Аудан аймақтары

Тарбағатай ауылдық округінің әкім

Тарбағатай ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушы–Бос орын

Азаматтарды қабылдау күні: әр аптаның сәрсенбі және жұма күндері сағ.14.30-дан 18.30-ға дейін
Жұмыс телефоны: 6-03-47, факс 6-03-87

Әкімніңлауазымдықміндеттері

  • азаматтардың өтiнiштерiн, арыздарын, шағымдарын қарайды, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау жөнiнде шаралар қолданады;
  • салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi жинауға жәрдемдеседi;
  • әкім аппараты әкімшісі болып табылатын бюджеттік бағдарламаларды әзірлеп, тиісті мәслихаттың бекітуі үшін жоғары тұрған әкімдіктің қарауына енгізеді;
  • азаматтар мен заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасы Конституциясының, заңдарының, Қазақстан Республикасының Президентi мен Yкiметi актiлерiнiң, орталық және жергiлiктi мемлекеттiк органдар нормативтiк құқықтық актілерiнiң нормаларын орындауына жәрдемдеседi;
  • өз құзыретi шегiнде жер қатынастарын реттеудi жүзеге асырады; 
  • ауылдық округтiң мемлекеттiк тұрғын үй қорының сақталуын, сондай-ақ ауылдық округте автомобиль жолдарының салынуын, қайта жаңартылуын, жөнделуiн және күтiп ұсталуын қамтамасыз етедi;
  • шаруа қожалықтарын ұйымдастыруға, кәсiпкерлiк қызметтi дамытуға жәрдемдеседi;
  • өз құзыретi шегiнде әскери мiндеттiлiк және әскери қызмет, азаматтық қорғаныс, сондай-ақ жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру туралы мәселелер бойынша заңдардың орындалуын ұйымдастырады және қамтамасыз етедi;
  • әдiлет органдары жоқ жерлерде Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен нотариаттық iс-қимылдар жасауды, азаматтық хал актiлерiн тiркеудi ұйымдастырады;
  • тарихи және мәдени мұраны сақтау жөнiндегi жұмысты ұйымдастырады; 
  • табысы аз адамдарды анықтайды, жоғары тұрған органдарға еңбекпен қамтуды қамтамасыз ету, атаулы әлеуметтік көмек көрсету жөнінде ұсыныс енгізеді, жалғызілікті қарттарға және еңбекке жарамсыз азаматтарға үйінде қызмет көрсетуді ұйымдастырады;  
  •  жергiлiктi әлеуметтiк инфрақұрылымның дамуына жәрдемдеседi;
  • қоғамдық көлiк қозғалысын ұйымдастырады;
  • шұғыл медициналық көмек көрсету қажет болған жағдайда ауруларды дәрігерлік көмек көрсететін таяу жердегі денсаулық сақтау ұйымына дейін жеткізіп салуды ұйымдастырады;
  •  жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарымен өзара iс-қимыл жасайды;
  • шаруашылықтар бойынша статистикалық есепке алуды жүзеге асырады; 
  •  жергілікті бюджетті бекіту кезінде қала, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихаты сессияларының жұмысына қатысады; 
  • республикалық маңызы бар қалада, астанада, облыстық маңызы бар қалаларда орналасқан мәдениет мекемелерін қоспағанда, мектепке дейін тәрбие беретін және оқытатын ұйымдардың, мәдениет мекемелерінің қызметін қамтамасыз етеді;
  • өз құзыретi шегiнде елдi мекендердi сумен жабдықтауды ұйымдастырады және су пайдалану мәселелерiн реттейдi;
    20) елді мекендерді абаттандыру, жарықтандыру, көгалдандыру және санитарлық тазарту жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырады; 
  • туысы жоқ адамдарды жерлеуді және зираттар мен өзге де жерлеу орындарын тиісті қалпында күтіп-ұстау жөніндегі қоғамдық жұмыстарды ұйымдастырады;
  • ауылдық округ әкімінің құзыреттеріне аудан орталығымен көлік қатынасын ұйымдастыру жөнінде аудандық атқарушы органға ұсыныстар енгізу, сондай-ақ ауылдық жерде оқушыларды мектепке дейін және кейін қарай тегін жеткізіп салуды ұйымдастыру да жатады. 
  • ауылдық округ әкiмi өзiнiң құзыретiне жатқызылған мәселелер бойынша өзiне жүктелген мiндеттердiң iске асырылуы үшiн жоғары тұрған әкiмнiң, аудандық мәслихатының алдында жауап бередi. 

