Мәслихат

Маслихат вакансиялары  
Аягөз аудандық маслихатының нормативтік құқықт  
Аягөз ауданының Қоғамдық кеңесін қалыптастыру бойынша жұмыс тобының құрамы *.doc 32 KB
Қоғамдық кеңесінің құрамы *.pdf 949 KB

 

Ысқақов Сейлбек Абиырұлы

Аягөз аудандық мәслихат хатшысы - Ысқақов Сеилбек Абұиырұлы

Ысқақов Сеилбек Абұиырұлы 1963 жылдың 26 мамырында Семей облысы, Шұбартау ауданының Қосағаш ауылында тұған. Арнаулы орта және екі жоғары білімі бар. 1983 жылы Ново-Покровка совхоз - техникумын мал дәрігерлік мамандығы бойынша, 1993 жылы Семей зоотехникалық-малдәрігерлік институтын, мал дәрігері мамандығы бойынша, 2009 жылы Орталық Азия Университетін «Заңтану» мамандығы  бойынша тәмәмдаған. Еңбек жолын 1983 жылы Шұбартау ауданының «Сарықамыс» кеңшарында малдәрігері болып бастаған. 1983-1985 жылдары Совет Армиясының қатарында болды. 1985-1996 жылдары аралығында Шұбартау ауданының «Сарықамыс» кеңшарында малдәрігері, ферма меңгерушісі, бригадир, бас малдәрігері, бас зоотехник қызметтерін атқарды. 1996-2003 жылдарында Аягөз ауданы Бидайық ауылдық округінің малдәрігерлік инспекторы, «Шағырай» ЖШС-нің директоры. 2003 жылдың сәуір айынан Бидайық ауылдық округінің әкімі қызметін атқарды. 2006 -2010 жылдары аралығында Аягөз қаласының әкімі, 2010-2016 жылдары  Аягөз ауданы әкімінің орынбасары қызметтерін атқарды. 2016 жылдың наурыз айыннан Аягөз аудандық мәслихатының хатшысы лауазымына сайланды.
Үйленген, төрт бала, екі немере тәрбиелеп отыр. 

   


Аудандық мәслихат хатшысының өкілеттігі


«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қантардағы    №148 Заңына (19 бап) сәйкес:

1. Мәслихаттың хатшысы тұрақты негiзде жұмыс iстейтiн лауазымды адам болып табылады. Оны мәслихат сессиясында депутаттардың арасынан ашық немесе жасырын дауыс беру арқылы депутаттар жалпы санының көпшiлiк даусымен мәслихат сайлайды және қызметтен босатады. Мәслихаттың хатшысы мәслихат өкiлеттiгi мерзiмiне сайланады.

2. Мәслихат хатшысы лауазымына кандидатураларды мәслихат депутаттары мәслихат сессиясында ұсынады.

3. Мәслихат хатшысы:
1) мәслихат сессиясын және оның қарауына енгiзiлетiн мәселелердi әзiрлеудi ұйымдастырады, хаттама жасалуын қамтамасыз етедi және сессия төрағасымен бiрге мәслихат сессиясында қабылданған немесе бекiтiлген шешiмдерге, өзге де құжаттарға қол қояды;
2) мәслихат депутаттарының өз өкiлеттiктерiн жүзеге асыруына жәрдемдеседi, оларды қажеттi ақпаратпен қамтамасыз етедi, депутаттарды мәслихат сессияларына, оның тұрақты комиссияларының және өзге де органдарының жұмысына және сайлау округтерiндегі жұмысқа қатысуы үшiн қызметтiк мiндеттерiн орындаудан босатуға байланысты мәселелердi қарайды;
3) депутаттар сауалдарының және депутаттық өтiнiштердiң қаралуын бақылайды;
4) мәслихат аппаратының қызметiне басшылық жасайды, оның қызметшiлерiн қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
5) сайлаушылар өтiнiштерi туралы және олар бойынша қабылданған шаралар туралы мәслихатқа ұдайы ақпарат берiп отырады;
6) мәслихаттың өзге де жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарымен өзара iс-қимылын ұйымдастырады;
7) өз құзыретiндегi мәселелер бойынша өкiмдер шығарады;
8) мәслихаттың тұрақты комиссиялары мен өзге де органдарының және депутаттық топтардың қызметін үйлестiреді;
9) мемлекеттiк органдармен, ұйымдармен, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарымен және қоғамдық бiрлестiктермен қарым-қатынастарда мәслихат атынан өкiл болады;
10) мәслихат шешiмдерiнiң жариялануын қамтамасыз етедi, олардың орындалуына бақылау жасау жөнiндегi iс-шараларды белгiлейдi;
11) мәслихат шешiмi бойынша өзге де мiндеттердi орындайды.

