Аудан аймақтары

Ақшатау ауылдық округінің әкімі

Жокижанов Мерхат Канатович Ақшатау ауылдық округінің әкімі - Жөкіжанов Мерхат Қанатұлы.

Жөкіжанов М.Қ. 1980 жылы 23 мамырда ШҚО, Аягөз ауданы Ақшатау ауылдық округіне дүнеиеге келген.
Білімі жоғары. 2004 жылдары Семей қаласындағы М.Әуезов атындағы университетін тарих мамандығы бойынша бітірген. 2016 жылы Шәкерім атындағы Мемлекеттік Университетін  алғашқы әскери дайындық  мамандығы бойынша бітірген.
2003-2009 жылдары «А.Көшкімбаева атындағы» орта мектепте тәлімгер болып жұмыс атқарды.
2009-.2012 жылдары аталған мектепте тариха пәні мұғалімі.
2012-2013 жылдары Ақкілет бастауыш мектебінің даярлық тобының тәрбиешісі;
2014-2015 жылдары орта мектепте өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі,
2015-2016 жылдары орта мектептің алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі;
06.02.2017-14.08.2017 жылы аралығында Аягөз қаласындағы К.Бозтаев атындағы орта мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары;
14.08.2017-11.01.2018 жылдары аралығынды Аягөз ауданы Ақшатау ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушы.

Жұмыс тел. 72237 2-21-47
Азаматтарды қабылдау күні: әр аптаның сәрсенбі және жұма күндері сағ.14.30-дан 18.30-ға дейін
Байланыс телефондары: 8-722-37-2-29-77

Әкімніңлауазымдықміндеттері

  • азаматтардың өтiнiштерiн, арыздарын, шағымдарын қарайды, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау жөнiнде шаралар қолданады;
  • салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi жинауға жәрдемдеседi;
  • әкім аппараты әкімшісі болып табылатын бюджеттік бағдарламаларды әзірлеп, тиісті мәслихаттың бекітуі үшін жоғары тұрған әкімдіктің қарауына енгізеді;
  • азаматтар мен заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасы Конституциясының, заңдарының, Қазақстан Республикасының Президентi мен Yкiметi актiлерiнiң, орталық және жергiлiктi мемлекеттiк органдар нормативтiк құқықтық актілерiнiң нормаларын орындауына жәрдемдеседi;
  • өз құзыретi шегiнде жер қатынастарын реттеудi жүзеге асырады; 
  • ауылдық округтiң мемлекеттiк тұрғын үй қорының сақталуын, сондай-ақ ауылдық округте автомобиль жолдарының салынуын, қайта жаңартылуын, жөнделуiн және күтiп ұсталуын қамтамасыз етедi;
  • шаруа қожалықтарын ұйымдастыруға, кәсiпкерлiк қызметтi дамытуға жәрдемдеседi;
  • өз құзыретi шегiнде әскери мiндеттiлiк және әскери қызмет, азаматтық қорғаныс, сондай-ақ жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру туралы мәселелер бойынша заңдардың орындалуын ұйымдастырады және қамтамасыз етедi;
  • әдiлет органдары жоқ жерлерде Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен нотариаттық iс-қимылдар жасауды, азаматтық хал актiлерiн тiркеудi ұйымдастырады;
  • тарихи және мәдени мұраны сақтау жөнiндегi жұмысты ұйымдастырады; 
  • табысы аз адамдарды анықтайды, жоғары тұрған органдарға еңбекпен қамтуды қамтамасыз ету, атаулы әлеуметтік көмек көрсету жөнінде ұсыныс енгізеді, жалғызілікті қарттарға және еңбекке жарамсыз азаматтарға үйінде қызмет көрсетуді ұйымдастырады;  
  •  жергiлiктi әлеуметтiк инфрақұрылымның дамуына жәрдемдеседi;
  • қоғамдық көлiк қозғалысын ұйымдастырады;
  • шұғыл медициналық көмек көрсету қажет болған жағдайда ауруларды дәрігерлік көмек көрсететін таяу жердегі денсаулық сақтау ұйымына дейін жеткізіп салуды ұйымдастырады;
  •  жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарымен өзара iс-қимыл жасайды;
  • шаруашылықтар бойынша статистикалық есепке алуды жүзеге асырады; 
  •  жергілікті бюджетті бекіту кезінде қала, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихаты сессияларының жұмысына қатысады; 
  • республикалық маңызы бар қалада, астанада, облыстық маңызы бар қалаларда орналасқан мәдениет мекемелерін қоспағанда, мектепке дейін тәрбие беретін және оқытатын ұйымдардың, мәдениет мекемелерінің қызметін қамтамасыз етеді;
  • өз құзыретi шегiнде елдi мекендердi сумен жабдықтауды ұйымдастырады және су пайдалану мәселелерiн реттейдi;
    20) елді мекендерді абаттандыру, жарықтандыру, көгалдандыру және санитарлық тазарту жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырады; 
  • туысы жоқ адамдарды жерлеуді және зираттар мен өзге де жерлеу орындарын тиісті қалпында күтіп-ұстау жөніндегі қоғамдық жұмыстарды ұйымдастырады;
  • ауылдық округ әкімінің құзыреттеріне аудан орталығымен көлік қатынасын ұйымдастыру жөнінде аудандық атқарушы органға ұсыныстар енгізу, сондай-ақ ауылдық жерде оқушыларды мектепке дейін және кейін қарай тегін жеткізіп салуды ұйымдастыру да жатады. 
  • ауылдық округ әкiмi өзiнiң құзыретiне жатқызылған мәселелер бойынша өзiне жүктелген мiндеттердiң iске асырылуы үшiн жоғары тұрған әкiмнiң, аудандық мәслихатының алдында жауап бередi. 

