Тарихи деректер

 

Аягөз ауданының тарихы 18 ғасырдың ортасынан басталады. Қазақ халқының жоңғар басқыншыларына қарсы кескілескен шайқастары Аягөз ауданының аумағында – Жоңғар мен Қазақ хандығының шекарасында болып өтті. Солардың ішіндегі ең ірісі - 1718 жылы көктемде болған Аягөз шайқасы.1754 жылы Мамырсу деген жерде Абылай ханмен Қытай мемлекеті арасында бейбітшілік бітімгершілікке қол қойылды.
Аудан аумағынан ағып өтетін Аягөз өзеніне байланысты аудан Аягөз атанған. (Аягөз түріктің «ай», «огыз» -өзен деген ежелгі түрік сөзінен «айдай өзен» деген ұғымды береді. Халық арасында өзен мен аудан атауы түріктің «ая» -әдемі, «гөз» - көз деген сөзінен шыққан деседі. Осыған байланысты бірнеше деректер бар.
1822 жылы Сібір қырғыздары туралы Жарғы шығып, 7 ішкі округ құрылды: Қарқаралы, Көкшетау, Аягөз, Ақмола, Баянауыл, Құсмұрын, Көкпекті.
1830 жылы Аягөз сыртқы округы белгіленіп, бір жылдан кейін Аягөзді сырттан басқару бұйрығы жарық көрді.
1831 жылы – Аягөз станицасының негізі қаланып, орыстардың Жетісу бойындағы алғашқы тірек бекеті пайда болы.
1854 жылы Батыс Сібір генерал-губернаторлығының құрамында Семей облысы құрылды.
1928 жылы – Аягөз ауданы құрылды.
1932 жылы - Аягөз ауданы жаңадан құрылған Алматы облысының құрамына енді.
1938 жылы 4 ақпанда Қазақ ССР Орталық Атқару комитеті Президиумының Қаулысымен Шығыс Қазақстан облысы Шығыс Қазақстан және Павлодар облысы болып екіге бөлінді, ал 1939 жылы 14 қазанда орталығы Семей қаласы болып, Семей облысы Шығыс.
Қазақстаннан бөлініп шықты. Шығыс Қазақстанның облыс орталығы Өскемен қаласына ауысты.
1939 жылы - Аягөз ауданы жаңадан ұйымдастырылған Семей облысының құрамына енді.
1997 жылдың мамыр айында Семей облысының таратылуына байланысты Аягөз ауданы (оның құрамына таратылған Шұбартау ауданы) Шығыс Қазақстан облысының құрамына енді.
Аягөз ауданы – ақындар елі, батырлар мекені. Мұнда Абай Құнанбайұлының, Шоқан Шыңғысұлының П. Семенов- ТяньШанскийдің, Г. Потаниннің, А. Янушкевичтің ізі қалған.
Аягөз ауданы - Шығыс Қазақстанның оңтүстік орталығы десе де болғандай. Аудан аумағында 18 тарихи ескерткіштер бар. Олардың ішіндегі ең үлкені халықтық архитектура үлгісінде салынған әлемге әйгілі Қозы Көрпеш - Баян Сұлу кесенесі. Қазақстандағы ең биік саздан жасалған кесене - Балтабек қажы мен Барақ сұлтанға арналған кесенелер.

 

 

Бет өзгертілді: 23-08-2017