Құрылымы жөнінде тарихи анықтама

Тарбағатай ауылы Тарбағатай тауының солтүстік батысына орналасқан. Басынан мұнар мен бұлт арылмайтын Өкпеті тауы мен Тарбағатай тауының баурайындағы Томар деген жайлаудан мөп-мөлдір тұма қайнарлары шығады. Тұмалар бірігіп өзен арнасын құрайды. Осы өзенді Аялы көзден шыққандықтан. Сұлу өзен немесе Аякөз өзені деп атаған. Аякөз өзені Аякөз ауданының ортасынан өтіп Балхаш көліне құяды.
Октябры революциясынан кейін бұрынғы Өкпеті болысының орнына қосшы ұйымдар құрылды одан кейін ұсақ колхоздар құрылды. Еңбек, Ақжайлау, Үшарал, Оянбірлік, Қарасу, Молотов, Қараой. Сол кезде осы колхоздар Ақсуат ауданына қарайтын болатын.
Сауатсыздықты жою мектебі болып ірге тасы қаланған мектеп 1920 жылы құрылды. Ол кезде байлардан азық-түлік салығы алынып жатқан, сондықтан балаларды бір жерден тамақтандырып, бір жерде жатқызып интернат тәрізді мекеме ашылған.Түске дейін 8-18 жастағы балалар оқиды, түстен кейін үлкендер сауатсыздықты жою мектебінде оқыды.
1928-1929 жылы алғашқы мектеп Қараой елді мекенінде ашылды.
1940 жылы ұсақ колхоздар бірігіп Октябрь атындағы колхоз болып құрылды.
1941 жылы соғысқа Тарбағатай өңірінен 197 адам аттанды. 100 соғыстан қайтып кеп туған жерде еңбек етті.
1961 жылы Тарбағатай колхозы Аякөз ауданының қармағына өтті.
Тарбағатай совхозында сол кезде қой -36000 бас, мүйізді ірі қара-3000 бас,құс саны- 20 мың. Жылқы-1000 бас .
Жер көлемі 191652 егістік 9489га оның ішінде жүгері 500га.
Техника ДТ-54 16 шт, МТЗ-5 6 шт, автомашина Газ-51 10 шт болды. Алғашқы колхоз-совхоз директорлары Жанботин Жәкембай, Султанбеков Жағыпар,Қадыров Байділдә,Сүйіндіков Әнуарбек, Қалиев Рамазан, Түсіпбеков Болат, Узбеков Сапар .
1968 жылы бұрынғы Октябрь 8 жылдық мектебі 10 жылдыққа ауысты.
1982 жылы ауыл ортасынан екі қабатты жаңа типте орта мектеп салынды.
Мектеп директоры болған ұстаздар Тышқанов Бидан, Слямов Рахманқұл, Егізбаев Қарпық, Кудерин Сақабай, Сиқымбаев Мұрат, Дінжұманов Тілеуғали, Каримов Қадыртай, Толықбаев Тұрартай, Исабеков Мадат, Биназаров Сәуленбек, Кузекубаева Социял, Құлжабаева Рымтай, Ахметов Төлеубай, Құдайбергенов Өсиет.
Ауыл әкімдері Слямбаев Ардақ,Тусупов Абылмансур,Несипбаев Ахметқали, Слямов Исатай.
Барлығы ауылдың өркендеуіне, халықтың білімін әл-аухатының артуына шаруашылық экономикасының көтерілуіне өз үлестерін қосты.
2007 жылы Мәдениет үйі салынды. 2009 жылы мектепте мұражай ашылды.
2010 жылы су құбыры салынды бітуге таяу.
1993 жылы совхоз ұжымдық шаруашылық болып қайта құрылды.
1995 жылы ұжымдық шаруашылық 52 –кі шаруа қожалығына таратылды.
Барлық мал-мүлік негізгі қорлар осы шаруа қожалықтарына бөлініп берілді.

