Аудан бөлімдері

Аягөз аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі

«Аягөз ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту соның ішінде, аудан аумағындағы жұмыссыздық мәселелері жөніндегі қызметтерді жүзеге асыратын өкілетті мемлекеттік орган болып табылады. Бөлім өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын және Қазақстан Республикасы заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің, облыс, аудан әкімі мен әкімдіктің қаулыларын басшылыққа алады.

Азыханов Қуаныш Нұрислямұлы Шығыс Қазақстан облысы Аягөз ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысыАзыханов Қуаныш Нұрислямұлы

1964 жылы 03 ақпанда Семей облысы Аягөз ауданы Таскемкен ауылында дүниеге келген. 1986 ж. Қазақтың еңбек Қызыл Ту ордені ауылшаруашылық институтының ауыл шаруашылығын электрлендіру мамандығын, инженер-электрик біліктілігі,  2006 жылы Шығыс Қазақстан аймақтық «Қайнар» университетінің Заңтану мамандығын, заңгер біліктілігімен бітірген. Еңбек жолын 19.08.1986-09.09.1986 жж. Таскескен ауылының «Ауылшаруашылық энергия» кәсіпорынының аға инженері қызметінен бастаған. 09.09.1986-01.09.1988 жж. Таскескен ауылының «Ауылшаруашылық энергия» кәсіпорынының бас инженері; 01.09.1988-14.05.1990 жж.  Таскескен аудандық агроөнеркәсіп бірлестігінің техникалық жөндеу мекемесінің бас инженері; 14.05.1990-29.11.1995 жж. Семей қаласының ішкі істер басқармасы, ішкі істер органдары қатарында; 29.11.1995-11.07.2011 жж. ҚР ШҚО Арнайы күзет басқармасы, ішкі істер органдары қатарында; 06.11.2012-23.01.2013 жж. Бидайық ауылдық округінің әкімінің міндетін атқарушы; 23.01.2013 – 25.05.2016 жылдары Бидайық ауылының әкімі болып қызмет атқарған. 2016 жылдың мамырынан  Шығыс Қазақстан облысы Аягөз ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы.

Азаматтарды қабылдау күні: әр аптаның сәрсенбі күні сағ.14.30-дан 18.30-ға дейін
Телефондар:(872237) 3-50-08
Мекен жайы: ШҚО, Аягөз қаласы, Абай Бульвары 47 Б
Электрондық мекен жайы:Ayaguz.bir1@mail.ru

Бөлім бастығының лауазымдық міндеттері:
бөлімінің жұмысын басқару, әлеуметтік көмекке бөлінген қаражаттардың мақсатты жұмсалуына бақылау, бөлімнің қызметкерлерін лауазымға тағайындау және босату, азаматтардың өтініштерін қарау, азаматтарды әлеуметтік қорғау және халықтың жұмыспен қамтылуы мәселелері жөніндегі Қазақстан Республикасының Заңдарын, облыс және аудан әкімі және әкімдіктің қаулыларын жүзеге асыру барысы жөнінде ақпарат дайындау, аймақтық және аудандық бағдарламаларды орындау, бақылауда болған әкімнің шешімдерінің, өкімдерінің орындалуын қамтамасыз ету, бөлімнің еңбек тәртібін бақылау, халықтың өмір сүру деңгейін және табысын арттыру және халыққа мемлекеттік әлеуметтік қызмет көрсету бойынша шараларды жүзеге асыру. БАҚ қолдана халық арасында халықтың тұрмысы төмен топтарын әлеуметтік қорғау мәселелері жөнінде түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыру, аудан әкімінің халықты әлеуметтік қорғау мәселесі жөніндегі тапсырмаларын орындау

Бөлімнің негізгі жұмыс бағыттары:
- мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек;
- балалары бар жанұяларға берілетін мемлекеттік жәрдемақы;
- тұрғын үй көмегі;
- коммуналдық қызметке шығындар өтемақысына материалдық көмек;
- жұмыспен қамту бағдарламасы;
- азаматтардың жекелеген санаттарына біржолғы материалдық көмек;
- жас мамандарға материалдық көмек;
- мектеп түлектеріне әлеуметтік көмек;
- мүмкіндіктері шектеулі балаларды материалдық қамтамасыз ету;
- қайырымдылық көмек;
- ардагерлермен және мүгедектермен жұмыс;
- бірдолғы ақшалай өтемақы төлемі.

Бөлімнің міндеттері:
-  Қазақстан Республикасының заңнамасындақарастырылған тұрмысытөмен азаматтарды әлеуметтік кепілдіктермен қамтамасыз ету,ауданазаматтарының әлеуметтік құқықтарын жүзеге асырудың тиімді жолдары мен әдістерін әзірлеу және енгізу;
- облыстық әлеуметтік бағдарламалар жобаларын әзірлеу және жүзеге асыру, және оның орындалуына үйлестіру-әдістемелік қамтамасыз ету;
- халықты мемлекеттік әлеуметтік қамтамамсыз ету, халықтың табысын және тұрмыс деңгейін көтеру жөніндегі шараларды жүзеге асыру;
- жанұяны, аналық, әкелік және балалықты, мүгедектерді, әскери қызметтен босатылған азаматтарды және олардың жанұя мүшелерін, сондай-ақ басқа да әлеуметтік көмекке мұқтаж халықтың бөлігін қолдау жөніндегі шараларды жүзеге асыру;
- Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес азаматтарға әлеуметтік қамтамасыз ету бойынша толық және дұрыс жеңілдік беруге бақылау жасауды жүзеге асыру, азаматтарды әлеуметтік қамтамасыз ету мекемелеріне орналастыру;
- Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес мүгедектерді және мүмкіндіктері шектеулі балаларды қолдау жөніндегі шараларды жүзеге асыру;
- азаматтарды жұмыспен қамтуға, кәсіби оқытуға және жұмыссыздарға әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі және жұмыссыздарды әлеуметтік қолдау жұмыстарын ұйымдастыру;
- еңбек нарығын болжау және жағдайына талдау жасау, осы негізде халықты жұмыспен қамтудың ағымдағы және перспективалық бағдарламаларына ұсыныстар әзірлеу және оның жүзеге асуын қамтамасыз ету, еңбек нарығы бойынша деректер базасын жасау;
- азаматтарды жұмысқа орналастыру кезеңдерін қысқартуға бағытталған, прогрессивтік жаңа нысандарын және жұмыс әдістерін енгізу;
- жұмыссыз және жұмыс іздеп жүрген азаматтармен қарым-қатынасты жақсарту жөніндегі автоматтандырылған ақпараттық жүйелерді енгізу;
- халықты жұмыспен қамтьудың аудандық бағдарламасы мен мақсатты топты жұмыспен қамтуға жәрдем көрсетуді қамтамасыз ететін арнайы шараларды жүзеге асыру;
- жұмыссыз және өтініш берген азаматтарды жұмыс алу, ал жұмыс берушілерді
жұмыс күшімен қамтамас ету мүмкіндіктері жөнінде ақпараттандыру;
- жұмыссыз азаматтарды қоғамдық жұмысқа жіберу.

Бет өзгертілді: 08-02-2018