Аудан аймақтары

Қопа ауылдық округінің әкімі

Жетибаев Нурлан АскаровичҚопа ауылдық округінің әкімі – Жетибаев Нурлан Аскарович
1961 жылы 20 қаңтарда Семей облысы Аягөз ауданы Тарлаулы ауылында дүниеге келген. 1994 жылы Семей қаласындағы Шәкәрім атындағы педагогикалық институтының тарих мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 1978  «Овцевод» орта мектебінде слесарь болып бастады. 1979-1981 жылдары Әскер қатарында болды. 1981–2000 жылдары   «Овцевод» орта мектебіне мастер,  еңбек пәнінің,  тарих пәнінің мұғалімі.  2000–2019 жылдары С.Сейфуллин атындағы орта мектепте тәрбие ісінің меңгерушісі және тарих пәнінің мұғалімі.  2019 жылдың ақпан айынан сәуір айына дейін Қопа ауылдық округі әкімінің міндетін уақытша атқарушы. 2019 жылдың сәуірінен бастап Қопа ауылдық округінің әкімі.

Азаматтарды қабылдау күні: әр аптаның сәрсенбі және жұма күндері сағ.14.30-дан 18.30-ға дейін
Байланыс телефоны: 6-00-05,  +7 778 370 84 13

Әкімнің лауазымдық міндеттері

  • азаматтардың өтiнiштерiн, арыздарын, шағымдарын қарайды, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау жөнiнде шаралар қолданады;
  • салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi жинауға жәрдемдеседi;
  • әкім аппараты әкімшісі болып табылатын бюджеттік бағдарламаларды әзірлеп, тиісті мәслихаттың бекітуі үшін жоғары тұрған әкімдіктің қарауына енгізеді;
  • азаматтар мен заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасы Конституциясының, заңдарының, Қазақстан Республикасының Президентi мен Yкiметi актiлерiнiң, орталық және жергiлiктi мемлекеттiк органдар нормативтiк құқықтық актілерiнiң нормаларын орындауына жәрдемдеседi;
  • өз құзыретi шегiнде жер қатынастарын реттеудi жүзеге асырады; 
  • ауылдық округтiң мемлекеттiк тұрғын үй қорының сақталуын, сондай-ақ ауылдық округте автомобиль жолдарының салынуын, қайта жаңартылуын, жөнделуiн және күтiп ұсталуын қамтамасыз етедi;
  • шаруа қожалықтарын ұйымдастыруға, кәсiпкерлiк қызметтi дамытуға жәрдемдеседi;
  • өз құзыретi шегiнде әскери мiндеттiлiк және әскери қызмет, азаматтық қорғаныс, сондай-ақ жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру туралы мәселелер бойынша заңдардың орындалуын ұйымдастырады және қамтамасыз етедi;
  • әдiлет органдары жоқ жерлерде Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен нотариаттық iс-қимылдар жасауды, азаматтық хал актiлерiн тiркеудi ұйымдастырады;
  • тарихи және мәдени мұраны сақтау жөнiндегi жұмысты ұйымдастырады; 
  • табысы аз адамдарды анықтайды, жоғары тұрған органдарға еңбекпен қамтуды қамтамасыз ету, атаулы әлеуметтік көмек көрсету жөнінде ұсыныс енгізеді, жалғызілікті қарттарға және еңбекке жарамсыз азаматтарға үйінде қызмет көрсетуді ұйымдастырады;  
  •  жергiлiктi әлеуметтiк инфрақұрылымның дамуына жәрдемдеседi;
  • қоғамдық көлiк қозғалысын ұйымдастырады;
  • шұғыл медициналық көмек көрсету қажет болған жағдайда ауруларды дәрігерлік көмек көрсететін таяу жердегі денсаулық сақтау ұйымына дейін жеткізіп салуды ұйымдастырады;
  •  жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарымен өзара iс-қимыл жасайды;
  • шаруашылықтар бойынша статистикалық есепке алуды жүзеге асырады; 
  •  жергілікті бюджетті бекіту кезінде қала, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихаты сессияларының жұмысына қатысады; 
  • республикалық маңызы бар қалада, астанада, облыстық маңызы бар қалаларда орналасқан мәдениет мекемелерін қоспағанда, мектепке дейін тәрбие беретін және оқытатын ұйымдардың, мәдениет мекемелерінің қызметін қамтамасыз етеді;
  • өз құзыретi шегiнде елдi мекендердi сумен жабдықтауды ұйымдастырады және су пайдалану мәселелерiн реттейдi;
  • елді мекендерді абаттандыру, жарықтандыру, көгалдандыру және санитарлық тазарту жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырады; 
  • туысы жоқ адамдарды жерлеуді және зираттар мен өзге де жерлеу орындарын тиісті қалпында күтіп-ұстау жөніндегі қоғамдық жұмыстарды ұйымдастырады;
  • ауылдық округ әкімінің құзыреттеріне аудан орталығымен көлік қатынасын ұйымдастыру жөнінде аудандық атқарушы органға ұсыныстар енгізу, сондай-ақ ауылдық жерде оқушыларды мектепке дейін және кейін қарай тегін жеткізіп салуды ұйымдастыру да жатады. 
  • ауылдық округ әкiмi өзiнiң құзыретiне жатқызылған мәселелер бойынша өзiне жүктелген мiндеттердiң iске асырылуы үшiн жоғары тұрған әкiмнiң, аудандық мәслихатының алдында жауап бередi. 

