Азаматтардың арыз-өтініштері

"Электрондық үкімет" порталы арқылы электрондық өтініштер беру  

2016 жылдың 6 айында Аягөз ауданының әкімі аппаратына түскен арыз-өтініштер туралы ақпарат

Аягөз ауданы әкімінің аппаратында жеке және заңды тұлғаларды қабылдау және олардың өтініштерін қарау тәртібі Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы № 221 «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңымен және аудан әкімі аппаратының Регламентімен айқындалған.

Жеке және заңды тұлғаларды қабылдау күн сайын кестеге сәйкес (сенбі мен жексенбіден басқа күндері) сағат 14-30-дан бастап 18-30-ге дейін аудан әкімі аппаратының ғимаратында Абай бульвары, №14 мекен-жайы бойынша жүргізіледі. Алдын-ала жазылу күн сайын (сенбі, жексенбіден басқа күндері) №106 кабинетте жүргізіледі, телефон: 7-00-24.
Жауап берілмеген немесе ақпарат беруден заңсыз бас тартылған жағдайда «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы №221 Заңына сәйкес шағым беруге болады.
Аягөз ауданы әкімінің аппараты басшылығының жеке және заңды тұлғаларды жеке мәселелері бойынша қабылдау кестесі:

Басшының аты, әкесінің аты, тегі Лауазымы Қабылдау күні Қабылдау уақыты
Байахметов Бақытжан Кәкенқажыұлы Аудан әкімі әр аптаның жұма күні сағ. 14.30-дан
18.30-ға дейін
Сүлейменов Болат Серікқазыұлы Аудан әкімінің орынбасары әр аптаның сәрсенбі күні сағ.14.30-дан
18.30-ға дейін
Жөргекбаев Дархан Шомпайұлы Аудан әкімінің орынбасары әр аптаның бейсенбі күні сағ.14.30-дан
18.30-ға дейін
Нүкібаев Бауыржан Молдағалиұлы Аудан әкімінің орынбасары әр аптаның сейсенбі күні сағ.14.30-дан
18.30-ға дейін
Рғаева Қарлығаш Рысбекқызы Аудан әкімі аппаратының басшысы әр аптаның дүйсенбі күні сағ.14.30-дан
18.30-ға дейін

2016 жылдың 6 айында аудан әкімі аппаратымен жалпы саны 610 өтініш тіркеуге алынды (өтініш-610). 2015 жылдың сәйкесінше мерзімімен салыстырғанда 274 өтінішке қысқарған.
Түскен өтініштердің басым көпшілігі: жер қатынастары–(204), әлеуметтік және жұмыспен қамту сұрақтары – (45), ауыл шаруашылығы – (2), ТҮКШ (баспана, құрылыс, ауыз су, жылу, авто жол сұрақтары) – (250) экономика, мәдениет, білім, денсаулық сақтау және басқа да өтініштер.
Қарау нәтижелері бойынша 224 өтінішке түсіндіріліп, 318 өтінішке қанағаттандырылып, 64 өтінішке жартылай қанағаттандырылып және 4 өтініш иелерінің өтiнiштері бойынша қарауды тоқтату туралы өтiнiшхат беру негізінде қараусыз қалдырылды.
Жоғары органдардан 6 айда 26 өтініш түсті. 
Аудан көлеміндегі қала, кенттік және ауылдық округ әкімі аппараттары мен мемлекеттік мекемелерде жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін бірыңғай тіркеу жүйесі (ЕСЭДО) бағдарламасына еніп, ай сайын ҚР БП құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетіне, Аягөз аудандық прокуратураға есеп беріліп отырады.
2016 жылдың бірінші жартыжылдығынан бастап 112 тұлға қабылданды, оның ішінде 94 адам аудан әкімінің жеке қабылдауында болды.
Аудан әкімі аппаратына түскен барлық өтініштер бақылауға алынады және орындалуы үнемі қадағаланады.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті басшылығының азаматтарды және заңды тұлғаларды жеке мәселелері бойынша қабылдау кестесі *.doc 35 KB
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы №221 "Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы" Заңы *.doc 77 KB
     
Бет өзгертілді: 14-11-2017