Мәдениет

Тілдерді дамыту

Қазақстан Республикасы тілдерді дамыту мен қолданудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 29 маусымдағы №110 Жарлығымен бекітілген Аудандағы тіл саясаты саласындағы даму ұлттық бірегейлікті, мемлекеттік тіл саясатын тиімді ақпараттық қолдауға, қоғамдық тұрақтылық пен ұлтаралық келісімді нығайтуды қалыптастыруға бағытталған.
Аягөз ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басты мақсаты – Қазақстан Республикасында тілдерді дамытумен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында көрсетілген Қазақстанда тұратын барлық этностардың тілдерін сақтай отырып, ұлт бірлігін нығайтудың аса маңызды факторы ретінде мемлекеттік тілдің кең ауқымды қолданысын қамтамасыз ететін үйлесімді тіл саясатын жүзеге асыру болып табылады. Мемлекеттік тілді меңгерген тұрғындар үлесі аудан бойынша 100% құрайды.  

Ауданымыздың мемлекеттік органдардағы мемлекеттік қызметшілердің  барлығы да қазақ тілін жұмыс жүргізу барысында толық, қажетті деңгейде пайдалана алатын болғандықтан, Аягөз ауданы бойынша «Мемлекеттік тілді оқыту орталығы» құрылған жоқ.

Бүгінгі таңда мемлекеттік қызмет көрсететін ұйымдар мен халыққа қызмет көрсету, қызметкерлердің мемлекеттік тілді меңгеруі процесін ынталандыру арқылы аудан халқының қазақ тілін толық, кеңінен қолдануына қол жеткізу басты мақсат болып табылады. Сонымен қатар, мемлекеттік тілді білуді дамытумен қоса, жалпы білім беретін барлық мектептерде қазақ, орыс, ағылшын тілдерін оқыту үйірмелерін ұйымдастыру жалғасын табуда.

Қала және аудан әкімдіктеріндегі, аудан бөлімдер мен мекемелердегі іс жүргізуде мемлекеттік тілді қолданудың жағдайына тоқсан сайын мониторинг жүргізіліп тұрады. Іс қағаздарын жүргізуді мемлекеттік тілге көшіру ауқымы өте кең, өмірдің әр саласына қатысты шара болып табылады. Осы орайда тексерудің қорытындысы бойынша мемлекеттік тілді іс қағаздарын жүргізу тілі ретінде барлық бөлімдер жоғары деңгейде пайдаланып отыр.
Қазақстан Республикасының Тіл туралы заңының 21 бабына сәйкес жарияланған айлық аясында ағымдағы жылдың ақпан мен наурыз айларында  аудандағы көрнекі ақпарат пен жарнама мәтіндерін заң талаптарына сай біріздендіру және жарнама мазмұнының қазақ, орыс, ағылшын тілдеріне аудару кезінде негізгі мағынасының дұрыс болуын қадағалау мақсатында «Қазақ тілі жарнамада: мемлекеттік  тіліміздің тазалығын сақтайық!» атты айлық өткізіліп, тіл туралы заңнамалардың талаптарына сәйкестігін анықтауға арналған тексерулер жүргізіліп, іс-шаралар ұйымдастырылды.

Аудан бойынша тексеру барысында көшелердегі, ғимараттар мен жол бойындағы 53 нысандардың атауы, онда ілінген жарнамалар мен көрнекіліктерді тәртіпке келтіру және түсіндірілу жұмыстары жүргізіліп, 6 заң бұзушылық кемшілік тіркеліп, ескерту жасалып бірден қалпына келтірілді.

Осы айлық барысында кітапханалар мен қлубтарда, мәдениет үйінде «Көрнекі ақпараттар мен жарнамаларды мемлекеттік тілде рәсімдеу», «Туған тілдің тағдыры толғантады», «Жарнамалауда-мемлекеттік тіліміздің тазалығын сақтайық!» деген атпен дөңгелек үстелдер мен көрмелер ұйымдастырылды.

Ауданымыздағы өзге ұлт өкілдерінің үлес салмағының аздығына қарамастан мемлекеттік бағдарламаның бағыттарында көрсетілгендей басқа тілдердің дамуы мен мәдени қазметінің сақталуына және қазақ тілін өз ана тіліндей меңгерген өзге ұлт өкілдерін ынталандыруға тұрақты түрде көңіл бөлінуде.

Сондай іс-шараның бірі 10810 әскери горнизонда 500 әскерилердің қатысуымен өткен «Мемлекеттік тіл - менің тілім» атты өзге ұлт өкілдері байқауы.

Әскери горнизонда және бөлімдерінде қазақ тілі мамандары қатардағы жауынгерлермен тілді дамыту жөнінде іс-шаралар ұйымдастырып, тілдерді дамыту бөлімімен тығыз байланыста, әртүрлі конкурстар мен форумдарға қатысып отырады.

Ағымдағы жылдың сәуір айының 28 күні Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданы Қарауыл селосында Елбасының «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалдар, есім, реформалар, даму» атты Жолдауы мен «Мәңгілік ел» ұлттық идеясы аясында «Тілдердің үш тұғырлығы» мәдени жобасын және «Тілдерді қолдану мен дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын» жүзеге асыру мақсатында қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде өткізілген ІІ аймақтық «Білгенге маржан» атты аймақтық тілдер байқауы өтті.

