Мәдениет

Мәдениет үйлері

р\с Мәдениет ошағының атауы Орналасқан жері Салынып пайдалануға берілген жылы Жалпы көлемі Қанша орындық
1 2 3 4 6 8
1 Аудандық мәдениет үйі Аягөз қаласы 1936 ж 228,9 500
2 Баршатас ауылдық мәдениет үйі Баршатас ауылы 1978 ж 1314,1 680
3 Мәдениет ауылдық клубы Мәдениет ауылы 1981 ж 378,4 200
4 Ақтоғай кенттік  клубы Ақтоғай кенті 1960 ж 592,9 200
5 Қарағаш ауылдық клубы Қарағаш ауылы 1965 ж 462 100
6 Өркен ауылдық  мәдениет үйі Өркен ауылы 1985 ж 862,8 300
7 Емелтау ауылдық мәдениет үйі Емелтау ауылы 1979 ж   200
8 Майлин ауылдық клубы Майлин ауылы 1968 ж 173,6 100
9 Қосағаш ауылдық клубы Қосағаш ауылы 1971 ж 337,8 200
10 Малкелді ауылдық мәдениет үйі Малкелді ауылы 1980 ж 524 250
11 Нарын ауылдық мәдениет үйі Нарын ауылы 2003 ж 500 200
12 Тарлаулы ауылдық мәдениет үйі Тарлаулы ауылы 1972 ж 503,5 200
13 Айғыз ауылдық мәдениет үйі Айғыз ауылы 1990 ж 790 250
14 Мыңбұлақ ауылдық клубы Мыңбұлақ ауыла 1968 ж 117,7 250
15 Ақшатау ауылдық мәдениет үйі Ақшатау ауылы 1980 ж 1200 300
16 Ақшәулі ауылдық клубы Ақшәулі ауылы 1975 ж 378,4 200
17 Бидайық ауылдық мәдениет үйі Бидайық ауылы 1976 ж 862,8 300
18 Жорға ауылдық клубы Жорға ауылы 1970 ж 300 100
19 Тарбағатай ауылдық клубы Тарбағатай ауылы 1970 ж 452 200
20 Байқошқар ауылдық клубы Байқошқар ауылы 1981 ж 201,5 150
21 Ақши ауылдық клубы Ақши ауылы 1983 ж 300 150
22 Сарыарқа ауылдық клубы Сарыарқа ауылы 1981 ж 411,9 200
23 Қопа ауылдық клубы Қопа ауылы 1981 ж 300

Аудан бойынша мәдениет саласында 1 аудандық мәдениет үйі, 2 ауылдық мәдениет үйі және 20 клуб жергілікті тұрғындарға мәдени қызмет көрсетуде.
Аудан бойынша 12 өнер ұжымдары халықтық атағы бар қызмет көрсетуде:
1.Аягөз» халықтық ұлт аспаптар оркестрі
2.«Баршатас» халықтық  театры.
3.«Баян сұлу» халықтық ән-би ансамблі.
4.«Бәйшешек» халықтық би ансамблі.
5.«Бұлбұл» халықтық ән-би ансамблі.
6.«Жадыра» халықтық ойын- сауық отауы.
7.«Жазира» халықтық фольклорлық ансамблі.
8.«Қозы Көрпеш» халықтық драма театры.
9.«Қыр гүлі» халықтық эстрадалық ән-аспаптық ансамблі.
10.«Мамырсу маржандары» халықтық әжелер ансамблі.
11.«Шұбартау сазы» халықтық ұлт аспаптар оркестрі .
12.«Мәдениет» халықтық драма театры

2016 жылда мәдениет саласында тәрбие бағытының сан саласы бойынша, тарихи-танымдық, эстетикалық, әдеби-мәдени бағытта 960 мәдени-көпшілік шара өтіп, оған 75300 мың адам қатысты.
2016 жылы  Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған шығармашылық жоспар бойынша аудан көлемінде жүйелі жұмыстар жүргізілді. 2016 жылдың басынан жыл бойы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай аудан бойынша 280 мәдени іс-шара өткізілді, оған қатысқан адамдардың саны 40 мыңнан    астам.

Аудан орталығында ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай 70 мәдени іс шара өткізіліп , оған 30 мың адам қатысты. Оның ішінде аудандық театралдық байқау, аудандық би байқауы, «Жас қанат» атты жас әншілер байқауы, биылғы жылы тұңғыш рет жергілікті әуесқой сазгерлер байқауы аудан көлемінде өткізілді.

