ТҮКШ және құрылыс

Аягөз аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі мемлекттік мекемесі

ЖШС «Аягөз жолдары»
Аягөз ауданының жергілікті маңыздағы жолдарының жағдайы қанағаттандырарлықсыз. Жергілікті жолдардың жалпы ұзындығы-679  шақырымды құрайды, асфльт төселген жол ұзындығы- 95 шақырым, қиыршық тас жолы- 459 шақырым, тас жолы- 125 шақырымды құрайды. Аудандық жолдардың күрделі жөндеу жұмыстарына - 3 млрд. теңге қажет, ал орташа жөндеу жұмыстарына -1 млрд теңгені қажет етеді.
2005-2006 жылдарға аудан бюджетінен 16866 мың теңге қаржы жергілікті жолдардың қысқы қардан тазалауына, күтіп ұстауына, ағымдағы жөндеу жұмыстарын атқаруға бөлініп, толығымен игерілді.
Ауданның жергілікті маңыздағы жолдарына 2006-2007 жылдарына бөлінген 29345,0 мың тг.қаржы     қысқы қардан тазалауына,  күтіп ұстауына, ағымдағы жөндеу жұмыстарын атқаруға бөлініп,  25.11.2007 жылға нақты игерілгені - 27000,0 мың теңге.
«Аягөз жолдары» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бүгінгі күні балансында 2 дана-К-700, 1 дана-ШРС-470 маркалы қар тазалығыш техникасы, 3 дана-бульдозері, 1 автогрейдер ДЗ-222, 2 дана- жүк тасығыш автокөлігі және 2 жеңіл автокөлігі бар.Осы аталған техникалардың барлығының техникалық жағдайы орташа.

Жұмыстың атауы өлшем бірлігі Бар-
лығы
Жоспар
мың теңге
Игерілгені
мың теңге
 Қыс мерзіміндегі күтіп ұстау маш/сағ. 1484 5219 мың тг. 5219 мың. тг.
 Көктемгі жол жиектерін және төсенішін қырып жөндеу (профилактикалық) шақырым 332 2207 мың. тг. 2207 мың тг.
П Суағар трубасын дайындау қоңдырғы. 106 373 мың. тг. 373 мың тг.
Күзгі жол жиектерін және
төсенішін қырып жөндеу (профилактикалық)
шақырым 387 2574 мың. тг. 2574 мың тг.
Жол жиектерінің шөбін қыру шақырым 186 582 мың тг. 582 мың тг.
Жол жиегіндегі қауіпті
жерлерін анықтайтын  
белгілер
шақырым 186 293 мың. тг. 293 мың тг.

Барлығы:

    11248 мың.тг. 11248 мың тг.

Маршруттық жөндеу жұмыстарына қаралған қаржы - 13211 мың теңге, ауылдық округтердің жергілікті жолдарына төмендегідей жоспарланып толығымен игерілген:

Ауылдық округтің атауы Жоспар Игерілгені
Сергиополь ауылдық округі 2020355 2020355
Тарлаулы аулыдық округі 4180000 4180000
Қарағаш ауылдық округі 1624266 1624266
Мыңбұлақ ауылдық округі 2179765 2179765
Емельтау ауылдық округі 2029900 2029900
Байқошқар ауылдық округі 1177135 1177135
Барлығы: 13211421 13211421


МКК «Қалалықүйкомшарқұрылыс»

Жергілікті бюджеттен 2007 жылға қала көшелерінің жөндеу жұмыстарына және күтіп ұстауына- 4712 мың теңге қаржы қаралған, бұл қаржы мына мақсаттарға жоспарланды:

  1. 2000 мың теңге қысқы мерзімге қаралатын жол шығындарына арналады.
Жұмыстың атауы өлшем бірлігі Барлығы Жоспар
 мың. теңге
Игерілгені
мың тг.
 Қыс мерзіміндегі күтіп
ұстау
шақырым 1440 2000 мың. тг. 2000 мың тг
 Ағымдағы жөндеу жұмыстары м2 13425 2712 мың. тг. 2712 мың тг.
Барлығы:     4712 мың тг 4712 мың тг.

