Аудан аймақтары

Мәдениет ауылдық округінің әкім

Мұқашев Бауыржан Советұлы

Мәдениет ауылдық округінің әкімі – Мұқашев Бауыржан Советұлы

Мұқашев Б.С. 1969 жылдың 15 қантарында Семей облысы, Шұбартау ауданының Мәдениет ауылында тұған. 1988 жылы Ново-Покровка ауылшаруашылық техникумын, зоотехник мамандығымен, 1997 жылы Семей мемлекеттік университетін зооинженер мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын 1988 жылы Шұбартау ауданының «Шұбартау» кеңшарының ветсанитары болып бастаған.
1988-1990 жылдары әскери қатарында болды. 1990-1996 жылдары аралығында Шұбартау ауданының «Шұбартау» кеңшарының ветсанитары, Каз НИТИО Солтүстік Шығыс аумақтық бөлімінің маманы, «Көктал» кеңшарының жұмысшысы, бригадирі, «Тойсары-Бейсенбай» кәсіпорынның зоотехнигі болып жұмыс істеді. 1995-2010 жылдарында Шұбартау ауданының «Бек» ЖШС-нің есепшісі, кейін жетекшісі,  2010-2011 жылдары Малкелді ауылдық округінің әкімі болып қызмет атқарды. 2011 жылдың шілде айынан бастап Баршатас  ауылдық округінің әкімі қызметінде болған. 2013 жылдың тамыз айынан Мәдениет ауылдық округінің әкімі болып қызмет атқаруда.

 Жұмыс тел. 72237 3-26-99
Азаматтарды қабылдау күні: әр аптаның сәрсенбі және жұма күндері сағ.14.30-дан 18.30-ға дейін

Әкімніңлауазымдықміндеттері

  • азаматтардың өтiнiштерiн, арыздарын, шағымдарын қарайды, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау жөнiнде шаралар қолданады;
  • салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi жинауға жәрдемдеседi;
  • әкім аппараты әкімшісі болып табылатын бюджеттік бағдарламаларды әзірлеп, тиісті мәслихаттың бекітуі үшін жоғары тұрған әкімдіктің қарауына енгізеді;
  • азаматтар мен заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасы Конституциясының, заңдарының, Қазақстан Республикасының Президентi мен Yкiметi актiлерiнiң, орталық және жергiлiктi мемлекеттiк органдар нормативтiк құқықтық актілерiнiң нормаларын орындауына жәрдемдеседi;
  • өз құзыретi шегiнде жер қатынастарын реттеудi жүзеге асырады; 
  • ауылдық округтiң мемлекеттiк тұрғын үй қорының сақталуын, сондай-ақ ауылдық округте автомобиль жолдарының салынуын, қайта жаңартылуын, жөнделуiн және күтiп ұсталуын қамтамасыз етедi;
  • шаруа қожалықтарын ұйымдастыруға, кәсiпкерлiк қызметтi дамытуға жәрдемдеседi;
