Аудан аймақтары

Ақшәулі ауылдық округінің әкімі

Мустафин Серікқазы Өміртайұлы – Ақшәулі ауылдық округінің әкімі  
1957 жылы 15 маусымда Семей облысы Аягөз ауданы Ақшатау ауылында дүниеге келген. 1986 жылы  Алматы зоотехникалық малдәрігерлік институтының  зоотехния мамандығын, зооинженер біліктілігімен  бітірген.  Еңбек жолын 09.10.1973-08.11.1975 жж. Семей облысы Аягөз ауданы Мыңбұлақ совхозында слесарь оқушысы қызметінен бастаған. 08.11.1975-22.12.1977 жж. Кеңес әскері қатарында болған, Забайкал әскери округі, Чита; 23.12.1977-15.10.1980 жж. Семей облысы Аягөз ауданы  25-партсъезд совхозында – электрик; 15.10.1980-05.10.1983 жж. Семей облысы Таскескен  ауданы  25-партсъезд совхозында зоотехник;  07.10.1983-20.06.1987 жж. Семей облысы Таскескен  ауданы 

25-партсъезд совхозында племзоотехник. 27.06.1987-03.04.1990 жж. Семей облысы Таскескен  ауданы Таскескен ауылында  нұсқаушы; 04.04.1990-05.11.1991 жж. секретарь парткома совхоза «Казахстан» Таскескенского района Семипалатинской области; 05.11.1991-16.10.1993 жж. Семей облысы Таскескен  ауданы «Қазақстан» совхозында аға зоотехник; 16.10.1993-15.06.1997жж.  Семей облысы Таскескен  ауданында «Байқожа» шаруа қожалығының басшысы; 01.07.1997-10.11.2001 жж. Алматы облысы Қарасай ауылында «Алға» шаруа қожалығының басшысы; 05.12.2001-09.11.2008 жж. Алматы қаласындағы Экспресс банкте аға менеджер; 13.11.2008-13.09.2012 жж. Алматы қаласындағы «Тез Тур» ЖШС шаруашылық бөлімінің директорының орынбасары; 14.09.2012- 03.03.2013 жж. Шығыс Қазақстан облысы Аягөз ауданы Ақшәулі ауылы әкімінің міндетін атқарушы; 03.03.2013 ж. бастап  Шығыс Қазақстан облысы Аягөз ауданы Ақшәулі ауылының.

 

Азаматтарды қабылдау күні: әр аптаның сәрсенбі және жұма күндері сағ.14.30-дан 18.30-ға дейін
Байланыс телефондары: 8-722-37-2-20-39
8-722-37-2-20-40 /факс/
8-722-37-92-2-80 /учаскелік инспектор/

