Аудан аймақтары

Байқошқар ауылдық округінің әкімі

Шымыров Саятбек Есімбекұлы

Шымыров С.Е. 1959 жылдың 9 тамызында Семей облысы, Шұбартау ауданының Байқошқар ауылында тұған. Білімі жоғары, 1983 жылы Семей зоотехникалық-малдәрігерлік институтын, малдәрігері мамандығы бойынша бітірген. 1976 - 1994 жылдары аралығында Шұбартау ауданының «Горный» кеңшарының жұмысшысы, малдәрігері, ферма меңгерушісі, кәсіподақ комитетінің төрағасы, Байқошқар ауылдық кеңесі атқару комитетінің төрағасы, 1994 - 2013 жылдары аралығында Байқошқар ауылдық округінің әкімі қызметтерін атқарды. 2013 - 2015 жылдары аралығында Емелтау ауылдық округінің әкімі қызметтерін атқарды. 2015 жылдың қыркүйек айынан бастап Байқошқар ауылдық округінің әкімі.

Азаматтарды қабылдау күні: әр аптаның сәрсенбі және жұма күндері сағ.14.30-дан 18.30-ға дейін
Байланыс телефондары : 8-72-246-91-5-43

Әкімніңлауазымдықміндеттері

Құрылымы жөнінде тарихи анықтама
 
1939 жылы Ленин, Ворошилов колхоздары бірігіп, Ұйымдас ауылдық Советі  /кейіннен Байқошқар/ болып құрылған. 1962 жылы «Горный» совхозы құрылған. Кеңшар кезінде мал шаруашылығымен қоса егін егіп, жылына жоспардан артық өнім берген шаруашылық болды. Сондай-ақ кеншарда диірмен,қаз өсіретін ферма,мал бордақылау орындары қарқынды жұмыс жасап,ірі шаруашылық дәрежесіне көтерілді. Халықтың тұрмыстық жағдайлары жақсарды. Ауылдың экономикасын дамыту мен оны өркендетуде С.Асылбеков, Ж.Нұрахметов,Н.Оспанов, Ж.Мұсағұлова, Е.Тайтөлеуов, Е.Танин, С.Хасенов, Қ.Суықбаев, Е.Ибраев, Н.Кеншімбаев, Б.Сыздықов, Ж.Теміржанов, Ш.Мыңғышбаева, Ә.Қалиакпаров, Ә.Сәменбетов, П.Құрбанова, Т.Бақторазов, Қ.Олжаев, Қ.Ермеков, Қ.Айтбаев, аянбай тер төкті.
«Тұрғын үй-91» бағдарламасы қарқынды жүрді. Құрылыс салуда кеңшарда Ж.Төлегенов, Б.Дәулетханов, Д.Ілгішев басқарған бірнеше құрылысшылар бригадасы болды.  1996 жылы қаңтар айында «Горный» кеңшары тарап, бірнеше шаруа қожалықтарына бөлінді. 1962-1995 жылдары  кеңшар директорлары болып: А.Рахматуллин, Қ.Тлемісов, Т.Мұхаметжанов, К.Төлемісов, А.Мухамедияров. 1962-1995 жылдары Ұйымдас ауылдық Кеңесінің төрағалары:  Бегеш-шешен кесенесі
2000 ж.жаңартылған Р.Жолдыбалин, Қ.Сабыханов,Ж.Сүлейменов, Т.Жақсылықов, Т.Ибраев, Ә.Мырзахметов, М.Сыздықбековалар болды. Партия комитетінің хатшылары: С.Жұматаев,Т.Кенжебаев, Ә.Ахаев, Т.Мұхаметжанов, А.Тлеужанов, З.Әбілпейісов атқарды. Кәсіподақ  комитетінің төрағалары: М.Алпысов, Б.Слаубаев, Н.Омаров, С.Шымыров, Ш.Мырсейтов болды.

