Аудан аймақтары

Мыңбұлақ ауылдық округі

Құсаинов Талғар Сейсенғазыұлы Мыңбұлақ ауылдық округінің әкімі – Құсаинов Талғар Сейсенғазыұлы 

Құсаинов Т.С. 1981 жылдың 21 қыркүйегінде Семей облысы, Аягөз ауданы, Ақшәулі ауылында дүниеге келген. Білімі жоғары. 2005 жылы Семей мемлекеттік педагогикалық институтының  тарихшы мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын 2000 жылы Мыңбұлақ ауылының  №4 фермасының шағын комплекті бастауыш мектебінің бастауыш сынып мұғалімі болып бастаған. 2001 – 2012 жылдары Ақшәулі орта мектебіне қарасты ферма №1,2 бастауыш мектепте бастауыш сынып мұғалімі, мектебінің оқу ісінің меңгерушісі,  2013 – 2015 жылдары Аягөз аудандық білім бөлімінің статистикалық есеп беру маманы, әдістемелік кабинетінің әдіскері, 2015 – 2016 жылдары Айғыз жалпы білім беретін орта мектебінің директоры болып қызмет атқарды. 2016 жылдың қазан айынан бастап Мыңбұлақ ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушы. 2016 жылдың желтоқсан айынан бастап Мыңбұлақ ауылдық округінің әкімі.

Азаматтарды қабылдау күні: әр аптаның сәрсенбі және жұма күндері сағ.14.30-дан 18.30-ға дейін
Жұмыс телефоны: 2-21-57, 94-2-18

 

Әкімнің лауазымдық міндеттері

  • азаматтардың өтiнiштерiн, арыздарын, шағымдарын қарайды, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау жөнiнде шаралар қолданады;
  • салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi жинауға жәрдемдеседi;
  • әкім аппараты әкімшісі болып табылатын бюджеттік бағдарламаларды әзірлеп, тиісті мәслихаттың бекітуі үшін жоғары тұрған әкімдіктің қарауына енгізеді;
  • азаматтар мен заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасы Конституциясының, заңдарының, Қазақстан Республикасының Президентi мен Yкiметi актiлерiнiң, орталық және жергiлiктi мемлекеттiк органдар нормативтiк құқықтық актілерiнiң нормаларын орындауына жәрдемдеседi;
  • өз құзыретi шегiнде жер қатынастарын реттеудi жүзеге асырады; 
  • ауылдық округтiң мемлекеттiк тұрғын үй қорының сақталуын, сондай-ақ ауылдық округте автомобиль жолдарының салынуын, қайта жаңартылуын, жөнделуiн және күтiп ұсталуын қамтамасыз етедi;
  • шаруа қожалықтарын ұйымдастыруға, кәсiпкерлiк қызметтi дамытуға жәрдемдеседi;
  • өз құзыретi шегiнде әскери мiндеттiлiк және әскери қызмет, азаматтық қорғаныс, сондай-ақ жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру туралы мәселелер бойынша заңдардың орындалуын ұйымдастырады және қамтамасыз етедi;
  • әдiлет органдары жоқ жерлерде Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен нотариаттық iс-қимылдар жасауды, азаматтық хал актiлерiн тiркеудi ұйымдастырады;
  • тарихи және мәдени мұраны сақтау жөнiндегi жұмысты ұйымдастырады; 
  • табысы аз адамдарды анықтайды, жоғары тұрған органдарға еңбекпен қамтуды қамтамасыз ету, атаулы әлеуметтік көмек көрсету жөнінде ұсыныс енгізеді, жалғызілікті қарттарға және еңбекке жарамсыз азаматтарға үйінде қызмет көрсетуді ұйымдастырады;  
  •  жергiлiктi әлеуметтiк инфрақұрылымның дамуына жәрдемдеседi;
  • қоғамдық көлiк қозғалысын ұйымдастырады;
  • шұғыл медициналық көмек көрсету қажет болған жағдайда ауруларды дәрігерлік көмек көрсететін таяу жердегі денсаулық сақтау ұйымына дейін жеткізіп салуды ұйымдастырады;
  •  жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарымен өзара iс-қимыл жасайды;
  • шаруашылықтар бойынша статистикалық есепке алуды жүзеге асырады; 
  •  жергілікті бюджетті бекіту кезінде қала, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихаты сессияларының жұмысына қатысады; 
  • республикалық маңызы бар қалада, астанада, облыстық маңызы бар қалаларда орналасқан мәдениет мекемелерін қоспағанда, мектепке дейін тәрбие беретін және оқытатын ұйымдардың, мәдениет мекемелерінің қызметін қамтамасыз етеді;
  • өз құзыретi шегiнде елдi мекендердi сумен жабдықтауды ұйымдастырады және су пайдалану мәселелерiн реттейдi;
    20) елді мекендерді абаттандыру, жарықтандыру, көгалдандыру және санитарлық тазарту жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырады; 
  • туысы жоқ адамдарды жерлеуді және зираттар мен өзге де жерлеу орындарын тиісті қалпында күтіп-ұстау жөніндегі қоғамдық жұмыстарды ұйымдастырады;
  • ауылдық округ әкімінің құзыреттеріне аудан орталығымен көлік қатынасын ұйымдастыру жөнінде аудандық атқарушы органға ұсыныстар енгізу, сондай-ақ ауылдық жерде оқушыларды мектепке дейін және кейін қарай тегін жеткізіп салуды ұйымдастыру да жатады. 
  • ауылдық округ әкiмi өзiнiң құзыретiне жатқызылған мәселелер бойынша өзiне жүктелген мiндеттердiң iске асырылуы үшiн жоғары тұрған әкiмнiң, аудандық мәслихатының алдында жауап бередi. 
  • Мамырсу ауылдық округі
  • Мамырсу ауылдық округі