Әкімніңлауазымдықміндеттері

  • азаматтардың өтiнiштерiн, арыздарын, шағымдарын қарайды, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау жөнiнде шаралар қолданады;
  • салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi жинауға жәрдемдеседi;
  • әкім аппараты әкімшісі болып табылатын бюджеттік бағдарламаларды әзірлеп, тиісті мәслихаттың бекітуі үшін жоғары тұрған әкімдіктің қарауына енгізеді;
  • азаматтар мен заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасы Конституциясының, заңдарының, Қазақстан Республикасының Президентi мен Yкiметi актiлерiнiң, орталық және жергiлiктi мемлекеттiк органдар нормативтiк құқықтық актілерiнiң нормаларын орындауына жәрдемдеседi;
  • өз құзыретi шегiнде жер қатынастарын реттеудi жүзеге асырады; 
  • ауылдық округтiң мемлекеттiк тұрғын үй қорының сақталуын, сондай-ақ ауылдық округте автомобиль жолдарының салынуын, қайта жаңартылуын, жөнделуiн және күтiп ұсталуын қамтамасыз етедi;
  • шаруа қожалықтарын ұйымдастыруға, кәсiпкерлiк қызметтi дамытуға жәрдемдеседi;
  • өз құзыретi шегiнде әскери мiндеттiлiк және әскери қызмет, азаматтық қорғаныс, сондай-ақ жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру туралы мәселелер бойынша заңдардың орындалуын ұйымдастырады және қамтамасыз етедi;
  • әдiлет органдары жоқ жерлерде Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен нотариаттық iс-қимылдар жасауды, азаматтық хал актiлерiн тiркеудi ұйымдастырады;
  • тарихи және мәдени мұраны сақтау жөнiндегi жұмысты ұйымдастырады; 
  • табысы аз адамдарды анықтайды, жоғары тұрған органдарға еңбекпен қамтуды қамтамасыз ету, атаулы әлеуметтік көмек көрсету жөнінде ұсыныс енгізеді, жалғызілікті қарттарға және еңбекке жарамсыз азаматтарға үйінде қызмет көрсетуді ұйымдастырады;  
  •  жергiлiктi әлеуметтiк инфрақұрылымның дамуына жәрдемдеседi;
  • қоғамдық көлiк қозғалысын ұйымдастырады;
  • шұғыл медициналық көмек көрсету қажет болған жағдайда ауруларды дәрігерлік көмек көрсететін таяу жердегі денсаулық сақтау ұйымына дейін жеткізіп салуды ұйымдастырады;
  •  жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарымен өзара iс-қимыл жасайды;
  • шаруашылықтар бойынша статистикалық есепке алуды жүзеге асырады; 
  •  жергілікті бюджетті бекіту кезінде қала, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихаты сессияларының жұмысына қатысады; 
  • республикалық маңызы бар қалада, астанада, облыстық маңызы бар қалаларда орналасқан мәдениет мекемелерін қоспағанда, мектепке дейін тәрбие беретін және оқытатын ұйымдардың, мәдениет мекемелерінің қызметін қамтамасыз етеді;
  • өз құзыретi шегiнде елдi мекендердi сумен жабдықтауды ұйымдастырады және су пайдалану мәселелерiн реттейдi;
    20) елді мекендерді абаттандыру, жарықтандыру, көгалдандыру және санитарлық тазарту жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырады; 
  • туысы жоқ адамдарды жерлеуді және зираттар мен өзге де жерлеу орындарын тиісті қалпында күтіп-ұстау жөніндегі қоғамдық жұмыстарды ұйымдастырады;
  • ауылдық округ әкімінің құзыреттеріне аудан орталығымен көлік қатынасын ұйымдастыру жөнінде аудандық атқарушы органға ұсыныстар енгізу, сондай-ақ ауылдық жерде оқушыларды мектепке дейін және кейін қарай тегін жеткізіп салуды ұйымдастыру да жатады. 
  • ауылдық округ әкiмi өзiнiң құзыретiне жатқызылған мәселелер бойынша өзiне жүктелген мiндеттердiң iске асырылуы үшiн жоғары тұрған әкiмнiң, аудандық мәслихатының алдында жауап бередi. 

Округтің құрылымы туралы тарихи анықтама

Социалистік дәуірге дейінгі уақытта бұл өңірдегі халық мал шаруашылығымен айналысқан. 1910 жылдары Столыпиннің аграрлық саясатына байланысты бұл өңірге Кубаньнан, Ресейдің басқа да губернияларынан орыс шаруалары келген.Кәзіргі біздің ауыл сол кездерден бастап Знаменка селосы атаныпты. Кейінен «Ақсәуле», одан кейін көпшіліктің өтініші бойынша «Ақшәулі» болып өзгертілді.
Елімізде Октябрь революциясы женгенен кейін жаңа қоғам орнады.1930 жылы Ақшәулі ауылдық советіне қарайтын бес колхоз құрылды. Олар: «Дружная селья» орталығы Знаменка, «Орақ-Балға», «Красный мир» /Кәзіргі Қарабұлақ ауылы/ , «Жамбыл»
(Қарақол өзенінің бойында) және «Карл Маркс»(кәзіргі Жаманегін ауылы) шаруашылықтары еді. 1950 жылғы шаруашылықтардың ірілендіруіне байланысты жоғарыда аталған барлық колхоздар бірігіп, «Карл Маркс» атындағы колхоз деп аталды. 1963-64 жылдары «Қазақстан» совхозына, 1964-1976 жылдары Аягөз аудандық Мыңбұлақ совхозының құрамына қосты. 1976 жылы Мыңбұлақ совхозынан бөлініп өз алдында КПСС ХХV съезі атындағы совхоз болып жеке шаңырақ көтерген. Совхозға басшы болып Боранғазы Өміртайұлы Мұстафин тағайындалып, осы сохозға көптеген еңбегін сіңіргені баршамызға анық. Мал шаруашылығы көтеріліп, совхоз жаңа техникалармен жабдықтарып, көптеген іс-шаралар атқарылды.
1977 жылы Таскескен ауданына қарасты болып, 1982 жылдан қайтадан Аягөз ауданына қарады. КПСС ХХV съезі атындағы совхозынан - Знаменка селосы атанып, кейіннен Ақшәулі атауы қайтадан беріліп, қазіргі уақытқа дейін осы атауы сақталған.
Ауылдық округте 1380 тұрғын бар, Оның 192-сі оқушылар. Ауылда 2 бастауыш мектеп, 1 орта мектеп, 1 емхана, кітапхана, мешіт үйі, наубайхана, мәдениет үйі, байланыс бөлімі бар.

