Аудан аймақтары

Аягөз қаласының әкімі

Азыханов Қуаныш НұрислямұлыАягөз қаласының әкімі – Азыханов Қуаныш Нұрислямұлы
1964 жылы 03 ақпанда Семей облысы Аягөз ауданы Таскемкен ауылында дүниеге келген. 1986 жылы Қазақтың еңбек Қызыл Ту ордені ауылшаруашылық институтының ауыл шаруашылығын электрлендіру мамандығын, инженер-электрик біліктілігі,  2006 жылы Шығыс Қазақстан аймақтық «Қайнар» университетінің Заңтану маманды бойынша бітірген. Еңбек жолын 1986 жылы Таскескен ауылының «Ауылшаруашылық энергия» кәсіпорынының аға инженері қызметінен бастаған. 1986–1990 жылдары Таскескен ауылының «Ауылшаруашылық энергия» кәсіпорынының бас инженері, Таскескен аудандық агроөнеркәсіп бірлестігінің техникалық жөндеу мекемесінің бас инженері. 1990–2011 жылдары Семей қаласының ішкі істер басқармасы, ҚР ШҚО Арнайы күзет басқармасы,ішкі істер органдары қатарында. 2013–2016 жылдары Бидайық ауылдық округінің әкімі. 2016–2019  жылдары Аягөз ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы болып қызмет атқарған. 2019 жылдың шілдесінен бастап  Аягөз қаласының әкімі.

Мекен жайы:Аягөз қаласы, Аканаева көшесі № 63
Азаматтарды қабылдау күні: әр аптаның сәрсенбі және жұма күндері сағ.14.30-дан 18.30-ға дейін
Телефондар: (8 722 37) 3-19-26
(8 722 37) 3-19-26 (факс)