Азаматтарды қабылдау: айдың бірінші және үшінші сәрсенбі күндері. Сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін.
Байланыс телефондары: 6-00-04, 6-00-05

Құрылымы жөнінде тарихи туралы анықтама

Қопа ауылдық округі тарап кеткен «Овцевод» совхозы негізінде құрылған. «Овцевод» совхозы 1963 жылы тамыз айының 23 жұлдызында құрылды. Құрамында 3 фермасы болды. Жаңадан құрылған сов хозда, қазіргі Қопа ауылында «Қызыл отау» бастауыш мектебі ашылып, алғашқы ұстаздар Қуанышев Бәдеш, Әділханова Нұрхандар сабақ беріп, көп жылдар бойы еңбек етті. Кейіннен совхоз құрылысы басталып, «Овцевод» орта мектебі және оның жанында интернат салынды. Мектеп директоры болып Жетибаев Асқар тағайындалды.

1964-1965 жылдары тағы да 2 ферма қосылды. Совхоз жалпы 5 фермадан тұрды, мал шаруашылығымен айналысты. Совхозда мал басы көбейіп, экономикасы өркендей бастады. Көптеген сәнді үйлер, мектеп, клуб, кітапхана, аурухана, совхоз кеңсесі, сауда дүкендері, монша, байланыс жүйесі, мал бордақылау алаңы тұрақты жұмыс істеді.

«Овцевод» совхозын 1963-1968 жылдары Қорабаев Шайқан, 1968-1986 жылдары Өзбеков Әбілқасым, 1986-1995 жылдары Акимбаев Андас, 1995-1996 жылдары Асаумурзин Арынбай басқарды.
1963-1990 жылдары ауылдық кеңес төрағалары болып: Оразбеков Ақымжан, Бөлегенов Бейсенбай, Ахметжанов Птат, Әшірбеков Қайрылхан, Сатыбалдин Советхалық, Бөлегенов Алпысбай қызмет істеді. Барлығы ауылдың өркендеуіне, халықтың әл-ауқатының артуына, шаруашылық экономикасының көтерілуіне зор үлестерін қосты.

1981 жылы ауылымыздың орталығында жаңа типті мектеп үйі мен шаруашылық кеңсесі салынды. 1986 жылы 25 төсектік аурухана іске қосылды, бас дәрігері Сулейменов Қалибек болды. 
1996 жылы шаруашылық 23 шаруа қожалығы және 2 серіктестікке таратылды. Барлық мал, мүлік, негізгі қорлар осы шаруа қожалықтары мен серіктестіктерге таратылып берілді.
Совхоз экономикасының дамуына: Ш.Қорабаев, А.Өзбеков, А.Акимбаев, Егалиев, А. Оразбеков, А.Трушев, В.Сорокин, К.Ниязбеков, Ж.Мунсызбаев, М.Тумабаев, Н. Жумаханов, М.Султанбеков, К. Нуршаев, Б.Бөлегенов, М. Құрманбеков, О.Смағулов, М. Таукебаев, т.б. азаматтар аянбай тер төкті.

