Аудан аймақтары

Емелтау ауылдық округінің әкімі

Ыбрайұлы Рақымбек

Ыбрайуұлы Р. 1956 жылдың 15 қазанында Семей облысы, Шұбартау ауданының Баршатас ауылында тұған. 1980 жылы Семей облысы Ново-Покровка ауылшаруашылық техникумын зоотехник мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын 1974 жылы Шубартау ауданы, «Шұбартау» кеңшарының жұмысшысы болып бастаған. 1974-1976 жылдары Совет әскери қатарында болған. 1976-1978 жылдары «Шұбартау» кеңшарының жұмысшысы, 1980-1996 жылдары аралығында «Шұбартау» кеңшарының зоотехнигі, ферма меңгерушісі, бас зоотехнигі. 1996-2000 жылдары Шубартау ауданы Емелтау ауылындағы серіктестік басшысының орынбасары, «Аслан» шаруа шаруашылығының төрағасы. 2000 – 2013 жылдары Емелтау ауылдық округінің әкімі қызметінде болды. 2013 – 2015 жылдары Байқошқар ауылдық округінің әкімі қызметінде болды. 2015 жылдың қыркүйек айынан бастап Емелтау ауылдық округінің әкімі.


Азаматтарды қабылдау күні: әр аптаның сәрсенбі және жұма күндері сағ.14.30-дан 18.30-ға дейін
Байланыс телефондары:  (872246) 97-1-34.

Әкімніңлауазымдықміндеттері

  • азаматтардың өтiнiштерiн, арыздарын, шағымдарын қарайды, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау жөнiнде шаралар қолданады;
  • салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi жинауға жәрдемдеседi;
  • әкім аппараты әкімшісі болып табылатын бюджеттік бағдарламаларды әзірлеп, тиісті мәслихаттың бекітуі үшін жоғары тұрған әкімдіктің қарауына енгізеді;
  • азаматтар мен заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасы Конституциясының, заңдарының, Қазақстан Республикасының Президентi мен Yкiметi актiлерiнiң, орталық және жергiлiктi мемлекеттiк органдар нормативтiк құқықтық актілерiнiң нормаларын орындауына жәрдемдеседi;
  • өз құзыретi шегiнде жер қатынастарын реттеудi жүзеге асырады; 
  • ауылдық округтiң мемлекеттiк тұрғын үй қорының сақталуын, сондай-ақ ауылдық округте автомобиль жолдарының салынуын, қайта жаңартылуын, жөнделуiн және күтiп ұсталуын қамтамасыз етедi;
  • шаруа қожалықтарын ұйымдастыруға, кәсiпкерлiк қызметтi дамытуға жәрдемдеседi;
  • өз құзыретi шегiнде әскери мiндеттiлiк және әскери қызмет, азаматтық қорғаныс, сондай-ақ жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру туралы мәселелер бойынша заңдардың орындалуын ұйымдастырады және қамтамасыз етедi;
  • әдiлет органдары жоқ жерлерде Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен нотариаттық iс-қимылдар жасауды, азаматтық хал актiлерiн тiркеудi ұйымдастырады;
  • тарихи және мәдени мұраны сақтау жөнiндегi жұмысты ұйымдастырады; 
  • табысы аз адамдарды анықтайды, жоғары тұрған органдарға еңбекпен қамтуды қамтамасыз ету, атаулы әлеуметтік көмек көрсету жөнінде ұсыныс енгізеді, жалғызілікті қарттарға және еңбекке жарамсыз азаматтарға үйінде қызмет көрсетуді ұйымдастырады;  
  •  жергiлiктi әлеуметтiк инфрақұрылымның дамуына жәрдемдеседi;
  • қоғамдық көлiк қозғалысын ұйымдастырады;
  • шұғыл медициналық көмек көрсету қажет болған жағдайда ауруларды дәрігерлік көмек көрсететін таяу жердегі денсаулық сақтау ұйымына дейін жеткізіп салуды ұйымдастырады;
  •  жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарымен өзара iс-қимыл жасайды;
  • шаруашылықтар бойынша статистикалық есепке алуды жүзеге асырады; 
  •  жергілікті бюджетті бекіту кезінде қала, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихаты сессияларының жұмысына қатысады; 
  • республикалық маңызы бар қалада, астанада, облыстық маңызы бар қалаларда орналасқан мәдениет мекемелерін қоспағанда, мектепке дейін тәрбие беретін және оқытатын ұйымдардың, мәдениет мекемелерінің қызметін қамтамасыз етеді;
  • өз құзыретi шегiнде елдi мекендердi сумен жабдықтауды ұйымдастырады және су пайдалану мәселелерiн реттейдi;
    20) елді мекендерді абаттандыру, жарықтандыру, көгалдандыру және санитарлық тазарту жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырады; 
  • туысы жоқ адамдарды жерлеуді және зираттар мен өзге де жерлеу орындарын тиісті қалпында күтіп-ұстау жөніндегі қоғамдық жұмыстарды ұйымдастырады;
  • ауылдық округ әкімінің құзыреттеріне аудан орталығымен көлік қатынасын ұйымдастыру жөнінде аудандық атқарушы органға ұсыныстар енгізу, сондай-ақ ауылдық жерде оқушыларды мектепке дейін және кейін қарай тегін жеткізіп салуды ұйымдастыру да жатады. 
  • ауылдық округ әкiмi өзiнiң құзыретiне жатқызылған мәселелер бойынша өзiне жүктелген мiндеттердiң iске асырылуы үшiн жоғары тұрған әкiмнiң, аудандық мәслихатының алдында жауап бередi. 

