Сәулет және құрылыс / Аягөз ауданындағы тұрғын үй құрылысы

Аягөз аудандық сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің 2014 жылғы атқарған жұмысы бойынша ақпарат

ШҚО Аягөз ауданы бойынша тұрғын үй бағдарламасын нақтылау шеңберінде негізгі көлемді жеке тұрғын  үй құрылысы алып тұр. Жаңа тұрғын үй саясатының қорытындысы бойынша кішіқабаттық құрылыс басымдылық алды.  Тұрғылықты ортадағы аумақтық ұйым, тұрғылықты құрылысқа арналған жаңа жер алаңындағы қосымша жер бөлу мөлшерін және де инженерлік-коммуналды инфрақұрылысын қамтамасыз етудің, дамудың, жобалаудың мәселесін шешу осы жағдайлардың радикалды өзгерісін талап етеді.
Аягөз ауданы бойынша Аягөз қаласы және Ақтоғай кенті жеке тұрғын-үй құрылысы дамудың жоғары қарқынымен ерекшеленеді. Осыған орай Аягөз қаласының Солтүстік және Мяскамбинат мөлтек аудандарының бөлшекті жоспарлау жобасы дайындалып 2014 жылдың 1 шілдесінде Аягөз аудандық маслихатының № 26/183-183-V шешімімен бекітілген. 2014 жылы Ақтоғай кентінің және Аягөз қаласының орталық бөлігінің Бөлшектеп жоспарлау жобасы әзірленуде.
2013 жылы жалпы ауданы 4857 м² құрайтын 53 жеке тұрғын үй нақтылы іске қосылды. 2014 жылдын 9 айында жалпы ауданы 3190 м² құрайтын 35 жеке меншік үй іске қосуылған, 2014 жыл сонына дейін 4500 м² тұрғын үй іске қосу жоспарланған.

Аягөз аудандық сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі келесі нысандар бойынша тапсырыс беруші:

  1. «ШҚО, Аягөз ауданы, Аягөз қаласының су жүйелерінің қайта жаңғырту ІІI кезегі»  нысанның құрылысын 2014 жылы желтоқсан айында пайдалануға берілді деп күтілуде.Жалпы құрылыс құны 746 млн.теңге. Мердігер «СДЕ» ӨК.
  2. «ШҚО, Аягөз ауданы, Аягөз қаласы Қабанбай көшесіндегі 600 орындық мектеп» құрылысы 2014 жылы қараша айында пайдалануға берілді деп күтілуде. Жалпы құрылыс құны 788 млн.теңге. Мердігер «Алау» ЖШС.
  3. «ШҚО, Аягөз ауданы, Аягөз қаласындағы 140 орындық бала-бақша» құрылысы 2013 жылы қараша айында аяқталуы тиіс болатын. Жалпы құрылыс құны 226 млн.теңге. Мердігер «Профиль ХХI» ЖШС. Бүгінгі күнде іс сотта қаралуда.
  4. «ШҚО, Аягөз ауданы Бидайық ауылындағы 80 орындық мектеп» құрылысы 2014 жылы қараша айынның басында пайдалануға берілді деп күтілуде. Жалпы құрылыс құны 355 млн.теңге. Мердігер «СДЕ» ӨК.

Құрылдысы 2015 жылға жоспарланған нысандар:

1)  «Аягөз қаласында биологиялық тазарту стансасының құрылысы».
2) «Аягөз қаласындағы 5-қабатты 60-пәтерлік екі тұрғын үй құрылысы».
3) «Аягөз қаласындағы орталық жылу қазандығы және қаланың орталық бөлігінің жылу желілерінің құрылысы».

Аудандық сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің басшысы: М.Татенов

Бет өзгертілді: 21-12-2016