Аудан бөлімдері

«Аягөз ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары, құрылыс және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» ММ

«Аягөз ауданының тұрғын үй-коммуналдық  шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары, құрылыс және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесі аудан аумағындағы  коммуналдық шаруашылық,транспорт, тұрғын үй саласында  бірыңғай мемлекеттік саясатын қамтамасыз етеді.Бөлім өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын және Қазақстан Республикасы заңдарын,Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің,облыс,аудан әкімі мен әкімдігінің каулыларын басшылыққа алады.

Мустафаев Болат Урмадиллаевич Мұстафаев Болат Ұрмадиллаұлы - Аягөз ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары, құрылыс және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы

Мұстафаев Б.Ү. 1969 жылдың 4 мамырында Қызылорда облысы, Жаңа-Қорған ауданының Талап ауылында дүниеге келді. 1995 жылы Жамбыл гидромелиоративтік-құрылыс институтын инженер-гидротехник мамандығы бойынша және Талдықорған заң техникумын заңгер мамандығымен  бітірді.1987-1989 жылдары әскери қатарында болды. Еңбек жолын 1991 жылы Аягөз аудандық әлеуметтік қамсыздандыру бөлімінде штаттан тыс маман ретінде бастады. 1994 жылдан бөлім меңгерушісінің орынбасары қызметін атқарды. 1998 – 2016 жылдары Аягөз аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімнің басшысы  болып қызмет атқарған. 2016 жылдың сәуір айынан бастап Аягөз ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары, құрылыс және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы.
Жанұялы, екі баласы бар.

Мекен-жайы:  Аягоз қаласы, Ақанаев көш. 63
Телефондар: (872237) 3-04-60, 3-01-40
Азаматтарды қабылдау күні: әр аптаның сәрсенбі күні сағ.14.30-дан 18.30-ға дейін

Бөлім қызметінің  бағыты: 

аудан аумағындағы тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы,жолаушылар көлігі және автомобиль  жолдары саласындағы дамытулар бойынша бірыңғай мемлекеттік саясатын қамтамасыз ету, тұрғын үй қорының саласында мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыру, кондоминиум объектiсiнiң ортақ мүлкiне тұрғын үй инспекциясының лауазымды тұлғаларының тексеру жүргiзу, сәулет, қала құрылысы және құрылыс бағытында мемлекеттік бақылау жасайды.

Бөлімнің функциялары:

