ЭКОНОМИКА

2015 - 2017 жылдарға арналған Аягөз ауданының бюджеті туралы

Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 73, 75 баптарына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабының 1 тармағының 1) тармақшасына және Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының «2015-2017 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» 2014 жылғы 10 желтоқсандағы № 24/289-V  (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 3589 нөмірімен тіркелген) шешіміне сәйкес Аягөз аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

1. 2015-2017 жылдарға арналған аудандық бюджет тиісінше 1, 2, 3 және 4 қосымшаларға сәйкес, соның ішінде 2015 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:

кірістер – 6159035,0 мың теңге, соның ішінде:
салықтық түсімдер – 2601491,0 мың теңге;
салықтық емес түсімдер – 21679,0 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 78561,0 мың теңге;
трансферттердің түсімдері – 3457304,0 мың теңге;
шығындар – 6159035,0 мың теңге; 
таза бюджеттік кредит беру – 763449,0 мың теңге, соның ішінде:
бюджеттік кредиттер – 766311,0 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу – 2862,0 мың теңге;
қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо – 0,0 мың теңге, соның ішінде:
қаржы активтерін сатып алу – 0,0 мың теңге;
бюджет тапшылығы (профициті) –   - 763449,0 мың теңге;
бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 763449,0 мың теңге.

2. Төлем көзінен салық салынатын табыстардан ұсталатын жеке табыс салығынан, төлем көзінен салық салынбайтын табыстардан ұсталатын жеке табыс салығынан және әлеуметтік салықтан 2015 жылы табысты бөлу нормативі Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2014 жылғы 10 желтоқсандағы № 24/289-V «2015-2017 жылдарға арналған  облыстық бюджет туралы»  (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 3589 нөмірімен тіркелген) шешіміне сәйкес аудан бюджетіне 100 пайыз мөлшерінде орындауға алынсын.   

3. 2015 жылға арналған аудан бюджетінде субвенция көлемі 1796821,0 мың теңге болып көзделсін.

4. Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 17 мамырдағы Еңбек кодексінің 238 бабының 2, 3 тармақтарына сәйкес, азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс iстейтiн денсаулық сақтау, әлеуметтiк қамсыздандыру, бiлiм беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандарға қызметтiң осы түрлерiмен қалалық жағдайда айналысатын азаматтық қызметшiлердiң айлықақыларымен және ставкаларымен салыстырғанда кемiнде жиырма бес пайызға жоғарылатылған лауазымдық айлықақылар мен тарифтiк ставкалар, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше белгiленбесе, жергiлiктi өкiлдi органдардың шешiмi бойынша бюджет қаражаты есебiнен белгiленедi.
Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс iстейтiн денсаулық сақтау, әлеуметтiк қамсыздандыру, бiлiм беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тiзбесiн жергiлiктi өкiлдi органмен келiсу бойынша жергiлiктi атқарушы орган айқындайды.

5. 2015 жылға ауданның атқарушы органының резерві 17853,0  мың теңге сомасында  бекітілсін.

6. 2015 жылға арналған аудандық бюджетті атқару барысында секвестрлеуге жатпайтын аудандық бюджеттік бағдарламалар тізбесі 4 қосымшаға сәйкес ескерілсін.

7. Жергілікті атқарушы органның жоғары тұрған бюджет алдындағы борышын өтеуі 2862,0 мың теңге болып көзделсін.

8. Осы шешiм 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.

Сессия төрайымы Л.Молдашева
Аягөз аудандық
мәслихат хатшысы Т.Бозтаев 

 

Бет өзгертілді: 21-12-2016