 

 

  • Мамырсу ауылдық округі
  • Мамырсу ауылдық округі

Құрылымы жөніндегі анықтама
Мыңбұлақ ауылына адамдардың қоныстана бастауы 1910 жылдан басталған Ресейден Ставрополь аймағынан орыс шаруалары келіп қоныстанған. Алғашқылардың бірі Посталана жанұясы.
Мыңбұлақ ауылы 1930 жылға дейін,қазіргі тасбұлақ (Сегізбай) совхозының бір бөлімшесі болған.1930 жылы май айында Сегізбай совхозынан бөлініп жеке отау тіккен. Мыңбұлақ совхозының орталығы «Ай» ауылы және 4 фермаға бөлініп біріккен. Алғаш құрылған кезде совхозда 10-15 үй және 60 жұмысшы болған.
1930 жылы жазда Мыңбұлақ совхозы құрылып жатыр екен деп Шығыстан төмендегідей азаматтар жанұяларымен көшіа келіп қоныс тепкен. Ақпаев қадірсіз,Амиртаев Бекши, Атымтаев Сарбас,Байжігітов смағұл, Байжігітов Жұмағұл,Көбелеков Дүйсехан, ,Көбелеков Таңатар,Дүйсеханов Қали, Дүйсеханов Тұрсағұл,Жанкенов Жұмаш,Жолдасов тұрсағұл,Жеткеев Бейсехан,Қазыханов Мусахан, ,Қазыханов Рахымжан, Қазыханов Саукен,Құспеков Нурсаби, Құспеков Адамба, Асылбеков Мырзабосын, Асылбеков Молдабай,Жанбукиров Айткен,Садықов хамза, Рахиянов Шаймар, Рахиянов Хамза, Рахиянов Шакен, Өзеханов Мухаметжан,Тұрсынғожанов Нұрғали,Олжабаев Күзеубай,тұяқбаев Нұрғазы,Жолғажанов Ахметхан.