1963 жылы алғаш сегіз жылдық мектебі ашылды. Оның директорлары болып: Т.Шоланбаев, Қ. Бисадіров, М.Жалғабаев атқарды. 1973 жылы «Горный» орта мектебі болып құрылып , оның директоры қызметін: Қ.Сәсенов, Бұланов, М.Божанов, К.Нәкішев, Б.Жағыпаров атқарды. Мектепте ұзақ жылдар жемісті еңбек еткен ұстаздар: Н.Ошыбаев, Д.Хисамитов, Х.Хабаев, Қ.Шалабаева, З.Қарымсақова, Б.Секербаева ,С.Төлеубаева, Т.Хасенов, З.Ибраимжанова, З.Бекшойынова, Р.Шоланбаева, Д.Ерғазина.
1941-1945 жылдары Ұлы Отан соғысына Байқошқар ауылынан 96 азамат майданға аттанды. Ұрыс даласынан 77 азамат қайтпай хабарсыз кетті. Аман-есен оралған 19 ардагер бейбіт өмірде жұмыстар істеп, кейіннен қайтыс болды.
1975  жылы соғыста құрбан болғандарға ескерткіш орнатылды. Бұл ескерткіш 2010 жылы қайтадан жаңартылып, қазір «Горный» орта мектебінің ауласына орнатылды.

Ауылдық округ туралы жалпы мағлұмат

Байқошқар ауылдық округі 1939  жылы құрылған. Әкімшілік орталығы Аягөз қаласынан 220 шақырым қашықтықта орналасқан. Облыс орталығы Өскемен қаласынан 550 шақырым қашықтықта, көршілес Абай ауданымен және бірнеше Аягөз ауданының округтерімен шекаралас орналасқан. Аумағы 150.0 га. Бақанас,Балқыбек,Байқошқар өзендерінің тоғысқан , жерінің көбі  таулы ,тастақ жер. Ұлы Абайдың, Шәкәрім мен Мұхтардың табандары тиген, Абайдың «Жаз» атты өлеңі туған қасиетті жер. «Абай жолы»  эпопеясының кейіпкері,Абайдың тұстасы атақты «Қызыл жел» атанған Бегеш-шешен мен батыр Нұралының мәңгілік мекен еткен жері. Бегеш-шешеннің кесенесі 2000 жылы аталас туыстары мен ауыл тұрғындарының көмегімен жаңартылып, ас берілді. Нұралы батырдың кесенесі өз ұрпақтарының көмегімен 1997 жылы жаңартылып, белгі орнатылды. Сондай-ақ Қазақстанның Халық жазушысы М.Мағауиннің, Халық әртісі Б.Жылысбаевтың, ақын Н.Айтовтың туып ,балалық шағы өткен жер. Осындай киелі елді мекеннің орталығы- Байқошқар ауылы . Халық саны 647 адам, 138 отбасы бар. Халықтың белсенді бөлігі 370 жоғары адамды құрайды. Зейнеткерлер саны- 72,мүгедектігіне және асыраушысынан айрылғанына байланысты 24 адам жәрдемақы алады. Адрестік көмек алушылар -12, балалар жәрдемақысын алушылар-24 . Ауылдық округте «Алтын алқа» және «Күміс алқа» алған аналар саны-26.
Халықтың құрамы- қазақтар 630 адам,татарлар-11 адам,ұйғырлар-3 адам,орыстар-3 адам. Округ аумағында орта мектеп,дәрігерлік амбулатория, мәдениет үйі, пошта-байланыс бөлімшесі,мешіт, 5 сауда дүкені мен дүңгіршіктері бар. Мектепте 100 оқушы,44 мектеп жасына дейінгі балалар бар.
Ауыл округі географиялық жағдайы : қыс ерте түсіп,жаз жайырақ шығатын жазы құрғақтау,
қысы өте қатал,суық аймақта орналасқан. Қыста қардың қалыңдығы 2-3 метрге жетеді.

