Аудан аймақтары

Өркен ауылдық округінің әкімі

Тайботаев Талгат Нуртулеуович
Тайботаев Талгат Нуртулеуович 1969 жылдың 13 қыркүйегінде Семей облысы, Шұбартау ауданының, Косағаш ауылында туған. 1987-1989 жылдары әскер қатарында Совет Армиясының Чехославакияның Орталық әскери тобында болды. 1990-1994 жылдары Семей облысы, Шұбартау ауданы, Бақанас ауылында бригадир болып жұмыс істеді. 1994 жылы Новопокровка совхоз-техникумның толық курсын, зоотехния мамандығы бойынша бітіріп шықты. 2002 жылы Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетін «Құқық және экономика негіздері» бойынша толық курсын бітіріп шықты.1995-2006 жылдары Шығыс Қазақстан облысы, Семей қаласында, Ішкі істер саласында және құқықтық атқару жүйесінде,  Шығыс Қазақстан облысы, Жарма ауданы, Солнечный кентінде,  құқықтық атқару жүйесінде қызметтер атқарды. 2007-2011 жылдары аралығында Шығыс Қазақстан облысы, Семей қаласы, «Сулпак» сауда үйі, қауіпсіздік қызметінде бақылаушы және аға бақылаушы болып жұмыс істеді .2012 жылдың  24 қаңтарында  Шығыс Қазақстан облысы, Аягөз ауданы әкімінің өкімімен Т.Н. Тайботаев Өркен ауылдық  округінің  әкімі болып тағайындалды.

 Жұмыс тел. 72237 93-2-96
Азаматтарды қабылдау күні: әр аптаның сәрсенбі және жұма күндері сағ.14.30-дан 18.30-ға дейін

Әкімніңлауазымдықміндеттері

  • азаматтардың өтiнiштерiн, арыздарын, шағымдарын қарайды, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау жөнiнде шаралар қолданады;
  • салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi жинауға жәрдемдеседi;
  • әкім аппараты әкімшісі болып табылатын бюджеттік бағдарламаларды әзірлеп, тиісті мәслихаттың бекітуі үшін жоғары тұрған әкімдіктің қарауына енгізеді;
  • азаматтар мен заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасы Конституциясының, заңдарының, Қазақстан Республикасының Президентi мен Yкiметi актiлерiнiң, орталық және жергiлiктi мемлекеттiк органдар нормативтiк құқықтық актілерiнiң нормаларын орындауына жәрдемдеседi;
  • өз құзыретi шегiнде жер қатынастарын реттеудi жүзеге асырады; 
  • ауылдық округтiң мемлекеттiк тұрғын үй қорының сақталуын, сондай-ақ ауылдық округте автомобиль жолдарының салынуын, қайта жаңартылуын, жөнделуiн және күтiп ұсталуын қамтамасыз етедi;
  • шаруа қожалықтарын ұйымдастыруға, кәсiпкерлiк қызметтi дамытуға жәрдемдеседi;
  • өз құзыретi шегiнде әскери мiндеттiлiк және әскери қызмет, азаматтық қорғаныс, сондай-ақ жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру туралы мәселелер бойынша заңдардың орындалуын ұйымдастырады және қамтамасыз етедi;
  • әдiлет органдары жоқ жерлерде Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен нотариаттық iс-қимылдар жасауды, азаматтық хал актiлерiн тiркеудi ұйымдастырады;
  • тарихи және мәдени мұраны сақтау жөнiндегi жұмысты ұйымдастырады; 
  • табысы аз адамдарды анықтайды, жоғары тұрған органдарға еңбекпен қамтуды қамтамасыз ету, атаулы әлеуметтік көмек көрсету жөнінде ұсыныс енгізеді, жалғызілікті қарттарға және еңбекке жарамсыз азаматтарға үйінде қызмет көрсетуді ұйымдастырады;  
  •  жергiлiктi әлеуметтiк инфрақұрылымның дамуына жәрдемдеседi;
  • қоғамдық көлiк қозғалысын ұйымдастырады;
  • шұғыл медициналық көмек көрсету қажет болған жағдайда ауруларды дәрігерлік көмек көрсететін таяу жердегі денсаулық сақтау ұйымына дейін жеткізіп салуды ұйымдастырады;
  •  жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарымен өзара iс-қимыл жасайды;
  • шаруашылықтар бойынша статистикалық есепке алуды жүзеге асырады; 
  •  жергілікті бюджетті бекіту кезінде қала, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихаты сессияларының жұмысына қатысады; 
  • республикалық маңызы бар қалада, астанада, облыстық маңызы бар қалаларда орналасқан мәдениет мекемелерін қоспағанда, мектепке дейін тәрбие беретін және оқытатын ұйымдардың, мәдениет мекемелерінің қызметін қамтамасыз етеді;
  • өз құзыретi шегiнде елдi мекендердi сумен жабдықтауды ұйымдастырады және су пайдалану мәселелерiн реттейдi;
    20) елді мекендерді абаттандыру, жарықтандыру, көгалдандыру және санитарлық тазарту жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырады; 
  • туысы жоқ адамдарды жерлеуді және зираттар мен өзге де жерлеу орындарын тиісті қалпында күтіп-ұстау жөніндегі қоғамдық жұмыстарды ұйымдастырады;
  • ауылдық округ әкімінің құзыреттеріне аудан орталығымен көлік қатынасын ұйымдастыру жөнінде аудандық атқарушы органға ұсыныстар енгізу, сондай-ақ ауылдық жерде оқушыларды мектепке дейін және кейін қарай тегін жеткізіп салуды ұйымдастыру да жатады. 
  • ауылдық округ әкiмi өзiнiң құзыретiне жатқызылған мәселелер бойынша өзiне жүктелген мiндеттердiң iске асырылуы үшiн жоғары тұрған әкiмнiң, аудандық мәслихатының алдында жауап бередi. 

