Мәдениет

«Семей қаласының облыстық тарихи-өлкетану музейі» КМҚК-ның Аягөз аудандық филиалы

 

Жүзжасарова Аңсаған Мұқаметқалиқызы «Семей қаласының облыстық тарихи-өлкетану музейі» КМҚК-ның Аягөз аудандық филиалының директоры - Жүзжасарова Аңсаған Мұқаметқалиқызы.
Тел: 872237-3-12-47

Аягөз аудандық тарихи-өлкетану музейі алғаш рет 1978 жылы 17 сәуір айында, Аягөз қаласына 50 жыл толуына орай ұйымдастырылған мерекеде ашылды. (қазіргі қалалық әкімшілік ғимаратында). Аудандық музейдің жетекшісі болып Балахненко Степан Андрейұлы тағайындалды. Осы кезеңде тұрғылықты халықтың музей ісіне деген ықыласы ерекше болады. Далалық геология, археология, этнографиялық экспонаттар жан-жақтан әкеле бастайды. Музей жұмысына белсене ат салысқандар: Аягөз қалалық орталық атқару комитетінің төрағасы Ахмадиев Өміртай Ахмадиұлы, сол кезеңдегі аудан, мекеме, мектеп басшылары: Р.Мұхамедиярова, С.Щебалин, К.Байзақова, Л.Дмуховская, Н.Қасымова т.б. Содан бері музей ісі жалғасып келеді. Кейінгі жылдары аудандық білім бөлімінің құрамына алынып, сол бөлімнің ғимаратына көшірілген. Он жылға жуық тарих пәнінің мұғалімдері жетекшілік жасаған. Осы жерден аудандық мәдениет бөлімінің құрамына кірді. Сол жылдары аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы болған Көксегенов Ақаш Көксегенұлы музей ісіне жетекшілік жасаған. 2006 жылдан бастап аудандық тарихи - өлкетану музейінің жұмыстарын Жүзжасарова Аңсаған Мұқаметқалиқызы жалғастырып келеді.
Алғашында көрме залы ретінде ғана жұмыс істеген музей, 2013 жылы бірнеше экспозициялық бөлімдермен келушілерге есігін айқара ашты. Алғаш рет жаңадан салынған музей ғимараты пайдалануға беріліп, 2013 жылдың 1 желтоқсанында аудандық тарихи-өлкетану музей ғимаратының ашылу салтанаты өтіп лентасы қиылды.
Семейдің тарихи-өлкетану музейінің директоры Темиров Бекен Нұғыманұлы, Жүзжасарова Аңсаған Мұқаметқалиқызы мен аудандық музейдің ұжымы, осы жылы аудан әкімі болып қызмет атқарған Н.Нұрғалиев, Ұлы Отан Соғысының ардагерлері - Ақтамберді батырдың ұрпағы Асқап Жұмаділов, Нұралы батырдың ұрпақтары Біліс Оспанов, Тұрсын Жұманов ардагер ұстаздар - Жамал Кәрімқызы, Таңсық Исабекова, Зәбирә Сүлейменова, ауданымыздың «Құрметті Азаматы» Рамазан Нашанов, Қайыртай Қажығұлов, Серікхан Құрақбаев, аудан тұрғындары, жергілікті қол өнер шеберлері  және тағы басқа азаматтар жылдар бойы музей қорын толықтыру жұмыстарына ат салысып келеді. Қазіргі уақытта ауданымыздағы тарихи құнды экспонаттарды жинап, халықтың көзайымына айналдыру жұмыстары жүргізілуде.
Музейдің қорын толықтыру, музей ісін бүгінгі және келешек ұрпаққа насихаттау жұмыстары болашақта да жалғасын табатын болады.

 

Ақтанберді Сарыұлы батырының сауыты Аягөзде
Аягөз ауданындағы тарихи-мәдени мұра ескерткіштерініңпаспорты туралы анықтама (мұражай)
Бет өзгертілді: 11-01-2017