Аудан аймақтары

Ақши ауылдық округінің әкімі

Ақши ауылдық округінің әкімі - Қасенов Бекжан Нұрекеұлы

Қасенов Б.Н. 1972 жылдың 12 наурызында Семей облысы, Аягөз ауданының Ақши ауылында тұған. 1998 жылы Талдықорған педагогикалық университетін инженер-педагог мамандығы бойынша, 2006 жылы Семей мемлекеттік педагогикалық институтын тарих және география пәнінің мұғалімі мамандығы бойынша бітірген. 1990-1992 жылдары әскер қатарында болды. Еңбек жолын С.Ғаббасов атындағы кеңшарының жұмысшысы болып бастаған. 2001-2004 жылдары Ақши ауылдық орта мектебінің мұғалімі. 2009 жылдың қантар айынан бастап Ақши ауылдық округінің әкімі.

Азаматтарды қабылдау күні: әр аптаның сәрсенбі және жұма күндері сағ.14.30-дан 18.30-ға дейін
Байланыс телефоны: 3-15-20

Әкімніңлауазымдықміндеттері

  • азаматтардың өтiнiштерiн, арыздарын, шағымдарын қарайды, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау жөнiнде шаралар қолданады;
  • салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi жинауға жәрдемдеседi;
  • әкім аппараты әкімшісі болып табылатын бюджеттік бағдарламаларды әзірлеп, тиісті мәслихаттың бекітуі үшін жоғары тұрған әкімдіктің қарауына енгізеді;
  • азаматтар мен заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасы Конституциясының, заңдарының, Қазақстан Республикасының Президентi мен Yкiметi актiлерiнiң, орталық және жергiлiктi мемлекеттiк органдар нормативтiк құқықтық актілерiнiң нормаларын орындауына жәрдемдеседi;
  • өз құзыретi шегiнде жер қатынастарын реттеудi жүзеге асырады; 
  • ауылдық округтiң мемлекеттiк тұрғын үй қорының сақталуын, сондай-ақ ауылдық округте автомобиль жолдарының салынуын, қайта жаңартылуын, жөнделуiн және күтiп ұсталуын қамтамасыз етедi;
  • шаруа қожалықтарын ұйымдастыруға, кәсiпкерлiк қызметтi дамытуға жәрдемдеседi;
  • өз құзыретi шегiнде әскери мiндеттiлiк және әскери қызмет, азаматтық қорғаныс, сондай-ақ жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру туралы мәселелер бойынша заңдардың орындалуын ұйымдастырады және қамтамасыз етедi;
  • әдiлет органдары жоқ жерлерде Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен нотариаттық iс-қимылдар жасауды, азаматтық хал актiлерiн тiркеудi ұйымдастырады;
  • тарихи және мәдени мұраны сақтау жөнiндегi жұмысты ұйымдастырады; 
  • табысы аз адамдарды анықтайды, жоғары тұрған органдарға еңбекпен қамтуды қамтамасыз ету, атаулы әлеуметтік көмек көрсету жөнінде ұсыныс енгізеді, жалғызілікті қарттарға және еңбекке жарамсыз азаматтарға үйінде қызмет көрсетуді ұйымдастырады;  
  •  жергiлiктi әлеуметтiк инфрақұрылымның дамуына жәрдемдеседi;
  • қоғамдық көлiк қозғалысын ұйымдастырады;
  • шұғыл медициналық көмек көрсету қажет болған жағдайда ауруларды дәрігерлік көмек көрсететін таяу жердегі денсаулық сақтау ұйымына дейін жеткізіп салуды ұйымдастырады;
  •  жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарымен өзара iс-қимыл жасайды;
  • шаруашылықтар бойынша статистикалық есепке алуды жүзеге асырады; 
  •  жергілікті бюджетті бекіту кезінде қала, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихаты сессияларының жұмысына қатысады; 
  • республикалық маңызы бар қалада, астанада, облыстық маңызы бар қалаларда орналасқан мәдениет мекемелерін қоспағанда, мектепке дейін тәрбие беретін және оқытатын ұйымдардың, мәдениет мекемелерінің қызметін қамтамасыз етеді;
  • өз құзыретi шегiнде елдi мекендердi сумен жабдықтауды ұйымдастырады және су пайдалану мәселелерiн реттейдi;
    20) елді мекендерді абаттандыру, жарықтандыру, көгалдандыру және санитарлық тазарту жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырады; 
  • туысы жоқ адамдарды жерлеуді және зираттар мен өзге де жерлеу орындарын тиісті қалпында күтіп-ұстау жөніндегі қоғамдық жұмыстарды ұйымдастырады;
  • ауылдық округ әкімінің құзыреттеріне аудан орталығымен көлік қатынасын ұйымдастыру жөнінде аудандық атқарушы органға ұсыныстар енгізу, сондай-ақ ауылдық жерде оқушыларды мектепке дейін және кейін қарай тегін жеткізіп салуды ұйымдастыру да жатады. 
  • ауылдық округ әкiмi өзiнiң құзыретiне жатқызылған мәселелер бойынша өзiне жүктелген мiндеттердiң iске асырылуы үшiн жоғары тұрған әкiмнiң, аудандық мәслихатының алдында жауап бередi. 