Алғаш құрылғанда  совхозда 200 бас, ірі қара 350 бас жылқы, 500 гектар егістік жер болды. 1931 жылы бірінші рет 3 «Фордзон» маркалы трактор келді. 1935 жылы 10 «СТЗ»-Нати тракторы 1 ЧТЗ тракторы екі «Полуторка және  ЗИС» машинасы келді. 1930 жылдан -1940 жылға дейін төмендегідей азаматтар совхоз директорлары болған: Петров Ю.П,Ничитайло Н, Горянов Т.И,Шарипов А.И.
1932 жылы Мыңбұлақ орта мектебінің ірге тасы қаланды.1932-1951 жж бастауыш мектеп, алғашқы директоры Альпинский, 1952-1955 жж жеті жылдық мектеп болды директоры Қасенғазин Ғаббас ,1956 жылдан бастап -1991 жылға дейін орыс-қазақ тілінде оқытатын мыңбұлақ орта мектебі болып құрылды.1991 жылдан 11 жылдық Мыңбұлақ орта мектебі болып өзгертілді. Әр жылдар мектеп директоры болып Ақатаев Махмұт, бейсенов Зейнолла, Жоманов какен,Нұрхайдаров Надир, Динжуманов Тлеуғазы қызмет  атқарды. Мектеп түлектерінен 1 ғылым директоры 4 ғылдым кандидаты 19 адам еліміздің әр түкпірінде  партия  кеңес қызметінде болды. Экономика ғылымының докторы Закшевский Егор ауыл шаруашылық министірлігінде, техника ғылымның докторы  Сыдыков Ғабдулсан Қазақ ССР академиясында қызметінде болды.
1964 жылы 320 балаға ыңғайланған типтік мектеп салынды. 1973 жылдан 2005 жылға дейін  мектеп директоры болған Тлеуғали Омашұлы мектептің аудан, облыс,одақ көлемінде ауыз толтырып айтарлықтай жетістікке жетуіне көп еңбек сіңірді. 1977 жылы СССР-дегі Мәскеу қаласында ВДНХ-да мектеп ұжымының озық іс-тәжірибесі «Халық ағарту ісі» павильионына қойылды.

