Мәдениет

Аудандық «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» мәдениет үйінің және аудандық мәдениет үйне қарасты ауылдық клубтарының 2017 жылда атқарылған жұмыстары туралы хабарлама

Аягөз аудандық «Қозы Көрпеш –Баян сұлу» мәдениет үйі мен  ауылдық мәдениет ошақтарында  2017 жылы   халыққа мәдени қызмет көрсетуге байланысты халық арасында жүргізілетін мәдени шаралардың арнайы жоспарлары  жасалып бекітілген. Жоспарға сәйкес, барлық  әлеуметтік маңызы бар қоғамдық –саяси, мемлекеттік бағдарламаларды насихаттауға арналған іс-шаралар,  мемлекеттік және  кәсіби мерекелер,  жасөспірімдер мен балалардың  демалысын тиімді ұйымдастыру, айтулы күнтізбелік даталар,  салауатты өмір салтын насихаттауға арналған іс-шаралар,  көркемөнерпаздар ұжымын қалыптастыра және дәстүрлі өнерді дамыта отырып мәдени-демалыс ұйымдастырады.
Аудан бойынша мәдениет саласында 1 аудандық  мәдениет үйі, 2 ауылдық мәдениет үйі және 20 ауылдық клуб жергілікті тұрғындарға мәдени қызмет көрсетуде.
2017 жылда мәдениет саласында тәрбие бағытының сан саласы бойынша, тарихи-танымдық, эстетикалық, әдеби-мәдени бағытта  965  мәдени-көпшілік  шара  өтіп, оған 75800 мың адам қатысты.
Аудан орталығында   аудандық театралдық байқау , аудандық би байқауы, «Жас қанат» атты жас әншілер байқауы, биылғы  жылы тұңғыш рет жергілікті әуесқой сазгерлер байқауы аудан көлемінде өткізілді. Аталмыш байқауларға ауданның ауылдық жерлерінен  өнер адамдары, жас таланттар қатысып жүлделі орындарға ие болды. Сонымен қатар аудандық «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» мәдениет үйінің және орталық алаңның сахнасында  гала концерттер, фестиваль, мерекелік қойылымдар ұйымдастырылды. Олар Наурыз мерекесіне, Қазақстан Республикасының халықтар бірлігі, Отан қорғаушылар күндеріне , Жеңіс күні, ҚР рәміздер, Астана, ҚР Конституция  күндеріне арналған іс-шаралар.
Соңымен қатар барлық мемлекеттік , кәсіби мерекелерге, шығармашылық  әдеби-сазды кештер,  кездесулер т.б. мәдени іс- шаралар барлық мәдени ошақтарда өткізілді. Барлық ауылдық клубтарда және ауылдық мәдениет үйлерінде мектеп оқушылар және ауыл жастарының  қатысуымен 3-4 көркемөнерпаздар үйірмелері  жұмыс істеуде. Жаз уақытында  оқудан, басқа қалалардан келген жастармен концерттер, кештер, кездесулер ұйымдастырылады. Аудан бойынша 2017 жылда  дін тақырыбымен 10 мәдени  іс- шара өткізілді.  Оның ішінде 4 іс-шара ауданның орталығында өтті.
Аудандық мәдениет үйі, ауылдық мәдениет үйлері мен ауылдық клубтарының жоспарларына  жасөспірім  мен жастарға мәдени, рухани-өнегелі, патриоттық тәрбиесі  зор іс-шаралар еңгізіледі. Олар: жастардың шығармашылықтарына арналған байқаулар,тақырыптық кештер,дөңгелек үстелдер мен диспуттар. Жылда  орталық мешітпен бірігіп «Мәүліт» мерекесі өткізіледі. Ауылдық клубтарда діни сананы, тиісті дәстүрлері мен еліміздің мәдени нормаларын қалыптастыру мақсатында дін өкілдерімен  кездесу өткізілді. Биылғы жылдың мамыр айында аудандық «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» мәдениет үйінің халықтық  «Қозы Көрпеш» драма театры Зайсан  ауданында өткен ҚР  мәдениет қайраткері Ораз Кәкеевтің  80 жылдығына орай аймақтық «Ой-хой,дүние, дәурен-ай»  атты  облыстық  театр фестиваліне  халықтық «Қозы Көрпеш» драма театры жастарға арналған  «Тәубеге келу» қойлымымен     жүлделі 3 орынға ие болды.
Аудандық мәдениет үйі, ауылдық мәдениет үйлері мен ауылдық клубтарында тегін шығармашылық үйірмелер жоспар бойынша жұмыс атқаруда.