Ауылдық округтің құрылымы жөнінде анықтама.

1949 жылы Қара-күнгей колхозы болып құрылып, кейіннен Қара-күнгей, Жас тілек және Елтай колхоздарын біріктіріп Н.Хрущев атындағы колхоз құрылып орталығы Ақши ауылы болып аталып осы колхозға Қасенов Нұрахмет басшылық еткен. 1957 жылы наурыз айында колхоз таратылып Мыңбұлақ кеңшарына қосылған. 1963 жылы Мыңбұлақ кеңшарынан бөлініп қайтадан Ақши кеңшары құрылып, оған Биесимас, Шұбартөс ауылдары қосылған. Кеңшар орталығы 1970 жылы жаңадан Сарыарқа ауылы салынып сонда көшірілді.

1974 жылы Ақши кеңшарынан бөлініп Сабыржан Ғаббасов атындағы кеңшар болып құрылды, осы кеңшарға Ақтүбек және Көкащы елді мекендері кірді және жаңадан құрылған кеңшарға директор болып Тлеубаев Өскенбай басшылық жасады. Кеңшар орталығында 1975 жылдан бастап 10 жылдық мектеп, кеңсе үйі, МТМ, құрылыс объектісі, ауыз су құбыры, дүкендер, наубайхана, монша және жылына 20-25 тұрғын үйлер сондай-ақ жаңадан мал қыстақтары салынды. 1974-1980 жылдары Ө.Тлеубаев басшылық жасаған кезде С.Ғаббасов кеңшарының өрлеу жылдары болды. Осы кеңшар 8000 га жерге егін егіп, сонымен қатар 30 000 қой-ешкі, 2500 ірі-қара, 800 бас жылқы малдарын өсірген қатардағы шаруашылық болған. Кеңшарды 1980-1986 жылдары Бағдат Оралбаев, 1986-1988 жылдары Еркін Күйебаев басшылық еткен кезде астық алу мен мал басынан төл алудан жақсы көрсеткіштер көрсетіп аудан бойынша алдыңғы қатарлы шаруашылық атанды. 1988-1990 жылдары Санақ Махметов басқарса, 1990-1994 жылдар аралығында Тұрысбек Сембеков басшылық жасап, 1994-1995 жылдарда Айтқазы Еркебаев Ақши ұжым шаруашылығын басқарды. 1996 жылы жекешелендіру жұмыстары жүргізіліп, бірнеше шаруа қожалықтары құрылды.  

Кеңшардың өркендеуіне өлшеусіз еңбек сіңірген, еңбектері жоғары бағаланған Ленин орденінің иегері атағын алған Төкен Жұмаділов, Еңбек Қызыл Ту орденінің иегерлері Ілияс Бекентұров, Ерсайын Құдагелдин және алдыңғы қатарлы механизаторлар Нұрзада Ақанаев, Мэлс Айтжанов, Төкей Өсербаев, Көбелдес Рахметов, Аманғазы Ахтаев, Тоқтар Оспанов, Сүбебек Искаков, Қасымжан Түсіпжанов, Мұқатай Майланов, Жолдығазы Айтжанов, Жақсылық Әлімбаев, Қызырхан Баяхметов, Қалияс Бекентұров сынды азаматтар ел тарихына жазылды. Ауылдың өркендеуіне үлкен үлес қосқан басшылар – Авленов Талас, Бөлегенов Матайбай, Атымтаев Орынғали, Саңқайбаев Өртбай, Уалиев Келсін, Жансарин Жұмақан, Садуақасов Түгелбай, Бейсеғожин Рымжан, Байтуғанова Рысхан, Ермұхамет Кулов.

