ӘКІМ АППАРАТЫ

Аудан әкімі аппаратының құрылымдық бөлімшесі

 

Сулейменов Болат Серикказыевич

Сулейменов Болат Серикказыевич 1981 жылы 19 қыркүйегінде Үржар ауданы, Таскескен ауылында дүниеге келген. 2002 жылы Алматы қаласындағы Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша оқып бітірген. 2002-2003 жылдары ҚР Қарулы күштері қатарында әскери борышын өтеді. 2003-2011 жылдары аралығында жеке кәсіпкерлікпен айналысқан. 2011-2012 жылдары Семей қаласы әкімдігінің «Жұмыспен қамту орталығы» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынның оқыту және жұмысқа жәрдемдесу бөлімінің маманы. 2012-2013 жылдары Семей қаласы әкімі аппаратының құжаттармен қамтамасыз ету және бақылау бөлімінің жетекші маманы. 2013-2014 жылдары Семей қаласы әкімі аппаратының персоналды басқару бөлімінің бас маманы. 2014-2015 жылдары Семей қаласы әкімі аппаратының заң бөлімінің бас маманы. 2015 жылдың 26 қаңтарынан бастап 26 наурызы аралығында Семей қаласы әкімі аппаратының мемлекеттік құқық бөлімінің бас маманы. 2015 жылдың 27 наурызынан бастап 15 маусымы аралығында Семей қаласы әкімі аппаратының персоналды басқару бөлімінің басшысы. 2015-2017 жылдары аралығында Аягөз ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру бақылау жұмыстары және құжаттармен қамтамасыз ету бөлімінің басшысы. 2017 жылдың 6 қаңтарынан бастап Аягөз ауданы әкімінің орынбасары болып тағайындалды.

Лауазымдық міндеттері:
Аудандық ішкі саясат, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар, білім, денсаулық сақтау, дене шынықтыру және спорт, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімдері мен зейнетақы төлеу орталығының қызметін үйлестіру.
Әлеуметтік саланы дамыту, білім, ғылым, жастар және гендерлік саясаты реформаларының мәселелері, кадрларды дайындауды жүзеге асыратын облыс көлеміндегі жоғары оқу орындарымен байланыс ұйымдастыру, ауданның орта арнайы оқу орындарының, кәсіпорындары мен мекемелері қызметінің мәселелері, жұмыспен қамту, көші-қон мәселелері. Әлеуметтік-саяси процестерді зерттеуді, саяси жағдай мен аудан дамуының маңызды мәселелері жөнінде қоғамдық пікір мониторингін ұйымдастыру. Ауданның санитарлық-эпидемиологиялық басқармасы, қорғаныс істері жөніндегі бөліммен, көші-қон полициясының бөлімшесімен, аудандық газеттердің редакцияларымен, қайырымдылық қорларымен, қоғамдық, саяси ұйымдар мен діни бірлестіктермен өзара іс-қимылды қамтамасыз ету.
Баршатас, Малкелді, Байқошқар, Қосағаш, Мәдениет, Емельтау ауылдық округтері әкімдерінің қызметін бақылауды жүзеге асырады.

Мекен-жайы: ШҚО Аягөз қаласы Абай бульвары 14
Қабылдау уақыты: әр айдың I және IV жұмасы сағат: 14.30-18-30
Жұмыс телефоны: 8(72237)7-00-77

   
 

Жоргекбаев Дархан Шомпаевич

Аягөз ауданы әкімінің орынбасары - Жоргекбаев Дархан Шомпаевич

Жоргекбаев Дархан Шомпаевич 1979 жылы 18 ақпанда Тарбағатай ауданы Ақжар ауылында туған. 1984–1995 жылдары Ақжар ауылы М. Әуезов атындағы орта мектепті оқып, бітірген. 2000 жылы Шығыс Қазақстан Мемлекеттік Университетінің «Қазақстан тарихы» мандығы бойынша тәмамдады. 2000 - 2003 ж. жеке кәсіпкерлікпен айналысқан. 2004 - 2007 ж. Алматы Экономика және Статистика Академиясының «қаржы» мамандығы бойынша оқып, бітірген. 2003–2005 ж. ШҚО Статистика Департаментіндежетекші және бас маман лауазымында қызмет еткен. 2005 – 2011 ж. Тарбағатай аудандық статистика басқармасының бастығы болды. 2011 жылы сәуір желтоқсан айлары арасында ШҚО СЕО ЕМК директорының орынбасары лауазымында болған. 2011-2015 ж. Ұлан аудандық статистика басқармасы бастығы болып қызметтерін атқарды. 2015 жылдың 19 наурызынан бастап Аягөз ауданы әкімінің орынбасары болып тағайындалды.

