Аудан аймақтары

Баршатас ауылдық округінің әкімі

Баршатас ауылдық округінің әкімі - бос орын

Мекен жайы: Баршатас ауылы, Абылайхан көш.10 
Азаматтарды қабылдау күні: әр аптаның сәрсенбі және жұма күндері сағ.14.30-дан 18.30-ға дейін
Телефондар: (8722246) 21-2-31 әкім
(8722246) 21-1-37 (факс)
(8722246) 21-1-37 (учаскелік полиция)

Әкімнің лауазымдық міндеттері

Құрлымы жөнінде тарихи анықтама

Баршатас ШҚО-ның Аягөз  ауданындағы ауыл, аулдық әкімшілік орталығы аудан орталығы Аягөз қаласынан батысқа қарай  175 км жерге, Бақанас өзенінің  сол  жағалауына да орналасқан. Тұрғыны 3,3 мың адам (1997). Іргесі 1932 ж қаланған 1997 жылға дейін Шубартау ауданының орталығы болған. Жер бедері ұсақ щоқылы жазық, қоңыр топырақты жамылғысында бетеге, бұта аралас әр түрлі шөптесіндер өседі. Баршатас ауыл шаруашылығы бағытындағы (негізінен мал шаруашылығы) ұжымдық жекеменшік шаруа қожалықтары мен кәсіпорындар жұмыс істейді . Ауылда мәдениет үй, аурухана, орталық мектеп мекемелері бар. Тұрғындары Аягөз каласымен, басқа елді мекендермен автомобильді жол арқылы қатынасады.

Бұрынғы ауданымыз 1928 жылға дейін Шұбартау, Дағанды болыстары болып өз алдарына дербес әкәімшілік органы ретінде Қарқаралы уезіне қарап келді. 1928 жылы үкімет қауылысы бойынша осы болыстар біріктіріліп ауданға ұйымдасты. міне осы кезде бұрынғыдай кеңсе қағаздары қоржынға салып елмен бірге көшіп журуден белгілі бір орталыққа орналау керек болды. Сонымен Шұбыртау және Дағанды болыстары территориясының тең ортасы деп қазіргі «Шұбартау» совхозының орталығы – Емелтау аудан рталығы болып белгіленеді. Бірақ мұнда аудандық мекемелер орналасатын балшық үйлер болады, осыған байланысты Қараиректегі екінші ауылдың байлары Жолшора, Жақыпбек, Хасабай балаларының қыстауларына орналасты. Мұнда да үй тапшы болды, бірқатар мекемелер 20 километр қашықтыққа дейінгі мекендерге орналастырылды.
1930 жылы аудан орталығы Қараиректен өгізтауға ауысты. Өйткені мұнда бір біріне жақын орналасқан мекендерге аудандық мекемелер бұрын мектеп болған Түркібай, Исағұл, Әлпи Меңаяқовтың және Уәли, Тоқтамыс Әзімбаевтердің қыстауларына орналасты да қалғандары сол маңдағы қыстаулаға қоныстанды. Ал мекеме қызметкерлері 10-15 километр жерде тұрып салт атпен келіп-кетіп қызмет істеп жүрді. Сол кездегі аупартком секретары Құрмаш Сатыбалдин мен ауатком преседател! Асылхан Дүйсембаевте 10 километр жердегі үйлеріне салт атпен келіп, қызмет істеп тұрды. Бұл жылдары мектеп Мақатай жерінен салдырған Рахымберлі Игіжановтың қыстауында болды.

1931 жылы үкіметке қарсы көтерілген байлар Өгізтаудағы аудандық мекемелер орналасқан үйлерді өртеп жіберді. Бұдан кейін мемлекет тарапынан аудан орталығын салуға қаржы босатылды. Осыған байланысты жаңа орталықтың орны бұрынғы екі болысты тең ортасы және Аякөз – Қарқаралы қара жолының үсті деп қазіргі КПСС XXIII съезі атындағы совхоздың орталығы – Жорға селосы болып белгіленді. Орталықтың құрылысы 1931 жылы жаз бойы өте асығыстықпен жүргізілді де сол жылы аудан осы араны қыстап щықты. Бірақта Жорға аудан оталығы болуға өте қолайсыз еді. Өйткені, бұл маңда өскен ағаш жатқан өзенг жоқ. Темір жолдан ғашық.
1932 жылғы Қазақстанда болған асырасілтеушіліктен акудан халқы ауыр күйзеліске ұшырады. Халықтың меншік малы етке алынды. Егіншілікпен шұғылданбады. Осыдан барып ауданда ашаршылық басталды. Жергілікті халықтың көпшілігі Жетісу бойына қоныс аударды. Бұрынғы Шұбартау болысына қарасты жер түгел – дерлік иен қалды.

