Аудан бөлімдері

«Аягөз ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, денешынықтыру және спорт бөлімі» ММ

«Аягөз ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, денешынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі аудан аумағындағы тіл, мәдениет және өнер, спорт саласындағы дамытулар бойынша бірыңғай мемлекеттік саясатын қамтамасыз етеді.Бөлім өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын және Қазақстан Республикасы заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің, облыс, аудан әкімі мен әкімдіктің қаулыларын басшылыққа алады.

Каирбаева Роза Даулетбекқызы Аягөз ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, денешынықтыру және спорт бөлімінің басшысы – Каирбаева Роза Даулетбекқызы

Р.Д.Каирбаева 1977 жылдың 22 шілдесінде Семей облысы Аягөз қаласында дүниеге келді. 1994 жылы жоғары оқу орнына түсіп, 1998 жылы Семей университетін шет тілі мұғалімі мамандығы бойынша тәмамдады. 1998 жылы еңбек жолын Аягөз қалалық №1 орта мектебінде неміс және ағылшын тілдерінің мұғалімі ретінде бастады. 2004 – 2005 жылдары аудандық ішкі саясат және әлеуметтік сала бөлімінің жетекші маманы, 2005 – 2006 жылдары ішкі саясат бөлімінің жетекші маманы, 2006-2010 жылдар аралығында осы бөлімінің бас маманы қызметтерін атқарды. 2010 жылдың мамыр айынан бастап аудандық ішкі саясат бөлімінің бастығы болып қызмет атқарған. 2016 жылдың мамырынан Аягөз ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, денешынықтыру және спорт бөлімінің басшысы болып қызмет атқарады. Жанұялы, екі бала тәрбиелеп отыр.

Мекен-жайы: Аягөзқаласы, Абай бульвары 12
Телефондар:(872237) 3-26-29, 3-08-28
Электрондық мекен жайы:p_esensarina@mail.ru
Азаматтарды қабылдау күні: әр аптаның сәрсенбі күні сағ.14.30-дан 18.30-ға дейін

Бөлім қызметінің бағыты:

аудан аумағындағы тіл, мәдениет және өнер, спорт саласындағы дамытулар бойынша бірыңғай мемлекеттік саясатын қамтамасыз ету

Бөлімнің функциялары:

мәдениет және тiлдердi қолдау саласында болатын процесстердi мемлекеттiк реттеуге қатысу; Қазақстан Республикасы Заңдарының, Президент және Қазақстан Республикасы Үкіметінің нормативтік құқықтық актілерінің, әкімдігінің қаулыларының, Шығыс Қазақстан облысы және Аягөз ауданы әкімдерінің шешімдері, өкімдері және тапсырмаларының орындалуына бақылау жасау және жүзеге асыру; тұжырымдамалық құжаттарды әзірлеу, бөлім құзыретіне енетін мәселелері бойынша әкімдік қаулыларын, әкімнің шешімдері, өкімдері жобаларын дайындау және сараптау, бөлiм құзыретiне енетiн мәселелерi бойынша Шығыс Қазақстан облысы мәдениет және тiлдерді дамыту басқармасымен ұйымдастырушылық және ақпараттық байланысын қамтамасыз ету; бөлiм құзыретiне енетiн мәселелері бойынша барлық меншiк нысанындағы мәдениет мекемелерi, атқару органдары қызметтерiн үйлестiру және бақылауын қамтамасыз ету, маңызды республикалық, облыстық және жергілікті қоғамдық-саяси, мәдениетті іс-шараларын жүргізуге қатысу; аудан аумағындағы мәдени- бос уақыт қызметтерін және тіл саясатын дамыту бойынша әкімдік мәжілістеріне материалдар дайындауға қатысу; өз құзыры шеңберінде мекемелер және ұйымдарға ұйымдастырушылық, консультациялық-әдістемелік және ақпараттық көмек көрсету; Қазақстан Республикасындағы тілдерді дамыту және қолдау саласы, мәдениет және өнер саласындағы мемлекеттік саясатты анықтайтын тұжырымдамалар, бағдарламаларын жүзеге асыруға және әзірлеуге қатысу; ақпараттық деректер базасын қалыптастыру, жинақтау, талдау және жіктеу бойынша жұмыстарын жүзеге асыру; ұлттық- мәдениеттік, дiни және басқа қоғамдық бiрлестiктерімен байланыстарын жүзеге асыру; бөлімнің перспективалық және ағымдағы жұмыстарын жоспарлайды, жүзеге асыруына ықпал ету; аудандағы спорт мекемелерінің, балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің жұмыстарын үйлестіріп жүргізуге басшылық жасау; спорттық жарыстардың, спорт шараларын жоспарын әзірлейді, дайындап өткізу; жарыстарды өткізу үшін оның ережелері мен қағидаларын дайындап өткізеді, әдістемелік – методикалық нұсқау беру; бөлімнің ақпараттық талдау материалдарын әзірлейді, бұқаралық ақпарат құралдарымен қарым –қатынаста болуды қадағалау; облыстық басқарма, аудан білім бөлімі, дене шынықтыру коллективтерімен біріге отырып спорт шараларын жүргізудегі жұмыс жасау; аудан әкімі аппаратының басқа бөлімдерімен өзара жұмыс істеуін қамтамасыз ету; бөлімнің құзырына кіретін мәселелер бойынша аудан әкімінің және әкімдіктің актілерінің жобаларын жасау; Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінің және Үкіметінің қаулыларын, ШҚО әкімі мен әкімдігін, Аягөз ауданы әкімі мен әкімдігінің актілерінің орындалуын қамтамасыз ету.

Бет өзгертілді: 08-02-2018