Ерлік еңбектерімен үлгі-өнеге, із қалдырған еңбек және соғыс ардагерлері: Әлиев К., Рахиманов Қ., Ығышев Б., Атағарин Н., Мендекин К., Орынғожинов Б., Сыдыков Ш., Трушев А., Шаншарбаев Б., Даутбаев А., Даутбаев С., Конакаев Ш., Казанғапов Қ., Кәріпжанов А., М. Хабидуллин т.б. Тылда аянбай еңбек еткен ардагерлеріміз: Жетибаев А., Байғалиев М., Үйсінбаева А., Ниязбекова П., Досаева Б., Жетибаева Т., Шакеров Е., Смаханова Д.
Қопа ауылы бойынша Ауған соғысына қатысқандар: Қонақбаев А., Уәлиев Б., Жылкышинов Р., Камзин Айхат-қазіргі уақытта Қопа ауылдық округі әкімі аппаратында бас маман қызметін атқарады, бірнеше медальдармен марапатталған .
«Овцевод» совхозынан Социалистік Еңбек Ері-Жанасылов Бөжек Шақшабайұлы шықты.

Ленин, Еңбек Ері ордендерімен Тасболатов Т.- шопан, Ходжаев З.-шопан, Ходжаев Ә- шопан, Бейсенбаева Т.- шопан, Мұнсызбаев Ж.- ферма меңгерушісі, еңбектегі жетістіктері үшін марапатталды.
Ауылымызда бала тәрбиесіне зор мән беріп, ел құрметіне бөленген, ұлын-ұяға, қызын қияға ұшырып отырған батыр аналар да көптеп саналады: Акимбаева Ж., Ахмадиева Т., Байсакова К., Даутбаева Р., Касымова А., Жанабаева Б., Нурахметова К., Конакбаева М., Карабаланова Л., Телтаева А., Турсынбаева К., Куанышева С.,Адилжанова Н., Габидуллина З., Абдирбекова К., Сапаргалиева К., Тасболатова Л., Уалиева П., Мухамедиева К., Мырзаханова Б., Мукушева П., Хамзина Т., Шерниязданова К., Шакерова Т., Оспанова Б., Майжанова Н., Жумагельдина Р., Асылханова А., Самитова Д., Кутибаева А.

Ауылдық округ туралы жалпы мағлұмат

Қопа ауылдық округі 1963 жылы құрылған. Әкімшілік орталығы Қопа ауылы Аягөз ауданының орталығынан 270 км қашықтықта орналасқан. Облыс орталығы Өскемен қаласынан 550 км қашықтықта орналасқан. Жалпы жер көлемі 247 566 гектар. 3 елді мекен бар: Қопа, Қарасу, Қарақұм.
7 шақырым жердегі Ақтоғай стансасы арқылы республикалық маңызы бар темір жол торабы өтеді. Халық саны -1184 адам, 283 отбасы бар. Халықтың экономикалық белсенді бөлігі 683 адамды құрайды, оқушылар саны -185, зейнеткерлер саны-179 адам, 72 адам әр түрлі жәрдемақылар алады. Халықтың ұлттық құрамы: қазақтар -95,5%, басқа ұлттар - 4,5% құрайды.
Ауыл округі географиялық жағдайы бойынша тиімді орналасқан. Наурыз айының ортасынан бастап, аяз қайтып, қыркүйек айының соңына қарай суық ауа келе бастайды. Қараша айының екінші онкүндігіне қарай қар түсіп, наурыз айының ортасынан бастап қар кете бастайды. Қыс кезінде қардың қалыңдығы 20-30 см-ге дейін жетеді.

