Аудан аймақтары

Майлин ауылдық округінің әкімі

Шаймарданов Ғалым №айтқазыұлы

Майлин ауылдық округінің әкімі – Шаймарданов Ғалым №айтқазыұлы

1955 жылы 23 желтоқсанда Семей облысы Аягөз ауданы Аягөз қаласында дүниеге келген. 1978 ж. Алматы зоотехникалық малдәрігерлік институтының зоотехния мамандығын, зооинженер біліктілігімен бітірген.  
Еңбек жолын 25.05.1978-19.02.1979 жж.  Алматы зоотехникалық малдәрігерлік институтының қой шаруашылығы кафедрасының аға лаборанты қызметінен бастаған. 19.02.1979-15.10.1980 жж. Аягөз аудандық ауыл шаруашылығы басқармасының қоғамдық тамақ жөніндегі инженері; 15.10.1980- 30.08.1982 жж. Аягөз аудандық ауыл шаруашылығы басқармасының ақпарат беру орталығының бас инженері; 30.08.1982- 22.10.1985 жж. Аягөз аудандық халықтық бақылау комитетінің инспекторы; 23.10.1985- 17.07.1989 жж. Сергиополь совхозы партия комитетінің хатшысы; 17.07.1989-09.10.1989 жж. аудандық партия комитетінің нұсқаушысы;  09.10.1989-12.02.1991 жж. Аягөз аудандық халықтық бақылау комитетінің төрағасы; 10.12.1990-01.04.1991 жж. Аягөз аудандық жұмысшы бақылау комитетінің төрағасы; 11.04.1991-17.10.1991 жж. «Алтын-Өзек» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің менеджері; 17.10.1991-19.11.1992 жж. Аягөз аудандық агроөнеркәсіп кешенінің қоғамдық тамақтандыру бөлімінің бастығы;  05.02.1993-30.09.1994 жж. Аягөз аудандық агроөнеркәсіп кешенінің заңгері; 30.09.1994-15.02.1995 жж. Аягөз аудандық агроөнеркәсіп кешенінің бас зоотехнигі; 15.02.1995-15.01.1996 жж. аудандық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімінің кеңесшісі; 15.01.1996-07.08.2006 жж. Сергиополь селосының әкімі;  07.08.2006-31.12.2010 жж. Аягөз аудандық ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімінің бас маманы; 01.01.2011-05.11.2012 жж. Аягөз ауданы әкімі аппаратының қаржы шаруашылық, жұмылдыру дайындығы және төтенше жағдайлар жөніндегі бөлімнің бас маманы;  05.11.2012 ж. бастап Майлин ауылдық округінің әкімі.

Азаматтарды қабылдау күні: әр аптаның сәрсенбі және жұма күндері сағ.14.30-дан 18.30-ға дейін
байланыс телефондары: (872237)2-29-78 факс, (872237)2-28-72 әкім

