Аудан аймақтары

Қарағаш ауылдық округінің әкімі

Қарағаш ауылдық округінің әкімі – Сыздықаев Талғат Махмутұлы

Сыздықаев Т.М. 1959 жылдың 17 наурызында Семей облысы Аягөз ауданының Қарағаш ауылында тұған. Білімі жоғары, 1982 жылы құрылыс техникумын, кейінгі жылдары сәулет-құрылыс Академиясын бітірген. 1976-2006 жылдары аралығында Аягөз ауданының «Аягөз» ауыл шаруашылық бірлестігінің жұмысшысы, Аягөз № 26 жол-құрылыс учаскесінің жұмысшысы, «Аягөз» ауыл шаруашылық бірлестігінің инженері, аға прорабы, экономисі, кәсіподақ ұйымының төрағасы, шаруашылықтың жұмысшылар кооперациясының төрағасы, Аягөздегі «Жасұлан» шаруашылығының директоры, «Қалаүйкомшарқұрылыс» КММ-нің бастығы болып жұмыс істеді. 2006 жылдың мамыр айынан бастап Қарағаш ауылдық округінің әкімі.   

Азаматтарды қабылдау күні: әр аптаның сәрсенбі және жұма күндері сағ.14.30-дан 18.30-ға дейін
Байланыс телефондары: (872237) 2-27-52, 87052419100

Қарағаш ауылдық округінің әкімі Т.М.Сыздықаевтың 2009 жылға есеп беруі және алдағы жоспарлары туралы есебі

 

Әкімніңлауазымдықміндеттері

  • азаматтардың өтiнiштерiн, арыздарын, шағымдарын қарайды, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау жөнiнде шаралар қолданады;
  • салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi жинауға жәрдемдеседi;
  • әкім аппараты әкімшісі болып табылатын бюджеттік бағдарламаларды әзірлеп, тиісті мәслихаттың бекітуі үшін жоғары тұрған әкімдіктің қарауына енгізеді;
  • азаматтар мен заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасы Конституциясының, заңдарының, Қазақстан Республикасының Президентi мен Yкiметi актiлерiнiң, орталық және жергiлiктi мемлекеттiк органдар нормативтiк құқықтық актілерiнiң нормаларын орындауына жәрдемдеседi;
  • өз құзыретi шегiнде жер қатынастарын реттеудi жүзеге асырады; 
  • ауылдық округтiң мемлекеттiк тұрғын үй қорының сақталуын, сондай-ақ ауылдық округте автомобиль жолдарының салынуын, қайта жаңартылуын, жөнделуiн және күтiп ұсталуын қамтамасыз етедi;
  • шаруа қожалықтарын ұйымдастыруға, кәсiпкерлiк қызметтi дамытуға жәрдемдеседi;
  • өз құзыретi шегiнде әскери мiндеттiлiк және әскери қызмет, азаматтық қорғаныс, сондай-ақ жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру туралы мәселелер бойынша заңдардың орындалуын ұйымдастырады және қамтамасыз етедi;
  • әдiлет органдары жоқ жерлерде Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен нотариаттық iс-қимылдар жасауды, азаматтық хал актiлерiн тiркеудi ұйымдастырады;
  • тарихи және мәдени мұраны сақтау жөнiндегi жұмысты ұйымдастырады; 
  • табысы аз адамдарды анықтайды, жоғары тұрған органдарға еңбекпен қамтуды қамтамасыз ету, атаулы әлеуметтік көмек көрсету жөнінде ұсыныс енгізеді, жалғызілікті қарттарға және еңбекке жарамсыз азаматтарға үйінде қызмет көрсетуді ұйымдастырады;  
  •  жергiлiктi әлеуметтiк инфрақұрылымның дамуына жәрдемдеседi;
  • қоғамдық көлiк қозғалысын ұйымдастырады;
  • шұғыл медициналық көмек көрсету қажет болған жағдайда ауруларды дәрігерлік көмек көрсететін таяу жердегі денсаулық сақтау ұйымына дейін жеткізіп салуды ұйымдастырады;
  •  жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарымен өзара iс-қимыл жасайды;
  • шаруашылықтар бойынша статистикалық есепке алуды жүзеге асырады; 
  •  жергілікті бюджетті бекіту кезінде қала, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихаты сессияларының жұмысына қатысады; 
  • республикалық маңызы бар қалада, астанада, облыстық маңызы бар қалаларда орналасқан мәдениет мекемелерін қоспағанда, мектепке дейін тәрбие беретін және оқытатын ұйымдардың, мәдениет мекемелерінің қызметін қамтамасыз етеді;
  • өз құзыретi шегiнде елдi мекендердi сумен жабдықтауды ұйымдастырады және су пайдалану мәселелерiн реттейдi;
    20) елді мекендерді абаттандыру, жарықтандыру, көгалдандыру және санитарлық тазарту жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырады; 
  • туысы жоқ адамдарды жерлеуді және зираттар мен өзге де жерлеу орындарын тиісті қалпында күтіп-ұстау жөніндегі қоғамдық жұмыстарды ұйымдастырады;
  • ауылдық округ әкімінің құзыреттеріне аудан орталығымен көлік қатынасын ұйымдастыру жөнінде аудандық атқарушы органға ұсыныстар енгізу, сондай-ақ ауылдық жерде оқушыларды мектепке дейін және кейін қарай тегін жеткізіп салуды ұйымдастыру да жатады. 
  • ауылдық округ әкiмi өзiнiң құзыретiне жатқызылған мәселелер бойынша өзiне жүктелген мiндеттердiң iске асырылуы үшiн жоғары тұрған әкiмнiң, аудандық мәслихатының алдында жауап бередi. 

