Аудан аймақтары

Малкелді ауылдық округінің әкімі

Кабдикалимов Кадиржан Каспиевич Малкелді ауылдық округінің әкімі – Кабдикалимов Қадіржан Каспиұлы

Кабдикалимов Қ.К. 1971 жылдың 21 тамызда Семей облысы, Шұбартау ауданы, Емелтау ауылында дүниеге келген. Білімі жоғары. 2004  жылы Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетін дене шынықтыру мәдениеті оқытушысы және спорт бойынша тренер мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын 1989 жылы Шұбартау қой кеңшарында №4 фермасында жұмысшы болып бастаған. 1989-1991 жылдары Әскер қатарында, 1992-1995 жылдары Шұбартау қой кеңшарында жұмысшы, 1996-2017 жылдар аралығында  Т.Көбдіков атындағы орта мектебінде  әскери дайындық жетекшісі және дене тәрбиесі пәнінің мұғалімі болып қызмет атқарды. 2017 жылдың тамыз айынан бастап Малкелді ауылдық округінің әкімі

Азаматтарды қабылдау күні: әр аптаның сәрсенбі және жұма күндері сағ.14.30-дан 18.30-ға дейін
байланыс телефондары: 87224699418

Әкімнің лауазымдық міндеттері

  • азаматтардың өтiнiштерiн, арыздарын, шағымдарын қарайды, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау жөнiнде шаралар қолданады;
  • салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi жинауға жәрдемдеседi;
  • әкім аппараты әкімшісі болып табылатын бюджеттік бағдарламаларды әзірлеп, тиісті мәслихаттың бекітуі үшін жоғары тұрған әкімдіктің қарауына енгізеді;
  • азаматтар мен заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасы Конституциясының, заңдарының, Қазақстан Республикасының Президентi мен Yкiметi актiлерiнiң, орталық және жергiлiктi мемлекеттiк органдар нормативтiк құқықтық актілерiнiң нормаларын орындауына жәрдемдеседi;
  • өз құзыретi шегiнде жер қатынастарын реттеудi жүзеге асырады; 
  • ауылдық округтiң мемлекеттiк тұрғын үй қорының сақталуын, сондай-ақ ауылдық округте автомобиль жолдарының салынуын, қайта жаңартылуын, жөнделуiн және күтiп ұсталуын қамтамасыз етедi;
  • шаруа қожалықтарын ұйымдастыруға, кәсiпкерлiк қызметтi дамытуға жәрдемдеседi;
  • өз құзыретi шегiнде әскери мiндеттiлiк және әскери қызмет, азаматтық қорғаныс, сондай-ақ жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру туралы мәселелер бойынша заңдардың орындалуын ұйымдастырады және қамтамасыз етедi;
  • әдiлет органдары жоқ жерлерде Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен нотариаттық iс-қимылдар жасауды, азаматтық хал актiлерiн тiркеудi ұйымдастырады;
  • тарихи және мәдени мұраны сақтау жөнiндегi жұмысты ұйымдастырады; 
  • табысы аз адамдарды анықтайды, жоғары тұрған органдарға еңбекпен қамтуды қамтамасыз ету, атаулы әлеуметтік көмек көрсету жөнінде ұсыныс енгізеді, жалғызілікті қарттарға және еңбекке жарамсыз азаматтарға үйінде қызмет көрсетуді ұйымдастырады;  
  •  жергiлiктi әлеуметтiк инфрақұрылымның дамуына жәрдемдеседi;
  • қоғамдық көлiк қозғалысын ұйымдастырады;
  • шұғыл медициналық көмек көрсету қажет болған жағдайда ауруларды дәрігерлік көмек көрсететін таяу жердегі денсаулық сақтау ұйымына дейін жеткізіп салуды ұйымдастырады;
  •  жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарымен өзара iс-қимыл жасайды;
  • шаруашылықтар бойынша статистикалық есепке алуды жүзеге асырады; 
  •  жергілікті бюджетті бекіту кезінде қала, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихаты сессияларының жұмысына қатысады; 
  • республикалық маңызы бар қалада, астанада, облыстық маңызы бар қалаларда орналасқан мәдениет мекемелерін қоспағанда, мектепке дейін тәрбие беретін және оқытатын ұйымдардың, мәдениет мекемелерінің қызметін қамтамасыз етеді;
  • өз құзыретi шегiнде елдi мекендердi сумен жабдықтауды ұйымдастырады және су пайдалану мәселелерiн реттейдi;
    20) елді мекендерді абаттандыру, жарықтандыру, көгалдандыру және санитарлық тазарту жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырады; 
  • туысы жоқ адамдарды жерлеуді және зираттар мен өзге де жерлеу орындарын тиісті қалпында күтіп-ұстау жөніндегі қоғамдық жұмыстарды ұйымдастырады;
  • ауылдық округ әкімінің құзыреттеріне аудан орталығымен көлік қатынасын ұйымдастыру жөнінде аудандық атқарушы органға ұсыныстар енгізу, сондай-ақ ауылдық жерде оқушыларды мектепке дейін және кейін қарай тегін жеткізіп салуды ұйымдастыру да жатады. 
  • ауылдық округ әкiмi өзiнiң құзыретiне жатқызылған мәселелер бойынша өзiне жүктелген мiндеттердiң iске асырылуы үшiн жоғары тұрған әкiмнiң, аудандық мәслихатының алдында жауап бередi. 

