Аудан аймақтары

Актоғай кенттік округының әкімі

Кесикбаев Заир Кабденович Ақтоғай кенттік округі әкімінің міндетін атқарушы – Кесикбаев Заир Қабденұлы

Кесикбаев З.Қ. 1968 жылдың 28 қаңтарда Семей облысы Аягөз ауданы Ақтоғай кентінде дүниеге келген. 1993 жылы Алматы темір жол транспорты инженерлері институтын - жол қатынас инженері – механик,  2006 жылы  І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетін қаржы  мамандығы бойынша бітірген. 1986 – 1988 жылдары Әскер қатарында. Еңбек жолын 1988 жылы Ақтоғай депосында  – екінші дәрежелі слесары болып бастаған.  1989 – 2000 жылдары Ақтоғай депосында  – мастер, жөндеу бригадирі. 01.03-06.2000 жылы  Семей Темір Жолы - “Қазақстан темір жолы” ұлттық компаниясы АҚ-ның бөлімшесінің Ақтоғай станциясының – мастері, Алматы материалдық-техникалық жабдықтау орталығының Ақтоғай станциясының отын қоймасының бастығы.  2000 – 2015 жылдары    ҚР ШҚО «Локомотив» акционерлік қоғамының «Ақтоғай локомотив пайдалану депосы» филиалында жанар – жағар май таратушысы болып қызмет атқарған. 2015 жылдың қыркүйегінен бастап Ақтоғай кенттік округі әкімінің міндетін атқарушы. 2015 жылдың желтоқсан айыннан бастап Ақтоғай кенттік округінің әкімі.

Азаматтарды қабылдау күні: әр аптаның сәрсенбі және жұма күндері сағ.14.30-дан 18.30-ға дейін

Әкімнің лауазымдық міндеттері:

  • азаматтардың өтiнiштерiн, арыздарын, шағымдарын қарайды, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау жөнiнде шаралар қолданады;
  • салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi жинауға жәрдемдеседi;
  • Аягозәкім аппараты әкімшісі болып табылатын бюджеттік бағдарламаларды әзірлеп, тиісті мәслихаттың бекітуі үшін жоғары тұрған әкімдіктің қарауына енгізеді;
  • азаматтар мен заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасы Конституциясының, заңдарының, Қазақстан Республикасының Президентi мен Yкiметi актiлерiнiң, орталық және жергiлiктi мемлекеттiк органдар нормативтiк құқықтық актілерiнiң нормаларын орындауына жәрдемдеседi;
  • өз құзыретi шегiнде жер қатынастарын реттеудi жүзеге асырады; 
  • ауылдық округтiң мемлекеттiк тұрғын үй қорының сақталуын, сондай-ақ ауылдық округте автомобиль жолдарының салынуын, қайта жаңартылуын, жөнделуiн және күтiп ұсталуын қамтамасыз етедi;
  • шаруа қожалықтарын ұйымдастыруға, кәсiпкерлiк қызметтi дамытуға жәрдемдеседi;
  • өз құзыретi шегiнде әскери мiндеттiлiк және әскери қызмет, азаматтық қорғаныс, сондай-ақ жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру туралы мәселелер бойынша заңдардың орындалуын ұйымдастырады және қамтамасыз етедi;
  • әдiлет органдары жоқ жерлерде Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен нотариаттық iс-қимылдар жасауды, азаматтық хал актiлерiн тiркеудi ұйымдастырады;
  • тарихи және мәдени мұраны сақтау жөнiндегi жұмысты ұйымдастырады; 
  • табысы аз адамдарды анықтайды, жоғары тұрған органдарға еңбекпен қамтуды қамтамасыз ету, атаулы әлеуметтік көмек көрсету жөнінде ұсыныс енгізеді, жалғызілікті қарттарға және еңбекке жарамсыз азаматтарға үйінде қызмет көрсетуді ұйымдастырады;  
  •  жергiлiктi әлеуметтiк инфрақұрылымның дамуына жәрдемдеседi;
  • қоғамдық көлiк қозғалысын ұйымдастырады;
  • шұғыл медициналық көмек көрсету қажет болған жағдайда ауруларды дәрігерлік көмек көрсететін таяу жердегі денсаулық сақтау ұйымына дейін жеткізіп салуды ұйымдастырады;
  • жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарымен өзара iс-қимыл жасайды;Аягоз
  • шаруашылықтар бойынша статистикалық есепке алуды жүзеге асырады; 
  • жергілікті бюджетті бекіту кезінде қала, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихаты сессияларының жұмысына қатысады; 
  • республикалық маңызы бар қалада, астанада, облыстық маңызы бар қалаларда орналасқан мәдениет мекемелерін қоспағанда, мектепке дейін тәрбие беретін және оқытатын ұйымдардың, мәдениет мекемелерінің қызметін қамтамасыз етеді;
  • өз құзыретi шегiнде елдi мекендердi сумен жабдықтауды ұйымдастырады және су пайдалану мәселелерiн реттейдi;
  • 20) елді мекендерді абаттандыру, жарықтандыру, көгалдандыру және санитарлық тазарту жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырады; 
  • туысы жоқ адамдарды жерлеуді және зираттар мен өзге де жерлеу орындарын тиісті қалпында күтіп-ұстау жөніндегі қоғамдық жұмыстарды ұйымдастырады;
  • ауылдық округ әкімінің құзыреттеріне аудан орталығымен көлік қатынасын ұйымдастыру жөнінде аудандық атқарушы органға ұсыныстар енгізу, сондай-ақ ауылдық жерде оқушыларды мектепке дейін және кейін қарай тегін жеткізіп салуды ұйымдастыру да жатады. 
  • ауылдық округ әкiмi өзiнiң құзыретiне жатқызылған мәселелер бойынша өзiне жүктелген мiндеттердiң iске асырылуы үшiн жоғары тұрған әкiмнiң, аудандық мәслихатының алдында жауап бередi. 

Шығыс Қазақстан облысы, Аягөз ауданы, Ақтоғай кенттік округінің 2018-2020 жылдарға арналған кешенді даму бағдарламасы *.doc 509 KB
Ақтоғай кенттік округінің әлеуметтік – экономикалық даму барысы туралы *.doc 56 KB

 

Бет өзгертілді: 03-04-2018