Мәдениет

  «Салалық терминологияның жаңа кезеңдегі мәселелері мен міндеттері» атты республикалық әдістемелік семинарының қарары *.docx 29 KB
  2019 жылғы 11 сәуірде Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі мен Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тіл саясаты комитетімен бірлесіп өткізілген «Рухани жаңғыру: қазіргі қазақ терминологиясы» атты ғылыми-теориялық конференцияның қарары *.docx 29 KB

«Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласына арналған дөңгелек үстел

2019 жылдың 13 ақпан күні Қазақстан Республикасы Президенті Н.Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласына арналған аудандық «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» мәдениет үйінің келісім орталығында дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстелге аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің мамандары, аудандық «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» мәдениет үйінің мамандары және аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесінің кітапханашылары қатысты. Бөлімінің бас маманы А.Байжұманова «Латын әліпбиіне көшу – заман талабы» атты баяндаманы оқыды. Дөңгелек үстел барысында аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесінің кітапханашысы А.Мырзабекова «Ұлы даланың есімдері» атты баяндамасын оқыды. Аудандық «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» мәдениет үйінің режиссеры А.Ахтеміров «Дала фольклоры мен музыкасының мың жылы» атты баяндамасын таныстырды. Баяндамада қазақтың домбыра, сыбызғы, сазсырнай және басқа да дәстүрлі музыкалық аспаптарын жеке-жеке таныстырды. Аудандық мәдениет үйінің «Аягөз» ұлт аспаптар ансамблі әр музыкалық аспапта ойнап шықты. Дөңгелек үстел танымды әрі қызықты өтті.

«Көрікті жарнама – көркем тіл» айлығы

Аудан бойынша көрнекі ақпарат пен жарнама мәтіндерін заң талаптарына сай біріздендіруге арналған жарнама мазмұнының қазақ, орыс, ағылшын тілдеріне аудару кезінде негізгі мағынасының дұрыс болуын қадағалау мақсатында ағымдағы жылдың 29 сәуірі мен 29 мамыры аралығына белгіленген «Көрікті жарнама – көркем тіл» атты айлықтың аясында аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, денешынықтыру және спорт бөлімі жоспар жасап, бекітіліп, қала мен ауылдық әкімдіктерге  таратылды. 
Қаладағы барлық сауда орталықтарындағы маңдайшалар, банерлер, хабарландырулар, көрнекі ақпарат пен жарнамалардың Қазақстан Республикасы Тіл туралы Заңының 21 бабының талаптарына сәйкестігін анықтау мақсатында түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, көрнекі ақпараттың барлық мәтіні стандарттарға сәйкес жазылуына тексеру жұмыстары жүргізілуде.
Жүргізілген рейд барысында қала көшелеріндегі және ғимараттардың сыртына ілінген 50-ден астам көрнекі ақпараттар тексеріліп, 19 - сауда дүкендері, шаштараздар, аяқ киім жөндеу орындары, дәмхана мен дәріханалардың маңдайшаларында ілінген атаулары мен жарнамалардың қате жазылғандығына ескерту жасалды.
Аудан тұрғындарының басым көпшілігі қазақ ұлтынан болса да, жарнамалар мен маңдайшалар атаулары Заң бойынша екі тілде жазылу керектігі және екі апта мерзім ішінде тәртіпке келтірілу жөнінде түсіндірілді. Айлық барысында іс-шаралар алдағы уақытта жалғасатын табатын болады.

