ЭКОНОМИКА

Жол картасы

Аягөз ауданы бойынша «Жұмыспен қамту – 2020 жол картасы» бағдарламасының іске асырылуы туралы

Бірінші бағыт бойынша: Инфрақұрылымды және тұрғын үй –коммуналдық шаруашылығын дамыту, ауылдық елді мекендерді аббаттандыру арқылы жұмыспен қамтуға – 74,1 мың.теңге қаражат бөлініп, 2 жобаны іске асыру қарастырылған, 28 жаңа жұмыс орындары ашылуы көзделіп, оның ішінде 15 адам жұмыспен қамту орталығынан орналастыру қаралған.
Мамырсу ауылдық округіндегі спорт залын күрделі жөндеуден өткізуге –51,8 млн,теңге қаражат бөлінді, оның ішінде республикалық бюджет – 44,1 млн.теңге, жергілікті бюджет – 7,6 млн.теңге. 30.09.2015 жылға 29,3 млн.теңге (56,6%) қаражат игерілді. Жоспар бойынша 19 адам жұмысқа тұрғызылып, оның 10-ы жұмыспен қамту орталығы арқылы жұмысқа алынды. Ай сайын міндетті зейнеткерлік төлем ақысы аударылуда.
Мыңбұлақ ауылдық округіне қарайтын Ай ауылының дәрігерлік амбулаториясын күрделі жөндеуден өткізу үшін 22,3 млн.теңге қаражат бөлініп отыр, оның ішінде РБ– 20,1 млн.теңге, ЖБ– 2,2 млн.теңге бөлініп, толық игерілді. Жоспар бойынша 10 адам жұмысқа тұрғызылып, оның 5-і жұмыспен қамту орталығы арқылы жұмысқа алынды. Ай сайын міндетті зейнеткерлік төлем ақысы аударылуда.

Екінші бағыт бойынша: 
«Ауылдағы кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесу»
Биыл екінші бағыт бойынша сүт бағытындағы сүтті ірі қара мал алып, шағын несиелендіруге Аягөз ауданына 126,0 млн. теңге қаражат бөлінді.  
9 айда 36 адам 103,5 млн. теңгені «Ертіс» АҚ ӘКҚ ҰҚ (СПК) арқылы алды.  Оның ішінде 2 адам мүмкіндігі шектеулі жандар, 1 адам 20 бас етті ірі қара малға, 1 адам наубайхана ашуға алды. Қалған 34 адам сүт бағытындағы сүтті сиыр алуға ниет білдіргендер. Жаңа 36 жұмыс орнын ашу көзделуде.
«Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» арқылы 8 адамға 22,5 млн.теңге қаражат бөлінді. 9 айдың есептік көрсеткіші бойынша 1 адам 2,2 млн.теңгеге сүт бағытындағы сүтті сиыр алуға шағын несие алды. Жоспар бойынша 8 жұмыс орнын ашу көзделуде.
«Ертіс» АҚ ӘКҚ ҰҚ (СПК) пен «Ауыл шауашылығы қаржылай қолдау қоры» арқылы 332 бас сүт бағытындағы сүтті сиыр алу көзделген. 9 айдың есептік көрсеткіші бойынша 185 бас сүт бағытындағы сүтті сиыр алынды және 10 бас етті ірі қара мал алынды.

Үшінші бағыттың бірінші компоненті бойынша:

1. Әлеуметтік жұмыс орнына 15 адамға 1,9 млн.теңге;
2. Жастар іс-тәжірибесіне 15 адамға 3,2 млн.теңге; қарастырылды.
Жастар іс –тәжірибесіне 23 адамды жұмысқа орналастырып, 11 кәсіпорынмен келісім шартқа отырғызылды. Жоспар бойынша жұмысқа тұрғандар 153,3% құрайды және 2,1 млн.теңге (64,6%) қаражат игерілді. Нақты 16 адам жұмыстарын жалғастыруда және ай сайын міндетті зейнеткерлік төлем ақысы аударылуда.
Әлеуметтік жұмыс орнына 24 адам жұмысқа жіберіліп, 9 мекемемен келісім шартқа отырғызылды. Жоспар бойынша жұмысқа тұрғандар 160,0% құрайды және 1,2 млн.теңге (64,3%) қаражат игерілді. Нақты 23 адам жұмыстарын жалғастыруда және 1 адам тұрақты жұмысқа тұрғызылды. Тоқсан сайын міндетті зейнеткерлік төлем ақысы аударылуда.

Үшінші бағыттың екінші компоненті

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 10 сәуірдегі № 221 бұйрығына 4- қосымша жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысатын адамдардың ұтқырлығын арттыруға жәрдемдесу және оларға мемлекеттік қолдау шараларын көрсету қағидаларын және «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасын іске асыру бойынша аудандық  комиссиясының 2015 жылғы 12 қазандағы № 1  шешімімен  жиырма тоғыз жасқа толмаған 31 еңбекші жасқа Аягөз қаласындағы 31 орынды жастар жатақханасы берілді (соның ішінде балалар үйінің тәрбиеленушілеріне, жетім балаларға және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, кәмелеттік жасқа толғанға дейін ата-анасынан айрылған балаларға).
Аягөз қаласы 3 км, № 90 мекен-жайдағы жатақхананы мемлекеттік  тұрғын  үй қорынан тұрғын үйді пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерін белгілеу туралы Аягөз ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 04 қыркүйектегі № 609 қаулысына сәйкес бір  шаршы метріне ай сайынғы төлемақы мөлшері 31 теңге 09 тиынды құрайды.

 

Mұрағат

2011 жылғы қаңтар-қазан айларында «Жол картасы» бағдарламасын іске асыру туралы мәлімет *.doc 31 KB
     

 

Бет өзгертілді: 21-12-2016