2017 жылдың  19 қаңтар  күні  аудандық  «Қозы Көрпеш – Баян  сұлу» мәдениет  үйінде  Бүкілодақтық  халықтар  шығармашылығы фестивалінің лауреаты, Тәуелсіздіктің 10 жылдығы,  Астананың 10 жылдығы мерекелік  медальдарының иегері, Қазақстан  Республикасының мәдениет қайраткері  Амантай Қасенқызы  Шегенбаеваның мәдениет саласында қызмет істегеніне 40 жыл  толуына арналған «Өткен жылдар»  атты ән кеші   
өтті.

2017- жылдың 8 ақпан күні аудандық «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» мәдениет  үйінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына  арналған  «Егеменді елім менің –Қазақстан» атты аудандық көркемөнерпаздар байқауының  қорытынды концерті өтті. Аудандық байқаудың нәтижесі бойынша: І- орын Нарын ауылдық округінің көркемөнерпаздар ұжымына берілді,  ІІ – орынды  Баршатас ауылдық округінің көркемөнерпаздар ұжымы иеленді, ІІІ – орынды Тарлаулы ауылдық округінің көркемөнерпаздар ұжымы алды, осы жеңімпаз көркемөнерпаздар ұжымдары  аудан әкімінің дипломдармен, бағалы сыйлықтармен марапатталды. Сонымен қатар арнайы  мадақтамалар, бағалы сыйлықтар жақсы өнер көрсеткен Тарбағатай, Емелтау, Мыңбұлақ, Айғыз ауылдық округтарының көркемөнерпаздар  ұжымдарына берілді.
2017 жылы 4 наурыз күні аудандық «Қозы Көрпеш –Баян сұлу» мәдениет үйінде «Наурыз аруы – 2017» байқауы өтті. Байқаудың қорытындысы бойынша: 1 орын қазақ лицейінен қатысқан Төлеуғалиева Аидаға берілді, 2 орынды гимназиядан қатысқан Мейрамбекқызы Жансая, 3 орынды № 5 орта мектептен қатысқан Жанжигитова Айдана иеленді.
2017 –жылдың 21 наурыз күні  орталық  алаңда театрландырылған «Төрлет Наурыз»  атты мереке, 21-22 наурызында барлық ауылдық мәдениет үйлері мен клубтары Наурыз мерекесін мерекеледі.  

2017 жылдың 23- сәуір күні балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде «Аягөз барысы» іріктеу жарысы өтті. Жарыстың  ашылуы аудандық «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» мәдениет үйінің өнерпаздарының қойған театрландырылған  көрінісімен басталды. Көріністің соңы аудандық мәдениет үйінің әншілерінің орындауындағы «Батырлар ұраны» әні мен , бишілердің биіне  ұласты.

2017 жылдың 25-сәуір күні дәстүрлі аудандық «Сиқырлы би әлемі» атты бишілер конкурсы өтті. Бишілеріміздің өнерлеріне әділ бағаларын берген әділқазылар алқасының қорытындылары бойынша ұлттық би түрлерінен: 1-орынды -№1 орта мектеп бишілері, 2-орынды №5 орта мектеп бишілері, 3-орынды Мынбұлақ орта мектебінің бишілер тобы иеленді.  Заманауи би түрлерінен: 1-орын  №3 орта мектептің бишілер тобына,  2-орын №5 орта мектептің бишілер тобына, 3-орын- №7 орта мектеп бишілеріне берілді. Кіші топ бишілерінен: 1-орынды К.Бозтаев атындағы мектептің бишілері, 2-орынды да осы мектептің бишілері, 3-орынды Тарлаулы ауылдық округінің бишілері иеленді. Конкурс жеңімпаздары Дипломмен, мадақтамалармен марапатталды.
Қасиетті Рамазан айының орта шенінде Аягөз аудандық мәдениет үйінің өнерпаздары балалар үйіне барып, қайырымдылық концертін қойып қайтты.

