Мәдениет

Аягөз аудандық мәдениет, Мәдениет, денешынықтыру және спорт бөліміне қарасты Аягөз аудандық орталық және ауылдық кітапхана қызметкерлерінің тізімі

Кітапханалар Аты-жөні Атқаратын қызметі Мекен жайы Телефон
1 2 3 4 5 6
1 Аудандық орталық
кітапхана
Абдильдина Меруерт Жақсылыққызы Директор Аягөз қаласы, Мамбетова 47/5 5-31-12
2 Аудандық орталық
кітапхана
Тамтикова Иіскүл Қисағалиқызы Кітапханашы Аягөз қаласы, Ы.Алтынсарина 17/20 3-36-45
3 Аудандық орталық
кітапхана
Жұматаева Айжан Аманжолқызы Кітапханашы Аягөз қаласы, Абая-бульвары 61/9 3-59-47
4 Аудандық орталық
кітапхана
Мырзабекова Айнұр Өнербекқызы Кітапханшы Аягөз қаласы, Оңтүстік қалашық. 15/45  
5 Аудандық орталық
кітапхана
Заманбекова Айгерім
Мұратқызы
Кітапханашы Аягөз қаласы, 
Сулейменов 16/53
 
6 Аудандық орталық
кітапхана
Галиева Жанна Мұтанқызы Кітапханашы Аягөз қаласы,
Ы.Алтынсарина 15/16
3-32-34
7 Ауылдық кітапхана Бозтаева Айнұр Айдарханқызы Кітапханашы Аягөз қаласы, Ақшатау ауылы 2-25-15
8 Ауылдық кітапхана Кадрымбетова Гульдана Науқанбайқызы Кітапханашы Аягөз қаласы, Ақтоғай ауылы 6-12-30
9 Ауылдық кітапхана Базарбекова Ақбота Есілқызы Кітапханашы Аягөз қаласы, Ақши ауылы 3-15-20
10 Ауылдық кітапхана Муханова Назым Хафизқызы Кітапханшы Аягөз қаласы, Айғыз ауылы 92-3-31
11 Ауылдық кітапхана Шарипова Гүлжанат Жылқышықызы Кітапханшы Аягөз қаласы, Ақшәулі ауылы 2-20-39
12 Ауылдық кітапхана Мухамедиева Рыскүл Ахметқызы Кітапханашы Аягөз қаласы, Бидайық ауылы 23-6-95
13 Ауылдық кітапхана Кеншинбаева Шолпан
Нұрқасымқызы
Кітапханашы Аягөз қаласы, Баршатас ауылы  
14 Ауылдық кітапхана Омарханова Шолпан Жансұлтанқызы Кітапханашы Аягөз қаласы, Баршатас ауылы 3-12-41
15 Ауылдық кітапхана Омарова Манар Төлегенқызы Кітапханашы Аягөз қаласы, Байқошқар ауылы 91-5-43
16 Ауылдық кітапхана Оразбекова Гүлшырын Берікқызы Кітапханашы Аягөз қаласы, Емелтау ауылы 97-1-28
17 Ауылдық кітапхана Ажибекова Зауре Хамзақызы Кітапханашы Аягөз қаласы, Қосағаш ауылы 96-6-90
18 Ауылдық кітапхана Алтыбаева Қорлан Қалкенқызы Кітапханашы Аягөз қаласы, Қопа ауылы 6-02-36
19 Ауылдық кітапхана Карипова Алия Байтұрсынқызы Кітапханашы Аягөз қаласы, Қарағаш ауылы 2-27-44
20 Ауылдық кітапхана Камалова Төлеуғаным Насибатқызы Кітапханашы Аягөз қаласы, Майлин ауылы 2-21-98
21 Ауылдық кітапхана Тумарбаева Динара Әбілтайқызы Кітапханашы Аягөз қаласы, Мыңбұлақ ауылы 2-21-19
22 Ауылдық кітапхана Икрамова Индира Рахметтоллақызы Кітапханашы Аягөз қаласы, Малгелді ауылы  
23 Ауылдық кітапхана Кенжеханова Гүл Мырзаханқызы Кітапханашы Аягөз қаласы, Мәдениет ауылы 95-2-34
24 Ауылдық кітапхана Кожекбаева Алтын Ахметқазықызы Кітапханашы Аягөз қаласы, Нарын ауылы 2-21-67
25 Ауылдық кітапхана Шұлғаубаева Маржангүл Тұрарбекқызы Кітапханашы Аягөз қаласы, Өркен ауылы 22-2-96
26 Ауылдық кітапхана Қасымова Айман Жакенқызы Кітапханашы Аягөз қаласы, Мамырсу ауылы 94-2-18
27 Ауылдық кітапхана Рамазанова Гулмира 
Ақайқызы
Кітапханашы Аягөз қаласы, Сарыарқа ауылы 75-3-47
28 Ауылдық кітапхана Құрманбаева Ғалия Мұқанқызы Кітапханашы Аягөз қаласы, Тарбағатай ауылы 3-28-62
29 Ауылдық кітапхана Нугманов Берик Төлепбергенұлы Кітапханашы Аягөз қаласы, Тарлаулы ауылы 76-2-14

