Аудан бөлімдері

Экономика және қаржы бөлімі

Ахметжанова Айсулу Кабировна«Аягөз ауданының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады, өз құзыреті шегінде стратегиялық, экономикалық, бюджеттік жоспарлау және аудандық бюджеттің атқарылуы бойынша есептілікті жүргізу, шоғырландырылған қаржылық есепті жасау, Аягөз ауданы аумағында коммуналдық меншікті басқару саласындағы меншікті басқару саласындағы функцияларды жүзеге асырады. Бөлім өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

 Аягөз ауданының экономика және қаржы бөлімінің басшысы –Ахметжанова Айсұлу Кәбірқызы
Ахметжанова А. К. 1965 жылы 6 маусымында. Қазақ, білімі жоғары. Қазақ Мемлекеттік Басқару Академиясының - экономикалық факультетін бітірді.
1983 жылдың тамыз айынан 1984 жылдың сәуір айына дейін Таскескен ауданының қаржы бөлімінде мемлекеттік түсімдер инспекторы болып жұмыс істеді. 1984 жылдың сәуір айынан 1988 жылдың тамыз айына дейін Аягөз қаласының қаржы бөлімінің бюджет жөніндегі экономист қызметінде болды.1988 жылдың тамыз айынан 1989 жылдың қаңтар айына дейін Аягөз ауданының қаржы бөлімінде штат жөнінде бақылаушы-инспекторы. 1989 жылдың қаңтар айынан 1996 жылдың қаңтар айына дейін Аягөз ауданының қаржы бөлімінің бюджет жөніндегі аға экономист қызметін атқарды. 1996 жылдың қаңтар айынан 2011 жылдың қаңтар айына дейін Аягөз ауданының қаржы бөлімінің бастығының орынбасары. 2011 жылдың қаңтар айынан 2013 жылдың қаңтар айына дейін Аягөз ауданының экономика және қаржы бөлімі бастығының орынбасары қызметін атқарды.2013 жылдың қаңтар айынан 2014 жылдың маусым айына дейін Аягөз ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі бастығының орынбасары. 2014 жылдың маусым айынан 2015 жылдың наурыз айына дейін Аягөз ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы. 2015 жылдың наурыз айынан бастап қазіргі уақытқа дейін Аягөз ауданының экономика және қаржы бөлімінің басшысы қызметінде.

 Мекен-жайы: Аягөз қаласы, Б. Момышұлы көшесі 62.
 Жұмыс тел.(872237) 3-00-36, 3-30-67, 3-19-61, 3-19-28
 Электрондық мекен жайы: agz_ekonom@mail.ru
 Азаматтарды қабылдау күні: әр аптаның сәрсенбі күні сағ.14.30-дан 18.30-ға дейін

Қызмет бағыты: аудан деңгейінде халықтың тұрақты экономикалық өсуі мен тұрмыс деңгейін жақсартуына әсер ететін экономикалық және бюджеттік жоспарлауды жүзеге асыру, аудан көлемінде салық және ақша-несие саясатымен өзара іс-қимылда бола тұрып, мемлекеттік бюджет саясатын жасап, жүзеге асыруға қатысады

