Аудан бөлімдері

Аягөз аудандық ішкі саясат бөлімі

Мырзыкешов Медет Ныгметоллаевич Мырзыкешов Медет Нығметоллаұлы 1988 жылдың 25 қыркүйегінде Аягөз ауданының Шынқожа ауылында дүниеге келді. Екі жоғары білімі бар. Семей қаласындағы Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетін және Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетін тәмамдады. 2008 жылы еңбек жолын Аягөз қаласында келісімшарт бойынша әскери  ретінде бастады. 2011-2014 жылдары Өскемен қаласының ҚР ТЖМ Ертіс әскерилендірілген тау-кен құтқару жасағының құтқарушысы, 2014-2016 жылдары Аудандық ішкі саясат бөлімінің бас маманы қызметтерін атқарды. 2016 жылдың қараша айынан Аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы болып қызмет атқарады. Жанұялы, екі баласы бар.

Мекен-жайы: Аягөз қаласы, Абай бульвары 14
Азаматтарды қабылдау күні: әр аптаның сәрсенбі күні сағ.14.30-дан 18.30-ға дейін
Жұмыс телефоны: 8 (72237) 31861

Басшының лауазымдық міндеттері: бөлім қызметінің жалпы басшылығын жүзеге асыру және бөлімге жүктелген міндеттердің орындалуына жауапты. Бөлім құрамын әзірлеп, аудан әкіміне бекітуге ұсынып, мамандар арасында функционалдық міндеттерді бөледі. Стратегиялық және ағымдағы жоспарды бекітеді. Бөлім жұмысына қатысты және өз құзырына байланысты қала, ауыл әкімдерінің жұмысын үйлестіреді. Өз құзыры шегінде бұйрықтар шығарады, тапсырмалар береді, қызметтік құжаттарға қол қояды. Бөлім құзырына қарасты бағдарлама жобаларының, нормативтік құқықтық актілердің және басқа да құжаттардың әзірленуін бақылайды.  Облыс және аудан әкімдіктері қаулыларының, облыс және аудан әкімдері шешімдерінің, өкімдерінің орындалуын қамтамасыз етеді.

Бөлім қызметінің бағыты: Қоғамдық-саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету, мемлекеттің тәуелсіздігін нығайту, қоғамдық жағдайларды демократияландыру және қоғамдағы бірлікті арттыру, мемлекеттік саясатты қалыптастырып, жүзеге асырады.

Бөлімнің функциялары: ішкі саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету мақсатында ішкі саяси жағдайлардың  мемлекеттік бағытталуына қатысу, ішкі саясат саласында мемлекеттік органдардың жұмысын үйлестіру, мониторинг ұйымдастыру, аудандағы қоғамдық саяси жағдайларды сараптау және болжау, қоғамдық ұйымдар, саяси партиялар, діни бірлестіктер, кәсіподақ ұйымдарының жұмысын үйлестіру, ұлттық патриотизмді түсіндіру және насихаттау, қоғамдағы бірлікті нығайту. Қазақстан Республикасы Заңдарының, Президент және Қазақстан Республикасы Үкіметінің нормативтік құқықтық актілерінің, әкімдігінің қаулыларының, Шығыс Қазақстан облысы және Аягөз ауданы әкімдерінің шешімдері, өкімдері және тапсырмаларының орындалуына бақылау жасау және жүзеге асыру; тұжырымдамалық құжаттарды әзірлеу, бөлім құзыретіне енетін мәселелері бойынша әкімдік қаулыларын, әкімнің шешімдері, өкімдері жобаларын дайындау және сараптау, бөлiм құзыретiне енетiн мәселелерi бойынша Шығыс Қазақстан облысы ішкі саясат департаментімен ұйымдастырушылық және ақпараттық байланысын қамтамасыз ету; бөлiм құзыретiне енетiн мәселелері бойынша қалалық және ауылдық атқару органдары қызметтерiн үйлестiру және бақылауын қамтамасыз ету, маңызды республикалық, облыстық және жергілікті қоғамдық-саяси, мәдениетті іс-шаралардың өтуін саяси қамтамасыз ету,  аудан аумағындағы ішкі саяси жағдайларға байланысты негізгі сұрақтардыаудандық әкімият отырыстарына ұсыну; өз құзыры шеңберінде мекемелер және ұйымдарға ұйымдастырушылық, консультациялық-әдістемелік және ақпараттық көмек көрсету; Қазақстан Республикасындағы азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету, халықаралық этникалық қатынас саласында және ішкі саясат саласында мемлекеттік саясатты анықтау мақсатында тұжырымдамалар әзірлеуге қатысу; ақпараттық деректер базасын қалыптастыру, жинақтау, талдау және жіктеу бойынша жұмыстарын жүзеге асыру; қоғамдық ұйымдармен, діни бірлестіктермен, саяси рпартиялармен, құқық қорғау органдарымен тығыз байланысты болу, аудандағы демократиялық саяси жағдайларды және ішкі саяси тұрақтылықты сақтауға бағытталған облыстық , аудандық ,ғылыми-тәжірбелік іс-шаралардың ұйымдастырылуына және өтуіне қатысу, Бөлім құзыра кіретін әдістемелік-ұйымдастыру және ғылыми-зерттеу жұмыстарын аудандық әкімиятқа қарасты басқа бөлімдермен бірлесе орындау; ҚР заңдарында көзделген басқа да функцияларды жүзеге асыру.

 

 

Бет өзгертілді: 08-02-2018