Округ экономикасы

Округте 30 шаруа қожалығы бар. Негізгі шаруашылық-мал өсіру мен мал өнімдерін өндіру болғандықтан шаруа қожалықтарының меншігінде 560 бас ірі қара, 5733 бас қой-ешкі, 222 бас жылқы малдары бар.
138 аула бар. Оның 108 мал өсіреді және қосалқы шаруашылығымен айналысады. Олардың меншігінде 880 бас ірі қара, 3417 бас қой-ешкі, 292 бас жылқы малдары бар. Мал басы мен одан алынатын өнімдер көрсеткіштері жыл сайын артып келеді. Атап айтсақ: кейінгі 3 жылдағы мәліметтер бойынша
2008 жылы
ірі қара    1360 бастан 1402 басқа,яғни 103 %-ға,
қой-ешкі   7606 бастан 8340 басқа,яғни 109 %-ға,
жылқы        427 бастан 493 басқа,яғни 115 %-ға өссе,
2009 жылы
ірі қара      1402 бастан 1427 басқа,яғни 102 %-ға,
қой-ешкі  8340 бастан 8878 басқа,яғни 106 %-ға,
жылқы        493 бастан 510 басқа,яғни 103 %-ға өсті.
2010 жылы
ірі қара    1427 бастан 1440 басқа,яғни 101 %-ға,
қой-ешкі  8878 бастан 9150 басқа,яғни 103 %-ға,
жылқы       510 бастан 514 басқа,яғни 101 % болды.
2008 жылы
ет өндіру  3443 ц.-ден 3451 ц., яғни 100 % орындалды.
сүт өндіру  8334 ц.-ден 8455 ц., яғни 101 % орындалды.
жүн өндіру  155 ц.-ден 170 ц., яғни 110 % орындалды.
Жұмырқа алу 44.0 данадан алынып, 100 % орындалды.
2009 жылы
ет өндіру 3451 ц.-ден 4141 ц., яғни 120 % орындалды.
сүт өндіру 8455 ц.-ден 8651 ц., яғни 102 % орындалды.
жүн өндіру  170 ц.-ден 192 ц., яғни 113 % орындалды.
Жұмырқа алу  34.0 данадан алынып, 78 % орындалды.
2010 жылы
ет өндіру 4141 ц.-ден 4454 ц., яғни 108 % орындалды.
сүт өндіру 8651 ц.-ден 8788 ц., яғни 102 % орындалды.
жүн өндіру 192 ц.-ден 210 ц., яғни 110 % орындалды.
Жұмырқа алу 17.5 данадан алынып, 51 % орындалды.

Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін арттыру мақсатында Байқошқар ауылдық округі бойынша 2010ж. 5 шаруа қожалығы, 3 дүкенмен мемарандум жасалды.Олардың бәрі жасалған меморандумға сәйкес өз міндеттерін атқарып отыр.

Ауылда өтетін көпшілік мәдени-спорттық шараларға үнемі демеушілік танытып жүрген азаматтардың тізімі :
Мұхамедияров А. Төлегенов Ж.- спорттық жеңімпаздарын марапаттау;
Құттыбаева С. Игілікова А. – 9 мамыр Жеңіс күніне ҰОС ардагерлеріне теңестірілген ардагерлерге мерекелік дастархан жайылып; сый-сияпат көрсетілді.
Ауылдық әкім аппараты таратынан «Горный» орта мектебінің ауласына ҰОС қаза тапқандарға орнатылған ескеркішке 5000 теңге көлемінде көмек көрсетті.
Сейфуллина Ч. Айтбаев Қ. 1 маусым-балалар күніне арналған мерекеге демеушілік көрсетті.
Мектеп бітірушілердің 20 жыл толған түлектері тарапынан :  ауылдық мәдениет үйіне  DVD аппараты,мешіт үйіне жылыту пештері, орта мектепке компьютер, спорттық құрал-жабдықтар демеушілік етті.
Ауыл әкімі жанындағы қоғамдық ұйымдар өз жұмыстарын жоспарлы түрде жүргізіп отырады.

Шығыс Қазақстан облысы, Аягөз ауданы, Байқошқар ауылдық округінің 2018-2020 жылдарға арналған кешенді дамыту жоспары *.doc 2.5 MB
Байқошқар ауылдық округі әкімінің 2014 жылғы атқарған жұмыстары туралы есебі *.doc 35 KB
     

 

Бет өзгертілді: 04-04-2018