1932 жылы октябрь-ноябрь айларында аудан орталығы Баршатасқа ауысты. Бұл жер Дағанды болысының иелігіндегі Аягөзге ұрымтал жер еді. Ол кездегі Баршатастың табиғаты өте көрікті де сұлу еді Селоның батыс жағында ну орман қоршаған мол сулы Бақанас өзені ағып жататын. «Жаңа дәуір» колхозы сол жылы қысқы тұраң жасау үшін құрлыстар салып жатқан болатын. аудан орталығы мұнда көшіп келісімен колхоздың мал қорларына арнап салған құрлыстары қайта қайта түзетіліп мекеме кеңселеріне ыңғайланғандырылды. Қазіргі тұрмыс қажетін өтейтін комбинат пен шаруашылық магазинінің орындарында «П» әріпі тәріздес құрлысқа ауданның барлық мекемелері орналасты. Сол себептен оны халық бертін келгенше «көп кеңсе» атап кетті.
1941-1945 жылдары Ұлы Отан соғысына Баршатас ауылынан 2440 азамат майданға аттанды. 1110 азамат елге-аман-есен оралды. Ұрыс даласында 1330 ер азамат қаза тапты.
1950 жылы С.М Киров атындағы орта метеп ашылды. Онда 895 оқушы оқыды. Директор К. Базарбеков болды. Күніне 3 кезеңмен оқыды.
1963 жылы Шұбартау ауданы таратылып Аягөз ауданына қосылды. 1964 жылдан қайтадан Шұбартау ауданы болып құрылды.
1973 жылы жана типті мектеп салынды. Мектеп директоры болып Қ. Тұрғанбаев қызмет атқарды. 1976 жылы интернат үйі пайдалануға берілді. 
1984 жылға дейін қазақ, орыс мектептері бірге болды. 1984 жылы жана типтегі екінші мектеп салынды. Бұрынғы мектеп Совет Одағының батыры  М. Әбеулов атына беріліп, онда 340 оқушы, екінші жаңа мектеп №1 қазақ орта мектебі болып құрылды.
№1 қазақ орта мектебінде 700 оқушы оқыды. 1980-90 жылдары мектеп диреторы болып Ғ. Қуанышбаев, Д. Дайрабаева, Ә. Мендібаевтар қызмет атқарды.
1997 жылы ауданын таратылуна байланысты, орыс мектебі жабылды.
2005 жылдан бастап, №1 қазақ мектебі О. Менаяқұлының атына берілді. Қазіргі уақыта. О. Менаяқұлы атындағы  №1 қазақ орта мектебі, 430 оқушы оқиды. Мектеп директоры С. Естемісова.

1968-1997 жылдарда ауданды Ш. Макашев, Т. Серікбаев, Т. Аубакиров, Т. Баяахметбаев, Р. Сихымбаевтар басқарды. Шұбартау ауданын 1997 жылы тамыз айында Қ.Р Презеденті Н. Назарбаевтың жарлығымен таратылды. Ауылда орталық  ауырхана жұмыс жасайды. 6 жоғары білімді дәргер, 20 орта арнайы білімді қызметкерлер жұмыспен қамтылған. Ауылды полиция бөлімі 12 адам, 2010 жылы жаңа типтегі бала-бақша үйі, Балапан бағдарламасы бойынша пайдалануға берілді. 28 адам жұмыспен қамтылды, 50 бала тәрбиеленуде. Халыққа қызмет көрсету орталығы, ауа райы бақылау станциясы, вет станциясы мекемелері жемісті жұмыс жүргізуде. Ауылда Мәдениет үйі, кітапхана, 2005 жылы толықтай жөндеуден өткен су құбыры жұмыс істеп тұр.
Баршатас ауылдық округте 26 шаруа қожалығы , 30 сауда дүкені, 10 дүнгіршек, 1 тойхана, 3 - АЗЕ, ТОО – Аптека, ТОО – Ильяс Құрлыс – 1, Аягөз – Суырлы жүн өңдеу цехы, С. Сахаев атындағы спорт кешені бар. Ауылда 1996 жылдан бастап Мешіт үйі жұмыс жасайды. 1975 жылдан ТУСМ – мекемесі, Қаз.телеком, мекемесінің бөлімшесі, пошта бөлімдері үздіксіз жұмыс атқаруда.
О. Меңаяқұлы атындағы №1 қазақ орта мектебінің, 2009 жылы 85 жылдық мерей тойына аудан әкімінің қолдауымен Газель автомашинасын сыйға тартылды.
О.Меңаяқұлынгың шөбересі А.Алпиев (марқұм) орта мектептін есік, терезелерін пластикпен салғызды, компьютер класын, спорт ойындарының құралдарын өз қаражатынан жиыны 70 млн теңгеге жасатып берді.  Әр жыл сайын жаңа жыл шыршасына, оқушыларға сыйлықтар жіберіп отырады