Мал басының жылдан жылға өсуіне атсалысқан малшылар – Хасенов Қабылахмет, Мүлікбаев Мұратқажы, Қасенов Нұреке, Айтжанов Сарсеғали, Додабақов Сарқытбай, Сахариев Дүйсенбек, Тұраров Құсман, Бокишев Қамысбай, құрлысшылар – Алмұхаметов Мүтән, Дүйсенбаев Бейсембай, Искаков Қыдырбек, Байшөкенов Сабыр, Сабырбеков Мұхаметқазы және т.б. ауыл еңбеккерлерінің аттары ел аузынан түспейді. Отан үшін от кешкен Бұланов Бейсеғажы, Елікбаев Түсіпжан, Әйтімбетов Сабырбек, Иманалин Бекентұр, Бақтыбазаров Манап, Темірғалиев Жұмағали, Абылғазин Мұқанай, Қарасартов Жұмакелді, Өміржанов Толыбай, Ахтаев Омария, Мұсасарин Мұхтар, Оспанов Жүніс, Тайманов Төлеуғазы сынды аталарымыз, сонымен қатар соғыс кезінде тылда еңбек еткен Орынбаева Ғазиза, Мұхаметқалиев Мұхаметия, Ахметқалиева Қалимаш, Закирова Ақпан, Өміржанова Ажар, Серікбаева Бәйке, Сақыпжанова Бәтен, Саманбетова Маңлық, Сүлейменова Нәйля, Мұхаметқалиева Үгіл, Бекназаров Қасымжомарт, Абдилдин Жұмаш, Бекназарова Бәтіш, Қарынова Кәметай, Нығметжанов Зада, Құрманбайқызы Шәрбан, Темірғалиева Рабиға, Ахметқалиева Минуар аталарымыз бен аналарымыз соғыстан кейінде әр салада еңбек етіп ауылдың өркендеуіне өз үлестерін қосқан.

Жас ұрпаққа сапалы білім, саналы тәрбие беруде қажымай еңбек еткен ұстаздар Қарасартов Төкен, Шумаков Жақсыбай, Абзиева Сағдат, Ешмұхаметова Қайыпжамал, Мұқанова Күлпан, Жолдасбаева Қаршыға, Дүйсенбаев Кәден, Жұмабекова Рысхан, Бекентұров Ғаппас, Дүйсенов Қабаш, Мұхаметжанов Ғазиз және 30 жылға жуық Ақши орта мектебін басқарып келе жатқан Ахметқазы Жұмағазыұлының ұжымы білім нәрін берген оқушылары бүгінгі күні еліміздің әр жерінде еңбек етуде. Алдыңғы буыннын жолын ұстанып бүгінгі күні ауылдың көркейуіне атсалысып келе жатқан азаматтарымыз Қалиас Бекентұров, Сағидолла Жұмаханов, Болат Қасенов, Еркін Шонашевтар басқаратын шаруа қожалықтары, Сайран, Еділ Жұмахановтар, Гүлзия Темірғалиева сияқты кәсіпкерлер халыққа қызмет көрсетіп ел құрметіне бөленіп жүр.

Ауылдық округ туралы жалпы мағлұмат.

Әкімшілік орталығы: Ақши ауылдық округі, Аягөз ауданынан 45 км қашықтықта, облыс орталығынан 338 км қашықтықта орналасқан. Ауыл әкімшілігіне бір елді мекен кіреді – Ақтүбек ауылы орталықтан 18 км қашықтықта орналасқан.

Ауылдық округтің жалпы жер көлемі – 90 320 га оның ішінде: 3857 га егістік, 4861 га шабындық, 79060 га жайылымдық, 2542 га босалқы жерлер болып табылады.              

