Аудан аймақтары

Бидайық ауылдық округінің әкімі

Нагашбеков Жаркын Кайратович bБидайық ауылдық округінің әкімі – Нағашбеков Жарқын Қайратұлы

Нағашбеков Жарқын Қайратұлы 1974 жылы 02 қаңтарда туған. Білімі жоғары. 2006 жылы Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетін бітірген. Мамандығы заңтану. Үйленген, 3 баласы бар. 30.05.1994ж. - 18.11.1995ж. әскер қатарында. Қызметтік тізім: 17.06.1996ж. - 20.12.2001ж. – «Екпін» ЖШС-нің жұмысшысы, ШҚО, Аягөз ауданы, Бидайық ауылы. 06.11.2006ж. - 01.09.2009ж. – Бидайық ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы. 01.09.2009ж. - 02.07.2012ж. – Бидайық ауылдық округі әкімі аппаратының жетекші маманы. 03.02.2014ж. - 25.06.2014ж. - Бидайық ауылдық округі әкімі аппаратының іс қағаздарын жүргізуші. 25.06.2014ж. - 07.07.2016ж. - Бидайық ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы. 07.07.2016 жылдан Бидайық ауылдық округінің әкімі.

Мекен жайы: Бидайық ауылы, Төменгі ауыл көшесі № 36
Азаматтарды қабылдау күні: әр аптаның сәрсенбі және жұма күндері сағ.14.30-дан 18.30-ға дейін
Телефондар: (8 72 259) 23-6-95

Әкімніңлауазымдықміндеттері

  • азаматтардың өтiнiштерiн, арыздарын, шағымдарын қарайды, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау жөнiнде шаралар қолданады;
  • салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi жинауға жәрдемдеседi;
  • әкім аппараты әкімшісі болып табылатын бюджеттік бағдарламаларды әзірлеп, тиісті мәслихаттың бекітуі үшін жоғары тұрған әкімдіктің қарауына енгізеді;
  • азаматтар мен заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасы Конституциясының, заңдарының, Қазақстан Республикасының Президентi мен Yкiметi актiлерiнiң, орталық және жергiлiктi мемлекеттiк органдар нормативтiк құқықтық актілерiнiң нормаларын орындауына жәрдемдеседi;
  • өз құзыретi шегiнде жер қатынастарын реттеудi жүзеге асырады; 
  • ауылдық округтiң мемлекеттiк тұрғын үй қорының сақталуын, сондай-ақ ауылдық округте автомобиль жолдарының салынуын, қайта жаңартылуын, жөнделуiн және күтiп ұсталуын қамтамасыз етедi;
  • шаруа қожалықтарын ұйымдастыруға, кәсiпкерлiк қызметтi дамытуға жәрдемдеседi;
  • өз құзыретi шегiнде әскери мiндеттiлiк және әскери қызмет, азаматтық қорғаныс, сондай-ақ жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру туралы мәселелер бойынша заңдардың орындалуын ұйымдастырады және қамтамасыз етедi;
  • әдiлет органдары жоқ жерлерде Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен нотариаттық iс-қимылдар жасауды, азаматтық хал актiлерiн тiркеудi ұйымдастырады;
  • тарихи және мәдени мұраны сақтау жөнiндегi жұмысты ұйымдастырады; 
  • табысы аз адамдарды анықтайды, жоғары тұрған органдарға еңбекпен қамтуды қамтамасыз ету, атаулы әлеуметтік көмек көрсету жөнінде ұсыныс енгізеді, жалғызілікті қарттарға және еңбекке жарамсыз азаматтарға үйінде қызмет көрсетуді ұйымдастырады;  
  •  жергiлiктi әлеуметтiк инфрақұрылымның дамуына жәрдемдеседi;
  • қоғамдық көлiк қозғалысын ұйымдастырады;
  • шұғыл медициналық көмек көрсету қажет болған жағдайда ауруларды дәрігерлік көмек көрсететін таяу жердегі денсаулық сақтау ұйымына дейін жеткізіп салуды ұйымдастырады;
  •  жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарымен өзара iс-қимыл жасайды;
  • шаруашылықтар бойынша статистикалық есепке алуды жүзеге асырады; 
  •  жергілікті бюджетті бекіту кезінде қала, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихаты сессияларының жұмысына қатысады; 
  • республикалық маңызы бар қалада, астанада, облыстық маңызы бар қалаларда орналасқан мәдениет мекемелерін қоспағанда, мектепке дейін тәрбие беретін және оқытатын ұйымдардың, мәдениет мекемелерінің қызметін қамтамасыз етеді;
  • өз құзыретi шегiнде елдi мекендердi сумен жабдықтауды ұйымдастырады және су пайдалану мәселелерiн реттейдi;
    20) елді мекендерді абаттандыру, жарықтандыру, көгалдандыру және санитарлық тазарту жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырады; 
  • туысы жоқ адамдарды жерлеуді және зираттар мен өзге де жерлеу орындарын тиісті қалпында күтіп-ұстау жөніндегі қоғамдық жұмыстарды ұйымдастырады;
  • ауылдық округ әкімінің құзыреттеріне аудан орталығымен көлік қатынасын ұйымдастыру жөнінде аудандық атқарушы органға ұсыныстар енгізу, сондай-ақ ауылдық жерде оқушыларды мектепке дейін және кейін қарай тегін жеткізіп салуды ұйымдастыру да жатады. 
  • ауылдық округ әкiмi өзiнiң құзыретiне жатқызылған мәселелер бойынша өзiне жүктелген мiндеттердiң iске асырылуы үшiн жоғары тұрған әкiмнiң, аудандық мәслихатының алдында жауап бередi. 