Колхоз құрлысының, совхоз экономикасының дамуына үлес қосқандар

Бахты Құнанбаев, Ахметжанов Шомахан, Капызиев Орынтай, Бақтыбазаров Мәнәп, Омарғазин Мұқан, Түсіпбаев Жәнібек, Молдажаров Кәрім, Ауелғазин Құдайберген, Батталов Рақым, Қасымов Дүйсенғазы, Ешенғазин Төлеубай, Қарапчин Ахметолла, Бектенов Көшкімбай, Мұратханов Кәрім, Қырбақбаев Аралхан, Асылбеков Сләмбай, Алатаев Сәкен, Қыстаубаев Дүйсенбек, Майжанов Құлжабай, Майжанов Ұлан, Өмірзақов Кәрім, Жайықбаев Мұхаметқали, Жұмабекова Бағила, Мухаметқалиева Зағипа, Тайжанова Нұрбүбіш, Тоғызбай Ибрайұлы, Өзібек Мұхаметсадықов, Ғабитов Қадыр, Әлімбай Жаманов, Шопатов Жұмаділ, Ақан Есентемиров, Ешкенов Заманбек, Биназаров Ахметқазы, Тұрсынбаев Мертай, Касянов Сейлхан, Мамырханов Айтбай т.б. көптеген ардагерлер аянбай еңбек етті.

Ерен еңбектерімен ізгі өнеге қалдырған еңбек озаттары

Шымырбаев Шәріп,Өзібаев Әмен, Жұмабаев Төлеубек,Қырықбаев Ешен,Ешкенов Өкетай,Жұмаділов Тлеуберген,Жумаділов Сайлаубек, Молдашов Молдабек, Кәдіров Әскербек, Тұраов Жеңіс,Қалиев Жақсылық,Ахметказин Қадырбек,Ақбейсов Шәйман,Жүнісбеков Сәбен,Омаров Әуелхан,Аралханов Салық,Жабағытаев Ғазез,Өзібаев Әшім,Абзоллин Жанарбек, Жүнісбекова Гүлнәр, Мухатова Рыскул,Қорықбаев Мейірхан, Касьянов Серік, Ошыманов Тілеутай,Ғабдуллин Балтабек,Турлыбеков Мұқан, Әмірханов Мертай, Құдайберпгенов Бейсен, Біләлов Ноғайбай,Аблаев Тұрсын, Сәрсенбин Амантай, Бижуманов Сарқытбай, Құрманғожин Советхан, Байкадамов Сайлау, Тұраров Бейбіт, Жақанов Бейсенғали,Жақсылықов Сайлаубек, Омаров Төленді,Момышов Сақажан, Күйеужанов Кәдірбек, Ошақбаев Әскержан, Әділбеков Меделбек, Құлбеков Аблай, Тойкенов Шаймұхан.
Ауылда 2978 тұрғын оның 393 оқушылар.
Тарап кеткен ұжым орнына ірілі-ұсақты 184 шаруа қожалықтары жұмыс істейді. Ауыл халқын мәдени қамту үшін байланыс торабы, почта, емхана, кітапхана, мешіт үйі, тойхана, сауда дүкендері тұрақты қызмет атқаруда.