2017 жылы 1-мамыр мерекесі күні Аягөз қаласының орталық алаңында Қазақстан халықтарының бірлігі күніне арналған  фестиваль өтті.
2017 жылдың 9-мамыр Ұлы Жеңіс күні Аягөз қаласының Бауыржан Момышұлы атындағы көшемен Отан үшін отқа түскен ардагерлер руһына арналған «Мәңгілік полк» шеруі сап түзеп орталық алаңға келіп тұрды. Орталық алаңдағы Отан соғысында қаза тапқан жауынгерлер ескерткішіне аудан әкімі, соғыс ардагерлері мен қала мекемелері гүл шоқтарын қойды, әскери жауынгерлер автоматтан бірнеше дүркін оқ атып соғыс боздақтарына тағзым етті.Содан кейін бір минут үнсіздікпен соғыстан қайтпаған жауынгерлерді еске алды.Сахнада аудандық «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» мәдениет үйінің әртістері қойған Ә.Молдағұлованың ерлігі туралы көрініс көрсетілді. Көріністен соң мерекелік концерт басталды, концертте соғыс жылдарының әндері орындалды. Аягөз  ауданының  ауылдық  округтарында  Ұлы Жеңістің 72 жылдығына байланысты мерекелік шаралар өтті.
2017-жылдың 1-маусым күні Аягөз қаласының орталық алаңында Халықаралық балаларды қорғау күні өтті. Мереке аудандық дәстүрлі «Бәйшешек» балалар мен жасөспірім өнерпаздардың байқауымен жалғасты. Байқауға 32 қала мен ауыл өнерпаздары қатысты. Әділқазы алқасының қорытындылары бойынша өнерпаздар  «Ең үздік әнші», «Ең үздік бишілер тобы», «Ең үздік жас әнші», «Ең үздік патриоттық ән» номинациялары бойынша Дипломмен, сыйлықтармен марапатталды, сонымен қатар өнерпаздарды дайындаған жетекшілер «Алғыс хатпен» марапатталды.
Аягөз ауданының барлық ауылдық округтарында Халықаралық балаларды қорғау күні мерекесі өтті. Ауыл әкімдері ауылдастарын, балаларды  мерекемен құттықтап, оларға жарқын болашақ тіледі. Мектеп оқушылары мен балабақша тәрбиеленушілері ән мен биден шашу шашып өз өнерлерін көрсетті. Сондай-ақ әртүрлі ойындар ойнатылып , сыйлықтармен марапатталды.

2017-жылдың 4-маусым күні Аягөз қаласының орталық стадионында ҚР рәміздер күнінің 25 жылдығына арналған мереке өтті. Мерекелік іс-шара мемлекеттік рәміздеріміз Ту мен Елтаңбамызды әскери қызметкерлердің алып шығуымен басталып, ән ұранымыз асқақтата шырқалды. Мереке мекеме қызметкерлерінің арасында мемлекеттік тест тапсыруымен жалғасты.
2017-жылдың 6-шілде күні Аягөз қаласының орталық алаңында Астана күні мерекесі өтті. Мереке «ЭКСПО-2017» көрмесінің символдары «Мөлдір, Сәуле, Қуатты»  бейнелеген  гидроскутер тепкен үш жастың шығуымен басталды.  Олар өздерінің қимылдарын орындап біткен кезде алаңға 60-қа жуық қала жастары шығып флешмоб билейді, би бітісімен орталық сахнаға аудандық мәдениет үйінің әншілері «Арман қалам - Астанам» атты әнді орындап шықты. Мереке қала мекемелерінен қатысқан өнерпаздардың аудандық мәдениет үйінің әншілерімен біріккен ретро концертімен жалғасып, ретроға қатысқан өнерпаздар мен олардың мерекелік  концертке қатысуларына қолдау көрсеткен мекеме басшылары аудан әкімі орынбасарының «Алғыс хаттарымен» және гүл шоқтарымен марапатталды.      