 Бөлімнің негізгі функциялары: 
Ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының сұрақтары бойынша қалалық және аудандық салалық бөлімдердің қызметтерін үйлестіру. Шаруашылық және экономикалық басқару тәсілдерін енгізу және дамыту туралы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру. Әлеуметтік экономикалық бағдарламаларды жасау, аудан экономикасының дамуындағы негізгі бағыттарды анықтау. Бюджетке енгізілген өзгертулер мен толықтырулар, қаржы жылына тиісті аудан бюджеті жобасын әзірлеуге, сондай-ақ, қаржы жылына сәйкес, аудан бюджетін іске асыру туралы аудан әкімдігінің қаулысының жобасын әзірлеуге қатысу. Ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының бағдарламасын, мемлекеттік және басқа бағдарламаларды әзірлеуге қатысу. Бюджетке түскен түсімдерге болжам жасауға қатысу. Ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындысын дайындау. Әлеуметтік маңызы бар бағдарламаларды жасау және іске асыру үшін жергілікті атқару органдарының іс-қимылдарын өзара үйлестіру. Бюджеттіәдістемелік жоспарлауды жүзеге асыру. Аудан бюджетіне өзгерістер енгізіп анықтауға ұсыныстар әзірлеу. Аудандық бюджеттік комиссия жұмыстарынұйымдастыру. Әлеуметтік-экономикалық тапсырмаларды орындауға бағытталған, мемлекеттік жабдықтарды бөлуге ұсыныстар әзірлеу. Әлеуметтік-экономикалық даму мен бюджеттік параметрлердің болжамын дайындау. Аудан бюджетіне түскен түсім бойынша нақтыланған жоспардың орындалуын талдау.
Ағымдағы қаржы жылында күтіліп отырған кірістерді орындау бойынша жұмыстарды жүзеге асыру. Аппарат қызметкерлерінің біліктілігін арттыру бойынша жұмыстар жүргізу. Жергілікті бюджет қаржыларын тиімді және мақсатты пайдалануға бақылауды қамтамасыз етеді. Алдағы қаржы жылына кірістер мен шығыстарды экономикалық дәлелді жоспарлау. Бюджеттің орындалуын ұйымдастыру. Аудан көлемінде салық және ақша-несие саясатымен өзара іс-қимылда бола тұрып, мемлекеттік бюджет саясатын жасап, жүзеге асыруға қатысады. Жергілікті бюджетті қалыптастырып және орындау процесін жетілдіру, бюджетті бағдарламалау әдістерін енгізу, жергілікті бюджет бағдарламаларының тиімділігін бағалау және ақша қорларын басқару. Алдағы қаржы жылына кірістер мен шығыстарды экономикалық дәлелді жоспарлау негізінде және қолданылып жүрген заңдарға сәйкес ауданның бюджетінің жобасын жасау. Аудан бюджетінің орындалуын ұйымдастыру.Мемлекеттік органдардың, мекемелер мен кәсіпорындардың мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру мониторингін ұйымдастыру. Өз құзыреті шегінде мемлекеттік мүлікті басқару саласында нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу. Аудандық коммуналдық мүлікті басқару. Аудандық коммуналдық мүлікті есепке алуды ұйымдастыру,оның тиімді пайдаланылуын қамтамасыз ету, белгіленген тәртіппен коммуналдық заңды тұлғалардың мемлекеттік мүліктің тізілімін жүргізу. Аудандық коммуналдық мүлікті жекешелендіруді жүзеге асыру, жекешелендіру объектісін бағалауды қамтамасыз ету, жекешелендіру объектісін сатып алу-сату шартын дайындау мен жасасуды және сатып алу-сату шарттары талаптарының сақталуын бақылауды жүзеге асыру. Аудандық коммуналдық мүлікті жеке тұлғаларға және мемлекеттік емес заңды тұлғаларға мүліктік жалдауға (жалға алуға), сенімгерлік басқаруға сатып алу құқығынсыз беру. Аудандық коммуналдық мүлікті мемлекеттік заңды тұлғаларға өтеусіз пайдалануға беру. Сенімгерлікпен басқарушының аудандық коммуналдық мүлікті сенімгерлікпен басқару шарты бойынша міндеттемелерін орындауын бақылауды жүзеге асыру. Мемлекеттік мүлікті мемлекеттік меншіктің бір түрінен екіншісіне беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру. Сыйға тарту шарты бойынша мемлекеттің мүлік құқығына ие болу жөніндегі жұмысты ұйымдастыру. Аудандық коммуналдық заңды тұлғаларға бекітілген мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беруге талдау жүргізу. Аудандық коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың, мемлекет қатысатын жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің жұмыс істеуі мен басқару тиімділігіне мониторинг жүргізуді және ұйымдастыруды жүзеге асыру. Жергілікті бюджет есебінен ұсталатын мемлекеттік мекемелердің мүлкін есептен шығаруды келісу. Иесіз нысандарды, мүліктерді есепке алуды реттеу және анықтау бойынша жұмысты жүзеге асыру. Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.

ММ құрылымы (*. doc 97 KB)

Бет өзгертілді: 20-03-2019