Округтің тарихы

1929 жылы үш ауыл: Жетінші ауыл-Қорық ауылы Оныншы ауыл- Құр ауылы, нбірінші ауыл–Малкелді ауылы болып коммуналар құрылды. 1931 -1932 жылдары осы үш ауыл Серіктік болып құрылды. 1934 жылы үш колхоз болып құрылды. «Социал» колхозы , «Тельман» колхозы, «Алғабас» колхозы. 1938 -1939 жылдары осы үш колхозда 47 үй, 1470 бас қой, 45 бас ірі-қара, 22 бас жылқы болған.
1950 жылы осы үш колхоз бірігіп іріленген «Алғабас»колхозы болып құрылды. 70 үй, 2700 бас қой-ешкі, 70 бас ірі қара, 60 бас жылқы болған. 1961 жылы «Алғабас» совхозы болып құрылды. Алғабас совхозын 1961-1965 жылдары У. Сатаев, 1965- 1972 жылдары Б.Әмірбеков, 1972- 1977 жылдары М.Мұхамедияров, 1977–1983 жылдары Н.Саменбетов, 1983-1985 жылдары А.Әбдіхалықов, 1985-1987 жылдары Ә.Райымқұлов, 1987-1989 жылдары А.Оразбеков, 1989-1993жылдары Д.Мақашев, 1993-1996 жылдары Б. Ботабековтар басқарды.
1961-1990 жылдары «Алғабас» совхозы 40-мың бас қой, 1300 бас ірі қара, мың бас жылқы, бар егістік даласы 29000-30000 га, халық саны 2 –мың адамға өсті.
1961- 1991 жылдар ішінде ауылдық кеңес төрағалары болып Қ. Балықбаев, Т.Байғожин, А.Ожықов, А.Сабырбаев, Е.Шаяхметов, С.Бейсенбаев,М. Шайкенов, Б.Бижанов, А.Сарқытбаев, Н.Әзімбаевтар істеді. Барлығы ауылдың өркендеуіне, халықтың әл-ауқатының артуына, шаруашылық эканомикасының көтерілуіне өз үлестерін қосты.

1970 жылы ауылымыздың орталығына мектеп үйі салынды. Сол оқу жылында 350 оқушы кабинеттік жүйемен 13 класқа бөлініп оқыды.
1970-2010 жылдары Д.Дармурзин, Б.Дармурзин мектеп мүдірлері болды. Мектепте ұзақ жылдар еңбек еткен ұстаздар: Н.Ұзақбаев, Б. Кенжебаев, С.Тайпакова, М.Шайкенов, Е. Жакиева, Қ.Сейілбекова, Р.Аманбаева, Д.Оразханова, Ш. Фазылжанова, А.Тайгуллин, 1972 -2010 жылдар мектеп ұясынан 1029- ға тарта түлек түлеп ұшты.