 

Құрылым жөнінде тарихи анықтама

Семей губерниясы 7 Уезд елді қамтыған соның бір «Қарқаралы» уезінде онда 21 болыс ел мекендеген. Кезіндегі Шұбартау ауданының территориясы «Қарқаралы» Уезіне қарасты «Шұбартау» және «Дағанды елі» деген екі болыс ел 13 әкім ауылына біріктіріліп 1928 жылы «Шұбартау» ауданы құрылады. Ал біздің «Бидайық» 8 – ші ауыл болып 1928 жылы қазіргі Қосағаш елді мекенінде «Бидайық» деген жерде құрылады.

1929 жылдың көктемінен бастап Бақанас, Дағанды елі, Байқошқар, Құр өзендерінің бойында алғашқы коллективке бірігу басталды. Ең алғаш құрылған серіктестіктің саны 16 болды, 1933 жылы осы серіктестіктің негізінде 16 колхоз құрылды. Ауыл шаруашылығын коллективтендіру 1929 жылы басталғаннан бұл өңірге кешеуілдеп келген. 1930 жылдары бас кезінде басталған.

Көне көз қарияларды көрген, есінде қалған деректі әңгімелерден Бидайық ауылында колхоз 30-шы жылдардың бас кезі дегенді айтады:

  1. 1935 – 1942 жылы Екпін колхозының бастығы - Жәнібеков Тойшыбек
  2. 1942 – 1942 ж соңы  - Зорбасов Жұманбай
  3. 1943 – 1944 ж  Екпін колхоз бастығы  - Жәнәбеков Жағыппар
  4. 1944 – 1946 ж - Байбосынов Ыбырайхан
  5. 1946 – 1951 ж  - Қайырбеков Түсібай
  6. 1952 – 1954 ж  - Әмреев Әзімхан
  7. 1954 – 1957 ж  - Айнабеков Кәрібек
  8. 1957 – 1958 ж  - Қазақбаев Құрманжан
  9. 1958 – 1961 ж  - Өсімбеков Төлеухан
  10. 1961 – 1962 ж  - Шәкеров Молдағали

ІІ. 1962 жылы Мамыр айының соңында совхозға айналды.