Құрылымы жөніндегі тарихи анықтама

Өркен ауылдық кеңесі мен Бақанас қой совхозы 1974 жылдың жазында Семей блысының агро-комитетінің желісімен, Көксала өзенінің төменгі сағасында тарихи атауы « Тақыр көксала» деп аталатын жазықтақосылады. Негізгі құрамы бұрынғы Шұбартау ауданы,Калинин атындағы совхоздың 1-5 фермаларымен жасақталып өз алдына жаңа совхоз болып отау құрады. Батысында Орта Қарауыл төбесімен Бақанас өзені ағып өтетін болса, ал шығысында Ақ-Ирек адыры, Бөртөскен көлі мен Сары жазыққа артезиан құдықтары және шыңыраулары орналасқан.Тез өсіп экономикасы дамыған совхоздың алғашқы директоры Мұратхан Сыдықов. Мұратхан Сыдықов осы совхозда уздіксіз жиырма жыл басқарып, қызмет жасады. Совхоз орталығында екі қабатты 720 балалық мектеп, қос қабатты мәдениет үйі,420 балалық «Балауса» бала бақшасы, монша, дәрігерлік амбулатория,МТМ, су құбырларын салғызған. Осы жылдары тұрғын-үй мәселесі де жақсы шешілген болатын. Совхозда 60 мың аналық қой, 500 бас ірі қара, 400 бас жылқы,5-10 мың бас мал бордақыланатын комплекстер мен Социалистік Еңбек Ері Тлеуғабыл Өмірбеков басқаратын «Алтын Жұлдыз» комсомол жастар бригадасы жұмыс істеді. совхоз аудан,облыс көлемінде төл алу науқанын жоғарғы көрсеткіштермен орындап отырды.1984-1985 жылдары совхоз Қазақ ССР-нің Құрмет Грамотасымен марапатталып облыстың ауыспалы Қызыл Туын жеңіп алды.1988-1996 совхозды Қыдырбеков Тұрсынғазы басқарды.

Ауылдық округі туралы жалпы мағлұмат

Әкімшілік орталығы: Өркен ауылы. Өркен ауылы облыс орталығынан 480 шақырым, аудан орталығынан 130 шақырым қашықтықта орналасқан. Жер көлемі Оңтүстікте Жетісу жер Алматы облысымен, батысында Балхаш көлі (бұрынгы Жезқазған) қазіргі Қарағанды облысының шекарасымен шектеседі. Өркен ауылдық округінде 29 шаруа қожалығы тіркелген. Жер көлемі 342 307 га, шабындық 4831 га, жайылым 337 476 га. 2010 жылғы санақ бойынша халық саны 866. Зейнеткерлер: 61, мүгедектер: 19, Ауған соғысының ардагерлері: 5, Алтын алқалы аналар – 15, Күміс алқалы аналар -14. Өркен ауылдық округінде: 1 орта мектеп, 1 дәрігерлік амбулатория,Мәдениет үйі, мешіт, 108 номерлік АТС жұмыс істейді.Мектепте 27 мұғалім, 121 оқушы бар. Өркен ауылдық кеңесінің төрағасы болып, Рымқұл Балтабеков, Болат Бөрібаев, Балтабек Тұрлыбеков, ауыл әкімдері болып: Мұқұшева Бану, Көшкінбаев Ойрат, Кеңшіліков Оразбек, Абыханов Баяхмет қызмет атқарды. Хатшылары болып: Мұхиев Оразғали, Тугелов Айбек қызмет атқарды.

Өркен өңіріндегі тарихи орындар

Өркен округінде 1860 жылы салынған Жаманбала-Садырбай кесенесі бой көтер ген. Тарихи жәдігерлерге толы бұл өлкеде 1890 жылы Абдрахман қария салдырған мешіт медресенің орны бүгінге дейін сақталған. Қойнауына құт қонған бұл өлкеде Қарабұлақ қорымымен, Жас тілек, Қіндікті қорымдары бар. Киелі өңірге әйгілі Серікбай Қажы, Тайбота Би, Жамақұл Би жерленген.«Қара оба», «Көкше түлкі», «Елқонды», «Қаратау», «Бестерек» жоталары да бар. Халық құрмет тұтатын «Қағаз апа» зиратымен, «Шымболат Батыр», « Қасаболат Батыр», «Арықпан Батыр» жатыр.

   

Ауылдың экономикасы.

Өркен ауылдық округі бойынша 6 отбасы арнаулы адрестік көмек, жыл көлемінде 18 жасқа дейінгі балалар жәрдемақысы 58 отбасына төленеді. Ауыл халқының негізгі кәсібі: мал шаруашылығы.Ауылда: 1865 бас ірі қара, 11479 бас қой-ешкі, 550 бас жылқы малы бар. Округте 75 жеке меншік көліктер, 18 доңғалақты трактор, 12 трактор тіркемелері, 10 әртүрлі ауыл-шаруашылық техникалары бар. Ауылда 1 сауда дүкені, 7 дүңгіршек халыққа қызмет көрсетеді.

 

 

 

Шығыс Қазақстан облысы, Аягөз ауданы, Өркен ауылдық округінің 2018-2020 жылдарға арналған кешенді даму жоспары *.doc 4.5 MB

 

Бет өзгертілді: 10-04-2018