Аудан бөлімдері

«Аягөз ауданының ветеринария бөлімі» ММ

«Аягөз аудандық ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесі бірыңғай мемлекеттік уәкілетті орган болып табылады. Бөлім өз жұмысын Қазақстан Республикасы Конституциясы мен заңдарын, Президент және Қазақстан Республикасы "Үкіметінің нормативтік актілерін, әкімият каулыларын, аудан әкімінің шешімдерін және өкімдерін басшылыққа алады.

Аягөз ауданының ветеринария бөлімінің басшысы - Төлеуханов Қуат Толеутайұлы  

Тулеуханов К.Т. 1969 жылдың 19 маусымында Семей облысы, Абай ауданы, Қарауыл ауылында туған. Білімі жоғары, 1993 жылы Семей  зоотехникалық малдәрігерлік институтын малдәрігері мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын 1993 жылы – Шұбартау аудандық ветеринарлық станциясында -эпизоотолог мал дәрігері болып бастаған. 2000-2007 жж Аягөз аудандық аумақтық басқармасында ветеринарлық инспектор,  2007-2009 жж ҚР АШМ Агроөнеркәсіптік кешеніндегі мемлекеттік инспекция комитетінің Аягөз аудандық аумақтық инспекциясында бас маман - мемлекеттік ветеринарлық инспектор, 2010-2015 жж  Аягөз аудандық ауылшаруашылығы және ветеринария бөлімінде бас маман – мал дәрігері болып қызмет атқарған. 2015 жылдың 2 наурызынан  бастап Аягөз ауданының ветеринария бөлімінің басшысы. 

Мекен-жайы: Аягөз қаласы, Б.Момышұлы көшесі 58
Телефондар: (872237) 3-26-81
Азаматтарды қабылдау күні: әр аптаның сәрсенбі күні сағ.14.30-дан 18.30-ға дейін

Бөлім қызметінің бағыты: аудан (қаланың) аумағында малдарды аурулардан қорғау және оларды емдеу жөнінде ветеринариялық іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу

Бөлімнің функциялары: аудан (қаланың) аумағында малдарды аурулардан қорғау және оларды емдеу жөнінде ветеринариялық іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу; ауданның (қала) аумағында ветеринариялық іс-шаралардың қызметтерін мемлекеттік сатып алуының ұйымдастыруына қатысу; жануарлардың аса қауіпті және басқа жұқпалы аурулардың профилактикасы, диагностикасы және жою (сауықтыру) бойынша ветеринариялық іс шаралардың жоспарын жасау және дайындау үшін ауылдық округтардың жоспарларын аудан бойынша жинақтайды; ветеринариялық препараттарға сұраныстарды жасайды; ветеринария саласындағы мемлекеттік уәкілетті орган белгіленген тәртіпте және үлгілерде ветеринариялық есеп және есептілік жүргізеді, оларды Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің облыстық аумақтық басқармасының ветеринария бөліміне тапсырады.

 

Бет өзгертілді: 08-02-2018