4. Мәслихат хатшысының мәслихаттың тұрақты комиссияларында болуға құқығы жоқ.

5. Мәслихаттың хатшысы болмаған кезде оның өкiлеттiгiн мәслихат сессиясы төрағасының шешiмi бойынша мәслихат тұрақты комиссияларының бiрiнiң төрағасы немесе мәслихат депутаты уақытша жүзеге асырады.

Қабылдау уақыты және байланыс ақпараты

Қабылдау уақыты: дүйсенбі, сәрсенбі сағат 14.00 - 17.00
Телефон: 8 (72237) 33641
Факс: 8 (72237) 30383
Мекен-жайы: 070200, ШҚО, Аягөз қ., Абай бульвары, 14
E-mail:maslihat_ur@mail.ru

Аягөз аудандық мәслихатының тұрақты комиссиялары  

Бюджет, әлеуметтік-экономикалық аймақты дамыту мәселелері бойынша

Комиссияның төрағасы -  Шакиров Асан Қапаевич – «Аягөз жолдары» мемлекеттік коммуналдық  кәсіпорынның директоры, №4 сайлау округі; 
Комиссия мүшелері: 
Имангалиева Анар Маратовна - Т.Кобдиков атыңдағы орта мектептің директоры, №15 сайлау округі;
Ибраев Саят Жанатович - Аягөз ауданының жастар орталығының директоры, №8 сайлау округі;
Жакенбаев Дулат Куатбекович - «Қуаныш» шаруа қожалығының басшысы, №11 сайлау округі;
Касымжанов Айтказы Оразбекович - Қалалық қазақ мектеп лицейдің директоры, №7 сайлау округі;

Депутаттық өкілеттіктер, этика және заңдылық мәселелері бойынша

Комиссияның төрағасы - Досиханов Куанышбек Серикбекович - Шығыс Қазақстан облысы бойынша Халыққа қызмет көрсету орталығының Аягөз аудандық филиалының жетекшісі, №6 сайлау округі;
Комиссия мүшелері: 
Кусагов Бауржан Хамитович - «Бектас» шаруа қожалығының басшысы, №5 сайлау округі;
Омаров Шалкар Жунусович - Аягөз аудандық аурухананың бас дәрігері, №10 сайлау округі;
Контекова Асылзат Айтказыевна - «Нұр Отан» ХДП Аягөз аудандық
филиалының консультанты, №9 сайлау округі.

Әлеуметтік салаларды дамыту мәселелері бойынша

Комиссияның төрағасы
- Молдашева Лазат Турсыновна - №6 орта мектебінің директоры, №2 сайлау округі.
Комиссия мүшелері: 
Токтабаев Нурланбек Толегенович - «Нұржар» ЖШС-ның директоры, №13 сайлау округі;
Дюсенбаев Нуртолеу Тобагулович - Ақшатау орта мектебінің директоры, №12 сайлау округі;
Юсупов Еркин Рахметтулаевич - Аягөз ауданының балалар жасөсіпірім спорт мектебінің директоры, №1 сайлау округі;
Акбаев Айткали Толеугалиевич - Аягөз стансасының жанар-жағармай қоймасының меңгерушісі, №3 сайлау округі.

 

 

Бет өзгертілді: 28-12-2016