Ауылдық округ туралы жалпы мағұлмат

Баршатас ауылдық округі 1932 жылы құрылған. Әкімшілік орталығы Баршатас ауылы, Аякөз ауданынан 175 км. қашықтықта орналасқан. Облыс орталығы Өскемен 495 км. қашықтықта орналасқан. Аумағы 36688 га. Шөлейтті, таулы жерге орналасқан. Ауылдың ортасынан Бақанас өзені ағады. Балқаш көліне құяды. Солтүстіктен Байқошқар, Батыстан Малкелді, Оңтүстіктен Қосағаш, Шығысынан Айғыз ауылдарымен шекаралас. Халық саны 3032 адам, 521 отбасы бар. Халықтың экономикалық белсенді бөлігі 1000 жоғары адамды құрайды. Зейнеткерлер – 310, соғыс ардагерлері – 3, алтын алқалы аналар – 14, күміс алқалы аналар – 27, әр түрлі жәрдемақылар алатын адамдар саны 249.
Халықтың ұлттық құрамы: Қазақтар – 99%, басқа ұлтар 1% құрайды. Ауыл округ географиясының жағдайынан, тиімді орналасқан. Ауыл арқылы Республикалық маңызы бар Аякөз – Қарағанды автокөлік трассасы өтеді.
Сәуір айының соңына қарай аяз қайты,п суық ауа қырқүйек айының екінші онкүндігінде келе бастайды. Желтоқсан айының басында қар түседі. Қысы суық, боранды болады. Қардың қалындығы орташа есепен 40-50 сантиметрге дейін жетеді.

Округтің экономикасы

Аякөз ауданының стуктурасына енетін Баршатас ауылдық округі жалпы аумағы 36688 гектар шөлейті жерге орналасқан. Осының 816 гектары шабындық, ал 35068 гектары жайлымдық болып есептеледі. Осы жер көлемінен басқа Баршатас ауылдық кәсіпкерлеріне көршілес ауылдық округ аумағынан 32746 гектар жер (оның 1500 гектары шабындық 31246 гектары жайлымдылық) шаруашылық кәсіппен шұғылдану үшін бекітілген. Себебі, 1997 жылға дейін Баршатас ауылдық округі Шұбартау ауданының орталығы болған. 1997 жылдың тамыз айында таратылған. Алайда осы жоғарыда көрсетілген жер аумағы қаржы тапшылығынан әлі күнге дейін Баршатас ауылдық округінің жері деп заңдастырылып мемлекеттік жер актісі жасалмаған, географиялық, топографиялық картасы түсірілмеген. Ауылдық округтің негізгі бағыты мал шаруашылығы болғандықтан жер тапшылығы ауыл кәсіпкерлігін дамытуға елеулі кедергі болып отыр. Алайда, аталған округке мал шаруашылығының өркендеу тенденциясы айқын байқалады. Мал басы барлық түрінен жылма жыл 108-110% көлемінде өсіп отыр. Ірі қара 1.01.2009 жылға 3216 болған 1.01.2010 3538 бас болып 110% қой-ешкі 7133 бастан 7851 бас болып  110%, жылқы 658ден 724 болып  110%  өскен. Аналық мал басы да сәйкестікпен өскен.
Ет өндіру 2008 жылы 52934, 2009 жылы 53844 болып 102% , сүт 19760 л 100%, жұмыртқа 58 мың 9 айға 100% орындалған. Округте табиғи жағдайларға байланысты егін шаруашылығы мен шұғылдануға мүмкіндігі жоқ. Белгілі бір құқылары бар жайымдылық жерді жыртып егін егуді тәуеккелі өте жоғары болғандықтан шаруашылық иелері жылма-жылға қатаң мал азығын тұрақты алып келе жатқандығын қанағат тұтады. Жемдік азықты сырттан алынуы дағдыға айналған.