Ауылдық округі туралы жалпы мағлұматтар

Тарбағатай ауылдық округі 1928 жылы құрылған. Әкімшілік орталығы Тарбағатай ауылы Аякөз ауданынан 78 км қашықтықта.Облыс орталығынан 400 км қашықтықта орналасқан. Аумағы 184313 га жарты бөлігі таулы аймақ. Елді мекендер 4-еу (Малтүгел, Абдан, Ақшоқы,Орта-арал)
Халық саны 2937. 496 отбасы бар халықтың экономикалық белсенді бөлігі 1020 жоғарғы адамды құрайды.Зейнеткерлер саны- 270 адам
Әр- түрлі әлеуметтік жәрдемақы алатын азаматтар саны- 231
Халықтық ұлттық құрамы 99,8 % қазақ ,басқа ұлттар 02 %.
Ауыл округі географиялық жағдайынан тиымды орналасқан. Аумақ арқылы Республикалық маңызы бар автокөлік трассасы өтеді.
Сәуір айының ортасына қарай аяз қайтып, суық ауа қыркүйек айының ортасына қарай келе бастайды.
Қараша айының бірінші онкүндігінде қар түсіп, сәуір айының басында қар кете бастайды. Қыс кезінде қардың қалыңдығы 40-60 см жетеді. Жылдың жартысынан көбі желді болады.

Округ экономикасы

Округте 184 шаруа қожалығы бар олардың меншігінде 43 қыстақ, 2 тойхана, 12 сауда дүкендері жұмыс істейді. Қоғамдық сферада 2 кітапхана,
1 спорт зал, мектепте 393 оқушы бар.
2010 жылы мал сою цехы ашылды.
Ауыл шаруашылық өнімдерін өндірумен 62 шаруа қожалығы айналысады. Олардың 50 қой шаруашылығымен айналысады оның 8-і қосымша ірі қара малын өсірумен айналысады, 4-і қосымша жылқы өсірумен айналысады.
496 аула бар оның 476-сы мал бағумен айналысады.
2009 жылдың қорытындысы бойынша мал саны
Ірі қара- 5770 бас аналығы -3100 бас
Қой - 20600 бас аналығы 13040 бас
Ешкі- 4170 бас аналығы-1600 бас
Жылқы- 3410 бас аналығы-1700 бас
Түйе- 3бас аналығы- 1 бас
Құстар- 2700 бас
Тауық- 1600 бас
2009 жылғы өндірілген өнім Ет -17528 цн
Сүт- 44514цн
Жүн-482 цн
Жұмыртқа-260 м.д.

Ауылға қайырымдылық жасаған азаматтар

Күйеужанов.К - 80 000 теңге тұрмысы төмен отбасыларына 10 жанұя
Жиырма жылдық мектеп бітірушілер Мектепке 20 спорт киімдерін берді.
Мешіт үйінің шатырын жөндеуге 120 мың теңге қаржылай көмек берді.
Онжылдық мектеп бітірушілер Мектеп ауласына Гүлзәр жасап берді.
Бесжылдық мектеп бітірушілер 20000 теңге Спорт залын жөндеуге.
Ауылда өткен спорттық жарыстарға демеушілік жасаған ауыл тұрғындары:
Молдашов Нұржан және сыныптастары 100 мың теңге қазақша күреске
700 мың теңге ат спорт ойындары.
Касьянов Айдын 20 мың теңге волейбол жарысы
Бақтыбазаров Ғалымжан 20 мың волейбол жарысы
Тусупов Асқар 20 мың футбол жарысы
Ешенов Талғат 30 мың футбол жарысы
Каримов Бақытжан 15 мың волейбол жарысы
Ауыл әкімі тарапынан ауылда өткен іс-шараларға 20 мың теңге.
Ауыл әкімі жанындағы қоғамдық ұйымдар өз жұмыстарын жоспарлы түрде жүргізіп отырады.

Шығыс Қазақстан облысы, Аягөз ауданы, Тарбағатай ауылдық округінің 2018-2020 жылдарға арналған кешенді даму жоспары *.doc 7.3MB


Бет өзгертілді: 10-04-2018