Ақшатау ауылдық округінің тарихы

1928 жылы қазіргі Ақшатау ауылдық округінің жерінде 5 ұсақ колхоз болған. Олар «Кедей бірлік», «Жаңа бірлік», қазіргі Қалғұты елдімекенінде орналасқан «Бостандық» және Батпақ жеріндегі «Сталин» колхоздары. 1936 жылы «Кедей бірлік» пен «Жаңа бірлік»колхоздары бірігіп, «Молотов» колхазы құрылды, Бостандық «Когонович» колхозына ауыстырылды. 1950 жылдың күзінде осы колхоздардың барлығы бірігіп, Сталин колхозын құрды. Колхоз бастығы Шәкерев Кәкім.

1957 жылы ақпан айында Сергиополь совхозына біріктіріліп, 1961 жылдың 30 мамыр күні жеке Ақшатау совхозы бөлініп шықты, алғашқы совхоз директоры Қазыханов Саукен деген азамат болған. Кейіннен 1961-1972 жылдары Ақшатау совхозын Қазыханов Саукен, 1972-1974 жылдары Дайырбаев Алпысбай, 1974-1977 жж. Баймурзин Ғалым, 1977-1980 жж. Бендебаев Сләмжар, 1980-1985 жж. Ибатов Біржан, 1985-1987 жж. Өзбеков Сапар, 1989-1993 жж. Туспеков Болат, 1993-1994 жж. Серікбаев Сағатбек, 1994-1995 жж. Жөкіжанов Қанат, 1995-1997 жж. Мұстафин Боранғазы басқарды.

1961-1991жж партия қызметкерлері - Жұбанов Махмұт, Омаров Ғафар, Ахметжанов Бітат, Құлдыбаев Үкітай, Қонақбаев Амангелді, Түспеков Болат, Күштаев Сейфолла; комсомол қызметкерлері - Ешенғазин Кенжебек, Абдрахманов Кәміл, Лашынов Серғазы, Серікбаев Сағатбек, Тұрсынғазин Серікқұл, Камамова Сайлауғайша, Қалышкенов Дәулетбек, Ақылбасщин Алдаберген, Хайсин Ақыл, ауылдық кеңестің төрағалары – Сарыбаев Жұмагелді, Өміртаев Тайтөлеу, Ақбалин Насыр, Жұмағұлов Айтмұқан, Бекбаев Рахымбек, Керімбаев Рамазан, Мұқаметқалиев Назкен, Омарғазин Дүйсен, Баймағұлов Сарқыт деген азаматтар ауылдың өркендеуіне, халықтың әл-ауқатының артуына, шаруашылық экономикасының көтерілуіне өз үлестерн қосты.

Алғашқы мектеп Ақшатау өңірінде 1909-1910 жылдары «Меңгезей» деген жерде ашылған. Осы мектептен Ақшатау болысынан Орыншайық, Жекітай, Күйсіз, Ақматай, Кәуменұлы Шұғыбан ақын, Тәуірбек, Қожахмет Ыдырысұлы, Рахымжанов Берікбол, Станбеков Дияр, Жаманаев Иммамәди, Бұлантаев Айтқұл, Абутәліпұлы Рамазан, Рақымұлы Мұсылманқұл деген азаматтар, мұсылманша, орысша сауаттарын ашқан. Кейіннен аталған түлектер Кеңес үкіметі орнағаннан кейін 1917-1918 жж Семейден бір жылдық мұғалімдер даярлайтын курс бітіріп, жер-жерден мектеп ашыу ісіне белсене араласқан. Соның бірі Қожахмет Ыдырысұлы Батпақ өзенінің бойынан 4 жылдық мектеп ашып, алғашқы ұстазы болған.