«Пушкин оқулары» аудандық конкурсы

Аягөз аудандық «Қозы Көрпеш Баян сұлу» мәдениет үйінің келісім орталығында аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, денешынықтыру және спорт бөлімінің ұйымдастыруымен Александр Пушкиннің туғанына 220 жыл толуына орай 16-25 жас аралығындағы жастар арасында «Пушкин оқулары» аудандық конкурсы өткізілді.
Байқауға 10,11 сынып оқушылары мен жас мұғалімдерінен 11 үміткер қатысып, А.С.Пушкиннің поэзиялық шығармаларынан, қазақстандық белгілі ақындардың орыс тіліндегі «Қазақстан» туралы өлеңдерін жатқа оқыды, «Пушкин және Абай» тақырыбында презентация дайындады.
Үміткерлердің білімін білікті қазылар алқасы мүшелері аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, денешынықтыру және спорт бөлімі басшысының м.а. Ж.Аманов, аудандық білім бөлімінің әдіскері А.К.Алдабергенова, Д.Бабатайұлы атындағы мектеп мұғалімі К.К.Қалиева, №10 мектеп гимназия мұғалімі Р.М.Дюсембаева, «Қозы-Көрпеш-Баян сұлу» мәдениет үйінің әдіскері, С.Т.Актаева сынды мамандар бағалады.
Байқау нәтижесі бойынша 1 орынды қалалық гимназия мектебінің оқушысы Н.Закирова, 2 орынды №5 орта мектептің оқушысы А.Дауренова, 3 орынды Ақтоғай кентіндегі №8 орта мектеп оқушысы Ә.Қадырова жеңіп алды.

«Тілдер шеруі» фестивалі

Ағымдағы жылдың 27 қыркүйек күні аудандық «Қозы Көрпеш Баян сұлу» мәдениет үйінде Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында көрсетілген Қазақстанда тұратын барлық этностардың тілдерін сақтай отырып, ұлт бірлігін нығайтудың аса маңызды факторы ретінде мемлекеттік тілдің кең ауқымды қолданысын қамтамасыз ететін үйлесімді тіл саясатын жүзеге асыру үшін дәстүрлі «Тілдер шеруі» фестивалі жоғары деңгейде өткізілді.

Аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, денешынықтыру және спорт бөлімі мен Аягөз аудандық білім бөліміне қарасты Д.Бабатайұлы атындағы жалпы білім беретін орта мектеп мұғалімдерінің ұйымдастыруымен өткен фестиваль – Ұлы ақын Абай Құнанбаевтың туғанына 175 жыл толуы мерейтойымен құттықтаудан басталып, көп тілділік тарихынан көптеген қызықты деректерден мағлұмат айтылып, үш тілде жүргізілді.

Көптеген ұлттың өкілі тұратын Аягөз халқын Тілдер мерекесімен аудан әкімі атынан аудан әкімінің орынбасары Б.Нукибаев құттықтап, республикалық байқаулар мен олимпиадалардың жүлдегер оқушылары мен  тіл мәртебесін көтеруге айырықша үлес қосып жүрген ұстаздарға алғыс хаттар мен сыйлықтар тапсырды. Ы.Алтынсарин медалінің иегері, Қазақстан Республикасының Мәдениет қайраткері, көрнекті балалар жазушысы Толымбек Әбдірайым мерекелік іс-шараның қонағы болып жылы лебізін білдірді. Аягөз ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, денешынықтыру және спорт бөлімі басшысының м.а. Ж.Аманов мемлекеттік тіл мәртебесін көтеру мақсатында және қазіргі заман талабына сай үш тілді бірдей меңгеруде жетістіктерге жетіп облыстық байқауларда жеңімпаз атанып жүрген оқушыларды мадақтамамен марапаттап сыйлықтар тапсырды.

Қала мектептерінің оқушылары тату-тәтті, өзара келісімде өмір сүріп жатқан ұлттардың киімін киіп, ән айтып, би билеп мереке нақышын келтіре түсті. Мәдениет үйінің фойесінде аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі мен мектеп кітапханалары кітаптар көрмесі және үздік буклеттер көрмесін ұйымдастырды.

ҚАЗТЕСТ жүйесі

2019 жылдың 7 қазаны күні аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, денешынықтыру және спорт бөлімінің ұйымдастыруымен Шығыс Қазақстан облысы тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының облыстық лингвистикалық орталығы, ҚР білім және ғылым министрлігі Ұлттық тестілеу орталығымен бірлесіп диогностикалық тестілеу жүйесі негізінде тестілеу жолымен азаматтардың қазақ тілін меңгеру деңгейін бағалауға, оқылым бөліктері, лексико – грамматикалық құрылым бойынша әзірленген тест тапсырмалары жүргізілді. Аягөз ауданындағы 10810, 10181, 16443 және 54835-А әскери бөлімдерінен диогностикалық ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша 563 қызметкер тест тапсырды.

ҚАЗТЕСТ жүйесі ұйымдасқан түрде жоғары деңгейде өткізілді.

Бет өзгертілді: 15-11-2019