  1. 1962 – 1969 ж. Сарықамыс совхозының директоры Нұрмағанбетов Дәмен;
  2. 1969 – 1971 ж.  - Анафин Бағдат
  3. 1971 – 1980 ж.  - Оспанов Біліс
  4. 1980 – 1985 ж.  - Тобықбаев Қазкен
  5. 1985 – 1994 ж.  - Қозыбақов Асқар

ІІІ. Ұжымдық меншікке ауысты

  1. 1995 – 1996 ж. Сарықамыс ұжымдық кәсіпорынның директоры Жұмаханов Балташ.
  2. 1996 ж. 1) Жауапкершілігі шектеулі серіктестік
    а) Екпін – Қ. Нағашбеков
    ә) Шығанши – Б. Жұмаханов
    б) Шағырай – С. Искаков
    2) Шаруақожалық – 13
    3) Қазіргі шаруа қожалық – 32 

Совхоздың партия комитетінің хатшылары:-
1962 – Тәңірберген Ержанов
1967 – 1970 ж.ж – Мырзағали
1970 – 1980 ж.ж – Кәкен Жазыханов
1980 – 1985 ж.ж – Рысқали Әзімбаев
1985 – 1990 ж.ж – Байғазы Әбеулов
1990 – 1991 ж.ж – Талғат Мұқашов

Кәсіподақ комитетінің төрағалары
1965 – 1968 ж.ж – Мұнарбек Оразбеков
1980 – 1983 ж.ж – Ізімхан Есімбеков
1983 – 1985 ж.ж – Санақ Бейсенбаев
1987 – 1989 ж.ж – Байғазы Әбеуов
1989 – 1995 ж.ж – Қайрат Нағашбеков

Ауылдық кеңес төрағалары
1939 – 1988 ж.ж – Тақырбас, Райхан, Тұйғын, Абдрахман, Семізбаев Саяқ, Шегіров Сантырбай, Бексейтов Төлеген, Қозыбақов Жақан, Сыздықов, Н. Әділбеков, Әскербек Тұрсынбаев, Әбдет Имаханов, Есенгелді Нұрхаев, Толқын Жайлаубаева, Құрманғазы.

Ауыл әкімдері
1988 – 1995 ж.ж – Исатай Кәкіжанов
1995 – 2003 ж.ж – Жәлел Кәрібайұлы
2003 – 2006 ж.ж – Сейілбек Искаков
2006 – дан бүгінге дейін Берік Оразбеков Мұнарбекұлы

Мектеп тарихы
Шұбартау өңірінде тарихи деректерге жүгініп нақты мектептердің аты аталуы мына жылдары аталды деп айту қиындық келтіреді. 1923 жылдары мөлшерінде ескіше оқу ауыл (қуатты төңіректің) балалары оқыған. Мемлекеттік жүйеде програмалық талаппен 1936 – 1937 ж.ж «Жалпыға бірдей бастауыш оқу» енгізілген. Осы уақытта Бидайық ауылы 7 және 8 – ші ауыл болғаны 1935 жылы біріктірілгені белгілі. Осы жылдары сауат ашу бастауыш мектеп жұмыс атқарған.  Қысқаша мектеп 1927 жылы құрылған деп есептейміз. Бүгінде Бидайық ауылындағы білім ордасы 2005 жылдан бастап Үкімет қаулысымен  Ұлы Отан соғысының батыры жерлесіміз Мұқатай Әбеулов атымен аталады.