Аягөз аудандық орталық және ауылдық кітапханалардың 2018 жылдың 6 айда өткізілген іс-шаралары

Проведенные мероприятии за 1 полугодие 2018 года Централизованной библиотечной системы Аягозского районаАягөз аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесіне қарасты 1 аудандық, 22 ауылдық кітапханалар аудан халқына қызмет көрсетеді.

Аудан кітапханалары бойынша 2018 жылдың І жарты жылдығында  оқырман саны 7148, кітапханаға келушілер саны 93096, кітап берілімінің саны 105235 дана, кітап қоры 246957 дананы құрайды, оның ішінде мемлекеттік тілде 137612 дана. Кітап қорына 5383 дана кітап келіп түсті, оның ішінде 4583 данасы мемлекеттік тілде. Аудандық кітапхана жүйесіндегі қызметкерлер саны 34 штаттық бірлікті құрайды. Соның ішінде кітапханашылар саны 29, бас есепші саны 1, күзетшілер саны 2, еден жуушы саны 2. 2018 жылдың І жарты жылдығында кітапханаларда 374 мәдени іс-шаралар өткізілді.

1 ақпан 2018 жылы Аягөз аудандық орталық кітапханада кітапхана қызметкерлерінің ұйымдастыруымен елбасымыз Н.Назарбаевтың ұлық мереке қарсаңында шыққан «Тәуелсіздік дәуірі» атты кітаптың тұсаукесері өткізілді. Елбасының бұл еңбегі тарихи публицистика жанрында жазылған. Кітап 508 беттен, 4 бөлімнен, 33 тараудан тұрады. Елбасының кітабы тек өткенге шолу ғана емес. Сонымен қатар болашаққа бағдар береді. Өйткені Қазақстанның тәуелсіз, дербес, егемен ел ретінде бастан кешкендері кітапта жан-жақты жазылған. Шараға қала мектептерінің тарих пәнінің мұғалімдері, оқушылар, зағиптар қоғамы және аудандық білім бөлімінің әдіскері Тоқанова Гүлсовет Масанқызы қатысып, кітаптың электрондық нұсқасымен танысты. Аудандық білім бөлімінің әдіскері Гүлсовет Масанқызы, №6 жалпы білім беретін орта мектептің тарих пәнінің мұғалімі Марлан Дулатұлы және «Аягөз жаңалықтары» газетінің тілшісі Думан Аманжолұлы елбасының ерен еңбегіне тоқталып, жылы лебіздерін білдіріп, жақсы пікірлерін  қалдырды.

  • Проведенные мероприятии за 1 полугодие 2018 года Централизованной библиотечной системы Аягозского района
  • Проведенные мероприятии за 1 полугодие 2018 года Централизованной библиотечной системы Аягозского района

27 ақпан 2018 жылы Аягөз аудандық орталық кітапханада кітапханашы А.Мырзабекованың ұйымдастыруымен «Тұғырлы тұлғалар халық жадында» атты дөңгелек үстел өткізілді. Өткен тарихсыз болашақ жоқ. Тарих дегеніміз – өсіп тұрған өсімдіктің жерден нәр алатын тамыры секілді. Демек, адам санасы да тамыры тереңге тартқан тарихынан нәр алады. Дөңгелек үстелге №6 мектептің мұғалімі Мадина Оразмұратқызы және 8 «А», 8 «Ә» сынып оқушылары, кітапханамыздың тұрақты оқырманы Кәкебаланов Көкенай атамыз қатысты.
1 наурыз  2018 жылы  Аягөз аудандық орталық кітапханасында Зағиптар қоғамымен бірлесіп, кітапханашы А.Жұматаеваның ұйымдастыруымен 1- наурыз Алғыс айту күніне орай «Ризашылық пен Алғыс» атты сайыс өткізілді. Сайысқа Зағиптар қоғамының мүшелері қатысты. Сайыс «Парасат», «Алғыс», «Мейірім» топтары болып бөлінді. Сайыстың шарты бойынша «Таныстыру», «Сұрақ - жауап», «Жорға», «Сахналау», «Өз өнерлерін көрсету» бөлімдерінен тұрды. Өз өнерлерімен, алғырлығымен, шеберлігімен «Мейірім» тобы жеңіске жетті.