  • азаматтардың өтiнiштерiн, арыздарын, шағымдарын қарайды, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау жөнiнде шаралар қолданады;
  • салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi жинауға жәрдемдеседi;
  • әкім аппараты әкімшісі болып табылатын бюджеттік бағдарламаларды әзірлеп, тиісті мәслихаттың бекітуі үшін жоғары тұрған әкімдіктің қарауына енгізеді;
  • әкім аппараты әкімшісі болып табылатын бюджеттік бағдарламаны әзірлеу кезінде жергілікті қоғамдастық жиналысының талқылауына жергілікті маңызы бар мәселелерді Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетінің құрамында көзделген бағыттар бойынша қаржыландыру жөніндегі ұсыныстарды шығарады;
  • азаматтар мен заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасы Конституциясының, заңдарының, Қазақстан Республикасының Президентi мен Yкiметi актiлерiнiң, орталық және жергiлiктi мемлекеттiк органдар нормативтiк құқықтық актілерiнiң нормаларын орындауына жәрдемдеседi;
  • өз құзыретi шегiнде жер қатынастарын реттеудi жүзеге асырады;
  • аудандық маңызы бар қаланың, кенттiң, ауылдың, ауылдық округтiң коммуналдық тұрғын үй қорының сақталуын, сондай-ақ аудандық маңызы бар қалаларда, кенттерде, ауылдарда, ауылдық округтерде автомобиль жолдарының салынуын, қайта жаңартылуын, жөнделуiн және күтiп ұсталуын қамтамасыз етедi;
  • шаруа немесе фермер қожалықтарын ұйымдастыруға, кәсiпкерлiк қызметтi дамытуға жәрдемдеседi;
  • өз құзыретi шегiнде әскери мiндеттiлiк және әскери қызмет, жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру мәселелері жөніндегі, сондай-ақ азаматтық қорғау саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасының орындалуын ұйымдастырады және қамтамасыз етедi;
  • қаладағы ауданның, аудандық маңызы бар қаланың әкімі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен азаматтық хал актілерін тіркеуді ұйымдастырады;
  • әділет органдары жоқ жергілікті жерлердегі кент, ауыл, ауылдық округтің әкімі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен нотариаттық әрекеттер жасауды, азаматтық хал актілерін тіркеуді ұйымдастырады;
  • жұмыспен қамту органдары жоқ жерлердегі кенттің, ауылдың, ауылдық округтің әкімі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жұмыссыздарды белгілеп отырады;
  • тарихи және мәдени мұраны сақтау жөнiндегi жұмысты ұйымдастырады;
  • табысы аз адамдарды анықтайды, жоғары тұрған органдарға еңбекпен қамтуды қамтамасыз ету, атаулы әлеуметтік көмек көрсету жөнінде ұсыныс енгізеді, жалғызілікті қарттарға және еңбекке жарамсыз азаматтарға үйінде қызмет көрсетуді ұйымдастырады, оларға қайырымдылық көмек көрсетуді үйлестіреді;
  • қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыруды қамтамасыз етеді және өзге де әлеуметтік-құқықтық көмек көрсетеді;
  • мүгедектерге көмек көрсетуді ұйымдастырады;
  • қоғамдық жұмыстарды, жастар практикасын және әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастырады;
  • дене шынықтыру және спорт жөніндегі уәкiлеттi органмен және мүгедектердiң қоғамдық бiрлестiктерiмен бiрлесiп, мүгедектер арасында сауықтыру және спорттық iс-шаралар өткiзудi ұйымдастырады;
  • мүгедектердiң қоғамдық бiрлестiктерiмен бiрлесiп, мәдени-бұқаралық және ағарту iс-шараларын ұйымдастырады;
  • мүгедектерге қайырымдылық және әлеуметтiк көмек көрсетуді үйлестiредi;
  • халықтың әлеуметтiк жағынан әлсіз топтарына қайырымдылық көмек көрсетуді үйлестіреді;
  • ауылдық денсаулық сақтау ұйымдарын кадрлармен қамтамасыз етуге жәрдемдеседі;
  • «Алтын алқа» алқасымен наградталған аналарға үй бөлуге жәрдемдеседі;
  • жергiлiктi әлеуметтiк инфрақұрылымның дамуына жәрдемдеседi;
  • қоғамдық көлiк қозғалысын ұйымдастырады;
  • шұғыл медициналық көмек көрсету қажет болған жағдайда ауруларды дәрігерлік көмек көрсететін таяу жердегі денсаулық сақтау ұйымына дейін жеткізіп салуды ұйымдастырады;
  • жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарымен өзара iс-қимыл жасайды;
  • шаруашылықтар бойынша есепке алуды жүзеге асырады;
  • жергілікті бюджетті бекіту (нақтылау) кезінде қала, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихаты сессияларының жұмысына қатысады;
  • республикалық маңызы бар қалада, астанада, облыстық маңызы бар қалаларда орналасқан мәдениет мекемелерін қоспағанда, мектепке дейін тәрбие беретін және оқытатын ұйымдардың, мәдениет мекемелерінің қызметін қамтамасыз етеді;
  • өз құзыретi шегiнде елдi мекендердi сумен жабдықтауды ұйымдастырады және су пайдалану мәселелерiн реттейдi;
  • елді мекендерді абаттандыру, жарықтандыру, көгалдандыру және санитарлық тазарту жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырады;
  • туысы жоқ адамдарды жерлеуді және зираттар мен өзге де жерлеу орындарын тиісті қалпында күтіп-ұстау жөніндегі қоғамдық жұмыстарды ұйымдастырады;
  • кәсіпқой емес медиаторлардың тізілімін жүргізеді;
  • жеке адамдардың тұрғылықты жері бойынша және олардың көпшілік демалатын орындарда спортпен шұғылдануы үшін инфрақұрылым жасайды.
  • Кент, ауыл, ауылдық округ әкімінің құзыреттеріне аудан орталығымен көлік қатынасын ұйымдастыру жөнінде аудандық атқарушы органға ұсыныстар енгізу, сондай-ақ ауылдық жерде оқушыларды мектепке дейін және кейін қарай тегін жеткізіп салуды ұйымдастыру да жатады.
  • Қаладағы аудан, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ әкiмi өзiнiң құзыретiне жатқызылған мәселелер бойынша өзiне жүктелген мiндеттердiң iске асырылуы үшiн жоғары тұрған әкiмнiң, аудандық (облыстық маңызы бар қалалық), республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының алдында жауап бередi. 

