке орай, салынған жол Қытайға кірмей ,Достық станциясына қайтты.
1985 жылы 7 жолдан тұратын сұрыптал орталығы салынды, темір жолшыларға арнап  төрт  – 5 қабатты үй , 240 орындық бала бақшасы, жаңа типті 50 орындық аурухана, жылу беретін орталық қазандық салынып, Ақтоғай өркендей бастады.
Қазіргі кезде Ақтоғай кентінде 2 жалпы білім беретін орта мектеп, 1 бала-бақша, 1 ауылдық ауруханасы, 1 ауылдық клуб және 16 теміржол мекемесі бар.
Шығыс Қазақстан облысы Аягөз ауданының Ақтоғай кенті аудан орталығынан 280 км қашықтықта орналасқан және Ақтоғай кенттік округінің орталығы болып табылады, 2017 жылға - тұрғындар саны 6 480. Аудан орталығына темір жолмен 150 км қашықтықта орналасқан.

  • Ақтоғай кенттік округі
  • Ақтоғай кенттік округі
  • Ақтоғай кенттік округі
  • Ақтоғай кенттік округі

Ақтоғай кенті қызметінің негізгі бағыты өндірістік, себебі онда «Казахмыс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің кен байыту комбинатының құрылыс жұмыстары басталып, көптеген адамдар жұмыспен қамтылды. Ақтоғай кентінің маңайының Жаксы-Булак 57 шақырым және Шөл Қызыл 115 шақырым 26 адам тұратын 2 ауылдық елді мекен орналасқан. Ауыл шаруашылығына арналған жерлердің болмауына байланысты кенттің шаруашылық денгейінің өсуі төмен, алайда орташа және шағын бизнес пен қоса Казақстанда ірі компанияның бірі «Казак Мыс» ЖШС-кен өңдеу комбинаты кенттің өсуіне жағдай жасайды.  Қатынас түрі темір жол және автокөлік құралдарымен жүзеге асырылады. Ақтоғай кенті Алматы-Өскемен республикалық автокөлік жолының бойынан 85 шақырым қашықтықта орналасқан. Кенттің даму потенциалы әлеуметтік-экономикалық дамудың нақты секторы ретінде және де әлеуметтік шеңбері және инфрақұрылымдық кешені ретінде салмақты серпінділігімен сипатталады. Тарихы зор, төрт жолдың торабында орналасқан Ақтоғай мекеніне қазіргі кезде көп назар аударылады. Әрине, бұл мекен Аягөз ауданымыздың орталығы Аягөз қаласынан кейін маңызы мен болашағы зор болып табылады.

Белгілі тұлғалар

Уалиев Базархан Бекенович Уалиев Базархан Бекенұлы 25 мамыр 1962 жылы дүниеге келді.
Мектепке 1969 жылы барып,1979 жылы бітірді.
Әскери борышын 1980-1982 жылдар арасында Совет Армиясының қатарында, Аұғаныстан жерінде өтеді.
Әскерден келгеннен кейін,1983 жылы Алматы темір жол техникумына түсіп,1986 жылы бітіріп шықты.
1986 жылдан бастап Ақтоғай жол дистанциясында жұмыс істеп жүр. Жанұялы, 4 баласы бар.
Баймурзин Абдилманат Хамзаевич Баймурзин Әбділманат Хамзаұлы,10 қазан 1923 жылы дүниеге келген.
1941 жылы 10 класста оқып жүргенде соғыс басталып, Ашхабадқа атқыштар курсына жіберілген.
Оқуын бітірген соң 1942 жылы соғыс алаңына аттанды. Отанымызды жау тырнағынан азат етуге ат салысады.
«За взятие Берлина», «За победу над Германией» медальдарымен марапатталған.
Соғыс біткен соң, екі жыл әскер борышын өтеп,1947 жылы еліне қайтып оралады.
Ақтоғайға келген соң, еңбек жолың ДЕПО-да бастайды, сол жерден зейнеткерлікке шығады.
Бейбітшілік өмір кезінде соғысқа қатысқан еңбектерін бағалап орден «Отечественной войны ІІ степени», «Знак почета» ордендерімен, «Сорок лет победы в ВОВ 1941-1945 гг», «Ветеран труда» медальдарымен марапатталған.
Мамбетов Болат Мукаевич Мамбетов Болат Мұқайұлы, Аягөз қаласының тумасы,1944 жылы дүниеге келген.
1952 жылы Аягөз қаласының № 8 орта мектебіне барып,1960 жылы Алматы теміржол техникумына түсіп,1963 жылы бітірген.
Еңбек жолын Аягөз локомотив депосында 1963 жылы бастап, 1965-1968 жылдар аралығында әскер қатарында болған.
1988 жылдан бастап Ақтоғай станциясы бастығының орынбасары болып қызмет атқарған, зейнеткерлікке шыққан.
1978 жылы Алматы теміржолы Виноградовтан именной сағат алған.
2000 жылы Аягөз аудының әкімі Шерубаевтың алғыс хатын алған, 2004 жылы «Құрметті теміржолшы», «Қазақстан теміржолы 100 жыл» медалімен марапатталған.
2011 жылы Қазақстан Президенті Н.Назарбаевтың алғыс хатын алған.
2007-2017 жж арасында Ақтоғай кенттік округінің Ақсақалдар кеңесінің төрағасы болып, белсенді қоғамдық жұмыс атқарды.

 

Бет өзгертілді: 24-05-2018