Аудан аймақтары

Мамырсу ауылдық округі

Ибрайшин Архат Алимгазинович  Мамырсу ауылдық округінің әкімі – Ибрайшин Архат Әлімғазыұлы

Ибрайшин А.Ә. 1972 жылдың 26 маусымында Аягөз қаласында туған. Білім жоғары, 2000 жылы Таразыдағы Дулати атындағы мемлекеттік универститетін инженер-құрылысшы мамандығы бойынша, 2005 жылы Алматы Орта-Азиялық университетін заңгер мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын 1989-2006 жылдары аралығында Аягөз ауданының «Сергиополь» кеңшарының құрылыс бөлімшесінің жұмысшысы, Сергиополь орта мектебінің автокөлік ісінің шебері болып жұмыс істеген, Семей қаласы кеденнің бас маманы, 2006-2012 жылдары Ақшатау ауылдық округінің әкімінің қызметін атқарған. 2012 жылдың 12 сәуірінен бастап Аягөз ауданының Мамырсу ауылдық округінің әкімі.

Жұмыс телефоны: 2-21-57, 94-2-18
Азаматтарды қабылдау күні: әр аптаның сәрсенбі және жұма күндері сағ.14.30-дан 18.30-ға дейін

 

Әкімніңлауазымдықміндеттері

  • азаматтардың өтiнiштерiн, арыздарын, шағымдарын қарайды, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау жөнiнде шаралар қолданады;
  • салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi жинауға жәрдемдеседi;
  • әкім аппараты әкімшісі болып табылатын бюджеттік бағдарламаларды әзірлеп, тиісті мәслихаттың бекітуі үшін жоғары тұрған әкімдіктің қарауына енгізеді;
  • азаматтар мен заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасы Конституциясының, заңдарының, Қазақстан Республикасының Президентi мен Yкiметi актiлерiнiң, орталық және жергiлiктi мемлекеттiк органдар нормативтiк құқықтық актілерiнiң нормаларын орындауына жәрдемдеседi;
  • өз құзыретi шегiнде жер қатынастарын реттеудi жүзеге асырады; 
  • ауылдық округтiң мемлекеттiк тұрғын үй қорының сақталуын, сондай-ақ ауылдық округте автомобиль жолдарының салынуын, қайта жаңартылуын, жөнделуiн және күтiп ұсталуын қамтамасыз етедi;
  • шаруа қожалықтарын ұйымдастыруға, кәсiпкерлiк қызметтi дамытуға жәрдемдеседi;
  • өз құзыретi шегiнде әскери мiндеттiлiк және әскери қызмет, азаматтық қорғаныс, сондай-ақ жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру туралы мәселелер бойынша заңдардың орындалуын ұйымдастырады және қамтамасыз етедi;
  • әдiлет органдары жоқ жерлерде Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен нотариаттық iс-қимылдар жасауды, азаматтық хал актiлерiн тiркеудi ұйымдастырады;
  • тарихи және мәдени мұраны сақтау жөнiндегi жұмысты ұйымдастырады; 
  • табысы аз адамдарды анықтайды, жоғары тұрған органдарға еңбекпен қамтуды қамтамасыз ету, атаулы әлеуметтік көмек көрсету жөнінде ұсыныс енгізеді, жалғызілікті қарттарға және еңбекке жарамсыз азаматтарға үйінде қызмет көрсетуді ұйымдастырады;  
  •  жергiлiктi әлеуметтiк инфрақұрылымның дамуына жәрдемдеседi;
  • қоғамдық көлiк қозғалысын ұйымдастырады;
  • шұғыл медициналық көмек көрсету қажет болған жағдайда ауруларды дәрігерлік көмек көрсететін таяу жердегі денсаулық сақтау ұйымына дейін жеткізіп салуды ұйымдастырады;
  •  жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарымен өзара iс-қимыл жасайды;
  • шаруашылықтар бойынша статистикалық есепке алуды жүзеге асырады; 
  •  жергілікті бюджетті бекіту кезінде қала, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихаты сессияларының жұмысына қатысады; 
  • республикалық маңызы бар қалада, астанада, облыстық маңызы бар қалаларда орналасқан мәдениет мекемелерін қоспағанда, мектепке дейін тәрбие беретін және оқытатын ұйымдардың, мәдениет мекемелерінің қызметін қамтамасыз етеді;
  • өз құзыретi шегiнде елдi мекендердi сумен жабдықтауды ұйымдастырады және су пайдалану мәселелерiн реттейдi;
    20) елді мекендерді абаттандыру, жарықтандыру, көгалдандыру және санитарлық тазарту жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырады; 
  • туысы жоқ адамдарды жерлеуді және зираттар мен өзге де жерлеу орындарын тиісті қалпында күтіп-ұстау жөніндегі қоғамдық жұмыстарды ұйымдастырады;
  • ауылдық округ әкімінің құзыреттеріне аудан орталығымен көлік қатынасын ұйымдастыру жөнінде аудандық атқарушы органға ұсыныстар енгізу, сондай-ақ ауылдық жерде оқушыларды мектепке дейін және кейін қарай тегін жеткізіп салуды ұйымдастыру да жатады. 
  • ауылдық округ әкiмi өзiнiң құзыретiне жатқызылған мәселелер бойынша өзiне жүктелген мiндеттердiң iске асырылуы үшiн жоғары тұрған әкiмнiң, аудандық мәслихатының алдында жауап бередi. 
Шығыс Қазақстан облысы, Аягөз ауданы, Мамырсу ауылдық округі, Мамырсу тіректі ауылының 2020-2029 жылдарға арналған кешенді даму жоспары *.doc 1.1 MB
Шығыс Қазақстан облысы, Аягөз ауданы, Мамырсу ауылдық округінің 2018-2020 жылдарға арналған кешенді даму жоспары *.doc 1.1 MB
Мамырсу ауылдық округінің әкімі А. А.Ибрайшиннің 2014 жылғы есебінің ТЕЗИСТЕРІ *.doc 38 KB
     

 

Бет өзгертілді: 23-09-2019