ТҮКШ және құрылыс

Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2006 жылғы 17 шілдедегі №676 «Шығыс Қазақстан облысының Тұрғын ұй кұрылысының дамытудың 2005-2007 жылдарға арналган өңірлік бағдарламасың іске асыру туралы» каулысына сәйкес, Аягөз аудандык мәслихатының 2006 жылғы 21 тамызындағы №01-02/28-9 шешімімен бекітілген «Шығыс Қазақстан облысы Аягөз ауданы бойынша Тұрғын ұй құрылысын дамыту» бағдарламасы дайындалды.

Сол бағдарлама бойынша Аягөз ауданында келесі тұрғын үй аудандары іске қосылу жоспарланған:
- 2005 жылы салынуға тиісті 30 үйдің, яғни 2400м2 орнына 34 үй салынды 2675м2 барлық үй ауданы іске косылып 27,5 млн.теңге игерілді, тапсырма 111% пайызға орындалды.

- 2006 жылға тапсырма 2860м, яғни 36 тұрғын үй іске қосылу керек болса, 48 тұрғын үй тапсырылып 4207,8м2  жалпы үй ауданы іске қосылды, 49,0 млн.теңге игерілді,. Жылдық тапсырма жоспар бойынша 147 пайызға орындалды. 2006 жылы қазан айында жоспардан тыс Аягөз қаласында бір 12 пәтерлі алаңы 913 м2 муниципалды тұрғын үй іске қосылып 40,9 млн.теңге игерілді.

- 2007 жылға тапсырма 4300м2, яғни 50 тұрғын үйді іске қосылу жоспарланған. 2007 жылы нақты 54 үй тапсырылып 4855м2   жалпы үй ауданы іске қосылды. Жылдык тапсырма жоспар бойынша  111  пайызға орындалды.  2007  жылы маусым  айында жоспардан тыс Ақтоғай кентінде «Қазақстан темір жолы ұлттық компаниясының» 7-екі пәтерлік (14 пәтер) тұрғын үй іске қосылып, жалпы тұрғын ауданы 1439м2 құрайды, 88 млн.теңге қаражаты игерілді.
2008 жылғы тапсырма 4900м2, яғни 52 тұрғын үйді іске қосып, 75,2 млн. теңге игеру жоспарланып отыр. 2008 жылдың 1-ші мамырына дейін нақты 24 үй тапсырылып 2393м2   жалпы үй ауданы іске қосылды, мөлшері 35,426 млн. теңге жеке қаражат игерілді. Жеке меншік үй салу мақсатында 54 жер участогі белгіленіп берілді.

 

Бет өзгертілді: 21-12-2016