Аудан бөлімдері

«Аягөз аудандық жер қатынастары бөлімі» ММ

Молбаева Нургуль Хасеновна Аягөз аудандық жер қатынастары бөлімінің басшысы – Молбаева Нүргүл Хасенқызы

1973 жылы 2 желтоқсанда Семей облысы, Аягөз қаласында дүниеге келген, ұлты қазақ.   Білімі жоғары. 1993 жылы  Талғар ауылшаруашылық колледжін жерге орналастырушы мамандығы бойынша бітірген,  2008 жылы Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетін агроном мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 1994 жылы Аягөз ауданы бойынша жер қатынастары және жерге орналастыру комитетінің І категориялы маманы, жетекші маманы болып бастаған. 1996 жылдан бастап Аягөз ауданы бойынша жер қатынастары және жерге орналастыру комитетінің маманы, Аягөз аудандық жер ресурстарын басқару жөніндегі комитетінің маманы, Шығыс Қазақстан облыстық жер ресурстарын басқару жөніндегі комитетінің Аягөз филиалының облыстағы маман-өкілі, бас маманы, Аягөз аудандық жер қатынастары бөлімінің бас маманы болып қызмет атқарған. 2014 жылдың 4 тамызынан бастап Аягөз аудандық жер қатынастары бөлімінің басшысы.

Мекен – жайы: ШҚО, Аягөз қаласы, Б.Момышұлы көшесі № 58
Электрондық мекен – жайы: a.zhakupbaeva@akimvko.gov.kz
Телефон /факс/: 8-722-37-3-25-87, 8-722-37-3-26-83
Азаматтарды қабылдау күні: әр аптаның сәрсенбі күні сағ.14.30-дан 18.30-ға дейін

«Аягөз аудандық жер қатынастары бөлімі» ММ-нің қызметкерлері

№ р/с А.Т.Ә Лауазымы
1 Молбаева Нұргүл Хасенқызы Басшы
2 Алимбаева Гулдана Жүнісқалиқызы Бас маман
3 Бекбосынова Эльмира Советқызы Бас маман – есепші
4 Жакупбаева Айжан Айтказыевна Бас маман
5 Кабдуллин Думан Бас маман
6 Қожабаева Толқын Еркімбекқызы Жетекші маман
7 Оспанова Жамал Кудайбергеновна Жетекші маман

Бөлімнің негізгі міндеттері

Аягөз аудандық жер қатынастары бөлiмнiң негiзгi мiндеттерi болып:

  1. Жер ресурстарын және жер қатынастарын реттеу саласында бiртұтас мемлекеттiк саясатты жүргiзу;
  2.  Жер заңдарын, жердi пайдалану мен қорғауды ұйымдастыру, қолайлы экологиялық орта жасау мен табиғи ландшафтарды жақсарту бойынша аудандық өкiлдi және атқарушы органдардың шешiмдерiн орындау;
  3. Жерге орналастыруды жүргiзудi ұйымдастыру;
  4. Мемлекеттiк жер кадастырын ұйымдастыруды жүзеге асыру;
  5. Бөлiм заңда белгiленген тәртiппен келесiдей функцияларды атқарады:
  6. Қазақстан Республикасының жер заңдарын бұзушылықтарды жою жөнiнде шаралар қолдану;
  7. Егер құрылыс, пайдалы қазбалар кен орындарын қазу, объектiлердi пайдалану, геологиялық барлау және басқа жұмыстар Қазақстан Республикасының жер заңдарын, жердi пайдаланудың белгiленген режимiн бұза отырып жүзеге асырылса, сондай-ақ бұл жұмыстар сараптамадан өтпеген немесе терiс қорытынды алған жобалар бойынша жүргiзiлсе, оларды тоқтата тұру;  
  8. Жер заңдары саласындағы аудандағы әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарау;
  9. Қолда бар жерлер және оларды санаттар, алқаптар, жер учаскелерiнiң меншiк иелерi және жердi пайдаланушылар бойынша бөлiнуiтуралы, жерлердiң пайдаланылуы мен қорғалуын мемлекеттiк бақылау туралы, бүлiнген жерлердi қайта өңдеу, топырақтың құнарлы қабатын сылып алу және пайдалану туралы жыл сайынғы есептердi жасайды;
  10. Жер қатынастарын реттеу, жердi пайдалану және қорғау, жер реформасын жүргiзу мәселелерi бойынша қаланың және ауданның жергiлiктi атқарушы органдарымен өзара iс -  қимыл жасайды;
  11. Жер учаскесiнiң бөлiнуiн және бөлiнбеуiн айқындайды;
  12. Мемлекет нақты жер учаскелерiн (жер пайдалану құқығын) жеке меншiкке сатқанда, жердi пайдалануға және кепiлдiкке бергенде мемлекеттiк  ғылыми өндiрiстiк орталығының шаруашылық жүргiзу құқығындағы “Шығыс жер” Шығыс Қазақстан еншiлес мемлекеттiк кәсiпорыны дайындаған жер учаскелерi төлемақының базалық ставкаларына түзету коэфициенттерiн анықтау материалдары негiзiнде құнын анықтайды;
  13. Пайдаланылмай жатқан жердi және Қазақстан Республикасының  заңдарын бұза отырып пайдаланып жүрген жердi анықтау;
  14. Мемлекет нақты жер учаскелерiн (жер пайдалану құқығын) жеке меншiкке сатқанда, жердi пайдалануға және кепiлдiкке бергенде құнын анықтайды;
  15. Жер учаскесiне құқықты белгiлейтiн құжаттар беру;
  16. өздерiне заңдармен жүктелген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
  17. Аудандық Бөлiм негiзгi мiндеттерiн iске асыру және өз функцияларын жүзеге асыру мақсатында заңдарда белгiленген тәртiппен:
  18. Мемлекеттiк органдардан, өзге де ұйымдардан, лауазымды тұлғалардан және азаматтардан жердi пайдалану және қорғау мәселелерi жөнiнде қажеттi ақпаратты сұратуға және алуға;
  19. Атқарушы органдардың қарауына заң актiлерiнде белгiленген негiздер бойынша жер учаскелерiне меншiк құқықтарын және жердi пайдалану құқықтарын тоқтату таралы ұсыныс енгiзуге;
  20. Жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдардың жер туралы заңдарға қайшы келген шешiмдерiн тоқтату туралы ұсыныс енгiзуге;
  21. Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқығы бар.

07200  Аягөз қаласы, Ақанаев атындағы көше  63,  
тел. 72237 3-25-87 72237 2-39-02


Жұмыс кестесі:

Дүйсенбі 8.30 – 18.00
Сейсенбі 8.30 – 18.00
Сәрсенбі 8.30 – 18.00
Бейсенбі 8.30 – 18.00
Жұма   8.30 – 18.00
Түскі үзілістер: 12.30-14.00

Бет өзгертілді: 08-02-2018