Аудан бөлімдері

«Аягөз ауданының білім бөлімі» ММ

«Аягөз аудандық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі бірыңғай мемлекеттік уәкілетті орган болып табылады. Бөлім өз жұмысын Қазақстан Республикасы Конституциясы мен заңдарын, Президент және Қазақстан Республикасы "Үкіметінің нормативтік актілерін, әкімият каулыларын, аудан әкімінің шешімдерін және өкімдерін басшылыққа алады. 

Әзімбаев Нұрғали Тлекқалиұлы Аягөз аудандық білім бөлімінің басшысы - Әзімбаев Нұрғали Тлекқалиұлы

Әзімбаев Н.Т. 1965 жылы 6 мамырда Семей облысы, Шұбартау ауданы, Қосағаш ауылында дүниеге келді. 1983-1985 жж – Қарулы Күштер қатарында. Білімі жоғары, 1988 жылы Абай атындағы қазақ педагогикалық институтын қазақ тілі және әдебиет мұғалімі мамандығы бойынша, 2006 жылы Қазақ гуманитарлық заң университетін заңтану бакалавры мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 1988 жылы Алғабас орта мектебінің мұғалімі болып бастаған. 1988-1991 жж Алғабас кеңшарының комсомол ұйымының хатшысы, 1991-1994 жж  Малкелді селолық атқару комитетінің төрағасы, 1994-2002 жж Малкелді ауылдық округінің әкімі, 2002-2008 жж Аягөз ауданы әкімінің орынбасары, 2008-2010 жж Аягөз ауданының әкімі болып қызмет атқарған. 2010 жылдан бастап Аягөз аудандық білім бөлімінің басшысы.

Мекен-жайы: Аягөз қаласы, Б.Момышұлы көшесі 58
Азаматтарды қабылдау күні: әр аптаның сәрсенбі күні сағ.14.30-дан 18.30-ға дейін
Телефондар: (872237) 3-25-17

Бөлім қызметінің бағыты: аудан- қаланың білім алуына Ата заңдық құқымен қамтамасыз ету, мемлекеттік біртұтас саясатты мектепке дейінгі, мектептен тыс, жалпы орта және кәсіптік – техникалық білім беру ұйымдарында іске асырады, аудан- қалада білім жүйесінің мемлекеттік қамтамасыз етілуін іске асырады

Бөлімнің функциялары: білім беруді дамыту бағдарламаларын іске асырады; кешкі (ауысымды) оқу нысанын және интернат үлгісіндегі ұйымдар арқылы ұсынылатын жалпы орта білім беруді қоса алғанда, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беруді қамтамасыз етеді; білім алушылардың ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысуын ұйымдастырады; мектеп жасына дейінгі және мектеп жасындағы балаларды есепке алуды, оларды орта білім алғанға дейін оқытуды ұйымдастырады; арнайы және мамандандырылған жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, сондай-ақ мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту және балаларға арналған қосымша білім беру бағдарламаларын іске асыратын мемлекеттік білім беру ұйымдарын қоспағанда, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын мемлекеттік білім беру ұйымдарын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен құрады, қайта ұйымдастырады және таратады; мектепалды даярлықтың, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерді сатып алуды және жеткізуді ұйымдастырады; балаларға қосымша білім беруді қамтамасыз етеді; аудан (қала) ауқымында жалпы білім беретін пәндер бойынша мектеп олимпиадаларын және ғылыми жобалар конкурстарын ұйымдастыру мен өткізуді  қамтамасыз етеді.

 

 

Бет өзгертілді: 08-02-2018