  • Проведенные мероприятии за 1 полугодие 2018 года Централизованной библиотечной системы Аягозского района
  • Проведенные мероприятии за 1 полугодие 2018 года Централизованной библиотечной системы Аягозского района

2018 жылдың 13 сәуірі күні Аягөз аудандық орталық кітапханасында "Бір ел-бір кітап" акциясы аясында қазақ халқының мәдениеті мен ағарту тарихынан көрнекті орын алатын ұлы қайраткер, өз заманының прогресшіл ағымының жаршысы болған, Абайдың шәкірті Шәкәрім Құдайбердіұлының шығармашылығына арналған "Рухани тұлға - Шәкәрім" атты оқырмандар конференциясы өткізілді.

20 сәуір 2018 жылы Аягөз аудандық орталық кітапханасында зағиптар қоғамымен бірлесіп «Сағындырған әндер-ай!» атты ретро әндер фестивалі  ұйымдастырылды. Кешке зағиптар қоғамының мүшелері және «Қозы Көрпеш - Баян сұлу» мәдениет үйінің әншілері қатысты. Қатысушылар  жұптасып ән шырқады. Кеш соңында зағиптар қоғамының төрайымы Қ.Елшибекова  келген қонақтарға ыстық ықыласты лебізін білдіріп, қатысушыларға аудан әкімі орынбасарының алғыс хаттарымен  марапаттады. 

  • Проведенные мероприятии за 1 полугодие 2018 года Централизованной библиотечной системы Аягозского района
  • Проведенные мероприятии за 1 полугодие 2018 года Централизованной библиотечной системы Аягозского района

Қазақстанның көпұлтты халқының татулығы, ынтымақтастығы, бейбітшілігі біздің еліміздің ең басты байлығы. Бұл күн - әрбір қазақстандық үшін Отанға деген сүйіспеншілік пен патриоттық сезімнің, азаматтық борыш пен жалпы ұлттық келісімнің мерекесі. Осыған орай 28 сәуір 2018 жылы Аягөз аудандық орталық кітапханада кітапханашы А.Мырзабекованың ұйымдастыруымен «Бірлігі жарасқан қазақ елі» атты әдеби - сазды кеш өткізілді.

5 мамыр 2018 жылы Аягөз аудандық орталық кітапханада «Батырлар рухына тағзым» атты  әдеби - сазды кеш  өткізілді. Әдеби - сазды кешке №1 мектептің   8 «Б» класс оқушылары және мұғалімдері қатысты. Батыр рухына тағзым  етіліп, бір минут үнсіздік жарияланды.

1 маусым 2018 жылы Аягөз аудандық орталық кітапханада кітапханашы А.Жұматаеваның  ұйымдастыруымен Халықаралық балаларды қорғау күніне орай «Балауса бағым – шаттық пен қуаныш ордасы» атты ертеңгілік өткізілді. Ертеңгілікке кітапханамыздың кішкентай оқырмандары қатысып, өз өнерлерін ортаға салды.

Кітапхана жұмысына ИРБИС64 бағдарламасы іске қосылып электрондық каталогқа барлығы 17347 дана жазба, мемлекеттік тілде 8408, мерзімді басылымдардан 2172  мақала, оның 1826-сі мемлекеттік тілде енгізілді.2013 жылы Аягөз аудандық кітапхана мен Тарбағатай ауылдық кітапханаларында – Біріккен Ұлттар ұйымының Даму бағдарламасының қолдауымен, облыстық А.С.Пушкин атындағы кітапханасының жобасы арқылы халыққа қызмет көрсету онлайн-орталықтары ашылып, жалғасын табуда. Қазіргі уақытта кітапхана ісінің негізгі бағыты-заманауи талаптарға сәйкес ақпараттық қызмет көрсету. Электронды залға келушілерге көрсетілетін қызмет түрлерімен таныстырып, жаңа технологиялар көмегімен әркімнің талғамына, ізденісіне сай қызмет көрсете алатын ақпараттық орталыққа айналды. Бұл тұрғыда ақпараттық жаңа технологиялардың көпшілік - қоғамдық орындарда кеңінен қолданылуын қамтамасыз ету маңызды.Кітапханаға келушілердің компьютермен жұмыс істеп, интернетті пайдалануға, ақпарат іздестіру, сканерлеу, басып шығару, көшірме жасауға үлкен мүмкіндіктері бар. Интернет залдың пайдаланушыларының саны жылдан-жылға өсуде.

 

Бет өзгертілді: 31-07-2018