Басқармалар

Аягөз аудандық аумақтық ауыл шаруашылығы инспекциясының бастығы

Мусафирбеков Болат Жантұяқұлы

Мусафирбеков Б.Ж. 1960 жылдың 19 қазанында Семей облысы, Аягөз қаласында дүниеге келген.
1977-1980 жылдары аралығында XXV-СОҚП съезі атындағы кеңшарында комсомол жастар бригадасында жұмыс істеді. 1986 жылы Семейдің зоотехникалық-малдәрігерлік институтын, ветеринария мамандығы бойынша бітірді. 1986 жылы Таскескен ауданының, XXV- СОҚП съезі атындағы асыл тұқымды кеңшарында мал дәрігері, 1990 жылыдың қараша айынан №3 ферма меңгерушісі қызметін атқарды. 1994-1996 жылдары «Ақшәулі» асыл тұқымды кеңшарында бас малдәрігері болып жұмыс істеді. 1996 жылдан 1999 жылдың наурыз айына дейін «Нұр-Жан» жеке шаруашылық серіктестігінің директоры болып қызмет атқарды. 1999 жылдан 2010 жылдың қаңтар айына дейін Семей өңірлік, Аягөз ауданының малдәрігерлік зертханасының меңгерушісі қызметін атқарды. 2010 жылдың 12 қаңтарынан бастап ҚР АШМ АӨК ШҚО Аягөз аудандық Аумақтық инспекция бастығы қызметіне тағайындалдып.
Отбасылы. Жолдасы Мусафирбекова Бағлан Зейнішқызымен 4 бала тәрбиелеп отыр.

Мекеменің мекен жайы: Аягөз қаласы, Осенний переулок 48а
Қабылдау күндері: әр аптаның дүйсенбі, бейсенбісі сағ.15.00-18.00
Байланыс телефоны: 3-61-93

 

Бет өзгертілді: 29-12-2016