2005 жылдан қазіргі уақыта мектеп директоры Динжуманов Ерлан Әке жолын қуған Ерланда шәкірт тәрбиелеуде мектеп ұжымының білімі мен біліктілігін арттырып  аянбай еңбек етіп келеді. Жылдан-жылға «Алтын белгі» - алушы балалардың саны өсуде.
2002 жылы аға оқытушы Байжігітова Рыскеннің бастауымен  «Мыңбұлақ құтты мекенім» мұражайы ашылды. Мұражай мектепте тұрақты жұмыс істейді. Мектепте ұзақ жылдар еңбек еткен ұлағатты ұстаздар Сәкен Түсіпбеков, Зейнолла Бейсенов, Қайыртай Ақылтаев, Антонина Роман,Наталья Шункунова, Омарова Ғапура, Нұрзекен Акимова,Шәріп Ғабитов 1960-2010 жылдарда мектеп ұясынан 2500-ға тарта түлек түлеп Ұшты.1934 жылы совхоз кеңсесі,наубайхана,клуб,магазин, байланыс бөлімшесі,монша салынды. Машина трактор жөндеу мастерскойы,ұстаханасы,диірмені болған. Совхоздың алғашқы трактористері: Кун Ида,Феттер Марта,Жолғажанова Капиза,Мухамеджанов Дюсен,Сарсекеев Жуман,Маукебаев ,Шахов,Моторный 1934 жылы әр фермадан 4 кластық мектеп үйі салынды.
Мыңбұлақ совхозын 1938-1940 жылдары Сатыбалдин, 1950-1952 жылдары Абилов Ғалым,1952-1953 жылдары Иполитова Любовь,1953-1954 жылдары рагозин,1954-1959 жылдары Соц.еңбек ері Мырзабеков ысмағұл, 1959-1968 жылдары уажанов Төкен,1968-1970 жылдары Алмухаметов Акан,1971-1980 жылдары Омарханов куспек,1980-1989 жылдары ауыл шаруашылығының ғылым кандидаты Таңірбергенов Ерғазы,1989-1993 жылдары серікбаев Төлеуғазы, 1993-1996 жылдары Тусупбеков Болат директор болып басқарды.
1996 жылы совхоз 50-ге тарта шаруа қожалығына бөлінді. Алғашқы әкімі Ибраимов Кенжеғул.
1941-1945 жылдары Ұлы Отан соғысына Мыңбұлақ ауылынан 132 азамат майданға  аттанды. 47 азамат қана елге аман оралды. Қалғандары ұрыс даласында шаһит болды,хабарсыз кетті. Совхоздағы алғашқы коммунист Жамал  Татубаева ерін соғысқа аттандырып бір табын сиыр баққан, осы аданың бастауымен О.Мырзанова, Р.Умбетова.Н.Ибраева апаларымызда табын-табын сиыр баққан. Ескінің көзі тірі шежіресі Несіп апамыз қазір 106 жаста.
Ірге тасы бірінші бесжылдықта қаланған Мыңбұлақ совхозының шаруашылығы өрге басып 1948 жылы бұзау алуда, ет, сүт өндіруден өте жоғарға табысқа жетіп 12 адам СССР орденімен марапатталды.Ақбаев Қайрақбай 100 сиырдан 100 бұзау алып, әр бұзаудың салмағы 180кг жеткізіп етке өткізгені үщін Соц. Еңбек ері атағы берілді.Қызханова Раукен Ленин орденімен марапаталып,Қаз.Жоғарғы Советінің депутаты, Шакармова Базарғайша Каз. Цик-тің мүшесі,Рахиянов Қамза ленин орденімен марапатталды .
5 адамға Еңбек Қызыл Ту ордені берілді; олар Поштабаев ақкенже, Рахиянова Жумағайша,Ақбаева Қауа, Адилбекова Шарипа, Поштабаева Қанипа, аділбеков Оспан мал бордақылап етке өткізуде облыстың чемпионы атанып Москваға ВДНХ-ға барған 1954 жылы.
1950-1976 жылдары экономикасы тұрақты дамып әр жылдары облыстың Республиканың Құрмет тақтасына жазылды, Қазақстан Республикасының Қызыл Туы сақтауға берілді. Осы жылдары Мыңбұлақ территориясынан 4 совхоз бөлініп шықты, С.Ғаббасов,атындағы қой совхозы, Ақши, КПСС ХХV-съезі атындағы Бақанас совхоздары. 1980 жылы әр аналық сиырдан 95 бұзаудан алып,бордақылаған өгізшенің салмағы 460 кг жеткізіп етке өткізгені үшін көптеген совхоз механизаторлары мен малшылары Өкіметтің жоғарғы орденімен марапатталды. Мамырбеков Сметхан Ленин орденімен, Темірғалиев қайырлы, Жолбарысов Төкен, Жанатаев Жолан, Құсайынов смайыл, Садуақасов Қайрош, Нұрғалиев Шапет, Нұрманбеков Қайрғазы, Дүйсенов Шайхыжан, Еңбек Қызыл Ту орденімен, Құдайбергенов көпжасар, Умбетов Қабылаш, Жакенбаев Қуатбек, Байбакиров Шакер, Шохманов Болеухан, Қожабаев МусашҚұрмет белгісі орденімен  және көптеген адамдар медалдармен марапатталды.
1980-1990 жылдар совхозда 5 ферма болды. 4-ші фермада,қазіргі «Кеңқолат» ауылы механикаландырылған ірі мал бордақылау комплексі жұмыс істеді,өгізшелер 4-группаға бөлініп,әр группада 250 өгізше, мыңға тарта өгізше бордақылауда тұрды. 1979 жылы кірпіш заводы ашылып,жылына 1 млн тарта кірпіш шығарды. Үй саны 650-ден асты,75 орындық емхана, 2 қабатты совхоз кенсесі ,400орындық мәдениет үй, 4 кітапхана, 10 магазин, тұрмыс қажетін өтейтін комбинат, 20 орындық монша, 120 орындық интернат және 120 орындық балалар бақшасы Халық игілігіне қызмет етті. Халық санының өсуіне байланысты 1 фермада қазіргі «Желдіқара» ауылы 1980 жылы 11 жылдық мектеп ашылды.1989-1990 жылдары совхозда 4750 ірі қара,380 жылқы, 3000 қой, 9434 га егістік жер болды. 1950-1990 жылдары ішінде  совхоздың экономикасы  көтеруде өз үлесін қосқан азаматтар: Нұрахметов Садуақас,Баймухаметов Байткен, Қазыханов Раукен,Абишев қизат, Ырғаев Болат-партия ұйымының хатшысы болды. Жакупбаев Шакен, Борбасов Молдағали, Чокежанов Мүлік, Жеткеев Бекен,Мухаметжанов Дүйсен, Наурызбаев нүсіп,С.Абишев,Дюсеханов Мұрат, Куренкеев Селубай ,Азимжанов Құдайберген, Жолбарысов Төкен,Меңлибаев Төлеуғали, Шакаримов Мағауия, Құсбеков Тұрсынғазы, Сағындықов Тоқтыбай,Бураханов Аманғали,Жунусов Құдайберген әр салада жұмыс істеген осы азаматтарда аянбай тер төкті.
Ауылымызда бала тәрбиесіне зор мән беріп,ел құрметіне бөленген,ұлын ұяға,қызын қияға ұшырып отырған «Еңбек ардагерлері», «Батыр аналар» көптеп саналады. Олар Сағындықова Галя,Нұрғалиева Клара,оразханов Шакен,Менлибаева З,Чокежанова Ш, Борбасова Г,Оспангазина К,Бураханова З.Дюсеханова Р.Нурпейсова К.Тойкена К,Солтаев З,ахметова Г,Аубакирова Н,Байбакирова Қ,Ахметова Ж,Абдилдина С ,Тұяқбаева Б,Жеткеева Ш,Куренкеева К,Мадимова М. Ерлік еңбектерімен үлгі -өнеге, із қалдырған,еңбек және соғыс ардагерлері: М.Асылбеков, Оспангазин Т,Наурызбаев А,Сарсекеев Ж,Ныгметжанов О,азимжанов А,Сембинов Т, Темиргалиев Ж,Аманбаев Ш,Қалиев К,Қалиев Т,Өтегулов С,Амиртаев Б,Расторгуев К,умбетов У,Ибраев Ж,Тұяқбаев Н,Меңлибаев Т,Байжігітова Н,Жеткеева А,Жанбукирова Н,Дюсеханов Р,Жанатаев Ж,Шонашев А,өзбеков А,Тусупбеков Ш,Өзбеков А,Ақшалов Н,Юқасқанов Б,Аубакиров Р,Роман В,қулымжанов Қ,Дарауызов С,Батырханов Н және қазір арамызда жүрген қадірлі ақсақалдар: Қ.Нурманбеков, Ж.Мағауиянов, Қ.Умбетов,М.Бегешов, Б.Шохманов, Т.Жолбарысов, А.Абдырахманов, Ғ.Худушев, қ.Дюсеханов, Қ.Қопабаев, Т.Жакашев совхоздың өркендеуіне өзіндік үлес қосты.
Ауыл халқының денсаулығын сақтауда күндіз-түні еңбек еткен,кезінде соқырәшекке операция жасаған ақ халатты абзал жандар. Алғашқы дәрігерлер: Ж.Шалтаев,К.Қалиев, А.Көтелбаев,С.Рахимжанов, Қ.Алдонғаров, Б.Әрипов және мед бикелер ОМукушева, К.Шалтаева, қ.Абдрахманова, А,Сағатбекова, К.Сапарбаева, О.Байжігітова ауыл халқына дәрігерлік көмек жасай отырып, тұрмысының жақсаруына мәдениеті мен экономикасының көтерілуіне жемісті жұмыс істеді.
1996 жылы совхоз тарағанда аудан көлеміндегі ең ірі шаруашылықтың мал-мүлкін, техникасын, жерінің халыққа дұрыс бөлуіне көп еңбек сіңірген ауыл әкімі Ибраимов Кенжеғул  болды.