1961-1963 жылдары жаңадан аурухана, мектеп-интернат, монша, совхоз кеңсесі, МТМ-паркі, совхоз мамандары мен жұмысшыларына арнап 40 шақты жаңа үйлер салынды. 1965 жылы жаңадан 200 оқушыға арналған жаңа орта мектеп салынып, 1968 жылы алғашқы түлектер орта мектеп бітірді, оған дейін 7 жылдық білім беретін мектеп болған.

1980 жылдары жаңадан автопарк, 1984 жылы жаңадан 300 орындық мәдениет үйі салынды. 1982 жылдары ортаның су құбыры іске қосылды. 1993 жылға дейін орталықтағы үй саны 260-қа дейін жетті. Халық саны 2000, мал саны: ірі қара – 3500 бас, қой,ешкі – 40-43 мың бас, жылқы – 1500 басқа дейін өсіп, 10-12 мың га жерге егін салынды. Жылына 1000 тн ет, 40 тн жүн, 150 тн сүт, 4000 тн астық өндірілді.

1990 жылдың сәуір айында селомыздың орталығында жаңа типті 700 орындық орта мектеп пен мәдениет үйі пайдалануға берілді. 2002 жылы мектеп ішінен «Толған ел тарихын таспен жазады» атты ауыл тарихынан сыр шертетін мұражай ашылды. Онда ауылымыздың тарихы, Ұлы Отан соғысына қатысушылар, мектеп тарихы, тылда еңбек еткер Еңбек ардагерлері, Батыр аналар, ақын жерлесіміз Дулат Бабатайұлының, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «ІІІ мәрте Еңбек Қызыл Ту» орденінің иегері Кешірімхан Бозтайұлының өмір жолы мен еңбектерін баяндайтын«Аждаһамен алысқан Кешірімхан Бозтайұлы Бозтаев» атты тақырыппен бұрыштар ашылған, сонымен қатар «Жеті атасын білмеген жетесіз» деген тақырыпта Ақшатау өңірінде тұратын азамматтардың шыққан тегін баяндайтын шежіре тақта орналасқан.

Ақшатау ауылдық округі бойынша Ұлы Отан соғысының ардагері Кенжебаев Тілеухан, тылда жұмыс істегендер Кибриханов Рашит, Қойшыманова Зейнеп, Көкебаева Күлше, Мұхаметжанова Төкен, Оразбаева Күлшетай, Рахымжанова Сартай, Садыханова Шакен, Шағырова Айтқайша, Жақиянова Камен, Баймағұлова Дүкебай. Ауған соғысының ардегерлері Кенжебаев Қизат, Қайырбеков Жасұлан. Батыр аналар - 44 ана «Алтын алқа» иегері, 19 ана «Күміс алқа» иегері.

1941-1945 жж Ұлы Отан соғысына Ақшатау ауылынан 178 адам майданға аттанып, аман-есен жеңіспен оралғаны 69, хабар-ошарсыз кеткен боздақтар 91, майдан шебінде қайтыс болғандар 18 адам. 2007 жылыдың 9 Мамырында Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен боздақтарға арналған мемориалдық ескерткіш ашылды.

2008 жылы маусым айында ауылда жаңа заман талабына сай, болашақ ұрпақты имандылық жолында тәрбиелеу, жүректеріне имандылық ұялату мақсатында ауылымызда ақ күмбезі күн нұрымен шағылысқан Алланың үйі – мешіт ғимараты бой көтерді.

Ақшатау ауылдық округі бойынша бүгінгі таңда халық саны – 1321 адам, жалпы жер көлемі – 211574 га. пайдаланып отырған жер көлемі – 161 095 га, иесіз жер – 22 021 га. Елді мекендер саны: Дөненбай – аудан орталығынан 40 км, тұрғын үй саны – 171, халық саны – 886 адам; Ақкілет елді мекені – 7 км, тұрғын үй саны – 26; халық саны – 164 адам; Қалғұты елді мекені - 8 км, тұрғын үй саны – 12, халық саны – 96 адам; Қоңыртау елді мекені – 45 км, тұрғын үй саны – 12, халық саны – 175 адам.

1997 жылы Ақшатау өндірістік кооперативі банкрот болып, 70 шаруақожалығына таратылды. Халық ешқандай мүлік немесе малдай үлес-пай алған жоқ, тек қана тиесілі жер үлестерін ғана алып, мал бастарын өсірумен шұғылданған. Бүгінгі күні Салық басқармасында 102 шаруақожалығы тіркелген. 46 қыстақ бар. Қожалықтағы жұмысшылардың 95% ауыл азаматтары. Шаруақожалықтары жаз айларында өздеріне бекітілген жерлеріне жұмысшылар жалдап, мал азығын дайындап, қолдарындағы малдарын өсірумен шұғылданады.