Әкімніңлауазымдықміндеттері

  • азаматтардың өтiнiштерiн, арыздарын, шағымдарын қарайды, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау жөнiнде шаралар қолданады;
  • салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi жинауға жәрдемдеседi;
  • әкім аппараты әкімшісі болып табылатын бюджеттік бағдарламаларды әзірлеп, тиісті мәслихаттың бекітуі үшін жоғары тұрған әкімдіктің қарауына енгізеді;
  • азаматтар мен заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасы Конституциясының, заңдарының, Қазақстан Республикасының Президентi мен Yкiметi актiлерiнiң, орталық және жергiлiктi мемлекеттiк органдар нормативтiк құқықтық актілерiнiң нормаларын орындауына жәрдемдеседi;
  • өз құзыретi шегiнде жер қатынастарын реттеудi жүзеге асырады; 
  • ауылдық округтiң мемлекеттiк тұрғын үй қорының сақталуын, сондай-ақ ауылдық округте автомобиль жолдарының салынуын, қайта жаңартылуын, жөнделуiн және күтiп ұсталуын қамтамасыз етедi;
  • шаруа қожалықтарын ұйымдастыруға, кәсiпкерлiк қызметтi дамытуға жәрдемдеседi;
  • өз құзыретi шегiнде әскери мiндеттiлiк және әскери қызмет, азаматтық қорғаныс, сондай-ақ жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру туралы мәселелер бойынша заңдардың орындалуын ұйымдастырады және қамтамасыз етедi;
  • әдiлет органдары жоқ жерлерде Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен нотариаттық iс-қимылдар жасауды, азаматтық хал актiлерiн тiркеудi ұйымдастырады;
  • тарихи және мәдени мұраны сақтау жөнiндегi жұмысты ұйымдастырады; 
  • табысы аз адамдарды анықтайды, жоғары тұрған органдарға еңбекпен қамтуды қамтамасыз ету, атаулы әлеуметтік көмек көрсету жөнінде ұсыныс енгізеді, жалғызілікті қарттарға және еңбекке жарамсыз азаматтарға үйінде қызмет көрсетуді ұйымдастырады;  
  •  жергiлiктi әлеуметтiк инфрақұрылымның дамуына жәрдемдеседi;
  • қоғамдық көлiк қозғалысын ұйымдастырады;
  • шұғыл медициналық көмек көрсету қажет болған жағдайда ауруларды дәрігерлік көмек көрсететін таяу жердегі денсаулық сақтау ұйымына дейін жеткізіп салуды ұйымдастырады;
  •  жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарымен өзара iс-қимыл жасайды;
  • шаруашылықтар бойынша статистикалық есепке алуды жүзеге асырады; 
  •  жергілікті бюджетті бекіту кезінде қала, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихаты сессияларының жұмысына қатысады; 
  • республикалық маңызы бар қалада, астанада, облыстық маңызы бар қалаларда орналасқан мәдениет мекемелерін қоспағанда, мектепке дейін тәрбие беретін және оқытатын ұйымдардың, мәдениет мекемелерінің қызметін қамтамасыз етеді;
  • өз құзыретi шегiнде елдi мекендердi сумен жабдықтауды ұйымдастырады және су пайдалану мәселелерiн реттейдi;
    20) елді мекендерді абаттандыру, жарықтандыру, көгалдандыру және санитарлық тазарту жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырады; 
  • туысы жоқ адамдарды жерлеуді және зираттар мен өзге де жерлеу орындарын тиісті қалпында күтіп-ұстау жөніндегі қоғамдық жұмыстарды ұйымдастырады;
  • ауылдық округ әкімінің құзыреттеріне аудан орталығымен көлік қатынасын ұйымдастыру жөнінде аудандық атқарушы органға ұсыныстар енгізу, сондай-ақ ауылдық жерде оқушыларды мектепке дейін және кейін қарай тегін жеткізіп салуды ұйымдастыру да жатады. 
  • ауылдық округ әкiмi өзiнiң құзыретiне жатқызылған мәселелер бойынша өзiне жүктелген мiндеттердiң iске асырылуы үшiн жоғары тұрған әкiмнiң, аудандық мәслихатының алдында жауап бередi. 

Б. Майлин ауылдық округінің тарихы

Б. Майлин округінде Б. Майлин атындағы совхоз 1964 жылы құрылған. Орталығы қазіргі Ескі Майлин ауылы болатын. 1972 жылдан бастап Б. Майлин совхозы орталығы жаңа Майлин деп аталып, Аягөз қаласынан 24 км жерге салынды. Осы жылдар ішінде совхоз экономикасы өркендепжаңа Майлин орталығына дейін тас жол салынып, ауылдың ішіндегі көшелер құм грави араласқан материалдармен көтеріліп, 200 ге дейін жаңа үйлер салынды. Совхоз орталығы қасында 2000 бас ірі қараға арналған сүт бағытындағы комплекс салынды. Орташа есеппен осы жылдары  20 000 бас қой, 700 бас жылқы, 2000 мөлшерінде ірі қара жыл басына малдар қосып, өсіріліп мал шаруашылығы өнімдері өсіріліп, жылына орта есеппен 350 тн ет, 860 тн сүт өндірілетін. Аягөз қаласын және бюджеттік мекемелерді сүтпен қамту Майлин, Сергиополь совхоздары міндеттеріне жататын.
Б. Майлин совхозы теміржолдың подхозы №2 совхоз негізінде құрылған. №2 совхоз 1946 жылы құрылған, орталығы ескі Майлин ауылы. Қарасу, Қарабұлақ, Көксу және қазіргі Қопа селолық округіне қарасты Қазбек ауылдары №2 совхоз фермалары болып есептелетін.
№2 совхозында ерен еңбегімен көзге түскен заманында егін егіп, шөп дайындап, қызы- жазы малдың амандығын қамтуға үлес қосқан адамдар: Қарабеков Төлеген-1935 ж, Сағындыков Серікқазы-1928 ж, Мустакиев Алдаберген-1944 ж, Мырзабаев Тілеуберді- 1944ж, Қарабеков Сағындық- 1932ж, Бөлегенов Бисенбай- 1934ж, Таникенов Тлеген-1934, Камалов Насибат-1938ж, Қыздаров Айтжан-1939ж, Таникенов Сакен-1937ж, Мусурманов Құдайберген-1944 ж, Қазыбаев Садуақас- 1930 ж, Қансейтов Абежай-1934 ж, Құттыбаев Төлеген-1937ж, Ажитаев Мұрат- 1917ж, Шишев Серікбай-1917ж, Қарабеков Амантай-1942ж, Мухамадиев Дауіт-1925ж, Молдабеков Мырзабек-1935ж, Көкеев Рахман, Оспанов Райымжан-1937ж, Нургалиев Бейсенғазы- 1932ж, Бөлегенов Құрманғали, Даданкулов Тыныштық-1944ж, Иванов Павел-1934, Аразалинов Қанапия-1932, Тоқтағанов Ықсан, 1934, Сеитов Кенжеғали-1925ж, Сеитов Қажығали-1918, Сейтов Айтмухамет-1938ж, Сеитов Есенгелді- 1940ж, Сеитов Нурмухамбет-1945ж, Мухаметрахимов Қыдыр-1932ж, Майрупов Сарқытбек-1936ж, Камаров Төлеуғазы -1935ж, Мухаметжанов Қыдыр-1932ж, Мамиленов Оразғали-1924ж, Бестонов Ануарбек-1939ж, Бестонов Мұрат-1949ж, Иманбеков Жумабек-1926ж, Аразалинов Нуртан-1949ж, Қилыбаев Кеңес-1938ж, Иманбаев Сағынтай-1938ж, Қарғабаев Мұхит, Мырзағазиев Құсайн-1917ж.
1964 ж Б. Майлин совхозы құрылғаннан кейін де аталған адамдардың көпшілігі өз еңбегімен совхоздың өркендеуіне үлкен үлес қосты.
№2 совхозды басқарғандар:

  1. Маслоков Иван,
  2. Ананин Виктор
  3. Рақымжанов Тоқбай 1960-1963 жж

Б. Майлин совхозын басқарғандар:
1. Ақылғазин Сақаш-1967-1969жж
2. Садыков Кәбір -1969-1971 жж
3. Омарханов Құсман-1972-1973жж
4. Шақшабаев Жақан- 1973-1977 жж
5. Нашанов Рамазан -1977-1981 жж
6. Баяхметов Какен -1981-1984 жж
7. Смагулов Құмар -1985-1989 жж
8. Молдажанов Серік- 1989-1991 жж
9. Бөлегенов Матайбай -1991-1996 жж

Ауылдық совет председателдері:
1. Исаенко Петр Васильевич -1923 ж              1967-1972 жж
2. Лежанов Слямшайх -1932 ж                         1973-1977 жж
3. Ргаев Б- 1947 ж                                              1977-1980 жж
4. Абишев Қизат -1947 ж                                 1980-1980 жж
5. Сандыбаев Серғазы -1947 ж                        1980-1985 жж
6. Магзумов Төлеген -1956 ж                          1985-1986 жж
7. Курмангалиев Кенжеғали -1950 ж             1986-1994 жж

Майлин совхозында партком хатшылары:

1. Даутбергенов Фазл -1936 ж 1972-1973жж
2. Чакшабаев Жақан Жанасылович -1941ж 1973-1974 жж
3. Омаров Болат Кайдарович -1942ж 1974-1975 жж
4. Мухамедиев Нұртөлеу -1944 ж 1975-1980жж
5. Турлыбеков Иван -1942 ж 1980-1981 жж
6. Рахметуллин Абзелхан  -1930 ж 1982-1985жж
7. Кажыкенов Даукен – 1951 ж 1985-1986 жж
8. Кулшанов Серікбол  1947 ж 1986-1996 жж

Б. Майлин селолық округінде әкім болғандар:

1. Сыдыков Слям 1994-1996жж
2. Кулшанов Серікбол 1996-2000 жж
3. Бөлегенов Матайбай 2000-2010жж

Алтын және күміс алқа алған аналар: Турлыбекова Бейсхан, Камалова Жамал, Мусурманова Кенжеш, Жаркеева Кульпаш, Шакенова Тыныштық, Иманбаева Гүлжанат, Жумажанова Гүлсім, Нурбекова Фарида, Оразгалиева Күмісхан, Мырзабаева Екатерина, Ахметжанова Алтынғайша, Шаукенова Сакежан, Мамырбекова Ашкен, Қасқабаева Ғалия, Жартыбасова Назигүл, Кансейтова Насихат, Шакенова Ғазиза, Усерова Айнагүл, Мухиева Зейнеп, Бижасанова Роза, Мырзаханова Кенжеғайша, Баймухамбетова Нажида, Жадранова Аманғайша, Мырзағанова Серікқайша,  Сыдыкова Раушан.

Соғыс ардагерлері: Мустафин Сатыбалды 1925 ж, Мамиленов Оразғали 1924ж.