Көрсетiлген коммуналдық қызмет және тұрғын үй мен коммуналдық меншiк объектiлерiн ұстау сапасы деңгейiн көтеруге мүмкiндiк туғызу (жасау). Меншік түріне қарамастан аудан тұрғындарына коммуналдық қызмет көрсететін коммуналдық шаруашылықтарының саны мен сапалық көрсеткішін көтеруді жүзеге асыру. Жолаушылар тасымалдау мен коммуналдық қызмет көрсету нарығында бәсекелестікті дамытуға ықпал етеді. Жөндеу бойынша, коммуналдық сала объектілерін қайта жөндеу және құрылысын жүргізу, жол құрылысы мен оны жөндеу бойынша, жергілікті маңызы бар жолдарды қалыпта ұстау бойынша, өкiлеттiк мөлшерiнде  бюджет қаражаты есебінен жүргізілетін жұмыстардың  сапасын бақылау мен олардың өмірлік қызметін қамтамасыз ету жөніндегі бюджеттік программаны іске асыру үшін әкімшілік міндетін атқарады. Сатып алған тендерлер шартына сәйкес қоғамдық көлік пен жолға шығатын көліктердің шығуына бақылауды жүзеге асырады. Конкурстық құжаттарды дайындайды және жоспарлау, құрылыс пен  тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық объектілерін қайта құру үшін, жергілікті маңызы бар жолдарды жөндеу мен ұстау үшін, олардың қызметін қамтамасыз ететін қызмет түрі үшін құқық беретін тендер өткізеді. Нормативті-құқықтық актілерде берілетін өкілеттік көлемінде коммуналдық қызмет саласындағы саясатын қалыптастыруға қатысады. Коммуналдық меншік объектілері мен тұрғын ғимараттарды ұстау мәселелерінде кеңселер иелері мен жеке меншік пәтерлер кооперативтеріне құқықтық және ұйымдастыру көмегін көрсетеді. Бөлімнің қызметі саласында кіші кәсіпкерлікке қолдау көрсетеді. Жеке меншік пәтер кооперативтерін, шағын тұрғын ғимараттарын ұстау жөніндегі, инженерлік жабдықтауды мемлекеттік қолдау программасын жасайды және осы программаны жүзеге асыруға қатысады, сонымен қатар жергілікті мәні зор жолдарды ұстау, құрылысы және жөндеуі жөніндегі программаны жүзеге асыруға қатысады. Жеке меншік пәтер кооперативтерінің қызметін жақсартуға бағытталған мемлекеттік емес қоғамдық бірлестіктердің ұйымдастырылуы мен дамуына ықпал етеді, олардың қызметіне көмек көрсетеді. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықтың, жол бөлігінің мемлекеттен бөлінуі мен жеке меншікке жекешелендіру шараларын дайындауға және жүзеге асыруға қатысады. Мемлекеттік және жеке меншіктікке негізделген тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жол шаруашылығы мен жолаушы транспорт кәсіпорындарының жөнделуі мен ұсталуын ұйымдастыру түрлерін енгізу жөніндегі тәжірибелерді талдап, қорытады, ұсыныстарды дайындайды. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық объектілерінің, жергілікті маңызы бар – мемлекеттің меншігіндегі автокөлік жолдарын ұстауға бақылауды жүзеге асырады. Бөлімнің жедел басқаруындағы мүліктерге байланысты азаматтық-құқықтық дауларға қатысады.Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолдық маңызы бар объектілерді пайдалануға қабылдау кезінде мемлекеттік комиссия жұмысына қатысады. Бөлім қызметі саласына қатысты өкілеттік көлемінде (мөлшерінде) тиісті мемлекеттік органдар мен лауазым иелеріне тапсырма береді және оның орындалуын бақылайды, сол сияқты орталық және жергілікті атқарушы органдар өткізетін шараларға қатысады. Өз міндеттерін орындау үшін қажет хабарламаны белгіленген тәртіпте мемлекеттік органдардан және лауазымды иелерден, басқа да ұйымдар мен азаматтардан сұрауға, бөлім құзырына қатысты мәселелерді дайындауға мемлекеттік органдар қызметкерлерін және басқа ұйымдарды қатыстыруға, тиісті ұсыныстарды қарап, қорыту үшін уақытша жұмысшы топтарын құрады.Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықта, жолаушы көлігі мен автокөлік жолдары саласында мемлекеттік органдар қызметін ұйымдастыруды жетілдіру жөнінде әкімиятқа ұсыныс енгізілсін, бөлімнің билігіне қатысты мәселелер бойынша хабарлама-талдау және басқа материалдарды дайындау. Ауданда сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласында дұрыс қызмет ұйымдастыру және дамыту, осы салада мемлекеттік саясат жүргізу жеке меншік тұріне қарамастан құрылыс индустриясының өндірістік негізін дамыту, құрылыс саласында кәсіпорындар мен құрылыс деңгейін тұрақтандыру, аудан бойынша тұрғындар арасында және бюджеттік ұйымдарда сапалы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметтерін одан әрі дамыту, ауданда өнеркәсіп, тұрғын-үй коммуналдық және ауылшаруашылық саласында сапалы сәулет, қала құрылысы және құрылыстарды бақылауды қамтамасыз ету, қала мен елді мекендердің бас жоспарларын жаңарту және бас жоспардың іске асырылуына пәрменді бақылау жасау, өз құзіреті шегінде қала және ауылдық елді мекендерде және өзара аумақтық құрылымдарда қажетті сәулет, қала құрылысы, құрылыс, инженерлік іздестіру және жобалық құжаттамамен қамтамасыз етілуін, сақталуын және оның мерзімінде жаңартылуын бақылау, жергілікті маңызы бар құрылыс бұйымдарын шығаратын және инертті материалдарды дамыту, ауданнның сәулеті, қала құрылысы және құрылыс бөлімі үшін біртұтас хабарлама алаңын қалыптастыру, аудан бойынша жеке құрылыстардың, комплекстердің жобаларын және құрылыс жоспарын қарау және келісімдер беру, Елбасының, Қазақстан Республикасы Үкіметінің Жарлықтарын, қаулылары мен басқа да заңдылық актілерін, облыс әкімі мен аудан әкімінің шешімдерін, өкімдерін және тапсырмаларын уақытында орындайды. Кондоминиум объектiсiнiң ортақ мүлкiн техникалық зерттеудi ұйымдастыру.
Кондоминиум объектiсiнiң ортақ мүлкiне күрделi жөндеудiң жекелеген түрлерiн жүргiзудiң тiзбесiн, мерзiмдiлiгiн және кезектiлiгiн айқындау.
Кондоминиум объектiсiн басқару органы ұсынған кондоминиум объектiсiнiң ортақ мүлкiне күрделi жөндеудiң жекелеген түрлерiн жүргiзуге арналған, тұрғын үй көмегiнiң қатысуымен қаржыландырылатын шығыстардың сметасын келiсу.
Кондоминиум объектiсiнiң ортақ мүлкiне күрделi жөндеудiң жекелеген түрлерi бойынша орындалған жұмыстарды қабылдау жөнiндегi комиссияларға қатысу.
Өзiне жүктелген мiндеттерге сәйкес:
1) кондоминиум объектiсiнде және үйдiң маңындағы аумақта үй-жай (пәтер) меншiк иесiнiң ортақ мүлкiн қолдану, күтiп-ұстау, пайдалану және жөндеу тәртiбiнiң сақталуына;
2) тұрғын үйлерде (тұрғын ғимараттарда) үйге ортақ жылуды, энергияны, газды және су ресурстарын есептейтiн аспаптардың болуына;
3) кондоминиум объектiсiндегi үй-жай меншiк иелерiнiң ортақ мүлiктiң және оның инженерлiк жабдықтарының техникалық жай-күйiне, қолданыстағы нормативтiк-техникалық және жобалық құжаттамаларға сәйкес оны күтiп-ұстау мен жөндеу бойынша жұмыстарды уақытында орындалуына;
4) тұрғын үйдi (тұрған ғимаратты) маусымдық пайдалануға дайындау жөнiндегi iс-шараларды жүзеге асыруға;
5) қабылданған шешiмдердi және анықталған бұзушылықтарды жою жөнiндегi нұсқаманы орындауға;
6) кондоминиум объектiсiнiң ортақ мүлкiне күрделi жөндеудiң жекелеген түрлерi бойынша орындалған жұмыстың сапасына мемлекеттiк бақылау функцияларын жүзеге асырады.

Бет өзгертілді: 08-02-2018