Екі бірдей шаруа қожалығымыз «қазақтың қылшық жүнді қой малын өсіруші асыл тұқымды мал шаруашылығы» статусын алды. Ол «Қоңыр» және «Мазби» шаруақожалықтары. Қазіргі уақытта асыл тұқымды қой өсіру бағытында жұмыс жасап жатыр. Тұрғындардың әлеуметтік құрамы: зейнеткерлер – 136, мұғалімдер – 29, дәрігерлер – 8, әкімшілік қызметкерлері – 4, мәдениет үйінің меңгерушісі -1, кітапханашы – 1.

Округ бойынша мал басы:

01.07. 2009 ж 01.07.2010 ж өсімі %

Ірі қара – 5171 бас ірі қара – 5183 бас; 100,2
қой, ешкі – 41100 бас қой, ешкі – 41360 бас; 100,6
жылқы – 1534 бас. жылқы – 1564 100,2

Өндірілген өнім мөлшері: ет 4365 ц, сүт 16605 ц, жүн 483ц, жұмыртқа 160100 дана. Округ аумағында орналасқан нысандар: 1 орта мектеп, 3 бастауыш мектеп, 1 дәрігерлік амбулатория, 1 фельдшерлік амбулаториялық пункт, 1 мәдениет үйі, 1 мешіт, 1 әлеуметтік дүкен, 1 сауда дүкені, 1 тойхана, 1 дүңгіршек.
2009 жылы 50 шаруақожалықтары мен әкімшілік арасында «Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін арттыру және ауыл тұрғындарымен ынтымақтастықты дамыту мақсатында әр қожалықпен ауылда өткізілетін іс-шаралар мен ауылдың тазалығына, жағдайы төмен отбасыларға көмек ретінде жыл сайын 25 мың теңге ақшалай және оқушылардың жазғы демалыс лагеріне 1 бас қой беру жөнінде меморандумға қол қойылған болатын. Әкімшілік тарапынан осы меморандумға сәйкес шаруақожалықтарының демеушілігімен жалғыз басты, асыраушысы жоқ отбасыларға 1 прицептен отын-шөп жағына немесе ақшалай 20 мыңнан көмек көрсетіліп отырады.
Аталған меморандумға сәйкес 2009 жылы Республикамыздың Тәуелсіздігіне орай шаруақожалықтары басшыларының демеушілігімен мектептің спорт залында Қазақстанның еңбек сіңірген қоғам қайраткері, «ІІІ мәрте Еңбек қызыл Ту» орденінің иегері, жерлесіміз Кешірімхан Бозтайұлын еске алуға арналған облыстық грек-рим күресінен жарыс өткізілді. 8 Наурыз халықаралық әйелдер күніне орай 36 Батыр аналарымыз бен 22 көпбалалы аналарымызға «Қоңыр» шаруақожалығының басшысы А.Ахметов өзінің сыйлықтарын табыстады. Астанадағы «Локомотив-Сервис» ЖШС президенті жерлесіміз А.Қажығұлов орта мектепке 1 млн. теңгенің музыкалық аппаратын сыйға тартты және жыл сайын мектеп бітіруші 2 түлекке 20 мыңнан Қ. Ыдырысұлы мен К.Бозтаев атындағы стипендия тағайындап, өз қолымен табыстайды.
2010 жылы 9 Мамыр Жеңіс күніне орай Ұлы Отан соғысының ардагері Т.Кенжебаевты 90 жылдық мерей тойымен құттықтап, ескерткіш маңында мерекелік шеру болып, демеушілер атынан ардагерге 150 мыңның тұлпары мінгізілді. 15 Батыр анаға алқа табыстау кезінде кәіпкер А.Баймағұлова 15000 теңгеге сыйлық тарту етті. Жыл сайын мектеп жасына дейінгі 1-4 арасындағы бүлдіршіндерге жаңа жылдық шырша мерекесі өткізілді, бүлдіршіндерге жаңа жылдық сыйлықтар үлестіріледі.

Шығыс Қазақстан облысы Аягөз ауданының Ақшатау ауылдық округінің 2018-2020 жылдарға арналған кешенді даму жоспары *.doc 1.6 MB
Ақшатау ауылдық округі әкімінің 2014 жылдың қорытындысы бойынша баяндамасының тезисі *.doc 45.5 KB

 

Бет өзгертілді: 03-04-2018