Ауылдық округінің тарихы
 
Қарағаш Аягөз ауданындағы ауыл, ауылдық әкімшілік округ орталығы. Аудан орталығы Аягөз қаласы шығысқа қарай 40 км (шақырым). Берікқара шоқысынан Солтүстік шығысқа қарай 12 км жерде, Аягөз өзенінің Солтүстік жағасында орналасқан. Еліміздің сырлы да тарихи шежіреге бай өлкенің бірі Аягөз ежелден ақындар мен ғашықтар аңыздар мекені. Қарт Тарбағатайдың төсінен бастау алған, еркелей ағып жатқан Аягөздің аядай мөлдір суынан кімдер қанып ішпеді дейсің. Қарағаш ауданымыздағы елді мекен Қара (сын есім) + ағаш (зат есім) сөздерінен туындаған қоспа сөз. Мағынасы «Қара ағаш » көп өсетін жер деген сөз. 1930 жылы ірге тасы қаланған Қарағаш 20-шы ғасырдың 30-шы жылдарында ауыл шаруашылық негізін ұйымдастыруға сәйкестендірілді. 1974 жылы ұжымшар негізінде құрылған «Ақши» қой кеңшарының бөлімшесіне, 1987 жылы Аягөз ет комбинатының қосалқышаруашылығына айналды. Ауылына қарап азаматын таны деген сөз бар, ауылдың мақтанышына айналған еңбек майталмандары көптеп саналады. 1965 жылдан бастап Қарағаш өңірінің гүлденуіне сүбелі үлес қосқан совхоз директоры Төлеуқаппас Сармаевтың еңбегі ерекше 1956 жылдан партия қатарында болған азамат «Аягөз» мал бордақылау совхозын ширек ғасыр басқарған. Т.Сармаев «Тың және тыңайған жерлерді игергені үшін » медалімен, екі мәрте «Ерен еңбегі үшін» медалімен, «Құрмет белгісі» және Еңбек Қызыл ту ордендерімен марапатталды. Т.Сармаевтың есімін Қарағаш ауылындағы орталық көшеге берілді. Сол жылдары үлкен үлес қосқан: шопандар А.Жұмаділов, С.Маткаримов, Ғ.Қасенов, О.Қасенов, А.Маткаримов, А.Молдағожаев, А.Қасымханов, Б.Ілиясов, (малшылар), механизаторлар: Ленин орденді О.Қыдырманов, озат механизатор М.Өтебеков, Қ.Актаев, А. Жуков, В.Янцен, Ж.Байжұманов, Н.Жымпыров, М.Шалов, Ж.Каленов, мамандар М.Жәңгірбаев, М.Құнанбаев, Қ.Түсіпбеков, Қ Қарабаев, бас экономист Ш.Ахметбаев, Т.Құсайнов, А.Омаров болды. 50-жылдардың 2000 жылдар аралығында Қарағаш совхозының тізгінін ұстаған мамандар: М.Шутиков 1950-53 жылдар аралығы, Т.Исполов, Сағындықов, Магометов, Р.К.Қайырқанов, А.Ж.Маматов, Т.Сармаев, М.Т.Сармаев, С.Т.Сибаев.
Соғыс оты да біздің ауылымызды шарпып өтті. Ауылымыздың талай азаматтары сұрапыл жылдары ел қорғауға аттанып елін, жерін жаудан қорғады. Сол сұрапыл жылдар майданға аттанған С.Абыраймов, О.Раев, Т.Дүйсенбаев, Ә.Байжұманов, М.Сыздыкаев, Ғ.Кабиев, О.Қасымжанов, М.Бекишев, И.Шкедов, С.Қыдырманов, Қ.Тілеубергенов, Я.Хананов, Т.Қорлыбаев, Т.Садуақасов т.б. Тылда еңбек еткен аналарымыз: Ж.Темірғалина, С.Абраймова, Р.Абиханова, Ғ.Сыздықаева.

