Басқармалар

ШҚО ТКҚСҚБД Аягөз аудандық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасынын басшысы

Жұмақанов Дәулет Ғазизұлы ШҚО ТКҚСҚБД Аягөз аудандық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасынын басшысы Жумаканов Даулет Газизович

1963 жылы 15-наурызда Семей облысы Аягөз қаласында дүниеге келген. Ұлты қазақ. Білімі жоғары. 1993 жылы Қарағанды мемлекеттік медициналық институты, мамандығы - эпидемиолог-гигиенист. Жалпы гигиена бойынша 1-санаттағы дәрігер деген дәрежесі бар. Еңбек жолын 1980 жылы «Трансельхозтехника» мекемесінде жүргізуші болып бастаған.
1982-1984 жылдары Кеңес Армиясының Қарулы куштері қатарында.
1993 – 1994 жылдары - Аягөз аудандық санитарлық-эпидемиологиялық стансасында дәрігер, Аягөз ауданы әкімшілігінің аппаратында бас маман.
1994-2010 жылдары - Аягөз теміржол санитарлық эпидемиологиялық стансасында, Семей бөлімшелік теміржол көлігіндегі мемлекеттік санитарлық эпидемиологиялық қадағалау басқармасының Аягөз бөлімінде бөлім меңгерушісі, бас дәрігердің орынбасары, бөлім бастығы.
2010 – 2011 жылдары Аягөз ауданы бойынша Мемлекеттік санитарлық эпидемиологиялық қадағалау басқармасына бас маманы.
2011 – 2014 жылдары Аягөз ауданы бойынша МСЭҚ басқармасының бастығы.
2014 – 2017 жылдары Тұтынушылар құқықтарың қорғау басқармасының басшысы.
2017 жылдың сәуір айынан қайта ұйымдастырылуына байланысты, Аягөз ауданының қоғамдық денсаулықты сақтау басқармасының басшысы қызметің атқаруда.
2008 жылы «Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ісінің үздігі» белгісімен марапатталған. Жанұялы, екі ұл тәрбиелеп отыр.

Қабылдау уақыты: күнделікті сағ. 15-00-тен 18-00-ге дейін
Tел. 8(72237) 3-00-64, 8 (72237) 3-00-42
Электрондық пошта: udgsn_ayagoz@mail.kz