Аягөз ауданы атынан №1 орта мектебінің 11 сынып оқушысы Тоқтаров Дидар белсене қатысып, жақсы білім және өнер көрсеткені үшін Абай ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің арнайы жүлдесіне ие болып, алғыс хатпен марапатталды.

2016 жылдың 11 мамыры күні Аягөз аудандық «Қозы Көрпеш-Баян Сұлу» мәдениет үйінде қазақ тілінің көркемдік ерекшелігін, бай сөз қорын, Абай шығармашылығын насихаттау арқылы қазақтың тілі мен әдебиетіне, мәдениетіне деген этнос өкілдерінің ықыласын арттыру әрі еліміздің рухани бірлігін нығайту мақсатында, аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі аудандағы этнос жастары өкілдері арасында «Абай оқулары»  байқауын өткізді.

Байқауға көркем сөз оқу және ән айту шеберлігін қатар игерген 16-22 жас аралығындағы ауданымыздың этнос өкілдері қатысты. Нәтижесінде гран приді №7 орта мектептің 10 сынып оқушысы Милосердова Диана иеленіп,  Өскемен қаласында өткен облыстық байқауға қатысты алғыс хатқа ие болды.

Тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру аясында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай ұйымдастырылған көркемсөз оқу шеберлерінің  О.Бөкеев атындағы XIX облыстық байқауы 30 маусым күні Аягөзде өтті.

Тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру аясында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай «Тіл шебері», «Мемлекеттік тіл-менің тілім», «Үздік аудармашы», «Тіл-парасат», «Тілі бірдің-тілегі бір», «Тіл-халық жанын танудың кілті», «Ой-сана», «Тілдарын» атты байқаулар мен Абай, Мұқағали, Мағауин, Махамбет, Фариза оқулары өткізілді.

Тамыз, қыркүйек айында Қазақстан Республикасы тілдер мерекесіне орай аудандық «Тілдер шеруі» фестивалінің айлығы жарияланып, халықаралық, республикалық, облыстық байқаулар мен олимпиадалардан орын алған аудан мектептерінің ұстаздары мен оқушыларын бағалы сыйлықтар мен алғыс хатпен аудан әкімінің орынбасары марапаттады.

Қараша айында ҚР Президенті күні мен ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай «Бірегейлік және бірлік» бейбітшілік, келісім және патриотизмге арналған жұлдызды күн аясында «Тілегіміз ортақ, тірегіміз бір» атты әр ұлт өкілдерінің аудандық ән-би фестивалі қала мектептері арасында және мекемелерде қызмет атқарып жатқан өзге ұлт өкілдерімен бірлесіп өткізілді.

Аудан бойынша өтетін және өткізілген іс-шаралар мен тіл туралы мақалалар аудандық «Аягөз жаңалықтары» газеті беттеріне үнемі жарияланып отырады.

Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асырудың екінші кезеңін жүзеге асыру мақсатында Аягөз ауданының 2014-2016 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарында көрсетілгендей тілдерді одан әрі қолдану мен дамытудың нормативтік-құқықтық және әдіснамалық базасын жетілдіруге бағытталған іс-шаралар кешенін өткізу жұмыстарының кең өріс алуына барлық жағдай жасалатын болады. Осы бағыттағы жұмыстар жалғасуда.

Ономастика
«Әкімшілік – аумақтық бірліктерге, елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру, оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту кезінде тиісті аумақ халқының пікірін ескеру қағидаларын бекіту туралы» қаулысымен бекітілген әкімшілік - аумақтық бірліктерге, елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру, оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту кезінде тиісті аумақ халқының пікірін ескеру қағидаларының 14 тармағын басшылыққа ала отырып, аудан бойынша 2015-2016 жылдары Ұлы Отан соғысының 70 жылдығына орай 2 атауы жоқ көшеге Ж.Нәшірбеков пен Б.Искаковтың аты берілді. Қаладағы Гвардейская көшесін Т.Меерманов көшесі деп қайта аталды.

Сондай-ақ ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай 9 микрорайон көшесін Ы.Сүлейменов көшесі деп қайта аталды.

Мәдениет ауылының атауы жоқ көшесіне Ш.Қожасбаев аты берілді.  

Тарихм – мәдени мұра. Ескерткіштер.

18 сәуір - Халықаралық ескерткіштер мен тарихи орындарды қорғау күніне орай «Жастар» саябағында  орнатылған ескерткіштің жанында  «Тарихи-мәдени мұрамызды сақтайық!» атты акция өткізілді. Акцияға Аягөз қаласының №1 орта мектебінің тарих пәні мұғалімдері мен сынып жетекшілері және 50 оқушысы шар мен жалаушалар ұстап, өздерінің «Біз бірге тарихымызды сақтай аламыз!» ұрандарымен  келіп қатысты. Сонымен бірге, ардагерлер кеңесінің мүшелері, ауданның құрметті азаматтары акцияға демеу болды.

Акцияда  «Тарихи-мәдени мұрамызды сақтайық !», «Мәдени мұра – ұлт игілігі!» ұрандары жазылған банерлер мен шарлар көрнекілік болды.

Мәдени іс-шараға қала мектеп директорлары мен тарих пәнінің мұғалімдері, мәдениет қызметкерлері және БАҚ тілшілері қатысты.
Аудандық мәдениет үйінің әртістері жиналғандарға  ән-шашу сыйлады. 

 

Бет өзгертілді: 15-05-2017