Ауылдық округтің құрылымы жөнінде анықтама

Емелтау ауылы 1947-1949 жылдары Кеңес Одағы кезінде Семей облысы, Шұбартау ауданы «Горный» қой  кеншарының «Қараирек» елді мекені және саркамас, еділбай қой кеншарының, «Арқарлы» елді мекенін біріктіру нәтижесінде «Шұбартау» қой совхозы,  Емелтау ауылдық кеңесі болып 1966 жылы құрылды. Ауылдық кеңес орталығы тарихы «Қотан-Емель» тауының баурайына орналасуына байланысты ауылдық кеңес Емелтау ауылдық кеңесі деп аталады. «Қотан –Емель» тауының биіктігі теңіз денгейінен 1089 метр, ауыл территориясындағы «Қара- ирек» елді мекені батысында «Архарлы» елді мекені солтүстігінде «Тасқора» кені, шығысында орналасқан. Ауылдық округ теериториясы батысында, оңтүстігінде Қарағанды облысымен, солтүстігінде «Жорға» селолық округімен, шығысында «Мәдениет» селолық округімен шекаралас. Жері таулы, тасты ұсақ талды болып келеді. Қысы қатаңдау қар онша калың түспейді. Емелтау өңірінің жерінде табиғатына сай халқының казіргі кәсібі ата кәсіп мал өсіру.негізгі өсірілетін малдар жылқы, ірі қара қой малдары.себебі жерге табиғатына сай жылдам бейімделетін қазақи тұқымды малдар жылдың түгелдей дерлік мезгілінде өз бетімен жайылып,қыста қарды тебіндеп шығады. Кеңес одағы кезінде социалистік «Шұбартау» кеншары деп те аталған, төрт түлік малды өсірумен шұғылданып, сол кездегі Шұбартау ауданы бойынша алдыңғы қатардағы кеншарлардың бірі болған. Экономикалық нарықтық қайнастарға байланысты «Шұбартау» кеншары 1994 жылы жекешелендіруге жіберіліп. Емелтау ауылшаруашылық Кәсіпорны болып құрылды.нарықтық қайнастар талабына сәйкес осы кәсіпорында таратылып 1-жауапкершілігі шектеулі серіктестік, 1-өндірістік кооператив, 10-шара қожалықтары болып бөлінді. 1997 жылы емелтау жауапкершілігі шектеулі серіктестігі тарап оның орнына 3-шаруа қожалығы құрылды. Кәзіргі уақытта  14 шаруа қожалығы жұмыс істеуде. Ауыл Емелтау ауылдық округі деп аталады. Кеншарда әр жылдары 1966-1969 жылдары Шырайымбеков Ермек,1969-1975 жылдары Қожанов Ғабиден,1975-1986 жылдары Тоқбаев Қазкен,1980-1986 жылдары Мұқашев Свет,1986-1988 жылдары Құрмашев Майдан,1988-1991 жылдары Оразбеков Берік,1991-1995 жылдары Мұқашев Талғат, 1995-1996 Оразбеков Берік директорлық қызметте жұмыс жасағандар. Ауылдық округте 1-орта мектеп, 1-емхана, мәдениет үйі, мешіт, казпочта бөлімшесі, АТС, ауылдық кітапхана, 3-дүкен спорт ғимараты халыққа қызмет көрсетсе, 14-шаруа қожалығы мал қыстамаларына мал өсірумен айналысып енбек етуде.

Емелтау ауылдық округінің әкімдері болып:  Түскенов Тілеуғали -1991- 2000 жылдары аралығында еңбек етті. Ыбрайұлы  Рақымбек 2000 жылдың желтоқсан айынан бастап атқаруда

Ауылдық округ туралы жалпы мағлұмат

Ауылдық округі орталығы Емелтау ауылы Аякөз ауданының батысында орналасқан. онтүстігінде Қарағанды облысымен,солтүстігінде Жорға ауылдық округімен, шығысында Мәдениет ауылдық округімен шектеседі. Бүгінгі күні ауылымызда 585 адам қоныстанған,оның ішінде: жұмысшылар қатарында-407,зейнеткер-46, оқушылар-86, мұғалімдер-20, медицина қызметкері-2, жыл ардагері-2 батыр аналар, алтын алқа» иегерлері-7 адам «күміс алқа» -4 адам. Жалпы ауыл бойынша 149 отбасы бар. Сондай-ақ 2010 жылдың маусым айынан бастап құны -37,8 млн. тенге тұратын су жүйесі салынуда.