Округ экономикасы

Қазіргі күні округте 63 шаруа қожалығы бар. Олардың барлығы негізінен мал шаруашылығымен айналысады. Жері сортаң болғандықтан егін шаруашылығына қолайсыз. 6 шаруа қожалықтары мал өсірумен айналысады, негізгі бағыты- қой шаруашылығы: «Ерке» шаруа қожалығы басшысы Каримкулов Б., «Болат» шаруа қожалығы - Шайшов Б., «Ақбота-Базарбай» шаруа қожалығы - Базарбаева Б., «Ерке-2» шаруа қожалығы-Блялов Н., «Самат» шаруа қожалығы-Даутбаев Б., «Айдын» шаруа қожалығы Хайдарова К. Сонымен қатар «Бекежан» шаруа қожалығының басшысы Нұрахмет Бекежан 72 бас түйе өсіріп отыр. Басқа қожалықтардың малдары жеке меншік есебінде.
Ауылда 275 аула бар, оның 255 мал өсірумен айналысады (92,7%) және жеке меншік қосалқы шаруашылықпен айналысады. 2009 жылы өндірілген өнімдер: ет-48,8 т., сүт-132,0 т., жүн-19,6 т. жұмыртқа 56 мың дана, оның ішінде: 9 тонна –ет, 14 тонна-сүт, 3 т.-жүн өнімдерін шаруа қожалықтары өндірді.

2010 жылдың 1 қаңтарына төмендегідей мал басы бар: Ірі-қара -2558 бас, қой-11537 бас, ешкі-933 бас, жылқы -327 бас, түйе-72 бас, құс- 630. 2009 жылмен салыстырғанда малдың басы кеміді, себебі малдардан бруцеллез ауруы шықты және қыстың қатты аязды, суық, боранды болуы көп әсерін тигізді. Ауа-райы түйе малын өсіруге қолайлы болғандықтан түйе малын қожалық басшысы сатып алып, көбейтіп отыр.
Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін арттыру мақсатында Қопа ауылдық округі бойынша 21 шаруа қожалығы, 4 дүкенмен меморандум жасалды. Жоғарыда айтылған тұлғалар жасаған меморандумдарына сәйкес өз міндеттерін толығымен орындап отыр. Ауылдық округ бойынша 1 орта мектеп, дәрігерлік амбулатория, пошта, байланыс бөлімі, кітапхана, мешіт халықты мәдени қамту үшін тұрақты жұмыс істеп тұр.

Ауылға қайырымдылық жасаған азаматтар тізімі

  1. Жакуповтар әулеті -мешіт салды.
  2. Даутбаев Болат - мешіттің электр жарығының шығындарын үнемі төлеп отырады, су бөгетін жөндеу жұмыстарына көмек көрсетті
  3. Орынгожинов Алтай - қыста жол тазалау жұмыстары, су бөгетін қалпына келтіру жұмыстарына жанар-жағар май бөліп отыр.
  4. Сапарғалиев Архат - 20000 теңге «Абдрахман» ш.қ.
  5. Жексембаев Серікжан -20000 теңге
  6. Есенжолов Біржан - көпір жөндеу жұмыстарына көмек берді.
  7. Садыков Т - 20000 теңге «Ардақ-2» ш.қ.
  8. Мухаметжанов Нұржан - су бөгетін қалпына келтіру жұмыстарына техникамен көмек көрсетті
  9. Карипбаев Талғат - мектеп директоры оқушылармен жалғыз басты зейнеткердің үйіне көмек көрсетті.
  10. «Туған елге тағзым» акциясы бойынша 1995 жылы мектеп бітірген түлектер 15 жылдық кездесуге байланысты «Қопа ауылы» белгісі бар арка орнатты.
  11. 2000 жылы мектеп бітірген түлектер 10 жылдық кездесуге байланысты ауылдың орталық көшесіне 2 аялдама орнатты. 

     

     

    Шығыс Қазақстан облысы, Аягөз ауданы, Қопа ауылдық округінің 2018-2020 жылдарға арналған кешенді даму жоспары *.doc 7.5 MB
    Қопа ауылдық округінің әлеуметтік - экономикалық дамуының 2014 жылғы қорытындылары *.doc 33 KB
    Бет өзгертілді: 11-09-2019