2017-жылдың 18-тамызы күні аудандық «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» мәдениет үйінде «Досқа сағыныш» атты Аягөздің тумасы әнші, музыкант, сазгер, әрі ұстаз Нұрлан Бейісбекұлы Әбенов  пен оның досы юрист, Қазақстан Республиксы Жоғарғы сот алқасының мүшесі Елдос Сыдықұлы Искаковты еске алу кеші өтті.
5-тамыз күні  батырларға, ақындарға, билерге бай жерде, киелі Сарыарқа ауылында «Еңбек даңқы» аллеясының ашылуына байланысты үлкен мерекелік іс-шара өтті.
2017 жылдың 22-тамыз күні аудандық «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» мәдениет үйінде спортшылар күніне арналған салтанатты жиын өтті. Жиынға қатысып отырған Аягөз өңірінен шыққан Қазақстан Республикасына танымал спорт шеберлері мен спортымыздың биік жетістіктерге жетуіне үлкен үлес қосқан ардагер спортсмендерді атап өтті. Сахнаға қойылған пьедесталға Аягөз ауданының белгілі чемпиондары мен спортшыларын шақырып шығарып гүл шоқтарын сыйлады. Мерекемен құттықтау үшін сөз аудан әкімі Бақытжан Кәкенқажыұлы Байахметовке берілді, құттықтау сөзінен кейін аудан әкімі ардагер спортшылар мен жас спортшыларды медальдар мен облыстан келген, аудан әкімінің мадақтама қағаздарымен, аудан әкімінің алғыс хаттарымен марапаттады.
2017 жылдың 29- тамызы  күні  Аягөз қаласының  орталық  алаңындағы  сахнада ҚР-ның Конституциясы күніне  арналған  мерекелік концерт өтті. Орталық  алаңдағы «Тәуелсіздік» саябағында орнатылған  су бұрқақтың ашылу  рәсіміне аудан әкімі Б. Байахметов қатысты. ҚР-ның Конституциясы күні аудандық  «Қозы Көрпеш- Баян сұлу»  мәдениет үйінің мерекелік концертіне ұласты. Барлық ауылдық округтарындағы мәдениет ошақтарында ҚР-ның Конституциясы күніне арналған мәдени іс-шаралар өткізілді.
2017-жылдың 8-қыркүйек күні Аягөз қаласында Қазақстан Республикасының тұңғыш сыртқы істер министрі, Шығыс Қазақстан облысы және Аягөз ауданының «Құрметті азаматы» Төлеутай Ысқақұлы Сүлейменовтің жүлдесіне арналған бокстан Республикалық турнир өтті. Осы іс-шара барысында Т.Сүлейменовтің әкесі Ысқақ Сүлейменов атына көше ашылып, Ысқақ атамызға ас берілді. Сонымен қатар сол күні  «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» атындағы саябақта  жастарға арналған «Street workaut»  спорт алаңы мен субұрқақ ашылды.

2017-жылдың 4-қазан күні аудандық «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» мәдениет үйінде «Баян сұлу» ән-аспапты ансамблінің 45 жылдық мерекелік концерті өтті.

Аякөз аудандық «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» мәдениет үйінде өтіп жатқан шығармашылық кештердің жалғасы,  қараша  айының 30-шы жұлдызында жалғасын тапты. Ақшәулі ауылдық округінің  тұрғыны, талантты әнші, ҚР мәдениет қайраткері Мақсұтқан  Диқанбаевтың    шығармашылық кеші жоғары деңгейде өтті.  Аталмыш кешке өнерпаздың алыс-жақыннан келген жолдастары мен біршама өнер майталмандары өнер көрсетті.Атап айтсақ, Ә.Найманбаев  атындағы сыйлықтың  жүлдегері  Бейісхан Бекбаев, ҚР мәдениет қайраткері   актер, композитор  Қадырғали  Көбентай , Ә.Қашаубаев атындағы сыйлықтың  жүлдегері    Әбдікәрім Зұлынов, ҚР мәдениет  қайраткері, әнші,композитор  Ержан Белғозиев.
Аягөз қаласында және Аягөз ауданының барлық ауылдық мәдени ошақтарында 2017 жылдың 30 қараша күні Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған мәдени іс- шаралар өтті. 