Лауазымдық міндеттері:
Жергілікті бюджеттің кіріс бөлігінің жоспарын дайындау, кіріс жағының орындалуын қамтамасыз ету, инвестиция тарту мәселелері, ай сайын бірінші кезекте еңбек ақылар мен жәрдемақылардың төленуін қамтамасыз ету, аудандық салық комитетінің, қазынашылықтың, банктердің, экономика және қаржы бөлімі, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі, аудандық кәсіпкерлік бөлімі, статистика, ауылшаруашылық және ветеринария, аудандық жер қатынастары бөлімі, жылжымайтын мүлікті тіркеу бөлімінің, «Аягөз ауданының ветеринарлық қызметі», «Су», «Ақтоғай» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындарының жұмыстарын үйлестіру. Сауда, шағын кәсіпкерліктің, шағын бизнесті қолдау және кәсіпкерліктің дамуындағы жұмыстарды үйлестіру; жерге орналастыру және жер пайдалану мәселелері Кәсіпорындардың қаржы жағдайын сараптайтын және төлемдердің мөлшерін азайту, тендерлік комиссияның жұмысын үйлестіру, сауда, шағын кәсіпкерліктің, шағын бизнесті қолдау және кәсіпкерліктің дамуындағы жұмыстарды үйлестіру, жерге орналастыру және жер пайдалану мәселелері.
Ауылшаруашылық өндірісін материалдық-техникалық жабдықтау, шаруа шаруашылықтарының және шаруа қожалықтарының даму, ауылдық жерде әлеуметтік жағдайды жақсарту мәселелеріне жедел басқару жасау.
Орман, балық және аң аулау шаруашылығының мәселелері, орман қорын бөлу, өңдеу кәсіпорындарының жұмыстарын үйлестіру, экологиялық және қоршаған ортаны қорғау мәселелерін жақсарту, табиғатты қорғау және оны пайдалану мәселелері.

Мекен-жайы: ШҚО Аягөз қаласы Абай бульвары көшесі 14
Қабылдау уақыты: әр айдың I және III сәрсенбісі сағат: 14.30-18-30
 Жұмыс телефоны: 8(72237)7-00-78

 

Нукибаев Бауыржан Молдагалиевич

Аягөз ауданы әкімінің орынбасары - Нүкібаев Бауыржан Молдағалиұлы

Нүкібаев Бауыржан Молдағалиұлы 1972 жылы 23 қарашасында Аягөз ауданының  Мыңбұлақ  ауылында туған. 2004 жылы Алматы қаласында Қазақ қатынас жолдары университетің теміржол көлігінде тасымалдауды ұйымдастыру және басқару, мамандығы бойынша бітірген. 2012 жылы Семей қаласында Қазақ инновациялық гуманитарлық заң университетің құқықтану-бакалавры, мамандығы бойынша бітірген. 1990-1992 жылдары Әскер қатарында болды. Еңбек жолын 1993 жылы Алматы қаласының Алматы теміржол бөлімі-аға жүкті сақтаушы болып бастаған. 1995-1997 жылдары «Олжа» ЖШС бас маманы. 1997-1998 «Ақжайк» ЖШС бас маманы. 1998-1999 жылдары «Қазақстан темір жолы» жолаушылар тасымалдау ЕМК» Алматы аймақтық филиалы-жүкті қабылдап алушы. 1999-2000 жылдары «Асен» ЖШС директордың орынбасары. 1999-2000 жылдары «Дат» ЖШС директордың орынбасары. 2001-2002 жылдары «Қазақстан темір жолы» жолаушылар тасымалдау ЕМК» Алматы аймақтық филиалы-жүкті қабылдап алушы. 2002-2005 жылдары аралығында «Жолаушылар тасымалы» ашық акционерлік қоғамы «Багаж тасымалдаушылар филиалы» Семей-Защита өндірістік учаскесі бастығы. 2005-2006 жылдары «Жүк тасымалы» акционерлік қоғамы Семей-Защита өндірістік учаскесі бастығы. 2006-2007 жылдары «Жүк тасымалы» акционерлік қоғамы – вице президент. 2008-2010 жылдары Семей қаласының «Семей-Табыс» ЖШС - қаржы директор. 2010-2015 жылдары «Кұрылысдеталь» ЖШС маман. 2015 жылдың шілде айынан бастап Аягөз ауданы әкімінің орынбасары болып тағайындалды.

Лауазымдық міндеттері
Аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары, сәулет, қала құрылысы және құрылысбөлімдерінің қызметін үйлестіреді.
Қорғаныс істері жөніндегі, төтенше жағдайлар жөніндегі, өртке қарсы мемлекеттік қызмет бөлімдерімен, аудандық төтенше жағдайлар жөніндегі бөлімімен өзара іс-қимылды қамтамасыз етеді.
Тұрғын үй саясатын іске асыруды, энергетика, телекоммуникация, байланыс, автомобиль, су, теміржол және әуекөлігі, автомобиль жолдарын жөндеу және күту, коммуналдық қазыналық кәсіпорындарының қызметтерін қамтамасыз ету мәселелері.
Өз құзіреті шегінде азаматтық қорғаныс, сондай-ақ жұмылдыру дайындығы мәселелері жөніндегі заңдылықты сақтауды ұйымдастырады және орындалуын қамтамасыз етеді. Төтенше жағдайлар жөніндегі аудандық комиссияға басшылық ету.
Басқару бағытындағы бөлімдермен әкімдіктердің және облыс пен аудан әкімдерінің кесімдерін орындауға және олардың орындалуы бойынша уақытында беруге бақылау жасауды қамтамасыз ету.
Аягөз қаласы, Мыңбұлақ, Ақшәулі, Тарбағатай, Қарағаш, Нарын ауылдық округтері әкімдерінің қызметін бақылауды жүзеге асырады.
Тұрғын үй – коммуналдық шаруашылық, су, жылу, электрэнергиямен жабдықтау, сәулет және құрылыс, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және байланыс мәселелеріне жетекшілік етеді.