  • өз құзыретi шегiнде әскери мiндеттiлiк және әскери қызмет, азаматтық қорғаныс, сондай-ақ жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру туралы мәселелер бойынша заңдардың орындалуын ұйымдастырады және қамтамасыз етедi;
  • әдiлет органдары жоқ жерлерде Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен нотариаттық iс-қимылдар жасауды, азаматтық хал актiлерiн тiркеудi ұйымдастырады;
  • тарихи және мәдени мұраны сақтау жөнiндегi жұмысты ұйымдастырады; 
  • табысы аз адамдарды анықтайды, жоғары тұрған органдарға еңбекпен қамтуды қамтамасыз ету, атаулы әлеуметтік көмек көрсету жөнінде ұсыныс енгізеді, жалғызілікті қарттарға және еңбекке жарамсыз азаматтарға үйінде қызмет көрсетуді ұйымдастырады;  
  •  жергiлiктi әлеуметтiк инфрақұрылымның дамуына жәрдемдеседi;
  • қоғамдық көлiк қозғалысын ұйымдастырады;
  • шұғыл медициналық көмек көрсету қажет болған жағдайда ауруларды дәрігерлік көмек көрсететін таяу жердегі денсаулық сақтау ұйымына дейін жеткізіп салуды ұйымдастырады;
  •  жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарымен өзара iс-қимыл жасайды;
  • шаруашылықтар бойынша статистикалық есепке алуды жүзеге асырады; 
  •  жергілікті бюджетті бекіту кезінде қала, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихаты сессияларының жұмысына қатысады; 
  • республикалық маңызы бар қалада, астанада, облыстық маңызы бар қалаларда орналасқан мәдениет мекемелерін қоспағанда, мектепке дейін тәрбие беретін және оқытатын ұйымдардың, мәдениет мекемелерінің қызметін қамтамасыз етеді;
  • өз құзыретi шегiнде елдi мекендердi сумен жабдықтауды ұйымдастырады және су пайдалану мәселелерiн реттейдi;
    20) елді мекендерді абаттандыру, жарықтандыру, көгалдандыру және санитарлық тазарту жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырады; 
  • туысы жоқ адамдарды жерлеуді және зираттар мен өзге де жерлеу орындарын тиісті қалпында күтіп-ұстау жөніндегі қоғамдық жұмыстарды ұйымдастырады;
  • ауылдық округ әкімінің құзыреттеріне аудан орталығымен көлік қатынасын ұйымдастыру жөнінде аудандық атқарушы органға ұсыныстар енгізу, сондай-ақ ауылдық жерде оқушыларды мектепке дейін және кейін қарай тегін жеткізіп салуды ұйымдастыру да жатады. 
  • ауылдық округ әкiмi өзiнiң құзыретiне жатқызылған мәселелер бойынша өзiне жүктелген мiндеттердiң iске асырылуы үшiн жоғары тұрған әкiмнiң, аудандық мәслихатының алдында жауап бередi. 