Ерен еңбегі үшін марапатталғандар: Молдахметов Женер тракторист- Еңбек Қызыл Ту ордені, Узаков Оқан шопан- Құрмет белгісі, Абыдкаримов Оразымбай- шопан Еңбек Қызыл Ту ордені, Мустакиев Алдаберген тракторист- Еңбек Қызыл ту ордені, Мусурманов Құдайберген тракторист -Құрмет белгісі.

Ауылдық округі бойынша жалпы мағлұмат

Майлин ауылдық округі 1964 жылы құрылған. Әкімшілік орталығы Майлин ауылы, Аягөз қаласынан 24 шақырым жерде орналасқан, облыс орталығы Өскемен қаласынан 310 шақырым жерде орналасқан. Аумағы 97 000 га.
Елді мекендер: Ескі Майлин ауылы, Топар, Көксу, Қарабұлақ,. Халқының саны 848 адам, 196 отбасы бар. Халықтың экономикалық белсенді бөлігі 320 адам , зейнеткерлер 121 адам, әртүрлі жәрдемақы алатындар саны 28 адам.
Халықтың ұлттық құрамы 98% қазақтар, басқа ұлттар 2% құрайды.
Ауылдық округ географиялық жағынан тиімді орналасқан. Майлин ауылының қасынан Аягөз өзені ағып өтеді. Қар қараша айында түсіп, наурыз айының аяғында еріп кетеді.

Ауылдық округте орналасқан тарихи ескерткіштер.

  1. Әріп Тәңірбергенұлы зираты – Ащысу өзені бойында орналасқан, 2006 жылы ақынның 150 жылдығы атап өтілді.
  2. Солтабай төренің  Барағының зираты Ащысу өзені бойында орналасқан. Құнанбаймен қатар болыс болған. Алып күш иесі Батыр барақ атанған. 1802 жылы 35 жаста болған екен.

Округтің экономикасы

1996 жылы ауыл шаруашылығын жекешелендіруге байланысты Б. Майлин совхозы тарап, бір серіктестік және 11 шаруа шаруашылығы болып құрылған.
2010 жылы округте 70 шаруа шаруашлығы бар. Мал өсіріп, ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірумен айналысады. 2 шаруа шаруашылығы ірі қара бағытында, 68 шаруа шаруашылығы қой өсіру басымдылығымен жұмыс атқарады. Жеке меншік 3 га жерге картошка, 1 га жерге бау- бақша салады.
Жалпы білім беретін бір орта мектеп, амбулатория, жеке меншікте 2 монша, 3 дүкен бар. Халықтың ауызсуы, жарық, телефон, телевизор көрсетілімі 4 канал, жол шешілген. 2010 жылдың тамыз айының қорытындысынан 2723 цн ет, 6011 цн сүт, 174 цн жүн өндіріп, былтырғы жылғы осы мерзіммен салыстырғанда бұл көрсеткіштер орташа 105 % артып отыр.
бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін арттыру мақсатында 10 шаруа шаруашылығы, 1 дүкен және 1 жеке тұлғамен меморандум жасалды.

меморандумға отырғандардың тегі, аты- жөні кәсіпкерлік түрі құны теңге
1 Усеров Айтмухамет «Өсер» ш.ш 50000
2 Сағындыков Ораз «Бағдат» ш.ш 5000
3 Мусаев Ерсін «Сайболат» ш.ш 5000
4 Шаукенов Қайрат «Сыдық» ш.ш 5000
5 Райстанов «Мади-2» ш.ш 5000
6 Абдыкаримов Оразымбай «Мұрагер» ш.ш 20000
7 Тұрысбеков Бақытбек «Бексұлтан» ш.ш 10000
8 Дауанов Медеубай «Назбибі» ш.ш 5000
9 Смагулов Бектемір «Жасұлан» ш.ш 5000
10 Ашкенов Болат «Әсет» ш.ш 10000

Жоғарыда аталған тұлғалардың үшеуі жасаған меморандумға сәйкес өз міндеттерін орындады. (Абдыкаримов О, Райстанов А, Смагулов Б)
Ауылға қайырымдылық жасаған азаматтар: К. Нашанов – мектепте тамақтанатын балаларға 60000 теңге тұратын мұздатқыш алып берді. Әкімшілік тарапынан жалғыз басты қартқа 5000 теңге көмек көрсетілді. Ауыл жастарына , мектеп оқушыларына арнап ашық спорт алаңы жасалып жатыр.

Шығыс Қазақстан облысы, Аягөз ауданы, Майлин ауылдық округінің 2018-2020 жылдарға арналған кешенді даму жоспары *.doc 3 MB
Майлин ауылдық округінің әлеуметтік - экономикалық дамуының 2014 жылғы қорытындылары *.doc 32 Kb
     

 

Бет өзгертілді: 06-04-2018