Округ туралы анықтама

1997 жылдан шаруа қожалықтары құрылды. Байланыс бөлімшесі, орта мектеп, клуб фельдшерлік медпункт т.б. нысандар ашылды. Облыс орталығынан қашықтығы 400 шақырым Елді мекендер саны Қарағаш ауылы, округ орталығы, Қаражал ауылы, қыстақтар саны (ел мекендейтін 11, тұрғындар саны барлығы 1102 адам, Қарағаш ауылы тұрғындар саны 917 адам, Қаражал 185, жанұя саны 207 адамды құрайды. Тұрғындардың әлеуметтік жағдайы , жұмысшылар 401, қызметкерлер 52, зейнеткерлер 126, жұмыссыздар 12, оның ішінде еңбек биржада тіркеуде тұрғандар саны 4, оқушылар саны 135, мектеп жасына дейінгілер 80, арнайы жәрдемақы алушылар 10, Ұлы Отан Соғысының ардагері 1, Батыр аналар 9, мүгедектер 22 , туған бала саны 2010 жылға шаққанда 16, тұрғындардың білімділік құрамы жоғары-53, арнаулы орта 35, жалпы орта 546, толық емес орта 34, бастауыш 5.

Ауыл округінің географиялық жағдайы таулы, сулы, өзенді. Аумақ арқылы республикалық маңызы бар автокөлік трассасы өтеді. Тамыз айының соңына қарай суық ауа келе бастайды, қараша айының бірінші он күндігінде қар түсіп, сәуір айының екінші он күндігінде кете бастайды. Қыс ерте түседі,қардың қалыңдығы 40-50 см ге жетеді. Жері құнарлы, шалғынды, мал жайылымына қолайлы, көктем кезінде су арнасы молайады, жағасы шілікті.

Тұрғындардың ұлттық құрамы: қазақтар 1078 адам, орыстар 1, татарлар т.б. ұлттар турады. Тұрғындардың жас мөлшері 17-ге дейін 235, 18-ден 632, 60-тан жоғары -136. Округ аумағында орналасқан: орта мектеп - 1, бастауыш мектеп - 1, фельдшерлік-акушер пункті -1, кітапхана -2, клуб-1, дүкен-2, шеберхана-1 және халыққа қызмет көрсету орталығы бар. Ауыл округінің географиялық жағдайы таулы, сулы, өзенді. Аумақ арқылы республикалық маңызы бар автокөлік трассасы өтеді.

Округтің экономикасы

Округ бойынша барлық ірі қара 3036 бас, аналық сиыр-1110 бас, бұқа-65 бас, ұрғашы тайынша -190 бас, басқа жік - 1671бас . Барлық қой-ешкі саны 9012, аналық қой, ешкі саны 4840, қошқар теке-190, басқа жік 3982, қозы-лақ: Барлық жылқы бие-260, құлын-90, баасқа жік-395. Қазіргі кезде 32 шаруа қожалығы, 2- сауда дүкені , «Нұр-Түс » мал сою цехы халыққа қызмет етеді. Жер көлемі 26617га. Егіншілікпен айналыспайды, шабындық жер 632га, жайылымдық 24084 га, құрама жер 100га. Қазір 27 шаруа қожалығы жұмыс істейді.

Шығыс Қазақстан облысы, Аягөз ауданы, Қарағаш ауылдық округінің 2018-2020 жылдарға арналған кешенді дамыту жоспары *.doc 6.3 MB
Қарағаш ауылдық округінің әлеуметтік - экономикалық дамуының 2014 жылғы қорытындылары және 2015 жылға алда тұрған міндеттері *.doc, 44 kB

 

 

 

Бет өзгертілді: 05-04-2018