Өңірде жыл сайын картоп пен түрлі овощтан тұрақты өнім алып келеді. Ол үшін өзен бойынан арнайы құнарлы жер бөлініп, суарылу жұмысы жолға қойылған. Округте жеке кәсіпкерлікпен айналысуды қолдау ісі қолға алынған. Шағын ауылда  кигіз басу цехы бой көтеріп, кондитер цехы салынуда. сауда нүктелерінің саны 42 жетіп 3 жағар май құю нүктесі жұмыс істеуде.
2009 жылы  “Жол картасы” бағдарламасы бойынша Баршатас ауылдық округіне 23 млн. тенге көлемінде қаражат бөлінді. Осы бағдарлама аясында ауылда бала-бақша ашылып 28 адам жұмыспен қамтылды. 2 млн тенге мектептің жылу жүйесіне жұмсалып, 3 млн тенге ауыл жолдарын жөндеуге жұмсалды. Бөлінген қаржы толық игеріліп, осы жұмыстарды атқаруға 67 адам қосымша жұмыспен қамтылды. Ауылдық округ бойынша 1999 жылғы санақта 2960 адам болған болса 2009 жылға санақта 3032 адам, барлығы анықталып халық саны 72 адамға өскен. Яғни қазіргі уақыта халықтың тұрақталу ісі орнығып келеді.
Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін арттыру мақсатында инвестиция тарту ісі ауыл әкімі ақпаратының басты мақсатының бірі болды. Демеушілерден инвестиция тарту арқылы көптеген жұмыстар жасалуда. Былтырғы жылы 7 млн. тенге инвестициялық қаржы арқылы 30 орындық орталық монша салынып, монтаждық жұмыстары аяқталып келеді. Кондитер цехын салуға 12 млн тенге қаржы жұмсалды. Спорт кешенін жөндеуден өткізу жұмысына 13 млн тенге қаржы жұмсалып спорттық жабдықтар сатылып алынды. Сол сияқты орта мектептің жөндеу жұмысына да өткен жылдары инвестициялык көмек жасалды.
Баршатас ауылдық округі бойынша 2009 жылы 7 шаруа қожалық, 2 дүкен, 2 жеке тұлғамен 86000 мың теңге көлемінде мемарандум жасалды.

Мемарандумға отырғандардың тегі, аты жөні. Кәсіпкерліктің түрі Құны, тенге
1 Өнербаев А Асхат шаруа қожалығы 10.000
2 Аманбаев Б Мирас шаруа қожалығы 10.000
3 Абдреев Ж Қуандық шаруа қожалығы 10.000
4 Жапарғалиев М Айдос шаруа қожалығы 10.000
5 Жетпісов Б Сырлы шаруа қожалығы 10.000
6 Сарқытбаев Ж Сарқытбаев шаруа қожалығы 10.000
7 Оспанов Б Ұреш шаруа қожалығы 10.000
8 Түсіпбеков С Жеке кәсіпкер 3000
9 Саматов Е Жеке кәсіпкер 5000
10 Жұмабекова Ш “Зарина” дүкені 2000
11 Искакова Г “Жәнібек” дүкені 2000
  Жиыны   86.000

Жоғарыда мемарандумға отырған шаруа қожалықтары, дүкен, жеке кәсіпкерлер өз міндеттерін толықтай орындады .

Ауылға қайырымдылық жасаған азаматардың тізімі

  1. Найзабеков Т. – 10000 тенге ардагерлерге көмек
  2. Искаков Б. – 7000 тенге конституция күніне арналған спорт жарыстарына демеушілікке
  3. Жоламанов Н. – 21000 тенгенің сый – сияапаты, әрбір адамға 7 мың тенгеден, 3 соғыс ардагеріне Ұлы Жеңістің, 65 жылдығына берілді.

Шаруа қожалықтарына

  1. Аяпбергенов .М.         6000 мың
  2. Қыдырмолдина .Г.      6000 мың
  3. Өнербаев .А.                6000 мың
  4. Сарқытбаев .Ж.           6000 мың
  5. Нұғыманов .Ә.             6000 мың
  6. Аманбаев .Б.                6000 мың 
  1. Қ.Р Парламенті Мәжілісінің депутаты Н. Сабильянов 250 мың тенгеге бала-бақшаға музыкалық орталық сыйға тартты.
  2. Ауыл әкімі Б.Нұғманов бала-бақшаға девиди сыйға тартты. Құны 10000 мың тенге.
  3. 9-мамыр Жеңіс күніне, Соғыс және тыл ардагерлеріне 37000 көлемінде жеке кәсіпкерлер демеушілік көрсетіп, мерекелік дастархан жасалды. Сый сияпат көрсетілді.
  4. Орталық ауырхананың бас дәргері М.Өнербаев үлкен кілем сыйға берді. Құны 15000 мың тенге.
Шығыс Қазақстан облысы Аягөз ауданы Баршатас ауылдық округінің 2018-2020 жылдарға арналған кешенді даму жоспары *.doc 4.4 MB
Баршатас ауылдық округі үлгілі ауыл бағдарламасы аясында атқарылған жұмыстар туралы АҚПАРАТ *.doc 39 MB
     

 

Бет өзгертілді: 11-09-2019