Ауылдық округте 1 орта мектеп, 1 бастауыш мектеп, 1 ФАП, 1 ФП, Мәдениет үйі, Мешіт, Тойхана, 3 азық-түлік дүкені, Казпошта бөлімшесі, АТС, ауылдық кітапхана халыққа қызмет көрсетсе сонымен қатар 64 шаруа қожалығы тіркеліп 11 шаруа қожалығы мал қыстамаларында мал басын өсірумен айналысып, 4 шаруа қожалығы 1000 га жерге дәнді дақылдар егумен шұғылданады. Бүгінгі күні ауылымызда 1065 адам қоныстанған, оның ішінде: жұмысшылар қатарына – 595 адам, зейнеткерлер – 102 адам, оқушылар саны – 213, мұғалімдер – 35, медицина қызметкерлері – 6, тыл ардагерлері – 5 адам, батыр аналар: «Алтын алқа» иегерлері – 22 адам, «Күміс алқа» иегерлері – 15 адам, жалпы ауыл бойынша 257 отбасы бар. Сондай-ақ 2008 жылдың мамыр айынан бастап құны – 500 млн теңге тұратын 180 орындық жаңа үрдістегі білім ошағы салынуда.

 

Ақши ауылдық округінің әкімі болып:

  1. Смағұлов Қабдылмарат – 1996-1999 жылдары
  2. Бекентұров Ілияс – 1999-2003 жылдары
  3. Несіпбаев Ахметқали – 2003-2006 жылдары
  4. Чалов Нұрлан – 2006-2008 жылдың қыркүйек айына дейін.
  5. Қасенов Бекжан Нұрекеұлы – 2009 жылдың қаңтар айынан бастап атқаруда.

2010 жылдың 1 қаңтарына мал басының саны:

Ірі қара мал -1780 бас, қой-ешкі – 6520 бас, жылқы-727 бас, құстар-880 бас.
Өдірілген өнімдер: ет-337 тн, сүт-1060 тн, жұмыртқа-133 мың дана, жүн-201 цн.
Дала шаруашылығы бойынша өнімдер : 2009 жылы округ бойынша 4 шаруа қожалығы 1000 га егістік жерге дақылдар сеуіп, 530 тонна астық жиналды. Округ бойынша орташа дәнді дақыл түсімі-7,5 цн құрады. ( 170 % яғни 2008 жылмен салыстырғанда)

Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін арттыру мақсатында Ақши ауылдық округі бойынша 2009 жылы 6 шаруа қожалығы, 3 дүкен. , 1 жеке тұлғамен және ЖШС «Сары Асыл» компаниясымен 124 000 теңге көлемінде меморандум жасалды :

Меморандумға отырғандардың тегі, аты,жөні Кәсіпкерліктің түрі Құны, теңге
1 Қасенов Болат «Нұрбек» шаруа қожалығы 45 000,00
2 Оразбекова Гүлмира «Береке-7» шаруа қожалығы 10 000,00
3 Бақтыбазаров Ғалымжан «Манап» шаруа қожалығы 10 000,00
4 Шонашев Еркін «Тоқабай» шаруа қожалығы 5 000,00
5 Бекентуров Қалиас «Майжан Ақшоқы»
шаруа қожалығы
4 000,00
6 Жұмақанов Сайран Жеке тұлға 5 000,00
7 Жұмақанов Еділ Жеке тұлға 5 000,00
8 Аманқұлов Тасқын Жеке тұлға 10 000,00
9 Темірғалиева Гүлзия әӘлеуметтік» сауда дүкені, кәсіпкер 10 000,00
10 Дусипов Бауыржан ЖШС «Сары-Асыл» компаниясы 20 000,00

 

Жиыны :   124 000,00

Жоғарыда көрсетілген тұлғалардың барлығы жасасқан меморандумға сәйкес өз міндеттерін толығымен орындады.

Шығыс Қазақстан облысы, Аягөз ауданы, Ақши ауылдық округінің 2018-2020 жылдарға арналған кешенді даму жоспары *.doc 4 MB
Ақши ауылдық округінің әлеуметтік - экономикалық дамуының 2014 жылғы қорытындылары *.doc 28 KB

 

Бет өзгертілді: 03-04-2018