Ауылдық округ туралы жалпы мағұлымат

Ақшәулі ауылы 1910 жылы құрылған. Әкімшілік орталығы Ақшәулі ауылы Аягөз ауданынан 78 шақырым қашықтықта орналасқан. Облыс орталығы Өскемен қаласы 500 шақырым қашықтықта орналасқан. Аумағы 87190 га. Елді мекендер 1 – Қарабұлақ ауылы.Халық саны 1380 адам, 300 отбасы бар. Зейнеткерлер161, әр-түрлі жәрдемақы алатындар саны 131.
Халықтың ұлттық құрамы: қазақтар 1340 адам, орыстар 32 адам, немістер 5, украин 1, татар 1, мариец 1.
Ауыл таулы жерде орналасқан. Қараша айынның аяғында қар түсір, қыс сәуір айына дейін созылады. Қыс кезінде қардың қалындығы 90-150 сантимертге дейін жетеді. 

Округтің экономикасы

Округте 46 шаруа қожалығы жұмыс істейді.Олар мал шаруашылығымен және егін салумен айналысаты, сонымен қатар 1 жем тартатын диірмен, 1 наубайхана жұмыс істейді. Қоғамдық сферада 1 кітапхана,1 спорт зал бар/ескірген/, мектепте 192 оқушы бар. Ауылда мал сою алаңы «Дастан» шаруа қожалығы арқылы іске қосылған.
Тұрғын үй саны 276.Оның 265-сі мал өсірумен және жеке меншік қосалқы шаруашылықпен айналысады. 2009 жыл басына халық және шаруа қожалықтары мал өнімдерінің өнімі:4873 ц ет өндірді, сүт- 17094 ц, жүн-188 ц, жұмыртқа 390 мың дана, . Өсімдік шаруашылығы бидай  барлығы салынғаны 2160 га, түсімі гектарынан орташа өнім 7,5 ц құрайды барлығы 1747 тонна Күнбағыс салынғаны 1660 га, түсімі гектарынан 1,4 ц, барлығы 1585 тонна Кртоп барлығы салынғаны 110 га жер, көкөніс 30га жерге салынып жақсы өнім алынды.
2010 жыл басына 5072 ц ет, сүт 17570 ц, жүн 189 ц, жұмыртқа 412 мың дана. Қыс айларының қиындығына қарамастан өсімдік өнімдері салынғаны бидай барлығы 1660 га, күнбағыс 2018 га жерге, картоп 120 га, көкөніс 30 га жерге салынды.
Мал шаруашылығы да жылдан жылға артуда. Мысалы 2009 жылы ірі қара 2809 болса, 2010 жылы 2870 басты құрады. Сол сияқты 2009 жылы қой басы 5745 болса, 2010 жылы5940 басты құрады, ешкі малы 2009 жылы 1430 болса, 2010 жылы 1475. Жылқы басы 2009 жылы 1014 , 2010 жылы 1027 бас.Құс 2009 жылы 3500 болса, 2010 жылы 3600 жетті.
Тұрмыс деңгейі төмен жанұялардың арзан бағадары азық түлікпен қамту мақсатында 2010 жылдың маусым айында ауылда 1 әлеуметтік дүкен ашылды.

Ауылда қайырымдылық жасау туралы

Су тасқыны кезінде ауыл тұрғындарының атынан Қызылағаш ауылына – 27500 теңге
Тарбағатай ауылына -   6000 теңге
шоттарына арнайы аударылды.
Атулы мейрамдарға, атап айтқанда «Ұлы Жеңіс күніне», балалар күніне, қарттар мен мүгедектер күніне т.б атаулы мейрамдарға үнемі әкімшілік, ауылдың кәсіпкерлері, шаруа қожалық басшылары демеушілік көрсетіп тұрады.
2010 жылдың мамыр айынан бастап «Жол картасы бойынша Мыңбұлақ –Ақшәулі» ауылдары арасындағы жол жөндеуден өткізілу үстінде. Бұл жұмыстар 2011 жылы да жалғасатыны жоспарланған.

Шығыс Қазақстан облысы, Аягөз ауданы, Ақшәулі ауылдық округінің 2018-2020 жылдарға арналған кешенді даму жоспары *.doc 1.3 MB
Ақшәулі ауылдық округінің әлеуметтік - экономикалық дамуының 2014 жылғы қорытындылары *.doc 28 KB
     
Бет өзгертілді: 06-04-2018