Мекен-жайы: ШҚО Аягөз қаласы Абай бульвары 14
Қабылдау уақыты: әр айдың II және IV бейсенбісі сағат: 14.30-18-30
Жұмыс телефоны: 8(72237)7-00-81

 

Рғаева Қарлығаш Рысбекқызы

 Аягөз ауданы әкімінің аппарат басшысы - Рғаева Қарлығаш Рысбекқызы

Рғаева Қарлығаш Рысбекқызы 1968 жылдың 28 қарашасында Семей облысы, Аягөз қаласында туған. 1989 жылы Семейдің ет және сүт өнеркәсібі технология институты – инженер-технолог, 2000 жылы Алматы қаласындағы Қонаев атындағы гуманитарлық университетін заңгер мамандықтары бойынша бітірген. Еңбек жолын 1989 жылы Торғай облысы Есіл қаласының СПТУ-6 орта кәсіби техникалық училищесінің шебері болып бастаған. 1993-1997 жылдары СПТУ-6 орта кәсіби техникалық училищесінің оқытушысы, 1998-2000 жылдары Аягөз қалалық «Игілік» АҚ заңгері, 2000-2001 жылдары Аягөз аудан әкімі аппаратының ұйымдастыру-кадр жұмыстары бөлімінің жетекші маманы-заңгері, 2001-2002 жылдары Аягөз аудан әкімінің мемлекеттік құқықтық мәселелері жөніндегі кеңесшісі, 2002-2005 жылдары Аягөз ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру-кадр жұмыстары және бақылау бөлімінің бастығы, 2005-2008 жылдары кадр және мемлекеттік құқықтық жұмыстары бөлімінің бастығы, 2008-2009 жылдары ұйымдастыру-кадрлық және мемлекеттік-құқықтық жұмыстары бөлімінің меңгерушісі, 2009-2010 жылдары заң бөлімінің меңгерушісі қызметтерін атқарған. 2010 жылдың желтоқсанынан бастап аудан әкімінің аппарат басшысы қызметіне тағайындалды.

Лауазымдық міндеттері:
Әкімнің және оның орынбасарларының жұмысын қамтамасыз етуге байланысты аудан әкімі аппаратының жұмысын үйлестіру;
Аппаратының құрылымдық бөлімшелерінің міндеттері мен өкілеттіктерін айқындау. Аудан әкімі аппаратының жұмысын техникалық қамтуды іске асыратын қызметкерлерді лауазымға тағайындау және лауазымнан босату, аудан әкімі аппаратының құрылымдық бөлімшелері туралы ережелерді бекіту;
Аудандық бөлімдердің, басқармалардың, ауылдық, поселкелік округтер әкімдері Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтарының, Үкіметінің Қаулыларының, облыс және аудан әкімінің шешімдері мен өкімдерінің орындауына бақылау жасау, аудандық өкілетті және атқарушы органдармен өзара байланысты жүзеге асыру;
Ішкі мәселелер бойынша бұйрықтар шығару, аудандық атқарушы органдардың басшылары мен қала, кент, ауылдық округі әкімдерін тәртіптік жауапкершілікке Тарту туралы ұсыныстар дайындау;
Аудан әкімі тағайындайтын кадрлар бойынша ұсыныстар жасау;
Ұйымдастыру-бақылау жұмыстары және құжаттармен қамтамасыз ету, заң және кадрлық жұмыстары, қаржы-шаруашылық бөлімдерінің жұмысын үйлестіру. Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің нормативтік актілерін, аудан әкімінің шешімдерін, өкімдерін және тапсырмаларын орындау жөніндегі қызметін үйлестіру. Аудан әкімінің аудандық мәслихатпен, облыстық басқару органдарымен және олардың аумақтық бөлімшелерімен өзара байланысты жүзеге асыру. Сайлау бойынша жұмыстарды жалпы қадағалайды.
Аудан әкімі аппаратының атынан мемлекеттік органдарда және басқа да ұйымдарда өкілдік ету.

Мекен-жайы: ШҚО Аягөз қаласы Абай бульвары 14
 Қабылдау уақыты: әр айдың II және IV сәрсенбісі сағат 14.30-18-30
Жұмыс телефоны: 8(72237)3-34-27

 

«Аягөз ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің регламентін бекіту туралы

*.doc 254 KB
«Шығыс Қазақстан облысы, Аягөз ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің ережесі

*.doc 55 KB

 

Бет өзгертілді: 29-08-2017