- 1712 мың теңге қаржы ағымдағы жол жұмыстарына арналған. Қажет ететін көшелер: Ә. Тәнірбергенов, С. Габбасов, Ш. Уалиханов, Абай Бульвары, Нуралин, Б. Момышұлы, Қабанбай Батыр, Бөгенбай Батыр, Ақтамберді, Х.Дүйсенова, Гагарина, А.Көшкімбаев және М.Әуезов.   
2007 жылғы қаланың негізгі көшелерінде Республикалық бюджеттен су құбырларларының І-кезеңі бойынша қайтадан күрделі жөндеу жұмыстарының жүргізіліп жатқанына байланысты, Аягөз қаласының су құбыры тартылған көшелерінің жолдарын қалпына келтіру конкурсты жеңіп алған «Кумаров и К» ЖШС-не міндеттелген, 2007 жылға жоспарланған көшелер негізінде Барақ батыр, темір жол астымен өтетін негізгі насосты станциясының қондырғы насостарымен электр желілірін айырбастауға жоспарланған 43 млн. теңге толығымен игерілуде.
2007 жылға Шынқожа ауылына ауыз су бағдарламасы бойынша қайтадан күрделі жөндеу жұмыстары жоспарланған.77 млн. теңге жобалық-сметалық құжаттары дайындалып, конкурс өткізілді.Биылғы жылға 35 млн. теңге қаржыға жоспарланған кестеге сәйкес, ауылға дейінгі су құбыры, электр линиясы, 2-ші насос станциясы жасалынды. Қалған қаржы 2008 жылға жоспарланып жасалынатын болады. Конкурс жеңімпазы Семей қаласының «Тайл-Транс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.
Жергілікті маңызы бар автомобиль жолдары және қаладағы көшелік жол желілерінің жағдайы орташа.
Қосымша 2008-2009 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму бағдарламасының орта мерзімді жоспары бойынша Шыңқожа-Мынбұлақ-Акшәулі бағытындағы жергілікті жолдың 29-41 шақырымына (12), күрделі жөндеу жұмыстары жоспарланған.
Биылғы жылы, Шынқожа-Мынбұлақ-Ақшәулі аталған жолдың жобалық-сметалық құжаттарын дайындауға аудандық бюджеттен 4 млн. теңге қаржы бөлініп, қазіргі уақытта Семей қаласының «Жаңа жол» жауапкершілігі шектеулі серіктестігімен келісім шарты жасалынды. Сметалық құны 560 млн. теңгені құрайды.
Аягөз қаласындағы Аягөз өзені бойында орналасқан автожол көпіріне техникалық зерттеу жұмыстары жүргізіліп, тендерге жергілікті бюджеттен 5 млн. теңге бөлініп, Өскемен қаласының «Мостостроительная компания» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жеңіп алды.
Аудан бойынша жергілікті маңыздағы жолдарға бөлінгені барлығы: 24633+4712=29345. Олардан маршруттік жөндеуге 15923421 теңге, игерілгені 15444421 теңге, қалғаны 479000 теңге. Қысқы күтіп ұстауға 13248000 теңге, игерілгені 9086000 теңге, қалғаны 4162+500=4662 мың тг.
Олардан  ЖШС «Аягөз жолдары» 3449000+300= 3749 мың. тг.
«Қалалықүйкомшарқұрылыс» МКМ 713000+200=913 мың тг.