Аталмыш байқауларға ауданның ауылдық жерлерінен өнер адамдары, жас таланттар қатысып жүлделі орындарға ие болды. Сонымен қатар аудандық «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» мәдениет үйінің және орталық алаңның сахнасында гала концерттер, фестиваль, мерекелік қойылымдар ұйымдастырылды.

Олар Наурыз мерекесіне, Қазақстан Республикасының халықтар бірлігі, Отан қорғаушылар күндеріне, Жеңіс күні, ҚР рәміздер, Астана, ҚР Конституция күндеріне арналған іс-шаралар.

Ауылдық округтерінде ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған 210 іс- шара ұйымдастырылып, 12 мың қатысушылар қамтамасыз етілді.

Жоғарыда айтылған байқаулар мен мемлекеттік мерекелерге ауылдық округтерінің клуб меңгерушілерінің ұйымдастыруымен мәдени іс-шаралар өткізілді.

Аудан бойынша қазан- желтоқсан айдарында «Егеменді елім менің – Қазақстан» атты ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған аудандық көркемөнерпаздар байқауы өтті.

Қараша айында аудан көлемінде «Қазақстан – ортақ үйіміз» атты патриоттық ән сайысы өткізілді.

Соңымен қатар барлық мемлекеттік, кәсіби мерекелерге, шығармашылық әдеби-сазды кештер, кездесулер т.б. мәдени іс- шаралар барлық мәдени ошақтарда өткізілді. Барлық ауылдық клубтарда және ауылдық мәдениет үйлерінде мектеп оқушылар және ауыл жастарының қатысуымен 3-4 көркемөнерпаздар үйірмелері жұмыс істеуде.

Жаз уақытында оқудан, басқа қалалардан келген жастармен концерттер, кештер, кездесулер ұйымдастырылады.  

1 қазан қүні «Қарты бар елдің қазынасы бар» тақырыбында қарттар күніне арналған барлық ауылдық клубтарында іс-шара өткізілді.

2016 жылдың 28 қазан күні аудандық «Тәртіпсіздік пен құқық бұзушылықтарға мүлдем төзбеушілік» акциясы өтті.

Акцияға колледж студенттері және мектеп оқушылары қатысты.

2016 жылдың 2 қараша күні «Золотой Восток» республикалық әншілер конкурсы өтті. Оған 40-тан астам жас таланттар қатысты.

2016 жылдың қазан –желтоқсан айының әрбір сенбі күндері аудандық «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» мәдениет үйінде Аягөз ауданы ауылдық округтарының Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Егеменді елім менің – Қазақстан» атты аудандық көркемөнерпаздар байқауы өтуде.

2016 жылдың 13 желтоқсан күні аудандық «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» мәдениет үйінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған салтанатты жиын өтті.

Сахнада театрландырылған қойлым арқылы Төлеби, Қазбек би, Әйтеке би бабаларымыздың бейнелері, Ұлы Отан соғысы оқиғасы, бишілердің орындауында ядролық полигон, Желтоқсан оқиғаларынан көріністер көрсетілді.

Лэд экраннан сахнада көрсетіліп жатқан әр кезеңнен үзінділер жүріп жатты.

Аудан әкімі Байахметов Бақытжан Кәкенқажыұлы ауданнның әр саласы бойынша еңбек еткен қызметкерлерді Тәуелсіздіктің 25 жылдық төсбелгісімен, алғыс хаттармен марапаттады.

Мереке аудандық мәдениет үйінің әншілері мен Қазақстан жұлдыздары «СЕРІЛЕР» тобының ән шашуларына ұласып, концерттің соңында Е.Хасанғалиевтың «Атамекен» әнінің фонында сахнаға көрермендер залының есігінен 25 Қазақстан туын ұстаған әскери адамдар шықты.

 

2016 жылдың 26 -желтоқсан күнінен бастап аудандық «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» мәдениет үйінде қала, мекеме, аудан тұрғындарының балаларына арналған жаңа жылдық ертеңгіліктер басталып кетті.

28-желтоқсан күні аудан әкімінің дарынды балаларға арналған жаңа жылдық ертеңгілігі өтті.

Мереке «Козы Көрпеш» халықтық театрының әртістері қойған «Жаңа жылдық саяхат» атты ертегімен басталды.

Ертегі кейіпкерлері Ақшақар, Супермен, Тазша бала, Мыстан кемпір, Қарақшылар, Дәу көрермен залына жиналған балаларды жаңа жылдық ертегілер әлемімен баурап алды.

Жаңа жылдық мереке Аяз Атамен, кейіпкерлермен бірге жасыл шырша жанында жалғастырылды, аудан әкімі Б.Байахметов балаларды құттықтап, жаңа жылдық сыйлықтар берді.

 

 

 

 

 

Бет өзгертілді: 14-03-2017