1975–1985 жылдар арасында аулымызда электр қуаты, АТС, аурухана, балабақша, мәдениет үйі, мектеп- интернат салынды. 1992 жылы совхоз ұжымдық шаруашылық болып қайта құрылды. 1996 жылы шаруашылық 17 шаруа қожалығына тарады. Барлық мал, мүлік негізгі қорлар, осы шаруашылықтарға бөлініп берілді. Кезінде колхоз құрылысының бертінде совхоз эканомикасының дамуына Б. Асаубаев, А. Сейітбеков, М.Алипбеков, Карипбаев, Т. Мәніғұлов, С.Байсарин, Б.Сайынов, Қ.Уақбаев, Т. Елеусізов, Ә.Абдыкалыков, К.Боғаева, Қ.Мажрина, О.Сейілбеков, А. Елубаев, С.Тюленбаев, Б.Собыханов, И.Исайынов, Ш.Кержіков, А. Домбаев, А. Боғаевтар аянбай тер төкті. Аулымызда бала тәрбиесіне зор мән беріп, ел құрметіне бөленген, ұлын ұяға, қызын қияға ұшырып отырған “Батыр аналар”: көптеп саналады, олар Б.Қазыбаева, С.Әзімбаева, Р.Тұрғанбаева, Ж.Асайынова, Б.Ильясова, Р.Бейсенбаева, Қ.Шөнгелова Б.Өлеңбаева, К.Скатаева, Қ. Жұмабаева, К.Имашева, Е.Қажығапбасова, Т.Ибраева, Н.Азимова, Д.Тайпакова, Р.Тобықбаева, М. Бижанова, Б.Тауықбаева, Н.Орынбаева. Ерлік еңбектерімен үлгі-өнеге, із қалдырған, Еңбек және Соғыс ардагерлері: Н.Бірталаев, Н.Актаев, Т.Сейілбеков, Қ.Әліпбеков, Ә.Түсіпжанов, Ш.Сағындықов, О.Қаншыров, Қ.Бақбергенов, Қ.Қашымашимов, Т.Науанов, К.Мамырбаев.

Және қазір арамызда жүрген қадірлі ақсақалдар; Н.Саменбетов, Қ.Тобыкбаев, А.Рымгожин, Ф.Таукенов, Т.Шамиев, А.Шаяхметов, К.Сейфоллин, Б.Манекин, Б.Ахметжанов, Т.Болысбаев, С.Рахимов, А.Абенов, А.Оразаев Соғыстан бүлінген шаруашылықты қалпына келтіруге, шаруашылық эканомикасының өркендеуіне, ауыл адамдарының тұрмысын жақсартуға ат салысып, жан аямай еңбек етті. Ауылда 850 тұрғын бар. Оның 171 оқушылар. Тарап кеткен совхоз орнына ірі ұсақты 22 шаруа қожалықтары жұмыс істейді. Ауыл халқын мәдени қамту үшін байланыс торабы, амбулатория, кітапхана, мешіт үйі, мәдениет үйі тұрақты қызымет атқаруда.
Ауылдық округ туралы жалпы мағұлұмат:
Малкелді ауылдық округі 1929- жылы құрылған. Әкімшілік орталығы Малкелді ауылы Аякөз ауданына 245 км қашықтықта орналасқан. Аумағы 254218 га. Облыс орталығы Өскемен қаласынан 545 км қашықтықта орналасқан. Үштен бір бөлігін таулы аймақтар құрайды. Елді мекен біреу / Қорық/. Халық саны -850 адам, 211 отбасы бар. Халықтың эканомикалық белсенді бөлігі 522 –ден жоғары адамды құрайды. Зейнеткерлер – 115, әртүрлі жәрдемақы алатындар адамдар саны – 57.

Халықтың негізгі ұлттық құрамы қазақтар, ұйғыр -7. Ауыл округі географиялық жағдайынан тиімді орналасқан. Аумақ арқылы республикалық маңызы бар автокөлік трассасы өтеді. Сәуір айының соңына қарай аяз қайтып, суық ауа тамыз айының соңына қарай келе бастайды. Қараша айының бірінші он күндігінде қар түсіп, сәуір айының соңына қарай кете бастайды. Қыс кезінде қардың қалыңдығы 50 -60 см дейін жетеді.