2017 жылдың 15 желтоқсан күні аудандық «Қозы Көрпеш – Баян сұлу»  мәдениет үйінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздік күніне  арналған салтанатты жиын өтті

2017 жылдың 26 -желтоқсан күнінен бастап аудандық  «Қозы Көрпеш-
Баян сұлу» мәдениет үйінде қала, мекеме, аудан  тұрғындарының балаларына арналған жаңа жылдық ертеңгіліктер басталып кетті. 28- желтоқсан күні аудан әкімінің дарынды балаларға арналған жаңа жылдық ертеңгілігі өтті.

Биылғы жылғы жетістектеріміз:

2017-жылдың 10- ақпан күні Өскемен қаласында өткен  облыстық жас орындаушылардың  «Жас қанат» конкурсында аудандық «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» мәдениет үйінің әншісі Аманкелді Сұлтан дипломант атағын алды.
2017 – жылдың  16-17  наурыз  күндерінде Атырау қаласында өткен «Ән дария дүлділдері» атты І - ші Республикалық әншілер байқауында  Аягөз аудандық « Қозы Көрпеш – Баян сұлу» мәдениет үйінің  дәстүрлі әншісі Елдос Сайлаубекұлы Жақсылықов  2 – жүлделі орынды иеленіп лауреат атанып, диплом және ақшалай сыйлықпен марапатталды.

2017 жылдың 19-20 мамыр күндерінде  Зайсан ауданында Қазақстан Республикасының  мәдениет қайраткері, үздік әнші, актер, режиссер  Ораз Кәкеевтің 80 жылдығына орай облыстық «Ой- хой, дүние, дәурен-ай» атты кезекті театр фестивалінде Аягөз аудандық «Қозы Көрпеш –Баян сұлу» мәдениет үйінің  «Қозы Көрпеш» халықтық драма театры ІІІ- орынға ие болды.

«Қозы Көрпеш-Баян сұлу» мәдениет үйінің әртісі, айтыскер ақын Қазыбек Байжұманов Аягөз ауданының атынан облыстық, республикалық, халықаралық айтыстарға қатысып марапаттарға ие болды. Атап айтсақ,  2017 ж. тамыз айында Үржар ауданында Әсет Найманбаевтың 150 жылдық мерейтойына арналған Республикалық айтыста жүлдегер болып, «Ә.Найманбаевтың 150 жылдығы» медалімен марапатталды. Сонымен қатар, Бесқарағай ауданында өткен «Нұрлыбек Баймұраттың 135 жылдық» Халықаралық айтысында 3-орынға ие болса,  Ұлан ауданында «Алаш қозғалысының 100 жылдығы »  аясында өткен Республикалық айтыста әдемі өнер көрсетті.
Қарағанды қаласында өткен «Даналар сөзі – ақылдың көзі»  республикалық шешендер байқауына қатысып бағалы силықтарға ие болды.     
Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани  жаңғыру» бағдарламалық мақаласына арналған «Мәңгілік ел- Қазақстан!» Біріккен Араб Әмірліктері астанасы –Дубай қаласында  «Бейбітшілік әлемі» Халықаралық Қазақ творчестволық Бірлестігінің ұйымдастыруымен өткен фестивалінде Қазақстанның намысын қорғаған  аудандық  «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» мәдениет үйінің әншісі Аяулы Сарбасованың шәкірттері  оқушы Серикова Құндыз бас жүлдені жеңіп алса, зағип жан Ельшибекова Құралай «Алтын белгімен» марапатталды.  Шәкірттерін осындай жетістіктерге жеткізген ұстаз Аяулы Сарбасова  «Мәдениет майталманы» медалімен , ерекше алғыс хатпен марапатталды.

Полная версия отчета (*.doc 4.7 MB)

Аудандық «Қозы Көрпеш- Баян сұлу»
мәдениет үйінің директоры К.Алпысбаев

 

Бет өзгертілді: 21-02-2018