Аягөз қаласы туралы жалпы мәлімет
Аягөз қаласы аудан орталығы болып саналады. Жалпы халық саны бүгінгі күні мөлшермен 37899 адам. Аягөз қаласының аумағы 16073 мың гектар жерді алып жатыр. Қаланың ірге тасы 1930 жылы қаланып, ресми түрде қала статусы берілген. Аягөз қаласы облыс орталығы Өскемен қаласынан 310 км қашықтықта орналасқан.
Түрксіб магистралы Аягөз қаласынан өтеді. Сонымен қатар көптеген адам және тауар тасымалдайтын поездары Аягөз қаласының темір жолы арқылы жүреді. Аягөз облыс орталығы Өскемен қаласынан 310 километр, Алматыға 710 км және Семей қаласына 360 километрге жуық қашықтықта орналасқан. Аталған қалаларға автомобиль, поезд және автобус арқылы қала тұрғындары қатынасуға мүмкіндігі бар.
Сондай-ақ Аягөз қаласының орталығында орталық алаңында мерекелер мен айтулы күндер аталып өтуде. Қаладағы «Жастар», «Ардагер», «Абай», «Алтын адам», «Привокзальный» саябақтары жастардың демалатын орындарына айналған. Ұлы Отан соғыс ардагерлеріне арналған ескерткіш және Ауған соғысының құрбандарына монумент-ескерткіш жастар мен қала жұртшылығының демалатын орындарының бірі болды.
Бүгінгі күні Аягөз аудандық аурухана және «Қазығұл» емдеу мекемесі, ТОО «Стомотолог» қала тұрғындарына медициналық қызмет көрсетуде.
«Дана»,«Мыңбұлақ», «Айғыз», «Жақсылық», «Тортай» базарлары қаламыздың экономикасына қосып отырған үлесі айтарлықтай.
Қаламызға көрік беріп тұрған «Нурай», «Кенсарай»,  «Улытау»,    мейрамханалары «Бәйтерек», «Керемет» сауда орталықтары бар. 
Қаладағы  ірі өнеркәсіп «Alina Holding» мрамор зауыты, ТОО«ГОРДОСТРОЙ» асфальт зауыты, қуаты жылына 10 млн дана кірпіш шығаратын «Күйдірілген қызыл кірпіш шығаратын завод» және темір жол саласындағы көптеген деполар жұмыс істеп қала тұрғындарын жұмыспен қамтуда. Өндіріс өнімдері мен халыққа көрсетілетін қызметтің қалған бөлігі үлкенді-кішілі басқа өнеркәсіп мекемелерінің үлесінде.
Аягөздегі қаласындағы рухани байлығымыздың орталығы болып отырған «Қозы-Көрпеш Баян сұлу» мәдениет үйі, аудандық музей, орталық кітапхана және «Дулат Бабатайұлы» атындағы кітап дүкені жұмыс істейді.
Қала жастарына, спорт сүйер қауымында аудандық мәдениет үйі жанындағы бокс клубы және балалар жасөспірімдер спорт мектебінің (ДЮСШ) күрес, жеңіл атлетика, волейбол секцияларына арналған спорт залдары арнайы кесте бойынша жұмыс істейді. Орталық стадионда үлкен және мини футбол алаңдары, «Жастар» саябағында волейбол және теннис алаңдары жастар еншісінде.Мектептер маңына хоккей ойынына арналған ашылу жоспарлануда.
Қаламыздағы 103 көшенің орталық көшелерінің барлығы жарықпен қамтамасыз етілген.
Абай Бульвары, Б.Момышұлы, Ақтамберді көшелеріне 58 дана шырша көшеттері егілді. Аягөз қаласы бойынша Ақтамберді көшесі №26, №28, №30 үйлер маңына 3900 түп бұталар (живая изгородь) егілді. Ақтамберді, А.Тәңірбергенов көше бойына көгалдандыру жұмыстары жүргізілді.Көктемгі және күзгі уақыттарда қала көшелері мен саябақтарда гүл отырғызу жұмыстары жүргізіледі.
Ұлы Жеңістің 70 жылдығына орай, Кеңес одағының батыры М.Әбеуловтың, Қазақ Хандығының 550 жылдығына орай Қу Дауысты Құттыбай бидің ескерткіштері, Ауған соғысының құрбандарына монумент-ескерткіш орнатылды.
Қала мектептері директорлары арасында жасалған  меморандум аясында   «Бесік » , « Білезік » ,  « Алма » ,   « Қазақ хандығы 550 жылдығы », « Торсық» мүсіндері жасалынып орнатылды.     