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау министрлігі қоғамдық денсаулықты сақтау комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің Аягөз аудандық басқармасы аудан халқының санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз ету, профилактикалық және індетке қарсы іс-шараларды ұйымдастыру мен өткізу жұмыстарын іске асырады. Басқарманың лауазымды тұлғаларының мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалауды жүзеге асыру бойынша құқықтары «Халықтың денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінің 21-бабымен анықталған.Басқарма өзіне қойылған міндеттерді шешу үшін мынадай функцияларды жүзеге асырады:
1) профилактикалық және індетке қарсы іс-шараларды әзірлейді және іске асыруды қаматамасыз етеді;
2) аудан халқының санитарлық- эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз ету бойынша қаулы шығарады және оның орындалуына бақылау жасайды;
3) санитарлық-эпидемиологиялық ахуал шиеленіскен және ТЖ шыққан кезде іс-шаралар ұйымдастырады;
4) жұқпалы аурулардың алдын алу жөнінде іс-шараларды ұйымдастыру мен өткізуге бақылау жасайды;
5) аудан аумағында мыналар бойынша мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалауды жүзеге асырады:
- ұйымдардың, мекемелердің және кәсіпорындардың, лауазымды тұлғалардың және азаматтардың санитарлық ережелер мен нормаларды және гигиеналық нормативтерді сақтауына, халықтың демалуы мен тұрмысын, оқу, еңбек ету, оқу, жағдайларын сауықтыруға, қоршаған ортаның ластануын алдын алуға, жоюға, бағытталған санитарлық-гигиеналық және індетке қарсы іс-шараларын жүргізуге, жұқпалы, паразиттік аурулардың, уақытша еңбек қабілетін жоғалтқан кәсіптік аурулардың, тамақ және кәсіптік аурулардың, тамақ және кәсіптік уланудың алдын алуға;
- қалалық және ауылдық елді мекендердің жоспарлануы мен құрылысына, тұрмыстық-азаматтық және өнеркәсіптік құрылыс объектілерінің келешек жоспарлану сатысында, оларды орналастыру, жер телімдерін бөлу, жобалау, салу және нысандарды пайдалануға қабылдау сатысында;
- дайын тамақ өнімдері мен азық-түлік шикізаттарын өндіруге, сақтауға, тасымалдауға және тасуға;
- тамақ өнімдерімен және ауыз сумен жанасатын технологиялық жабдықтардың, құрал-саймандардың, ыдыстардың, қаптама материалдарының өндірісі мен пайдалануына;
- балалар ойыншықтары мен тауарлардың, косметикалық және жуғыш заттардың өндірісі мен сатылуына;
- елді мекендерді сумен қамтамасыыз ету, кәріз және тазалау,коммуналдық және тұрмыстық объектілердің жағдайына,жер беті мен жер асты суларының,шаруашылық-ауыз сумен жабдықтау көздерінің,тынығу орындарының атмосфералық ауа мен топырақтың ластануын алдын алу және жоюжөніндегі іс-шараларды жүргізуге;
- жұқпалы және паразиттік аурулардың жағдайына,жұқпалы ауруға күдікті тұлғалар мен науқастарды ауруханаға жатқызу бойынша іс-шараларды орындауға,ошақтарда дезинфекциялау,дезинсекциялау,дератизациялау жұмыстарын жүргізуге,науқаспен қатынаста болған тұлғаларға зертханалық тексеру мен алдын алу екпелерін жасауға;
6) жоба алдындағы және жобалық құжаттамаларға келісім береді;
7) өнімдердің, тауарлардың, үдерістердің және қызметтердің өңірлік стандарттары сондай-ақ өз құзіреті шегінде міндетті лицензиялауға жататын қызмет түрлерін қарап, алғашқы қорытындылар береді;
8) халықтың декреттелген тобын санитарлық ережелер мен гигиеналық нормативтерге оқытуды бақылау және салауатты өмір салтын насихаттауға қатысады;
9) адамдарды тамақ өнімдердің, азық-түлік шикізатын, шаруашылық-ауыз суын, химиялық, уытты және радиациялық заттарды тасымалдау үшін пайдаланылатын көлік құралдарының санитарлық ережелер мен гигиеналық нормативтерге сәйкестігін тексеруді жүзеге асырады, сондай-ақ оларды пайдалануға келісім береді;
10) аурулар, тіршілік ету ортасының жай- күйі және жүргізіліп жатқан санитарлық індетке қарсы (профилактикалық) іс-шаралар туралы Аягөз ауданы аумағындағы халықты уақтылы хабардар ету жөнінде іс-шараларды жүзеге асырады;
11) мемлекеттік санитарлық –эпидлемиологиялық қадағалау органдары құзыретіне жататын мәселелер жөніндегі азаматтар мен заңды тұлғалардың өтініштерін қарайды.
Басқарма мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалауды жүзеге асыру кезінде өзіне жүктелген міндеттер мен функцияларды орындау үшін өз құзыреті шегінде мыналарға:
1) ұйымдардан, мекемелерден, кәсіпорындардан қажетті құжаттарды, сондай-ақ жұқпалы және кәсіптік аурулардың пайда болуы мен таралу себептерін, халықтың денсаулығына қоршаған орта факторларының әсерін анықтауға қатысты ақпараттарды сұрауға және алуға;
2) басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша облыс әкімдігі қаулыларының, облыс әкімінің шешімдері мен өкімдерінің орындалуына бақылау жасауға;
3) халықтың денсаулығын сақтау мен жақсарту жөніндегі іс-шаралардың тиімділігін жақсарту бойынша тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік әкіміне ұсыныстар енгізуге;
4) санитарлық –эпидемиологиялық мониторингті жүзеге асыруға, есеп және статистика жүргізуге;
5) салауатты өмір салтын насихаттауға;
6) санитарлық –эпидемиологиялық сараптама ұйымдастыруға; жобалау нормаларын, оқу-еңбек жүктемелерін, сабақ тәртібін және балалардың мектепке дейінгі және жасөспірім мекемелерінде, мектептерде, жоғары және орта оқу орындарында болуына арналған жағдайларға келісім беруге;
7) санитарлық –эпидемиологиялық салауаттылықты қамтамасыз ету саласындағы өзге де мемелекеттік бақылау органдарымен өзара іс-қимыл жасауға құқығы бар.

 

  Жазғы кезеңде ұйымдастырылған балалар ұжымдарындағы тамақтан уланудың алдын алу шаралары *.doc 131 KB
  Туберкулез және оның алдын алу шаралары туралы не білеміз *.doc 45 KB
  Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау – сыбайлас жемқорлыққа қарсы *.doc 281 KB
  Тұрғындарға қызылшаныңалдын алу шаралары *.doc 94 KB
  АИТВ - инфекциясының алдын алу *.doc 90 KB
  Жаңа жыл мерекесі: денсаулық мәселесін қалай болдырмау! *.doc 48 KB
  Тұрғындарға ауыз судың сапасы туралы *.doc 206 KB
  Шылым шегудің адамның денсаулығына зиян келтіруі *.doc 75 KB
  Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылсаласындағы заңнамаларының, Әдеп кодексінің негізгі ережелерін түсіндіру *.doc 275 KB
  Қоғамның барлық маңызды салаларындағы түбегейлі қайта құрылу, демократиялық және құқықтық мемлекеттің құрылу, өркениет экономикасының даму және қалыптасу кезеңінде мемлекеттік билік және атқару органдары аса маңызды рөліне ие *.doc 97 KB
  Аягөз аудандық денсаулық сақтау басқармасы басшысының азаматтарды жеке және заңды тұрғаларды кабылдау кестесі *.doc 29 KB
Бет өзгертілді: 19-09-2019