Ауылдық округ туралы жалпы мағлұмат
Мыңбұлақ ауылдық округі 1930 жылы құрылған әкімшілік орталығы Мыңбұлақ ауылы. Солтүстік Шығысында Тарғабатай әкімшілігімен, Оңтүстік батысында ақшаулі әкімшілігімен және Солтүстігінде Нарын әкімшілігімен шектескен. Жер көлемі 101304 гектар оның  78473 жері жайылым, 11909 га жер шабындық, 9434 га жері егістік. Қалған жерін таулы аймақ құрайды. Аягөзауданынан 66 км қашықтыққа орналасқан. Облыс орталығы Өскемен қаласынан 400 км жерге орналасқан.
Ауылда 150 жанұя 1509 адам бес елді мекенге орналас қан. Мыңбұлақ аулы орталығы, және Кеңқолат, Ескенебұлағы, ақтас, Желдіқара ауылдары. 
Екі 11 жылдық және екі бастауыш  4 кластық мектепте 314 бала оқиды. Әр елді мекенде дәрігерлік амбулатория жұмыс істейді. Ауыл халқына қызмет істейтін байланыс торабы, кітапхана,мешіт үйі, тойхана, наубайхана, магазиндер, эл.энергиясы тұрақты қызмет атқаруда.
Халықтың ұлттық құрамы: қазақтар 98.8 %, басқа ұлттар 1,2 %
Ауыл округі  географиялық жағдайынан тиімсіздеу орналасқан. Республикалық маңызы бар жолдан 29 км қиылыста. Қыста қар қалың жауып ,боран көпболғандықтан, жолы жиі жабылып қалады. Наурыз айының соңына қарай аяз қайтып,суық ауа қыркүйек айының аяғында келе бастайды. Қараша айының екініші он  күндігінде қар түсіп, сәуір айының бірінші он күндігінде қар кете бастайды. Қыс кезінде қардың қалыңдығы 90-110 см дейін жетеді.