Қаламыздағы мектептер 
Лицей
Гимназия
№1 орта мектебі
№2 орта мектебі
№3 орта мектебі
№4 орта мектебі
№5 орта мектебі
№6 орта мектебі
№7 орта мектебі
К.Бозтаев атындағы орта мектеп
Өнер мектебі
БЖСМ
Қалада бүлдіршіндерге арналған  8 бала-бақша  жұмыс атқарады. Оның ішінде 5 мемлекеттік, 3 меншік.

 

Аягөз қаласындағы мекемелер
Мекеме атауы

"АЯГӨЗ АУДАН ӘКІМІНІҢ АППАРАТЫ" ММ
"АЯГӨЗ АУДАНЫ АЯГӨЗ ҚАЛАСЫ ӘКІМІНІҢ АППАРАТЫ" ММ
"АЯГӨЗ АУДАНДЫҚ МАСЛИХАТЫНЫҢ АППАРАТЫ" ММ
"АЯГӨЗ АУДАНДЫҚ МҰРАҒАТ" ММ
"АЯГӨЗ АУДАНДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК САНИТАРЛЫҚ ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ ҚАДАҒАЛАУ БӨЛІМІ " ММ 
" АЯГӨЗ АУДАНДЫҚ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР БАСҚАРМА БӨЛІМІ" ММ
"ҚР ҚМ АЯГӨЗ АУДАНДЫҚ ҚАЗЫНАШЫЛЫҚ БАСҚАРМАСЫ" ММ
"ҚОЗЫ КӨРПЕШ – БАЯH СҰЛУ" МӘДЕНИЕТ ҮЙІ 
"АЯГӨЗ АУДАНДЫҚ МӘДЕНИЕТ, ТІЛДЕРДІ ДАМЫТУ, ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ЖӘНЕ СПОРТ БӨЛІМІ" ММ
"АЯГӨЗ АУДАНДЫҚ ӨНЕР МЕКТЕБІ" МКҚК
"АЯГӨЗ ГОРНИЗОНЫ ӘСКЕРИ ПОЛИЦИЯ БӨЛІМІ"
"АЯГӨЗ АУДАНДЫҚ КӘСІПКЕРЛІК ЖӘНЕ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ БӨЛІМ" ММ
"АЯГӨЗ ҚАЛАЛЫҚ БІЛІМ БӨЛІМІ МЕКЕМЕСІ"ММ
"АЯГӨЗ АУДАНДЫҚ ЖЕР ҚАТЫНАСТАРЫ БӨЛІМІ"
"АЯГӨЗ АУДАНДЫҚ ӘДІЛЕТ БАСҚАРМАСЫ" ММ
"ШҚО АЯГӨЗ АУДАНДЫҚ ТҰРҒЫН ҮЙ-КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ, ЖОЛАУШЫ КӨЛІГІ, АВТОМОБИЛЬ ЖОЛДАРЫ , ҚҰРЫЛЫС  ЖӘНЕ ТҰРҒЫН ҮЙ ИНСПЕКЦИЯСЫ БӨЛІМІ" ММ 
"ШҚО АЯГӨЗ АУДАНДЫҚ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАР БАСҚАРМАСЫ БӨЛІМІ"ММ
"АЯГӨЗ АУДАНДЫҚ ЭКОНОМИКА  ЖӘНЕ ҚАРЖЫ БӨЛІМІ" ММ 
"АЯГӨЗ АУДАНДЫҚ КІРІСТЕР БАСҚАРМАСЫ" ММ
