Аудан бөлімдері

Аягөз ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ

«Аягөз аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесі бірыңғай мемлекеттік уәкілетті орган болып табылады. Бөлім өз жұмысын Қазақстан Республикасы Конституциясы мен заңдарын, Президент және Қазақстан Республикасы "Үкіметінің нормативтік актілерін, әкімият каулыларын, аудан әкімінің шешімдерін және өкімдерін басшылыққа алады.

Аягөз ауданының кәсіпкерлік және ауылшаруашылығы бөлімінің басшысы – бос орын

Мекен-жайы: Аягөз қаласы, Б.Момышұлы көшесі 58
Телефондар: (872237) 3-14-29, 3-10-66
Электрондық мекен жайы: selhozivetagz@rambler.ru 
Азаматтарды қабылдау күні: әр аптаның сәрсенбі күні сағ.14.30-дан 18.30-ға дейін

Бөлім қызметінің бағыты: 

мемлекеттің бірыңғай аграрлық саясатын жүзеге асыруды қамтамасыз ету, ауданның агроөнеркәсіп кешенінде меншіктің және шаруашылық жүргізудің барлық түрлерінің дамуына және нарықтық инфрақұрылымдардың қалыптасуы мен дамуына әрекет жасау, кәсіпкерліктің ауданның экономикалық өсуіндегі мәні мен ролін күшейту, бизнес саласына тұрғындарды кеңінен қамту

Бөлімнің функциялары: 

ауданның агроөнеркәсіп кешенінде меншіктің және шаруашылық жүргізудің барлық түрлерінің дамуына және нарықтық инфрақұрылымдардың қалыптасуы мен дамуына әрекет жасау; ауылшаруашылығы өндірісін дамытудың аудандық бағдарламаларын әзірлеу; ауылшаруашылық құрылымдарын бірлестіру шараларын жүзеге асыру; ауыл шаруашылығы рыногына қатысушыларды ақпараттық қамту; ауылшаруашылық тауар өндірушілерін, шаруашылықаралық кооперациясын жетілдіруіне және дамытуына ықпал ету; ауыл шаруашылық ресурстарын кешенді түрде пайдалану, өндірістік өнімнің жаңа түрлерін игеру, құрал-жабдықтарды жаңғыртудың шараларын әзірлеу; сатып алу, сақтау, өңдеуден өткізу және өнімді сату шарттарын айқындайтын нұсқауларды, ережелерді анықтау, өзгерту және басқа да нормативтік құжаттарды дайындауға қатысу; аудан әкімінің және әкімиятының карауына оның құзырындағы мәселелер бойынша нормативтік актілерді енгізу; жаңа техниканы және прогрессивтік технологияны игеруге ықпал жасау; Ауылшаруашылығын лизинг бойынша ауылшаруашылық техникаларымен және технологиялық құрал-жабдықтарын өткізу мәселелеріне қатысу; ғылыми әзірлеулер мен технологияға сараптау жасау,оның негізінде оларды өндірісте пайдалану үшін ұсыныстар еңгізу. Ауыл шаруашылығына жергілікті және шет елдегі болып жатқан жетістіктер тәжірибесін жинақтап насихаттау; кәсіпкерліктің ауданның экономикалық өсуіндегі мәні мен ролін күшейту, бизнес саласына тұрғындарды кеңінен қамту; шағын кәсіпкерлікті дамыту үшін аумақтық бағдарламаны дайындау және орындалуына бақылау жасау; кәсіпкерлікті дамытуға және қолдауға жәрдемдесу;
өнеркәсіптік, инвестициялық, сауда және аумақтық саясатты жүзеге асыруға қатысу; мемлекеттік басқару органдарының барлық саладағы және деңгейдегі кәсіпкерлермен өзара қимылын және тиімді ынтымақтастығын қамтамасыз ету; резервтерді неғұрлым толық пайдалану жолымен ауданда кәсіпкерліктің дамытуға ықпал ету; кәсіпкерліктің даму жайына талдау жасау және мониторинг жүргізу; бұқаралық ақпарат құралдарына кәсіпкерлікті қолдау мәселелерін жариялау жөнінде шаралар жасау және жүзеге асыру; атқару органдарының меншік нысанына қарамастан барлық кәсіпорындардың қатысуымен шағын кәсіпкерлікті дамытудың аумақтық бағдарламасын жасайды, бағдарламаны аудан әкімдігінің қарауына және аудандық мәслихаттың бекітуіне ұсынады; аумақтық бағдарламаның орындалуына талдау жасайды, кәсіпкерлікті дамытуға мониторинг жүргізеді; облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіптік басқармасына шағын кәсіпкерлікті дамытудың аумақтық бағдарламасының орындалуы туралы хабарлайды; бөлшек саудада алкоголді өнімдерді өткеру жөнінде мемлекеттік лицензияларды алуға ақпараттық көмек, кеңес беру; кәсіпорындар, ұйымдар және кәсіпкерлік құрылымдардың өзара  қимылының арасындағы жаңа түрлерін талдау мен дамыту; қамту және сауда салаларының қызметін үйлестіруді жүзеге асырады; әкімнің  кәсіпкерлермен кездесуін ұйымдастырады; әкімдік отырыстарына мәселелер мен хабарламалар дайындайды, аудан әкімінің шешімдері мен өкімдерінің жобаларын әзірлейді;
көрмелер, жәрмеңкелер ұйымдастыруға қатысады; кәсіпкерлік мәселелері бойынша кеңестер, конференциялар, семинарлар өткізуге қатысады; белгіленген тәртіп бойынша азаматтардың хаттарын, шағымдардың, ұсыныстарын қарауды жүзеге асырады.

Бет өзгертілді: 12-07-2018