Мыңбұлақ ауылдық округ экономикасы
Округте 105 шаруа қожалығы бар. Олардың меншігінде 2 кіші наубайхана, 1 май сығатын цех, 1 мал сою пункті,1 тойхана, 6 магазин жұмыс істейді. Қоғамдық сферада 2 кітапхана,1 мәдениет үйі, 1 мешіт халыққа қызмет көрсетеді.
Мыңбұлақ ауылдық округі мал шаруашылығы және егін шаруашылығымен айналысады. «Қуаныш» шаруа қожалығы ірі қара малын бордақылап сатумен және егін егумен «Бектас»  ш/қ  егін егумен «Айдын», «Дана» және «Ел» ш/қ  асыл тұқымды  мал өсірумен, егін егумен айналысады. 2010 жылғы тамыз айындағы  салық бойынша әкімшілікте 6980 ірі қара, 15754 қой, 7013 ешкі, 1416 жылқы, 2500 тауық тіркелген. 2960 га жерге бидай және 8 га жерге картоп, көк өніс егілді.
2010 жылға дайындалатын өнім 963,8 т  ет, 5529, 7 литр сүт, 338 ц жүн, 586,1 дана жұмыртқа Аягөздің «Жақсылық» базарында сатылады. 2960 га жерге себілген бидайдың әр гектарынан 7 ц астық алынбақшы.

Ауылға қайырымдылық  жасаған азамататардың тізімі: 

1.А.Қасенғазин – 15 000 теңге
2.м.Таукебаев - 15000 теңге
3.Г.Оралбаева - 20 000 теңге
4.Ж.Тоқыжанов – 10000 теңге

Шаруа қожалықтары.

Қуаныш ш/қ - 10 000 теңге
Айдын ш/қ - 15 000 теңге
Бектас ш/қ  -20 000 теңге
Ұлы Отан соғысының 65 жылдық мерей тойында соғыс және еңбек ардагерлеріне демеушілік жасады.
Ауыл әкімі жанындағы қоғамдық ұйымдар өз жұмыстарын жоспарлы түрде жүзеге асырып отыр.

 

 

Бет өзгертілді: 12-04-2018