АЯГӨЗ ҚА ІІБ 
"АЯГӨЗ АУДАНДЫҚ ЭКСПЛУАТАЦИЯЛЫҚ БӨЛІМІ" ММ 
"АЯГӨЗ АУДАНДЫҚ ТЕРИТОРИЯЛЫҚ ИНСПЕКЦИЯСЫ"ММ
"02352 ӘСКЕРИ БӨЛІМШЕСІ"
"10181 ӘСКЕРИ БӨЛІМШЕСІ "
"АЯГӨЗ ӘСКЕРИ ГОСПИТАЛІ"
"15701 ӘСКЕРИ БӨЛІМШЕСІ "
"2579ӘСКЕРИ ҚОЙМА" 
"97616 ӘСКЕРИ БӨЛІМШЕСІ "
"01287 ӘСКЕРИ БӨЛІМШЕСІ "
"10810 ӘСКЕРИ БӨЛІМШЕСІ "
"ДАHА-АЯГӨЗ" ЖШС 
"АЯГӨЗ ҚАЛАЛЫҚ АВТОРЕМЗАВОДЫ" ААҚ
"ҚАПАH"ЖШС
"БІРЖАH" ЖШС
"АЯГӨЗ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ" ЖШС
"ТІС ЕМДЕУ " МЕКЕМЕСІ ЖШС 
"АЙГҮЛ" ЖШС
"АВТОБУС ПАРКІ" ЖШС
"АЯГӨЗ БАЛАЛАР ПСИХОНЕВРИОЛОГИЯЛЫҚ МЕДИЦИНАЛЫҚ - ӘЛЕУМЕТТІК" МЕКЕМЕСІ 
"АЙГУЛЬ + К" ЖШС
"ТЕМІРЖОЛСУ-АЯГӨЗ" ЖШС
" ДУЛАТ БАБАТАЙҰЛЫ" АТЫНДАҒЫ КІТАПХАНА 
"АЯГӨЗ-КҮЗЕТ"ЖШС
"АЯГӨЗ ВЕТЕРИНАРИЯЛЫҚ БӨЛІМІ"ЖШС 
"АЯГӨЗ-ҚҰРЫЛЫС КОHСАЛТИHГ" ЖШС 
"АЯГӨЗ-АВАHГАРД" ЖШС 
"АЯКӨЗ ТРАHСГАЗ" ЖШС 
"АЯГӨЗ СУ" КМК
"ЖАСҰЛАH" ЖШС
"АЯГӨЗ ЖЫЛУ" ЖШС
"ҰЛЫ КЕРУЕH" ЖШС
"ОТАН" РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ" АЯГӨЗ ҚАЛАЛЫҚ КӘСІБИ- ТЕХНИКАЛЫҚ ОҚУ ОРАЛЫҒЫ" БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕСІ
"ВИКТОРИЯ 777 ҚҰРЫЛЫС" ЖШС 
"АЯГӨЗ АУДАНДЫҚ ЕМХАНАСЫ" КМҚ
"АЯГӨЗ ҚАЛАСЫНЫҢ ПОЛИТЕХНИКА КОЛЛЕДЖІ" КМҚ
ШҚО №2 "ХАЛЫҚҚА ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ОРТАЛЫҒЫ"
"ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ ИНСПЕКЦИЯСЫ"
"ХАЛЫҚ БАНКІ" ФИЛИАЛЫ
"АТФ БАНКІ" ФИЛИАЛЫ 
" КАЗКОМЕРЦ БАНКІ" ФИЛИАЛЫ 
"АЯГӨЗ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ" ГАЗЕТІ КМК
"АЯГӨЗ ЖОЛДАРЫ" КМК 
"АРАЙ" ПИК
"ҚАЗЫҒҰЛ" ЕМДЕУ МЕКЕМЕСІ

Шығыс Қазақстан облысы, Аягөз ауданы, Аягөз қаласының 2018-2020 жылдарға рналған кешенді даму жоспары *.doc 876 KB

 

Бет өзгертілді: 21-10-2019