-Жер көлемі-531352 гектар
-халқының саны -585
-халқының негізгі кәсібі-мал шаруашылығы
-аудан орталығынан аякөз қаласына 250- шақырым
-темір жолға 250 -шақырым
-халық үш елді мекенде орналасқан: Емелтау,Арқалы.Қара-ирек.
-кітапхана бар
-ауыз сумен қамтамасыз ету: орталық су құбыры жұмыс жасайды.
18-донғалақты трактор, 13-жеке автомашина, 8-жүк машинасы, 13-шоп шабатын машина, 13-тырма, 18-трактор тіркемесі бар. Мұның сыртында ортақ ақылы пайданалынбайтын -1 Кавз автобусы, жекеменшік 2-камаз автомашинасы бар, ауыл тұрындарының негізгі күн көрісі жанұяларына кіретін кіріс мал өнімдері, малды өсіріп ұқсату үшін мал азығы қажет жоғарыда көрсетілген техникалар халықтың мұқтажын өтеуге толық мүмкүндігі бар. 2010 жылдың 1-ші қантарына мал басының саны ірі қара-1605 бас,қой -ешкі-8658 бас,жылқы -310 бас,құстар-400, өндірілген өнімдер: ет -5327 цен.сүт-15641 цен.жұмыртқа-61.000 дана,жүн-23.0 цен. Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін аттыру мақсатында Емелтау ауылдық округі бойынша 2009 жылы 10-шаруа қожалығы-600 000 тенге көлемінде меморандум жасалды.

Емелтау ауылының белгілі азаматтары

Кеншардың өлшеусіз енбек сінірген енбеккері жоғары бағаланған Енбек Кызыл Ту ордені құрмет белгісі ордені, қазақ ССР-нің енбек сіңірген қызметкері, бүгінде зейнеткер Тиыштыбеков Беркін есімі алтын кітапқа жазылған. Механизатор  Хасенов Тілеубек,Үсеналин Әсен. Бригадирлер: Хасенов Үсен, Қасыпбеков Нұртай, Магауин Тілек. Тәлімгер жылқышы, облыстық бюро мүшесі, мақтау қағазының иегері:  Жолдыбалин Әскербек. Енбек ардагерлері: Қожабаев Рахман, Мұқашев Армия, Серіков Заң, Жұманов Мақар, Қабдықалымов Каспии, Ақыбаев Көксеген, Аязбаев Мұқаш, Жұмабаев Мұса, Түскенов Тілеуғали. Мал басының жылдан жылға өсуіне атсалысқан малшылар: Жуанышев Базарбай, Жолдыбалин Махамбет, Райымбаев Орынбай. Ленин орденінің иегері: Андахаев Назарбек, Ахметжанов Егінтай, Ақылбаев Еркін, Құрымов Карбай. КПСС ХХY сьезінің делегаты-Имангалиева Тұрсын. т.б ауыл енбеккерлерінің аттары ел аузынан түспейді. Отан үшін от кешкен: Түсіпжанов Аскен, Көксегенов Жанахмет, Төрімханов Төртен. Сонымен қатар соғыс кезінде тылда енбек еткен: Зайнтдинова Зайтуна, Қожабаев Рахман, Куниязова Несіпелді, аталарымыз бен аналарымыз, соғыстан кейін де әр салада енбек ауылдың өркендеуіне өз үлестерін қосқан. Жас ұрпаққа сапалы білім, саналы тәрбие беруде қажымай енбек еткен ұстаздар: Тортенов Оралбек, Сағымбеков Әшім, Шәменов Ербол, Бөлекбаева Сара, Ахметжанова Мария, Төлеубаева Бақтыбала, Иманғалиева Анар білім нәрін берген оқушылары бүгінгі күні жолын ұстанып жур. Ауылдың көркейуіне ат салысып келе жатқан азаматтарымыз: Аязбаев Бодауғазы, Рахманов Рымбек, Қабдықалымов Әміржан, Жолдыбалин Нұрлыбек, Дүйсенбеков Амангелді, Сериков Асланбек, Төртенов Шалатай, Имангалиев Арқаш, басқаратын шаруа қожалықтары, Азизова Гүлжан, Абдуллина Нұргүл, Ерубаева Сауле, Абикова Сайра, Оразбекова Гүлшырын сияқты кәсіпкерлер халыққа қызмет көрсетіп ел құрметіне бөленіп жүр.

 

Шығыс Қазақстан облысы, Аягөз ауданы, Емелтау ауылдық округінің 2018-2020 жылдарға арналған кешенді даму жоспары *.doc 1.3 MB
Емелтау ауылдық округі әкімінің 2014 жылғы атқарған жұмыстары туралы ауыл тұрғындары алдындағы есебі *.doc 40 Kb
     

 

Бет өзгертілді: 05-04-2018