  1. Базарбай Төлегенов – 01. 09. 1957 ж дейін мектеп директоры; Алматы КазПИ биология факультетін бітірген.
  2. Мелья Божанов – 01.09.1957 жылдан – 01.09.1959 жылға дейін мектеп директоры;  Алматы КазПИ филология факультетін бітірген.
  3. Баяхмет Маупашов – 01.09.1959 жылдан – 01.09.1961 жылға дейін мектеп директоры; Алматы КазПИ география факультетін бітірген.
  4. Қосымбек Тұрғамбаев – 01.09.1961 жылдан – 15.08.1965 жылға дейін мектеп директоры; Семей пед.институтының филология факультетін бітірген.
  5. Кәрімберген Базарбеков – 15.08.1965 жылдан – 02.1968 жылға дейін мектеп директоры; Алматы КазГУ математика факультетін бітірген, тұңғыш Шұбартаулық.
  6. Төлек Тілеуханов – 02.1968 жылдан – 20.08.1969 жылға дейін мектеп директоры; Алматы КазГУ филология факультетін бітірген.
  7. Әуесхан Жүнісов – 25.08.1969 жылдан – 1975 жыл арасында мектеп директоры; Семей пед.институты филология факультетін бітірген.
  8. Бисадиров Қалижан – 1975 жылдан – 1984 жыл аралығында мектеп директоры; Ташкент пед.институты шет – тілі факультетін бітірген.
  9. Темірғалин Бекен -  1984 жылдан – 1986 жылға дейін мектеп директоры; Семей пед.институтының математика факультетін бітірген.
  10. Кәрібайұлы Жәлел – 1986 жылдан – 1993 жылға дейін мектеп директоры; Алматы КазГУ тарих факультетін бітірген.
  11. Нұрхаев Есенгелді – 1993 жылдан – 2007 жылға дейін мектеп директоры; Семей пед. институтының қазақ тілі мен әдебиеті факультетін бітірген.
  12. Жұмаханова Қарлығаш – 2007 жылдан осы уақытқа дейін мектеп директоры; Алматы КазГУ география факультетін бітірген.

Бидайық дәрігерлік мекемесі туралы мәлімет.

1958 жылы алғашқы ФП (фельдерлік пункт) ашылған. 1964 жылы бөлімшелік аурухана (участковая больница) 25 кісілік ашылды. 1965 жылы аурухана жабылып, 1966 жылдан 1972 жылға дейін ФАП(фельдшерлік акушерлік пункт) жұмыс істеді. 1972 жылы СВА (сельская врачевная амбулатория) болып ашылды. 1978 жылдан бастап Бидайық дәрігерлік амбулаториясында (ВА) дәрігер – терапевт, меңгеруші болып Тұрысбеков Айтқұрман Тұрысбекұлы қызмет атқарады.
Ауылымызда бала тәрбиесіне зор мән беретін ел құрметіне бөленген ұлын ұяға, қызын қияға ұшырып отырған «Еңбек ардагерлері» Батыр аналар, ұлағатты ұстаздар  саналады. Олар Нағашбеков Қ, Есімбеков Т, Есімов С, Төлеужанов Д, Жабикенов Б, Хасенов Т, Темірғалин Б, Шоқыбасов М, Исабаев, Оразахина Н, Құрманғалиев О, Мырзабаев И, Омарбеков М.

«Батыр аналар» «Алтын», «Күміс» алқа иелері:
Есімбекова Қарлыға (Тұрсын), Сапарғалиева Қарлығаш (Қата), Иембергенова Жанша, Бимадиева Оразхан, Рахымжанова Бижамал, Қайраналина Таурбала, Ардабекова Галя, Сыздықова Күлкен, Жұмабекова Мәкен, Ахунова Күлжәмила, Ахатаева Күлсімхан, Байсағызова Төлеу, Жексенбаева Тұрсын, Мұсаева Салиман, Мафушан Салиман, Жексенбаева Қадиша, Жексенбаева Рахимаш, Шаймерденова Несіпжан, Терлікбаева Мұқаддас, Ділдәбекова Фарида, Бастасова Кенжегүл, Атығаева Бадиша, Макулбаева Айтзия, Әділханова Жаңылхан, Майымова Бағайша, Қырықбаева Күлімхан.
«Ұстаздар» - Кәрібаев Ж, Қырықбаев Б, Баяхметбаев Е, Абдығалымов Т, Нұрхаев Е, Жарқынбаева С, Орынбаев Н.
Ауылда 1090 тұрғын бар. Оның 160 оқушы. Ауыл халқын мәдени қамту үшін байланыс торабы, пошта, емхана, мешіт үйі, мәдениет үйі, қатымхана тұрақты қызмет атқаруда.