Азаматтарды қабылдау күні: дүйсенбі, жұма күндері сағат 14.00 – 18.00 дейін
Байланыс телефондары: (872246) 95-2-74 (факс).

Мәдениет ауылы туралы

1994 жылы желтоқсан айында «Көктал» совхозы Тойсары Бейсенбай атындағы ауыл шаруашылық кәсіпорыны болып құрылды. 1996 жылдың наурыз айында ауыл шаруашылық кәсіпорыны, 2 жауапкершілігі шектеулі серіктестік, 1 өндірістік коопаратив, 14 шаруа қожалығына таратылды. Барлық мал мүлік негізгі қорлар осы шаруа қожалықтарына серіктестіктерге таратылып берілді.

Кезінде колхоз құрылысына, бертінде совхоз экономикасының дамуына Ә. Дөненбеков, М.Нұртбаев, Қ. Қажығалиев, А.Омаров, В Броткин, М.Мұқашев, И Ағыбаев , Қ Жұмабеков , И Кәкіжанов, І.Есімбеков, Е. Әбеуов, Т.Үйсінбев , С.Мұқашевтар аянбай тер төкті. Ауылымызда бала тәрбиесіне зор мән беріп ел құрметіне бөленіп отырған батыр аналар көптеп саналады. Олар: Қ.Нағашбекова, М.Омарова, М.Қаймолдина, Ж.Бөпетаева, Б.Ыбырайханова, К.Рахымжанова, С. Жүзжасарова т. б. Ерен еңбектерімен із қалдырған соғыс және еңбек ардагерлері Б. Мансуров, Е.Сейфулдин,Б.Уйпеков, С.Жұмаханов, А Жақанбаев, Ж Әздеков, Қ Жұмабеков кезінде совхоз экономикасын көтеруде аянбай еңбек етті.
Ауылдық округте 1040 халық тұрады. Орталығы Мәдениет ауылы, аудан орталығынан 150 км қашықтықта орналасқан. Табиғаты қатал, қысы ерте қараша айының басында түсіп сәуір айының ортасына қарай кетеді. Қаңтар , ақпан, айларында қатты аяздар болып боранды болып келеді. Ауыл эканомикасының негізі мал шаруашылығынан құрылғын. Қуаншылық жылдары қатаң мал азығының таршылығы сезіліп тұрады. Қатаң мал азығы негізінен 700-800 га суармалы Қусақ және жанындағы 600 га көлеміндегі Сартайпақ учаскелерінен дайындалады. Округте 21 шаруа қожалығы бар, шаруа қожалықтары негізінен мал өсіріп ,мал өнімдерін өндірумен шұғылданады. Ауыл халқына мәдени қызмет көрсету үшін, казпочта, АТС, дәрігерлік амбулатория, 2 –кітапхана, мәдениет үйі тұрақты қызмет етуде. Ауылымызда – жобамен 624 балаға арналған мектеп ауыл балаларына сапалы білім саналы тәрбие беруге үлкен жұмыстар атқарылуда. Мектебіміз Қазақстан Республикасына белгілі сазгер Еркеғали Рахмадиев атымен аталады. Мектеп оқушылры Ұлттық бірінғай тест тапсырудан облыс ,аудан мектептерінің алдында, жылма- жыл жоғарғы білім сапасын көрсетіп келеді. Мектеп ішінде спорт зал, кітапхана, өлке тану музейі оқушыларға қызмет көрсетеді. Мектеп ішінен 3- 3,5 жастағы бүлдіршіндерге қызмет көрсету үшін кіші орталық ашылған. Бүлдіршіндер бір уақыт ыстық тамақпен қамтамасыз етілген. Ауыл жастары мектептің жоғарғы сынып оқушыларынан құралған ерлер волейбол командасы ауылдық жастарға үнемі топ жарып І – ІІ орындарға иеленіп келеді.

Ауыл әкімшілігі мектеп ұжымымен біріге отырып іс шара қабылдап жыл сайын жаңа жылды қарсы алуға, наурыз мерекесін өткізу, 9 мамыр Ұлы Жеңістің күндерін, балаларды қорғау , саяси қуғын – сүргін құрбандарын еске алу , ата заңымыздың туған күнін атап өту т.б. даталы күндерді жылма – жыл тиісті денгейде атап өтіп отырады. Ауылымызда салынап жатқан жаңа мешіт үйіне Дағанды шаруа қожалығының бастығы 550 мың теңге демеушілік жасады. Мешіт үйіне демеушілік көрсеткен шаруа қожалықтарымен жеке адамдар:

1. Аздеков Мұхаметқан «Медеубек» шаруа қожалығы – 5000 теңге
2. Әзербаев Қыдырхан «Ақжол» шаруа қожалығы – 1 бас қой
3. Үйсінбев Тұрарбек «Шалқар» шаруа қожалығы– 1 бас қой
4. Құрманғалиев Оралхан «Серікжан» шаруа қожалығы – 2 бас қой
5. Жұмабеков Құлынтай «Бекзат» шаруа қожалығы –1 бас қой
6. Жангелин Қанат - 1 бас тоқты
7. Бақторазов Жұмаш - 1 бас қой
8. Мұхаметжанов Сейсек – 1 бас қой
9. Аздеков Жұман – 1 бас қой
10. Асылханов Серіктай – 1 бас қой
11. Хамзин Қазбек – 1 бас қой
12. Көксегенов Ақаш – 10000 теңге
13.Омарбаев Рақым – 1000 теңге
14. Құрманғалиев Айтқали – 30000 теңге
15. Ғайсин Санақ – 1 бас қой
16. Әміртаев Мұхтар -2000 теңге
17. Аханова Разия – 5000 теңге
18. Қайсарбеков Даурен - 1000 теңге.

 

 

Бет өзгертілді: 09-04-2018