Шығыс Қазақстан облысы әкімшілігінің 2006 жылғы 31 наурыздағы № 572 «Облыстың елді мекендерін көріктендіру, көгалдандыру мен санитарлық жайын жақсарту бойынша екі айлық өткізу туралы» қаулысына  және Аягөз ауданы әкімдігінің 2007 жылғы 21 наурыздағы № 43  «Аудан елді мекендерін көктемгі көгалдандыру, көркейту және  санитарлық тазалауды жақсарту жөніндегі екі айлық өткізу туралы» қаулысына сәйкес ауданның елді мекендерінің көріктендіру деңгейін одан әрі арттыру мен санитарлық жайын тиісті қолдау үшін, тұрғындардың санитарлық-эпидемиологиялық сау болуын қамтамасыз ету үшін 2007 жылдың 5 сәуірден 5 маусымға дейін Аягөз ауданында сенбілік жарияланды.
Ауданда 2007 жылдың 5 сәуірден 5 маусым аралығында көркейту, көгалданлыру және санитарлық тазалау жөнінде екі айлық жарияланып, жұмысшы комиссиясы құрылып, жұмысшы тобының құрамына санитарлық-эпидемиологиялық бақылау, ішкі істер бөлімінің, денсаулық сақтау қызметкерлері, кәсіпорынлар мен мекемелердің, аудандық экологиялық инспекцияның, аудандық білім бөлімдерінің қызметкерлері және аудан әкімі аппараты мен ауылдық округтердің қатысуымен өтті.
Аягөз ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуының көркейту және көгалдандыру рейтингтік бағалау жүйесінің 2006 жылға арналған көрсеткіштері бойынша 2007 жылдың ІІІ-тоқсанына 7700 көшет егілді,  бір тұрғынға шаққанда 0,10 құрайды.

  1. отырғызылған ағаштар - 3170 түб тал егілді;
  2. Көшеттер, бұталар - 6958 куб метр;
  3. Гулдер - 4500 түб егілді;

Ауданы бойынша көгалдандыру және көркейтуге бөлінген қаражат 800 мың тг. толықтай игерілді.
Аягөз қаласы бойынша көшелерді жарықтандыруға 5000 мың теңге жоспарланған, Аягөз қаласының Нуралина, Гагарина, А. Көшкімбаева және т.б. көшелеріне электр жарығы тартылды. 
2005 жылы Аягөз қаласына жылына көлемі 120 мың м3 қалдықтар жиналатын, жер аумағы 15 га тұрмыстық қалдық полигонының  жобалау-сметалық құжаттары дайындалды. Тапсырыс беруші Аягөз аудандық құрылыс бөлімі. Құрылыстың  жалпы құны – 72407,0 мың теңге, оның ішінде:     
I  кезекке –  29517 мың теңге
II кезекке – 42890 мың теңге
Бірінші кезектің қалдықтарды жинау уақыты 15 жылға есептелген. 2006 жылға бөлінген 14500,0  мың теңге толықтай игерілді. 2007 жылға 13197,0 мың теңге қаражат облыстық құрылыс Департаменті арқылы бөлінеді.  Бірінші кезектегі құрылысы 2007 жылы толығымен орындалып аяқталды. 
Бірінші кезектегі құрылысқа : шаруашылық зонасын (күзет, гараждар, бақылау-дезинфекциялау ваннасы), кіру жолын, қоршау, канавалар жасау жұмыстары көзделіп отыр.            
Екінші кезекте: мал қорымы (скотомогильник), оны қоршауы жұмыстары жоспарға сәйкес 2008-2009 жылдарға белгіленіп отыр. 
Сонымен қатар, Ақтоғай кентіне тұрмыстық қалдықтары полигонына «Қазақмыс Корпорациясы» ЖШС-нің меморандумында қойылған келісім бойынша, аумағы 65 мың куб, жалпы құны 35 млн. теңге құрылыс жұмысы тапсырылды.
Баршатас ауылдық округіне 2008 жылдың бюджетіне техника-экономикалық сараптама жасауы жоспарлануда.
Қалған ауылдық округтарда 2009 жылдан бастап орта мерзімдегі іс жоспар бағдарламасына сәйкес.

 

Бет өзгертілді: 21-12-2016