Округтің экономикасы

Округте 22 шаруа қожалығы бар, 35- адам тұрақты жұмыспен қамтылған.
Меншіктерінде 29 - доңғалақты трактор, 21 – жүк автокөлігі, 3 азық- түлік дүкендері бар. Қоғамдық сферада 1-кітапхана, 1- спорт зал, мектепте 171- оқушы бар.
Ауыл шаруашылық өнімдерін өндірумен шаруа қожалығы айналысады. Барлық шаруашылықтар қой, ірі-қара, жылқы өсіреді. Жылына 5000 тонна қатаң мал азығы дайындалады. 172- аула бар. Оның 167 – сі мал бағумен айналысады.
2009 – жылы мал өнімдерінің өнімі: 4382 ц ет, 190 ц-жүн, 47-мың дана жұмыртқа.

Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін арттыру мақсатында Малкелді ауылдық округі бойынша 2010 жылы 10 –ш/ қожалығы, 3- дүкенмен 243000- тенге көлемінде меморандум жасалды.

Меморандумға отырғандардың  Кәсіпкерліктің түрі Құны, тенге тегі, аты жөні
1. Болысбаев   Толеутай  «Шолақ өзек»  ш/қожалығы 10000-00
2. Таукенов  Ферметай «Асұлан» ш/ қожалығы 10000-00
3. Абылақатов Қабдылмұрат «Самал» ш/қожалығы  10000 -00
4. Актаев  Жақсыгелді «Береке ш/қожалығы 10000-00
5. Шайкенов Жомарт  «Береке-Бірлік» ш/қожалығы   10000-00
6. Таукенов   Есентай «Кәдіржан» ш/қожалығы 10000-00
7. Ахметжанов Сағынтай «Ерқанат» ш/ қожалығы  10000-00
8. Тлеубаев Аділ  «Әбіл» ш/ қожалығы 10000-00
9. Серикбаев  Серикқали  «Ерасыл» ш/ қожалығы   10000-00
10. Ибраев Бақыт «Орта-Бабаң» ш/ қожалығы   10000-00
11. Таукенов Естай «Индира» сауда дүкені 10000-00
12. Мырзабекова Жәміш «Нұржан» сауда дүкені 10000-00
13. Тауырбаева Светлана «Жазира» сауда дүкені 10000-00
Жоғарыда көрсетілген 9-ы жасасқан меморандумдарына сәйкес өз міндеттерін толығымен орындады. Ал қалған «Самал» шаруа қожалығының жетекшісі Абылахатов Қабдылмұрат, «Индира» сауда дүкенінің иесі кәсіпкер Таукенов Естай және «Жазира» сауда дүкенінің иесі кәсіпкер Тауырбаева Светлана жыл аяғына дейін орындайды.  

Ауылға қайырымдылық жасаған азаматтардың тізімі:

1. Құйқалақов Қуаныш 5000 -мың тенге ауыл тазалығына демеуші.
2. Шайкенов Жомарт 6000 - мың тенге көпір салуға
3. Ибраев Бақыт 15000 - мың тенге бір қартқа шөп берді.
4. Болысбаев Сырым 10000 - мың тенге спорттық ойындарға демеуші.

Шаруа қожалықтары:

1. «Кәдіржан» шаруа қожалығы 20000-мың тенге ат бәйгесінің демеушісі
2. «Ерасыл» шаруа қожалығы 15000-мың тенге трибуна жасауға демеуші
3. «Масақбай» шаруа қожалығы 10000-мың тенге балалар күніне демеуші.

Ауыл әкімі тарапынан 9-мамыр Ұлы Жеңістің 65 жылдығына Соғыс және Тыл ардагерлеріне 30000- мың тенге көлемінде мерекелік дастархан жайылып, сый-сияпат көрсетілді. Ауыл әкімі жанындағы қоғамдық ұйымдар өз жұмыстарын жоспарлы түрде жүргізіп отырады.

Шығыс Қазақстан облысы, Аягөз ауданы, Малкелді ауылдық округінің 2018-2020 жылдарға арналған кешенді даму жоспары *.doc 3 MB
Шығыс Қазақстан Облысы Аягөз ауданы Малкелді ауылдық округінің әкімі Аяпбергенов Даулетқали Аяпбергенұлының ауыл тұрғындары алдындағы «Малкелді ауылының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2013 жылғы қортындылары және 2014жылға арналған міндеттер туралы» есебі *.doc 101 Kb
     

 

Бет өзгертілді: 06-04-2018