Ауылдық округ туралы жалпы мағлұмат

Бидайық ауылдық округі 1930 жылы құрылған. Әкімшілік орталығы Бидайық ауылы Аягөз қаласынан 150 км батысқа қарай орналасқан. Облыс орталығы Өскемен қаласынан 500 км қашықтықта орналасқан. Аумағы 180,000 га, жері негізінен жазық, «Бақанас»өзенінің бойында. Елді мекен Сатай және Шағырайда 200 отбасы бар. Зейнеткер 147, әр түрлі жәрдемақы алатындар саны 80. Халықтың ұлттық құрамы 100% қазақтар.
Аумақ арқылы Боғас – Қарағанды Республикалық маңызы бар автокөлік трассасы өтеді. Қараша айының бірінші онкүндігіне қар түседі, Сәуір айының бірінші онкүндігінде қар ери бастайды. Қысы қатал, алайда малдың жайылымына өте қолайлы болады. Елдің негізгі кәсібі мал шаруашылығы.

Округтің экономикасы

Округте 32 шаруақожалық бар, бұлардың иелігінде 1061 ірі қара, 12700 қой – ешкі,
665 жылқы өсіріледі. Қоғамдық сфера кітапхана, мектепте 160 оқушы бар. Жеке кәсіппен 4 тамақ, 2 киім магазині жұмыс атқарады. 180 аула бар. Оның барлығы мал бағумен айналысады. Олардың иелігінде 2275 ірі қара, 2306 қой – ешкі, 228 жылқы бар. Округ бойынша 2284 цн ет, 9280 ц сүт, 7,2 жұмыртқа, 272 ц жүн өндіріледі. Бұның барлығы былтырғы жылдың осы уақытымен салыстырғанда барлық сала бойынша 105 – 110% артық орындалып отыр.
Ауылға қайырымдылық жасаған азаматтар:

  1. Донов Н. – 10,000 теңге ауылдық көлемдегі жаңа жыл  мерекесін өткізуге.
  2. Асылханова И. – 12,000 теңге мектеп балаларына Жаңа жыл мерекесіне
  3. Тұрысбекова Г. – 10,000 теңге балалар күніне арналған мерекені өткзуге
  4. Мырзабаева Б. – 10,000 теңге мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған мәдени іс - шара
  5. Қырықбаева К. – 10,000 теңге  Астана күніне арналған мереке күніне
  6. Айдаболов М. – 10,000 теңге наурыз мерекесін өткізуге
  7. Құсайынов Қ. – 10,000 теңге жеңіс күніне орай өткізілген іс - шараға
  8. «Жанайдар» щ/қ – 90,000 теңге; мектептегі балалардың ыстық тамағына
  9. «Абылай» ш/қ – 50,000 теңге; туған жерге тағзым акциясы бойынша мешітке
  10. «Құралай» ш/қ – 15,000 теңге; аудандық жастар спартакиядасына барып қайту жолы
  11. «Ақан» ш/қ – 30,000 теңге; Ұлы Абайдың 165 жылдық мерекесіне.

 

   Шығыс Қазақстан облысы, Аягөз ауданы, Бидайық ауылдық округінің 2018-2020 жылдарға арналған Кешенді даму жоспары *.doc 1.4 MB
   Бидайық ауылдық округінің әлеуметтік – экономикалықу *.doc 26 KB

 

Бет өзгертілді: 04-04-2018